251
Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың
ортақ әдістемесі.
Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады,
сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың
дидакти-касын меңгеруі керек.
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған
талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға
жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен
мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге
асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің,
сол сияқты
оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу
айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді
оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының
материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық
жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс-
әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының
түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды,
олардың арасындағы
байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен
қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту
үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге
бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің
жиынтығы.
Оқыту үдерісі–
мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған
өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны
меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін
тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол
өзінің белгілі
құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-
қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6)
оқыту нәтижелері.
Білім
– адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу,
жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Іскерлік
– алған білім негізінде
оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын.
Білімсіз қандай болса да
252
іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді
білу керек , т.с.с.).
Дағды
– бұл қайта-қайта орындалатын практикалық
әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде
жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне
байланысты.
Қозғаушы күш
деп қойылатын талаптар мен оларды
оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады.
Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне
сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың
педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-
ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту
негізінде жүзеге асырылады. Оқыту
– екі жақты
үдеріс. Оқыту оқушы мен
мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.
Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу –
баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту –
мақсатты
үдеріс. Оқытудың басты мақсаты
қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп
отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың
жүзеге асуы. Оқыту –
жоспарлы
үдеріс. Мұғалім оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін
жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту
– даму
негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның
өзіндік дамуына
жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың
жан-жақты жетілуін
түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным
жолындағы оқушылардың қи-
мылына байланысты. Оқыту –
таным
үдерісі. Танымның ерекшелігі
оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі –
шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту
– бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін
барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді
іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын
жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің
баламен үнемі
рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын
қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы
ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы,
ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен,
оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы
ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп
253
дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай
дамыта түседі.
Оқыту мазмұны
-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада
жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың
нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық
талаптар негізінде қай сыныпта,
қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық
және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында
ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны
адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му
ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды
сипаттайтын мәнді байланыс философияда –
заңдылық
деп аталады.
Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: