Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-биелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекет-терін ұйымдастыратын тұлға. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскер-лігінің мәні - оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қан-шалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынта-ландыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.Әр болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі рефлексиялық үдеріс болып табылады. Рефлексия(лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады.
Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін, біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |