|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕМұғалімнің конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі
|
бет | 52/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕМұғалімнің конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің конструктивтік іскерлігін өздігінен тәрбиелеу үшін ол педагогикалық үдерістен күтілетін нәтижені бағамдай алуы керек. Әр істі алдын ала болжай алу кез келген адамға беріле бермейтін қасиет, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалім осы ойлау ерекшеліктерін дамыту негізінде сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнын, оларды өткізудегі тиімді құралдар, әдіс-тәсіл-дерді дұрыс таңдай білетін болады. Педагогикалық іс-шарадан күтіле-тін соңғы нәтижеге жетудің тиімді жоспарын құрастыра алу мұғалім-нің конструктивтік іскерлігінің даму деңгейіне тәуелді. Бұл іскерлікті дамыту үшін өз ынтасы бойынша ашық сабақтар, ашық тәрбие сағат-тарын өткізіп көруге болады.
Мұғалімнің коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлікте-рін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің қарым-қатынасты орната алу іскерлігі маңызды іскерліктердің бірі. Бұл іскерлікті үздіксіз дамы-тып отыру қажет, онсыз педагогикалық үдерістің нәтижесі тиімді болуы екіталай.Коммуникативтік іскерлікті өздігінен дамытуда өткізген са-бағын немесе тәрбиелік іс-шараны видеотүсірілімін талдап көруге бо-лады. Өзіне сырт көзбен қарай отырып, мұғалім өзінің сөйлеу мәнерін, дауысын, эмоционалдық көңіл-күйін, кинесикасын толық бағалай алу-ға мүмкіндік алады. Не болмаса сабақ түсіндіру барысында дикто-фонды қосып қойып, кейіннен өзі қайта тыңдап көрген жағдайда да мұғалім өзінің кемшіліктерін анықтап алуына болады. Сонымен қатар тәжірибелі, шығармашыл ұстаздардың сабақтарына қатысып, теледидардан дикторлардың, шешендердің сөйлеу шеберліктерін үй-ренуге талпынулары арқылы да мұғалім өзінің коммуникативтік іскер-ліктерінің тұстарын жетілдіре алады.
Мұғалімнің хабарлау (информациялық) іскерліктерін өздігі-нен тәрбиелеуі. Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері бо-лады, бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі - осы ақпарат-тарды хабарлауда әр сынып үшін ең тиімді әдістерді ұштастыра алуы. Мысалы, ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыс-тардың анық айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығу-ларын жасап отыру қажет. Информациялық іскерлікті өздігінен тәр-биелеуде мұғалімнің мимика, жест, кинесика тәсілдерін дұрыс мең-геруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар өз бойында қан-дай ақпараттық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті дамытуды көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|