«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 2,12 Mb.
бет9/13
Дата28.11.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2290
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дайындық кезеңі

Көкейтесті мәселеге байланысты ақпарат жинақтай келе, Сіз жобаңыздыдың әрекет етуі саласына талдау жасаудан бастаңыз.



  • Бұл мәселе бойынша не қолданып келді. Бұл қызмет саласында қандай жағдай туындады?

  • Мұндай әрекет бұрын қайда қолданылды және ол табысты болды ма?

  • Олар қашан басталды және қандай қарқынмен өткізілді?

  • Бұнымен кім айналысады?

  • Осындай жобалар қандай амалдармен жүзеге асырылды.

Сонымен өзіңіз мына сауалдарды қоюыңызға болады:

  • Бұл жобамен не үшін айналысамын?

  • Неге нақ Сіздің аймағыңызда бұл жоба тиімдірек болуы мүмкін?

  • Неге бұл жоба дәл қазір жүзеге асуы тиіс?

  • Сіздің жобаңызға қоғамның қызығушылығын қалай бағалауға болады?

  • Демеушілерді Сіз немен қызықтыра аласыз?

  • Сіздің жобаңызға қарастырылған мәселені неге қайырымдылық қаржысын тарту арқылы шешу керек?


Дәріс №23

Тақырыбы: Кітапханадағы фандрейзинг

Дәрістің мазмұны: Жобаның құрамдас бөліктері

Қаржы көздері мен фандрайзинг әдістерін таңдау

Кітапханадағы фандрейзинг мүмкіндігі

Жобаның құрамдас бөліктері

Жобаға кіретін тауарлар:



  • Потенциалды демеушіге, қаржымен демеушіге ресми хат;

  • Алғашқы беті;

  • Жобаның қажеттілігін айқындайтын кіріспе;

  • Жоба мәселесіне түсініктеме және қажетті көмекті көрсететін жазба;

  • Мәселенің тарихи тұрғысы;

  • Жобаның мақсаты;

  • Жобаның міндеттері;

  • Жобаның алғышарттары мен негіздемелері;

  • Жобаны іске асырудағы әрекеттердің жоспары мен әдістері;

  • Жобаны тәуелсіз арналардың бағалауы;

  • Жобаның бюджеті. Қажетті материалдық – техникалық және адам ресурстары;

  • Қосымша.

Қаржы көздері мен фандрайзинг әдістерін таңдау

Қаржыны тартудың нақты әдістеріне тоқталудан бұрын қажеттіліктері:



  • Уақыт шеңберін есте ұстау.

Қаржыны тартуға нақты әдіс жолымен қанша уақыт кетеді – жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және т.б.

Қаржыны жинақтаудың алғашқы уақытынан қаржы мекемеге келіп түскенге дейін қанша уақыт керек. Мысалы, қорлармен байланысу – көп еңбектенуді және ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Мекеменің жобаны жасауға кеткен уақытынан басқа әр қордың өтініш мәлімдемесін қарайтын және шешім қабылдайтын белгілі кезеңдері болады. Өтініш мәлімдемені тапсырғаннан бастап оны қаржыландырғанға дейін бірнеше айдың өтіп кетуі жиі кездеседі. Кейде қорлар өздерін қызықтыратын жобаны қаржыландыруды келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасайды.



  • Қолданылатын әдістің тиімділігін және оның көмегімен мекемеге қажетті қаржыны жинақтау мүмкіншілігін алдын – ала бағалау.

Егер Сіз белгілі бір мекемеге немесе нақты бір адамға келіп, өзіңіздің қызметіңіз жайлы айтсаңыз, Сізге дәл сол жерде әмиянын ашып ақшаны суырып береді немесе сіздің есеп шотыңызға ақшаны бірден аударады деп үміттенбеңіз.

  • Есептеу:

  • қаржыны тарту кезіндегі мекеменің әкелетін шығынын (қаржыны тарту кезінде қажетті жабдықтар, кеңсе тауарлары, транспорт т.б.)

  • адам ресурстарын (штат қызметкерлерінің саны қанша, еріктілер керек пе, қосымша адамдарды тарту қажет пе, егер қажет болса, қанша және қандай адамдарарнайы біліммен бе, әлде қабілетімен бе);

  • бұл қызмет түрін жергілікті бірлестік мекемелерінің, Коммерциялық Емес Ұйымдардың және басқа қаржыландыратын мекемелердің келбеті мен абыройында, беделі мен мерейін де көрсету.

Мысалы, АҚШ – тың мұнай саудасымен айналысатын немесе темекі өнімдерін өндіретін танымал ірі коммерциялық компаниялары мақсатты түрде қайырымдылық саясатын жүргізіп, коммерциялық емес ұйымдардың бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру қомақты қаржы бөліп отырады. Егер Сіз олардан грант алу үшін байланыс жасауға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің мәселеңізді жұртшылыққа, қайырымды көмек берушілерге, сонымен қатар экология және денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын мекемелерге түсінікті ете білуге дайын болуыңыз қажет.

  • салыққа байланысты мәселелер;

  • Сіздің мекемеңіздің бюджетіне тартылған қаржы қалайша жұмсалынбақ (қаржылық жоспарлау).

  • Бар қаржы көздерін бағалай білу (шетелдік қорлар, мемлекеттік және жергілікті билік органдары және т.б.) және болжанған әдістерді тиімді қолдануды ұтымдылықпен игере білу.

Мысалы, құқық қорғау немесе экологиялық мекемелер қандай да бір ғылыми немесе технологиялық әдістерді қолданғанымен, олардың қызметінің ерекшеліктеріне қарай мемлекет пен жергілікті бюджеттен қаржы алуға үміті аз, бірақ шетелдік қорлардан қаржы тартуда жоғары мүмкіндікке қол жеткізуі мүмкін.

Мынаны есте ұстаған абзал, фандрайзинг – бұл ақша тілену немесе сұрану емес. Садақа немесе рақым сұралады, ал әлеуметтік салада жұмыс атқаратын мекеме садақаны керек етпейді, саналы түрде берілген жәрдемді керек етеді. Олай болса, егер сіз фандрайзингпен айналысуға шешім қабылдасаңыз, онда өз қызметіңіздің қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізе білуді үйренуіңіз керек.

Жобаны безендіруге қажетті кеңес:

Жобаңыздың көрнекті, көркем,шағын болып көрінуін ұмытпаңыз.

Фандрейзинг жүйесінің қалыптасуына мемлекет маңызды рөл атқарады. Себебі ол құқық және салық тәртібін құрып, коммерциялық емес секторға ресурстарды бөледі, әрі мәдени жобаларды қаржыландыру көздерінің бюджеттен тыс жүйесін қалыптастырады. Қазақстан заңдылықтарында қазірдің өзінде салық тәртібі мен құқықтық база соншалықты жетілмеген болса да коммерциялық сектордың мәдени жобалар бюджетін қалыптастыруға араласуына экономикалық көтермелеу беретін салық салудың негізгі принциптері бекітіледі. Қазақстан мемлекеті кітапханаларды бюджеттен тыс қолдау процесіне біртіндеп енуде: арнайы өкіметтік, аймақтық, қалалық бағдарламалар қанат жаюда, Президент және мәдениет министрлігінің гранттары жарияланады.

Қазір әлемде мәдениет саласы бойынша арнайы қайырымдылық бағдарламаларын жасайтын ұйым жүйесі бар. Әдеттегідей олар әр түрлі құрылымдармен қаржыландырылып, қор ретінде аталып, гранттар түрінде көмек көрсетіп, қайтарусыз қаржы және материалдық қолдау көрсетеді. Бүгінгі күндері барлық Қазақстан аймақтарының кітапханалары әр түрлі қорлармен қызметтестік жасаудың аз тәжірибесін жинаған жоқ және кітапхана жобаларын қайырымдылық ұйымдардың қолдау көлемі ұдайы өсу үстінде.

Қайырымдылық демеушіліктен бөлек бұл бизнес пен мәдениет мекемесі арасындағы коммерциялық тірліктің, коммерциялық құрылымдарды мәдени жобаларға қаржы салуға итермелейтін себептер аз емес. Демеушілік ең алдымен кез-келген коммерциялық қүрылымның басқа да корпоративті шаралармен қатар жарнама науқаны бөлігі болып табылып компанияның имиджін оңды көтеріп беделін арттырады.

Кітапхана ептілігінің қуатты демеушіні анықтап қызығушылығын тудырып, өз мақсаттарына пайдалану фандрейзинг бойынша кез келген компанияның түйінді сетін білдіреді. Тәжірибе көрсеткендей нағыз демеушіні еш уақытта кездейсоқ кездесу нәтижесінде табуға болмайды. Сондықтан шетел кітапханалары демеушілерді тарту бойынша бағдарламалар жасауға уақыт пен ресурстар бөліп, арнайы даму бөлімдерін құрады. Онда кәсіпқойлар «ақшасыз жарналар» деп аталатын қосымша қаржыландыру көздерін тартумен айналысады.

Кітапханадағы фандрейзинг мүмкіндігі бар демеушілер-жекеле-ген адамдар мен компаниллар туралы мәліметтердің ақпараттық базасын құрудан бастайды. Оған кіретін мәліметтер: қызметінің айналысу нәрсесі, қызығушылық саласы, демеушілік дәстүрі, оның күш-қуаты, әкімшілігі туралы мәлімет, оның құндылық бағыттары. Оның үстіне ақпараттар бірнеше айлар мерзімімен ұдайы тексеріліп тұрады, себебі кіріс-табысы қатты құлдырауға ұшыраған бизнесмен немесе компанияға жақын-даудың қажеті жоқ екендігі белгілі. Ал керісінше табысы өскен сайын оның үстіне салық жеңілдіктерін алатын болса, олар кез келген кітапхана жобасына демеуші бола алады.

Демеушілік көмек тек қаржы құюмен ғана шектелмейді. Олар мысалы, жабдықтар беру, балаларды мектептен кітапханаларға апаруға көлік, әрі инженерлік және архитектуралық жұмыстарды атқару, бұл салада кітапхананың жеткілікті білікті штатты қызметкерлері болмайды, құқықтық мәселелерді шешу арқылы іске асырылады.


Дәріс №24

Тақырыбы: Кітапханадағы фандрейзинг

Дәрістің мазмұны: Фандрейзингті бағдарламаны ақпаратты қамту дайындығы

Кітапхана кызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін манызды фактор

Фандрейзингтік қызметтегі ең басты міндет

Фандрейзингті бағдарламаны ақпаратты қамту дайындығынан соң іске асыру, яғни бастапқы шарты анық түсінікті болуы қажет, яғни демеушілік — бұл қамқоршы немесе патронаж, филантропия немесе мүсіркеушілік емес, бұл екі жақты процесс, өзара тиімді тірлік, одан пайданы екі жақ бірдей көру керек. Мамандар ұсынысы бойынша, жақсы ойластырылған іскерлік ұсыныс жазбаша түрде жасалып, мыналар кіреді:



  • жоба туралы жалпы түсінік беретін, ұсыныстың қысқаша аннотациясы;

  • кітапхана туралы ақпарат, оның миссиясы, жетістіктері мен алға қойған міндеттері (олар демеуші саясатымен үндес болуы қажет);

  • іске асыру барысында қол жеткізетін жобаны суреттеу мен мақсаттарын негіздеу;

  • жоба алатын алдын ала есептелінген резонанстарды мұқият келтіру; қайда және не үшін қолданылатын ақша қаражаттары мен товар және қызметтер түріндегі көмектер көрсететін бюджеттік есептер;

  • демеуші үшін нақты пайданы көрсету; кітапхана серігі көрсет- кен көмегі үшін не алады;

  • қорытынды, онда бұл жобаның артықшылығы мен пайдасы тағы да айтылады.

Фандрейзинг бойынша тәжірибелі мамаңдар кітапханалардан өте өтініп сұрайтыны деперсонифиционалды электронды өтініштер жібермей потенциалды демеушілермен байланыс пен жеке кездесулер ұйымдастыру. Шындығына келгенде кітапхана және демеуші арасында таза өзара қатынас орнауы қажет, нәтижесінде екі жақ та пайда көреді.

Кітапхана жобаларын қолдаушы демеушідер үшін де пайдалы жақтар көп. Бұлар тауарлары мен қызметтерін жарнамалаудың қосымша мүмкіндігі, бұл жарнама алаңдары, баспа өнімдері немесе эфир уақытын сатып алғаннан әлдеқайда тиімді. Әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларға қатысу демеушінің берік экономикалық жағдайын көрсетіп қоймай, оған тартымды имидж жасайды.

Кітапхана кызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін манызды фактор - бұл оның адам ресурстары. Кітапхананы басқару стилі және оның ішкі ұйымы жұмысты ең нәтижелі қамту қажет, ол үшін кітапхана тұтас бір комаңдаға айналып, әр жұмысшы өз тапсырмалары мен міндеттерін біліп қана қоймай, кітапхана өркендеуіне құңды үлес қосатын өз идеясын ұсынуға мүмкіндік алады. Ал Қазақстан үшін кітапхана саясаты «жоғарыдан беріліп» қатардағы қызметкердің еш уақытта ешнәрсе ықпал ете алмауының дәстүрлі жағдайы қалыптасқан.

Соған қарамастан көптеген шетел кітапханалары бір командаға бірігу жұмыс тиімділігін арттыратынын қазірдің өзінде сезінді. Жетекші кітапхана менеджерлерінің ұсынысы бойынша табысты командалық жұмысқа қажет, барлық команда мүшелері:

— жоба мақсаттарына қатысып, ойласуы қажет;

— бір-бірінің шеберліктері мен дағдыларын сыйлап, мойын-дау;

— экспозиция құру үшін зерттеу жүргізуге тек ғылыми білім мен шеберлік емес, коммуникацияны іске асыру дағдысын да сезіну;

— жобаны атқару кестесі және нәтижелер мониторингі жүйесімен келісті;

— аудитория динамик жоба басшыларына команда мүшелері білу үшін қолдағы бар шараны қарастыруы керек;

— олардан не талап етілетінін білсін;

— осылайша істегісі келеді;

— қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды алды;

— табыстар мен жолы болмауы туралы ақпараттануы.

Бірақ та іс жүзінде тұтас бір команда ретінде кітапхана жұмысын ұйымдастыру өте күрделі: кітапханада болашақты болжау дағдысы әр уақытта бола бермейді, барлық уақытта ұзақ уақыт бойында қызығушылықтық әр бағыттағы топтарын бірлестіру мүмкін емес. Командалық жұмыс кітапхананы немесе ірі көрмені таратуда нақты тиімді түрде жүргізіледі.

«Фандрейзинг»-1960 жылдары Америка Құрама Штаттарында, маркетингтің ішінен шыққан жаңа жүйе. Маркетинг сияқты фандрейзинг термині еш тілге аударылмайды. «Ғundraising». «Fund»- ақша немесе белгілі бір қызмет көрсету жұмысының жиынтығы; «Rаіsе»-өсу2. Фандрейзинг түсінігіне «Паблик рилейшнз» яғни «қоғамдармен қарым-қатынас» термині туыс болып келеді. Бюджеттен тыс қорлармен қаржыландыру процесін «қайырымдылық», «қамқорлық», «демеушілік» сөздерімен түсіндіруге де болады.

Фандрейзингтік қызметтегі ең басты міндет - осы саладағы серіктес адамдармен тіл табысып оларды өз сеніміне кіргізу, екі арадағы қарым-қатынасты үзбей қайта дамыту. Фандрейзинг мамандардың жаңаша көзқарасын ашуға, үйреншікті дағдылармен оралып қалмай, жан-жақты дамуына көмектеседі. Кітапханашылар үшін бұл тәсіл өз қызметтерінен тыс жұмыс емес. Былай дейтініміздің себебі, кейбір кітапханашылар фандрейзинг қызметін, «қайыр сұрау» ұғымымен теңестіреді.

Айналада көптеген қызықтыратын ойлар мен жобалар тұр. Дәл сіздің жобаңыз қаржыландыруға табысқа жететіндей не істеу керек? Өзінің жобалары қызықты да тиімді жетістіктерге жеткен адаммен де сіз бұл уақытқа дейін таныс болған шығарсыз. Ол адамның мұндай істерге қалай қолы жетті екен?

Біріншіден барлық қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерін толық меңгеріп алу керек. Бұл әртүрлі қорлар, күрделі корпорациялар, мемлекеттік ұйымдар және оқу орындары да болуы мүмкін. Егер өткен уақыттарда сіз айырбас бағдарламаларына қатыссаңыз немесе белгілі бір ұйымнан сыйлық алсаңыз ол қорлармен байланысты еш үзбей, қарым- қатынаста болып отыру керек. Өйткені, олар болашақта қаржыландыру көздерін іздеуге, табуға көп көмектерін тигізеді.

Осындай зерттеулерден кейін, сіз өз жобаңызды жасауға кірісесіз. Жоба жазбаша - хат түрде жіберілуі керек. Егер сіз ұсыныс жасағалы отырған қордың жобаны толтыру жүйесі басқаша болса, онда ол ережелерді де меңгере отырып толтыру керек. [36]

Қаржылай ақша көмегін алу да оңай емес. Бірақ ізденістің арқасында біз көптеген қорлармен, олардың бұған дейін қандай ұйымдарды қаржыландырғаны жайлы көптеген мәліметтерді аламыз. Ал донор- ұйымдардың өздері бір - бірімен өзара сұхбаттасып, қандай мекеме қандай қызықтыратын жобаларымен жетістіктерге жеткендігі жайлы хабардар болады.

Фандрейзинг жұмысындағы ең маңызды тұлға ол - мекеменің немесе жеке бір бөлімнің басқарушысы. Оның басқаруында да екі күрделі мәселе түр:

- кітапхананың ішінара болып жатқан процесстерін қадағалау;

- кітапхананың сыртқы тыныс-тіршілігін қадағалау және іске асыру;

Дәріс №25

Тақырыбы: Кітапханадағы фандрейзинг

Дәрістің мазмұны:

Фандрейзинг кезеңдері

Нәтижелі фандрейзингтің негізгі дәрежелері.

Мәлімдемені толтыру тәсілдері

Қаржыландыру көздерін табу

Кітапханалық фандрейзингтің мынадай кезеңдерін қарастырсақ болады: идентификация (теңесу, ұқсастыру), стратегия, іздену, даму, ризашылың білдіру.



Идентификация - көмек берудің түрлерін, өз бюджет қорын қалай толықтыру керек екендігін, кітапханаға кім көмектесе алатынын анықтайды.

Стратегия - кітапхананы жарнама арқылы көмек беруші көпшілікке танымал ету. Оның имиджін көркейту үшін көбінесе -кештер, қоғаммен байланысындағы істері жайлы жарнамалар жүргізіліп отыруы керек. Бұл процесс әдетінше ұзағырақ болады. Жарнама үшін Интернеттен WED-парақтары ашылу керек. Бұқара лық ақпараттық құралдарымен қарым- қатынасты үзбей отыру керек. Өйткені, оған қызмет көрсете отырып өздерінің талқыланып жатқан мәселелерімен пікір таласып, сол туралы мақаланың жариялауына ықпал етеді. Ол үшін ең алдымен радио, телекомпанияларды, мәдениет, әдебиет айдарларында жұмыс істейтін нақты журналистерді таңдау керек. Іздену - тікелей көмек сұрау және оны алу. Алдымен донордың «қалтасының» жуан - жұқалығын жетік біліп алу керек, өйткені бұл- фандрейзингтің ең шешуші факторы.

Даму - донорлар дайындау және олармен жұмыс істеу. Мұнда донорлармен тікелей жұмыс істейтін кітапханашылардың аса дайындығы керек. Осы тақырыпта оларға тренингтер, видеосабақтар көп жүргізіліп отыру керек.

Үлкен қорлармен жұмыс жасау оңайға түспейді. Жасалынып жатқан жобаларға көп көлемді қаржы сұрау да оңай емес. Бұл жерде басты рольде кітапхана директоры мен бөлім меңгерушілері тұрады. Олар энтузиазм, нақтылық, икемділік қасиеттерін жақсы иемденсе тіпті керемет. Кіммен қарым - қатынаста болу керек екендігін біліп алғаннан кейін, донорлармен жұмыс басталады. Мұнда өтінудің бірнеше түрлерін қолдануға болады: жеке кездесу, почта, телефон, Е-mail арқылы хабарласу. Ең бірінші кездесудегі басты қателік - бірден ақша сұрау. Донорлар ақша бермейді емес береді, бірақ ол кімге, не үшін? Танысып, кітапхана жайлы көбірек айтып, донордың жеке өз басындағы қызығушылықтарын ескергеннің өзінде бірнеше кездесулер белгілеу керек. Содан соң өтінішіңізді айтып, ақшалай көмек беруін сұрасаңыз болады.



Ризашылық білдіру - демеушілік көрсеткен қорға алғыс білдіру. Әр адам өзінің істеген еңбегі үшін оған алғысын білдіргенін қалайды, фандрейзингті де бұл кезеңсіз өткізсек онда бола-шақтағы жоспарлардың өшкені. Барлық демеуші қорлар өздері берген сыйлықтарын, техника немесе әдебиеттердің халықтың игілігіне қолданылып жатқандығының нәтижесін көргісі келеді. Үлкен қаржы аударған адамдарға, қорларға алғыс - хаттар міндетті түрде жазылуы тиіс.

Мұндай алғыс білдіру, рахметін айту әр мекеме үшін болашақта да қажет болады. Бұл біріншіден, қарым-қатынастағы адамдарды жоғалтпай, алдағы толғандырып жүрген мәселелерді тағы да шешіп берудің бірден-бір амалы.

Кейбір күрделі сыйлаушыларға алғыс білдіру ауызша сөздермен ғана айтылады. Олар көбінесе өздерінің аттарын экслибристен, мемориал тақталарынан көргенге еш қарсы болмайды.

Гарольд Сеймур өзінің көпшілікке арналған, кеңінен тараған "Фандрейзингті жоспарлау" атты кітабында сыйлаушының қозғалыста келе жатқан екі түрлі дәлелін келтіреді. Г. Сеймурдың пайымдауы бойынша адамзатқа екі түрлі алға ұмтылу тән. Біріншіден, адам өзінің біреу үшін бағалылығын сезу үшін "өзін іздегенін қалайды". Екіншіден, қоғамда немесе ұйымда атқарған қыз-меттерін мақтанышпен айта алатындай, "өзін белгілі бір ұйым үшін пайдалы адам ретінде" көргісі келеді. Қаржыландыру көздерін табу

Енді менің кітапханамды кім қаржыландыра алады екен, деген сұрақ тууы мүмкін. Күрделі сыйлықтар саны көбінесе жекеше сый берушілердің аз санынан келіп түседі. Ал үлкен көлемді сый беруші адамдар сізге немесе сіздің ұйымыңызға танымал болады.

Егер сіз қаржыландыру жайлы өз өтініштеріңізбен кез-келген қорға ұмтыла берсеңіз, онда құр күш шығарғаныңыз. Ең алдымен қорларды сұрастырмас бұрын, мынадай екі сұраққа жауап іздеңіз:

Сіздің жобаңызды қандай қор қаржыландыра алады?

Сізге қандай қаржыландыру көздерінен көмек алған жеңіл тиеді?



Жағрафия

Көптеген қорлар мен қаржыландыру көздері өздерінің қызметтерін тек аймақтық, облыстық немесе аудандық деңгейде ғана көрсетеді. Бұл жобаны орындаушы мекеменің немесе жұмысты жүргізетін мекеменің орналасқан орнына да байланысты болады. .



Тақырыптық

Ереже бойынша, қайырымдылық қорлар көбінесе шектеулі тақырыпта жазылған жобаның жұмыстарын қолға алады.



Грант алушылардың түрлері.

Әртүрлі қаржыландыру көздерінен грант алушы тұлғалардың жіктелуі:

- мәдени мекемелер мен орталықтар;

- жеке зерттеушілер;

- студентгер;

- ғылыми-зерттеу ұйымдары;

- жергілікті өзін-өзі басқару орындары;

Жағрафиялық және тақырыптық қызметтер кез-келген қаржыландыру көздерінде жүргізіледі. Ал, грант дегеніміз - белгілі бір мекемеге маңызы бар нәтижелі жұмысы үшін берілетін — тәлеусіз сый немесе ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарын жүргізуге мемлекет немесе басқа қор тарапынан қаржыландырылатын тапсырыс. Несиеден айырмашылығы, грантты қайтарып беру міндетті емес. Грант ақшалай немесе сыйлықтай берілуі мүмкін.

Белгілі бір жобаны бастап, жүргізген адам үшін нәтиже-грантты ақшалай немесе сыйлықтай алу. Бұл сыйлықтың жиынтығы екі үлкен топқа бөлінеді: жыл сайын және күрделі сыйлықтар.

Жыл сайын берілетін сыйлықтар

Жыл сайын 5мың $ көлемінде жүргізіледі

Қолма- қол ақша берілу арқылы жасалады.

Жыл сайын қамқорлық туралы хаттың жіберілуі

Қамқорлық туралы хат пошта немесе телефон арқылы жүргізілуіне де

болады


Күрделі сыйлықтар

Көлемді құралдар беріледі.

Жылжымайтын мүлік немесе автокөлік

Қамқорлық туралы хаттың жүзеге асуы сыйлаушының қаржылық

жағдайына байланысты

Мынадай қаржылық көздерінен көмек алуға болады: қайырымдылық қорлар, халықаралық ұйымдар, діни, ғылыми және коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар - осылардың барлығы донор ретінде қызмет көрсетеді. Донорлардың жіктелуі:



Мемлекеттік донор - өз мемлекетінің бюджетінен қаржы алатын мекеме. Бұл ең төрешіл және талап қойғыш донор. Олардың көмек берудегі бағдарламалары қаталдау болып келеді.

Мұндай мекемелер көбінесе өз мемлекетінің азматтарын ғана қорландырады, ал шет ел азаматтарына өте сирек қызмет көрсетеді.



Жекеше донор - жеке адамдардан, жеке коммерциялық емес ұйымдардан қаржы алатын қорлар. Мемлекеттік қорлар әдетінше барлық мекемелерге бірдей мүмкіндіктер жасауы тиіс. Ал жеке қорлар ұсынылған жұмысты еркін, икемді және тез орындауы мүмкін.

Тәуелсіз донор - бұл жеке бір әулеттен немесе бірнеше адамнан құралатын қор (Сорос қоры).

Бюджетшен тыс донор - мемлекеттік бюджетке енгізілмеген, белгілі бір мақсатқа қолданылатын мемлекеттің ақша қаражаты (мысалы, мемлекеттік зейнеткер қоры, жұмыс бастылық қоры, мемлекетгік сақтандыру қоры)

Жалпы қорлар туралы ұсынылып отырған құралдың соңғы беттерінен, газет-журналдардан және Интернет жүйесінен ақпарат ала аласыздар.


Дәріс №26

Үшінші бөлім. Кітапханадағы маркетингтік зерттеулер

Тақырыбы: Кітапхана жағдайындағы маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру

Дәрістің мазмұны:

Маркетингтік ақпарат жүйесі

Маркетингтік зерттеу үрдісі

Зерттеулерді жіктеу түрлері

кітапхананы басқару жүйесіндегі маркетингтік жүйенің жетекші рөлі

Маркетингтік ақпарат жүйесі – бұл маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын, ақпаратты жүйелі, жоспарлы жинаудың, талдаудың және таратудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. (қараңыз қосымша 4).

Маркетингтік ақпарат жүйесі ішкі ақпарат, маркетингтік зерттеулер, ағымдағы сыртқы ақпарат, ақпаратты өңдеу және талдау секіді салыстырмалы ерекшелінген төрт жүйеден тұрады (қараңыз қосымша 5)

Маркетингтік ақпараттың міндеті кітапхананы жылжу жүйесіндегі қандай да болса ауытқуларға жедел жауап қайтаруға дайын ұстау болып табылады.

Маркетингтік қызмет бөлімдерінің жалпы қажеттіктері маркетингтік зерттеулерді үзбей бақылау мен деректер жинауды қамтитын маркетингтік ақпараттық тарап арқылы қанағаттандырылады.

Маркетингтік зерттеулер зерттелетін проблемаларды шешуге жеткілікті ақпарат береді.

Үзбей бақылау – бұл айналаны қоршаған ортаны ретті талдауға арналған тәсілдеме. Ол мыналардан тұрады: іскерлік және салалық басылымдарға жазылу, жаңалықтар бюллетенімен танысу, қызметтерден және пайдаланылушы (оқырмандардан) ретті түрде ақпарат алып тұру, басқа кітапханалардың әрекеттерімен қимыл-қулықтарын бақылау.

Деректерді сақтау – бұл барлық маңызды деген ішкі кітапханалық ақпараттың, осы секілді маркетингтік зерттеу және үзбей бақылау арқылы алынған ақпараттардың қорын жию.

Маркетингтік ақпараттың қолда барлығы бәсекелестік күресте үстемдік алуға, қаржылық қауіп-қатерді, оқырмандардың көңілін анықтауға, сыртқы ортаны бақылауға, жарнамаға деген сенімді, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Маркетингтік зерттеу үрдісі төмендегі кезеңдерден тұрады: проблемаларды зерттеу мақсаттарын анықтау, қолдағы ақпаратты талдау проблемаларды әрі қарай талдап-білудің қажеттілігін бағалау, ақпарат жинаудың әдістері мен мүмкін деген көздерін және қаржылық, еңбектік ресурстарды бағалау, ақпарат жинау, нәтижелерді талдау; зерттеу нәтижелері туралы баяндама дайындау және менеджерге (директор) тапсыру.

Зерттеулерді жіктеу түрлері зерттеу мақсаттарына, ақпараттық көздеріне, зерттеудің объектісіне және көлеміне байланысты аталынады.

Зерттеудің мақсаты әдетте кітапхананың менеджері (директор) шешуге тиіс проблемаларға сәйкес келеді. Бәрінен бұрын зерттеудің түрін анықтайтын ең басты үш проблемаға назар аударылады. Бұлар менеджердің көңілі шаруашылық және нарық конъюктурасының дамуына түскенде, конъюктураны зерттеу. Мұның мақсаты – сұранысы бар ақпараттарға қай уақытта жаңа қаржылар салуды бағалау. Нарықты зерттеу кітапханасына қорының көп болғанын, түрлі және оны сақтау, белгілі бір рынокта сатуға болатын жағдайда жүргізіледі. Мұның мақсаты осы нарықтық маркетингтік қоршамына қандай факторлар бар және олар қалай әсер ететінін анықтау. Кітапхана ақпараттың белгілі бір көлемін өткізуді, нарықтық үлесін айқындауда, оны нарыққа енгізуді, сервистік, бағалық және жарнамалық саясатын жетілдіруді өзіне мақсат етіп қойған жағдайларда маркетинг үрдісінің элементтері зерттеледі.

Ақпарат алудың көзіне байланысты зерттеу кабинеттік „қордағы” және қосынды болып бөлінеді. Кабинеттік зерттеуде тек қана екінші ақпаратпен шұғылданады, ал „қырдағы” зерттеу бірінші ақпарат жинауға арналады.

Екінші ақпарат – бұл қандай да болса мақсатпен жиналған және қандай да бір материалдық жинағыштарда (кітаптар, журналдар, статистикалық басылымдар, видиеофильмдер, слайдтар, дискеттер және т.б.) сақталған барлық деректер. Екінші ақпараттың көзі ішкі және сыртқы мағлұматтар көзі бола алады.

Ішкі (қайнар) көздері – бұл кітапхананың нарықтық, базалық ақпараты: өткен, ағымдағы және болашақта түсуі мүмкін шығындардың себептерін алса жазылған есептер мен анықтамалар, кітапхананың даму жоспарлары, ақпараттың және маркетингтік қызмет белгілерінің хабарлы, каталогтар, проспектілер, бағалық парақтар және т.б.

Сыртқы (қайнар) көздеріне белгілі-бір кітапханалардың статистикалық басылымдарын, бюллетеньдерді, кітапхана қызметтерінің баяндамаларын, кітапхана мекен-жайы анықтамаларын және т.б. жатқызады.

Бірінші ақпарат болып анық мақсатпен бірінші (қайнар) көздің өзінен немесе басқа бір жеткілікті түрде ақпаратты иеленіп отырған ортаңғы буындардан жиналғандар саналады.

Бірінші ақпарат жию қашан да қымбатқа түседі, ұзақ уақыт және білікті мамандарды қатыстыруды талап етеді.

Объекті мен көлеміне қарау зерттеулер жаңа ақпаратты талдаумен (жасаумен), қолдағы қорды жетілдіру және номенклатурасын оңтайлаумен баға және өткізу стартегияларын оңтайлаумен, тиімді жарнамалық саясат жүргізумен және т.б. байланысты зерттеулерге бөлуге болады.

Бірінші ақпарат жинау үшін, негізінен, үш әдіс қолданылады: бақылау, пікір білу (интервью алу), бақылау-сынақ. Бақылау әдісі бірінші ақпарат (дерекетер) жинау мәнінде ең оңайы. Бұл жағдайда бір кітапхананың маркетинг мамандары оқырмандардың ақпаратқа деген көзқарасын, жауап-қимылын көріп және тыңдау үшін әлденеше кітапханаларға баруы керек.

Пікір білу әдісі жеке беттесуде, интервью алуда, сол секілді почта және телефон арқылы техникалық құралдардың көмегімен тілдесулерді қамтиды.

Бақылау - сынақ әдісі тестерге жауап алудан тұрады.

Әдетте маркетингтік ақпараттар жинағы басқару шешеімдерін дайындау және қабылдау міндеттеріне жатпайды. Көбінесе сұраныс пен ұсыныстың өзгерулерінің болжамы керек.

Мұндай болжам (жобалама) „ой шабуылы” („мозговой атаки”) әдісі, морфологиялық талдау, ойындар теориясы және статистикалық шешімдер әдістерін қолдану арқылы алынады.

Басқарудың маркетингтік блогы бастамашы шаруашылық субъектісі ретінде қазіргі отандық кітапханалардың күнделікті қызметінің жалпы технологиялық тізбегінде үлкен маңызы бар. Кітапхана өз деңгейінде кең көлемде ұйымдастыру-экономикалық шешімдерді қабылдай алып, кітапхана - ақпараттық қызметтердің дамушы рыногы көлемінде әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, әрі жекелеген адамдармен тікелей өзара әрекет ете алады.

Түбегейлі өзгеріске ұшыраған сыртқы жағдайда кәсіби ойлау баяулығын жеңіп, кітапхана қызметін өзіне тән спецификалық әлеуметтік-экономикалық микроортада профильді менеджменттің формасы мен әдістерін талдау қажет.

Бұнда кітапхана микроэкономикасының басты әдістері позитивті (белгілі экономикалық құбылыстарды болжамдау) және нормативті (өз қызметінің онды сандық және сапалық варианттарын ерекшелеу) талдаулар болып табылады.

Микроэкономикалық тұрғы мен маркетинг құралдарының үйлесіп кітапхана-ақпараттық ортасында белсенді қолданылуы әр кітапхана ұжымының күнделікті қызметінің негіздерін өңдеудің қажетті алғышартын құрады (әр түрлі объективті, субъективті, ішкі және сыртқы фактордың өзара әсерін ескере отырып).

Классикалық микроэкономикалық маңызды профильді компоненттері арасында кітапханада басқару шешімін қабылдау негізіне мүмкіндік береді:

- сұраныс және ұсыныс теориясы (оқырмандар көңіл-күйі);

— пайдалылық концепциясы (қызметтер, интеллектуальды өнімдер);

— оқырманның таңдауды анықтай алмау әсері;

- бәсекелестік рыноктар идеясы;

— ақылы қызмет көрсету формасына баға диверсификалық саясаты;

- экономикалық тиімділік теориясы (коммерциялық емес ұйымдарға интерпретация).

Олар әрі кітапхана-ақпараттық мекемесінің макроэкономикалық стратегиясын практикалық іске асыруда тактикалық құрал болып, кітапхана маркетингтік концепциясын жеке өндеуге әсер ететін негізгі факторлар арасында қаралады.

Көңіл аударатын нәрсе бұл нұсқа кітапхананы басқару жүйесіндегі маркетингтік жүйенің жетекші рөлін көрсетеді. Профильді рынокты маркетингтік зерттеуден (іздеу, зерттеу, сегменттеу, ресурстық базаны ескеру арқылы диагностикалау) басталып, кітапхана қызметінің белгілі циклымен (талдау, нәтижелерді бағалау) аяқталған. Бұл нақты кітапхана мекемесінің жүйе құру маңызын дұрыс таңдаудан өзінің спецификалық маркетингтік концепциясын (стратегиясы мен тактикасы) бар екендігін көрсетеді, әрі күнделікті кітапхана практикасында маркетингтік құралдар көмегі арқылы оңай түзеу мүмкіндіктерін білдіреді.


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау