Сөз - ең көне қатынас құралы. Социолог Вильбур Шраммның зерттеуі
бойынша адамның ауызекі сөзден жазуға көшуіне 500 млн. жыл керек болса,
қолжазбадан баспа жазуға дейін 5 мың жыл, ал баспа жазудан теледидарға
дейін 500 жыл қажет болды. Ал теледидар мүмкіншілігі бар ұрпақ өмірінің
ішінде компьютер жетістігіне ұласты. Осылайша сөздің қатынас құралы
ретіндегі маңызы артып, ол жаңа қасиеттермен танылуда.
Сөз ауызша сөзге де, жазба мәтінге де қажет болғандықтан сөздік әдіс
ол ауызша және сөздік-баспалық болып екіге бөлінеді. Сөздік әдіс оқушы
мен мұғалім бірлесе жұмыс жүргізіп, бір-бірімен сөздің көмегімен
байланысқанда, ал сөздік-баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде
қолданылады.
Оқытудың көрнекі әдістері де сөзбен тығыз байланысты. Көрнекілік
әдістер сұлбалар, кестелерді, тарихи карталар мен картиналарды, тақта мен
борды, экрандық құралдарды қолдануды қажет етеді. Бұл әдіс қандай
тәсілдерді қолданғанда да бірнеше элементтерден құралады. Мысалы, тарихи
картинаны пайдаланғанда мәселе қою, оның мазмұнын оқушылардың
талдауы және талқылауы, қорытынды әңгіме жүргізу сияқты бөлімдерден
тұрады.
Практикалық, әдістер оқу пәні әрекетінің ерекшеліктерінен туындайды.
Тарихты оқытуда бұл макет, үлгі жасап, сұлбалар дайындауда қолданылады.
Осылайша, оқытудың барлық әдістерінде сөз қолданылса, ол таза
күйіңде тек сөздік әдістерде пайдаланылада. Басқа әдістерде сөз тиісті оқу
құралдарымен бірге - жазба дерек көзі, оқу және көрнекі құралдармен аралас
қолданылады.
Тәсілдердің көп түрлілігі
Тәсілдер әрекет түрі ретінде. Әдістердің құрамды бөлігінің бірі -
оқушылар мен мұғалімдердің әрекетінің тәсілдері. Әдістемелік тәсілдер
оқыту тәсілдерінің жиынтығы, яғни мұғалім әрекетінің тәсілі және соған
сәйкес оқушы әрекеті тәсілдерінің жиынтығы.
Тәсіл ұғымы ретінде сөздік немесе жазба-кескіндемелік әрекет
түсіндіріледі. Тәсілді көруге немесе естуге болады. Сонымен, әдістемелік
тәсілдер дегеніміз — нақты міңдетті шешуге бағытталған әрекет. Бұл
тәсілдер нақты нәтижеге жету үшін орындалады және ол бірнеше
әрекеттердің тізбесінен тұрады. Оқу жұмысының тәсілдері мұғалім
әрекетінің тәсілдеріне тәуелді, өйткені бастамашылық бұл жерде мұғалімнің
қолында.
Жазба-кескіндемелік тәсілдерге мыналар жатады: оқиғалардың
күнтізбесін жасау, таблица, жаңа сөздер сөздігі, жоспарлар, логикалық
сұлбалар, сурет салу, кескін карта толтыру. Сол сияқты оқулықпен, түрлі
сөздік-баспалық мәтінімен жұмыс жүргізудің де тәсілдері бар. Мысалы:
оқушылар хрестоматия, Оқулықтағы құжаттарды талдайды, синхрондық
кесте жасайды.
Бір мемлекеттің дамуының барлық кезеңдері туралы түсінік
қалыптастыру үшін мұғалім хронологиялық бірізділікпен маңызды
оқиғаларды негізгі даталармен бірге кестеге тізуге тапсырма береді. Сондай
синхронды кестені "Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірі мен
шығармашылығы" деген тақырыпта түзуге болады.
Жылдар
Леонардо до Винчи
Микеланджело
Рафаэль
1450
1460
1480
1452 ж. дүниеге келді
Верокинодағы шеберхана
"Гүл ұстаған Мадонна"
Миланға кету
1475 ж. дүниеге
келді
Гирландайодағы
шеберхана
1483 ж.
дүниеге келді
Сондай үлгімен синхронды кестелерді жекелеген елдердің тарихи даму
жағдайына байланысты түзуге де болады. Сол сияқты жеке мемлекеттік
немесе тарихи тұлғаның хронологиясын жасау тарихи ұғымдарды, түсініктер
мен деректерді уақыт шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларға осындай үлгідегі кестелер түзудің әдістерін,
тәсілдерін меңгерту арқылы олардың алған тарихи білімдерін жүйелеп,
салыстыру және дербес қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруды
мақсат етіп қоюы тиіс.
Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көптігі мұғалімге оларды
пайдалануда кең мүмкіндік берумен бірге әр тәсілді парасаттылықпен
орынды қолдануды талап етеді. Ойластырылмай, пайдаланылған оқыту мен
тәрбиенің әдіс, тәсілдері оқушының дүниетанымының, көзқарасының
қалыптасуына нұқсан келтіреді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Оқытудың қандай әдістері бар?
2. Оқыту әдістеріне бірнеше тұжырым жасаған ғалымдар?
3.
Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс
дегеніміз?
4.
Сабақты қандай тәсілдермен өтуге болады?
Тақырып№5: Тарих қайнар көздері және деректерімен жұмыс тәсілдері
Дәріс мақсаты: Тарих қайнар көздері және деректерімен жұмыс тәсілдерін
анықтау
1. Тарих қайнар көздері мен деректерін іріктеудің дидактикалық
негіздері
2. Хрестоматиялар тарих деректерінің жинағы ретінде және оларды оқу
үрдісінде қолдану
3. Тарихи деректермен жұмыс жасаудың тәсілдері
Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи
дереккөздеріне адам қолымен жасалған - оның қоршаған ортамен
байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба
ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба
ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.