Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
(толықтырулар мен өзгертулер енгізуге болады)
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Маркетингтің эволюциялық дамуы. Маркетингтің бес тұжырымдамасы: олардың жалпы мінездемесі, кітапхана ісінде қолданылуы.
Қазақстанның кітапхана ісінде маркетингтің қалыптасуы: сатылары, ерекшеліктері, болашағы; маркетингке қарсы таптаурын және олардан өту жолдары.
Кітапханалық маркетинг: анықтамасы, маңызы. Классикалық маркетинг қағидасы және оларды кітапханалық – ақпараттық қызметте қолданылуы.
Коммерциялықемес маркетинг: анықтамасы, кітапханалық – ақпараттық қызметтегі орны; «әлеуметтік эффект» түсінігі және оған жету факторлары.
Маркетингтің түрлері мен типтері. Мақсатты артықшылығы бойынша маркетингті жіктеу, кітапханаларда қолданылуы.
Кітапханалық – ақпараттық маркетинг кешені: жалпы мінездемесі, құрамдас бөлігі.
Маркетингтік қызмет жүйесіндегі кітапханалық – ақпараттық қызмет: кітапханалық қызметтегі ерекше белгілері және жіктелуі, олардың маркетингті ұйымдастыруға әсері.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі маркетингтік коммуникация: маңызы, мазмұны, құралдары.
Паблик рилейшнз: анықтамасы, маңызы, қызметі. Кітапханадағы ПР нысандары. Кітапхана қолданатын ПР құралдары.
Кітапханалық жарнама: маңызы, қызметі. Жарнама қызметінің технологиясы. Жарнама психологиясы, кітапханалық маркетинг тәжірибесіндегі оның есебі.
Кітапханалық – ақпараттық маркетингтің бағалық саясаты: бағалық стратегияны әзірлеу. Кітапханадағы бағақалыптастыру әдістері.
Фандрейзинг: анықтамасы, маңызы; кітапхана тәжірибесінде өткізу бағыттары мен үлгілері.
Кітапханадағы маркетингтік зерттеу: анықтамасы, маңызы; өткізу сатылары, сапалық және сандық әдістері.
Кітапхананың маркетингтік ортасы: ішкі және сыртқы факторлары, олардың әсері.
Ішкі маркетинг: анықтамасы, маңызы; кітапхана жағдайындағы ішкі маркетинг құралдарының жиынтығы.
12.ОҚУ ҮРДІСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН.
13.АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯЛАР, КАБИНЕТТЕР ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛАР.
№7 оқу ғимараты, № 307, 305, 308 аудитория.
Достарыңызбен бөлісу: |