Тарих және құқық факультеті Құқықтық пәндер кафедрасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



жүктеу 0,92 Mb.
бет6/8
Дата13.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#19201
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Негізгі және қосымша жазалар. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану. Әкімшілік жазадан босату жағдайлары. Әкімшілік жазаға тартатын өкілетті органдар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Атаманчук Г.В. Основные положения концепции развития государственной службы в Российской Федерации // Вестиник гос. службы. 1992. Июнь. С. 5—16.

2.Бахрах Д.Н. Административная власть как вид государственной власти // Государство и право. 1992. № 3.

3.Бахрах Д.Н. Индивидуальные субъекты административного права // Государство и право. 1994. № 3.

4.Бахрах Д.Н. Таможенное право как институт административного права // Государство и право. 1995. № 3.

5.Бахрах Д.Н., Хазанов С.Д. Правовой режим чрезвычайного положения. Екатеринбург, 1992.

6.Бахрах Д.Н., Хазанов С.Д. Государственная администрация, ее органы и служащие (Анатомия государственной администрации). Екатеринбург, 1998.

7.Бельский К.С. К вопросу о предмете административного права // Государство и право. 1997. № 11.


15-16 тақырып: Әкімшілік жауапкершілік. (2 сағат)

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның негізгі белгілері.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.

  4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі, объектісі, субьектив жағы, объективтік жағы.

  5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату.

Дәрістің мақсаты: Әкімшілік жауапкершілік туралы толық мәліметті студенттерге жеткізе білу.

Дәрістің мазмұны: Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқы болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайы. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғмағы т әртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерінен рнатылады. Барлық қарым- қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі, ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.

Заңды жауапкершілік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат - мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызд шара. Оның әрбір салға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы - әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі. Басқа заңды жауапкершіліктің түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершілікттің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар заңды жауапкершіліктің негізінде құрылып, әкімшілік құқықтың қағидаларымен айқындалады. Со сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің нақты мақсат – мүдделерін және міндеттерін айқындайды.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның негізгі белгілері. Әкімшілік құқық бұзушылық. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі, объектісі, субьектив жағы, объективтік жағы. Әкімшілік жауапкершіліктен босату.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Атаманчук Г.В. Основные положения концепции развития государственной службы в Российской Федерации // Вестиник гос. службы. 1992. Июнь. С. 5—16.

2.Бахрах Д.Н. Административная власть как вид государственной власти // Государство и право. 1992. № 3.

3.Бахрах Д.Н. Индивидуальные субъекты административного права // Государство и право. 1994. № 3.

4.Бахрах Д.Н. Таможенное право как институт административного права // Государство и право. 1995. № 3.

5.Бахрах Д.Н., Хазанов С.Д. Правовой режим чрезвычайного положения. Екатеринбург, 1992.

6.Бахрах Д.Н., Хазанов С.Д. Государственная администрация, ее органы и служащие (Анатомия государственной администрации). Екатеринбург, 1998.

7.Бельский К.С. К вопросу о предмете административного права // Государство и право. 1997. № 11.


17-18 тақырып: Әкімшілік процессуалдық қызмет.(2 сағат)

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әкімшілік процесс ұғымы және оның принциптері.

  2. Әкімшілік процестің субьектілері.

  3. Әкімшілік процесте азаматтар құқығына кепілдік беру.

  4. Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.

Дәрістің мақсаты : Әкімшілік процестің құрылымымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны: Әкімшілік процесс дегеніміз қандай-да бір нәтижелерге қол жеткізу үшін, белгілі бір тәртіпте жасалатын әрекеттердің жиынтығы. Заңдық процесс дегеніміз –құқықтың кез-келген саласының материалдық нормаларының ұйғарымдарын іске асыру, ол құқық қолдану қызметінің бар немесе жоқ екендігіне байланысты. Заңдық процесс оған қатысушылардың белгіленген процедураға сәйкес жасалаған нақты әрекеттерінен және нақты құқықтық қатынастардан тұрады. Әкімшілік процесс материалдық әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыруды мақсат еткен әрекеттер жиынтығы, ол атқарушы билік органдарының әкімшілік-іс жүргізу нормаларымен реттелген қызметі, ал заңда көзделген жағдайларда-басқа органдар мен олардың лауазымды адамдарының нормативтік басқару актілерін қабылдау және материалдық құқық нормаларын қолдану жөніндегі қызметі.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Әкімшілік процесс ұғымы және оның принциптері. Әкімшілік процестің субьектілері. Әкімшілік процесте азаматтар құқығына кепілдік беру. Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.

  8. Г.С. Ищанов, Ж.Т. Ерназаров Некоторые вопросы уголовной ответственности за коррупционные преступления // Тураби (научно-правовой журнал) 2005. № 2


19-20 тақырып: Әкімшілік мәжбүрлеу. (2 сағат)

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.

  2. Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі.

  3. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.

  4. Бақылау және қадағалау шаралары.

  5. Заттарды, құжаттарды қарау. Жеке қарау.

Дәрістің мақсаты : Әкімшілік мәжбүрлеу ерекшеліктерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны: Құқықты мәжбүрлеу дегеніміз – заңды норма негізінде қолданылатын жеке мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі. Мәжбүрлеу деп-белгілі объективтік физикалық немесе психологиялық жағына әсер етуді айтады. Мәжбүрлеуді өкілеттілердің құқық бұзушылыққа қарсы санкциялар мен құқықтық нормаларда көрсетілген шараларды мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы субъектілердің санасы мен мінез-құлқына процессуалдық тәртіп бойынша әсер ету арқылы іске асырады.

Мәжбүрлеуді қолдау туралы мәселе өте даулы. Кейбір ғалымдар (С. Алексеев) мемлекеттік мәжбүрлеу саласында әкімшілік бұлтартпау шаралары өмір сүрмейді десе, екіншілері (Н.С. Самощенко, М.Х. Фарукшин) – олардың маңызды орны бар және олар санкция емес, құқықтық нормалар диспозициясымен қарастырылады деп пайымдаған. Сонымен қатар, процессуалдық мәжбүрлеуді мінез-құлықтың заңды негізі деп қарастыруға болмайды деген пікір де бар. Кейбір заңгерлер бұлтарпау шараларын санкциямен ұштастырып, құқықтық қатынастардағы ерекше маңыздылығын ашып көрсетеді. (Б.Т. Базылов, С.Н. Кожевников).

Бұлтарптау әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің бір формасы ретінде бірқатар белгілерге ие. Бұл жерде әкімшілік жаза мен мәжбүрлеудің жазаламайтын құралдарының айырмашылық шекарасын айыра білу керек. Бұлтартпау шаралары құқықтық нормалардың бұзылмауы үшін, заң бұзушылытың келеңсіз салдырынан алдын-алудың жолын кесу және ескерту үшін және кінәліларді міндеткерлікке тарту шараларын ұйымдастыру үшін қажет. Әкімшілік бұлтартпаудың мақсаты – бұзақының еркін емес, оның теріс, заңға қайшы іс-әрекеттерін тоқтатуда ескерту.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы. Бақылау және қадағалау шаралары. Заттарды, құжаттарды қарау. Жеке қарау.

Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.

  8. Г.С. Ищанов, Ж.Т. Ерназаров Некоторые вопросы уголовной ответственности за коррупционные преступления // Тураби (научно-правовой журнал) 2005. № 2


21-22 тақырып: Әкімшілік құқықтық режим.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әкімшілік құқықтық режимдер ұғымы және олардың түрлері.

  2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.

  3. Соғыс жағдайы режимі.

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету режимі.

Дәрістің мақсаты: Әкімшілік құқықтық режимнің түрлерімен таныстырып, түсіндіру.

Дәрістің мазмұны: Әкімшілік - құқықтық режим дегеніміз – заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға баланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.

Құқықтық режимнің мәнін – адамдардың іс-әрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы рттеуі деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-әрекет объектілерінің (наркотикалық режим, автокөлік құралдары, мәдени құндылықтар және т.б.) уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс-әрекетт ің спецификасын, бәрінен бұрын – бұл фаторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі құқықтық мәртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі субъектінің құқығы мен міндеттерін білдіреді, қандайда бір адаммен байланыстырады; ал құқтық режим іс-әрекетті сипаттайды және оныме қатысушыларының құқығы мен міндеттерін байланыстырады.

Режимдер салааралық (межотреслевый) болуы мүмкін, яғни бірнеше құқық салаларымен (мысалы, заңдылық режим, кәсіпорын) және салалармен (әкімшілік-құқықтық, азаматтық құқықтық және т.б.) реттеледі.

Құқықтық режим – бұл қоғамдық қатынас іс-әрекеттің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық-ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді. Оның 2 түсінігі бар:



  1. Қоғамдық қатынастың арнайы мәнәнінің ерекшелігі және оның мақсаттары мен мәселелерінің спецификасы;

  2. Субъктінің құқық және міндеттер жүйесін айқындайтын іс-әрекет нысандары мен әдістерін, ерекше қағидаларын қолдану. Режимнің түсінігі “бұл сөздің мағыналық негізгі түрін айқындайды, яғни құқықтық режим қатаң құқықтық режим дәрежесін айқындайды, белгілі шектеулер мен жеңілдіктер, субъектілердің белсенділігінің шамасын, олардың құқықтық тұрақтылығының шегі”. Құқықтық режимдерді жалпы, әмбебап (униерсальды) және өндірістік және т.б. режидерге бөлуге болады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Әкімшілік құқықтық режимдердің түсінігі, түрлері. Төтенше жағдай режимі кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі. Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардың құқықтарының кепілдіктері. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. Соғыс жағдайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.

  8. Г.С. Ищанов, Ж.Т. Ерназаров Некоторые вопросы уголовной ответственности за коррупционные преступления // Тураби (научно-правовой журнал) 2005. № 2


23-24 тақырып: Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық жүйесі.

  2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.

  3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылқ жүйесі.

  4. Қаржылық бақылау. Қаржы-экономика аясындағы құқық бұзушылықпен күрес.

Дәрістің мақсаты: Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу басқармаларымен және қызметтерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық –ұйымдастырушылық жүйесі. Өнеркәсіп, энергетика мен сауда салаларын басқаратын мемлекеттік органдар. Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Жоспарлауды бақылаудың ұйымдастырушылық-құқытық жүйесі. Жоспарлауды басқаратын мемлекеттік органдар. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық жүйесі. Ауыл шаруашылығын басқаратын мемлекеттік органдар. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік бақылау.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды қорғауды басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық жүйесі.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау.

  2. Ауыл шаруашылығын басқаратын мемлекеттік органдар.

  3. Табиғатты пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.

  4. Қаржы экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.

  8. Г.С. Ищанов, Ж.Т. Ерназаров Некоторые вопросы уголовной ответственности за коррупционные преступления // Тураби (научно-правовой журнал) 2005. № 2


25-26 тақырып: Әлеуметтік-мәдени саланы құқықтық реттеу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдастырылу түсінігі мен негіздері.

  2. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі.

  3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымастырушылық нысандары.

  4. Азаматтарды әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

  5. туриз және спортты басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық жүйесі.

Дәрістің мақсаты: Әлеуметтік-мәдени сала туралы толық мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны: Білім беру, және ғылым жүйесінің ұйымдастырылуы түсініг мен негіздері. Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару. Мәдениетті басқарудың ұйымдастырылуы-құқықтық жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына мемлекеттік бақылау. Санитарлық-індеттік қадағалау. Медециналық қызметтің көрсетілуінің сапалылығын бақылау. Фармацевтикалық өнімдерді өндіру және сату аясындағы бақылау. Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару.

  2. Санитарлық-індеттік қадағалау.

  3. Туриз және спорт саласындағы мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.

  4. Қөші-қонды басқарудың ұйымдастырушлық-құқықтық нысандары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.


27-28 тақырып: Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік-құқықтық реттеу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

  2. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жұмысын ұйымдастыру.

  3. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.

  4. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Дәріс мақсаты: Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік-құқықтық реттеу.

Дәріс мазмұны: Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әскери қызмет. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жұмысын ұйымдастыру. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Полиция. Қозғалыс қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Шетел істерін басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Қазақстанның шетелдегі СІМ органдары. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жұмысын ұйымдастыру. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Овсянко Д.М. Государственная служба в Российской Федерации. М. 1996.

  2. Быстренко В.И. История государственного управления и самоуправления в России: Учеб. пособие. М. 1997.

  3. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г.. Административное право. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

  4. Государственная служба: теория и организация: Курс лекций. Ростов н/Д. 1998.

  5. Турисбек А. Вопросы кадровой политики государственных служащих // Правовая реформа в Казахстане. 2003. № 2 (19-20).

  6. Турисбек А. О некоторых аспектах профессионализма государственной службы // Фемида. 2003. № 1.

  7. Хансейт Болен Проблемы квалификации субъекта бездействия по службе // Фемида. 2003. № 8.


29-30 тақырып: Әкімшілік қызметтегі заңдылық

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Заңдылық ұғымы және оның мазмұны.

  2. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін бақылау.

  3. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау.

Дәрістің мақсаты: Заңдылықтың қоғамдағы алтын орнын студенттерге түсіндіру.

Дәрістің мазмұны: Заңдылық ұғымы және оның мазмұны. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін бақылау. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау. Заңдылықты қадағалаудың өзіне тән ерекшеліктері. Заңдылықты қамтамасыз ету шаралары. Заңдылықтың мәні. Заңдылық заң әдебиеттерінде бірнеше мағынада қаралады:

  1. Ұйымдастыру және қызмет қағидасы;

  2. Басқару әдісі;

  3. Мемлекет және оның азаматтарының бір-бірімен әрекеттесу қағидасы.

Заң және бақа нормативті актілер азаматтардың құқықтық санасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің эволюциялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Адам мен азаматтардың абсолютті ажырамайтын құқықтары, халықтың мәдениеті мен менталитеті – заңның тірегі болып саналады. Бұл – заңдылықты қамтамасыз етудің басты шарты. Заңдылық әкімшілік құқықта тек қана заң актілерімен сәйкес әрекет ету арқылы көрсету ғана емес (мысалы, лауазымды орынға тағайындау, заңды тұлғаларды тіркеу және т.б.) сонымен қатар, заң және басқа да актілерді орындау барысында ынталық көрсету (мысалы, әкімшілік бақылау барысында, құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б.).

Сонымен заңдылықты – нормативті құқықтық актілердің және олардың орындалуы мен қолданылуы арқылы жалпылай мемлекеттік еркіндікті қамтамасыз ететін құқықтық жүйе деп білуге болады.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Прокурорлық қадағалау. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен нысандары. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау.

Әдебиет:

  1. Административное право: Учебник / Под ред. Л.Л. Попова. М., 2001.

  2. Административное право России. Ч.1: Учебник / Под ред. А.П. Коренева. М., 1996.

  3. Административное право РК: Учебник / Под ред. А.А. Таранова. Алматы, 1996. Ч. 1 (Общая).

  4. Административное право: Учебник / Под. ред. Л.Л. Попова. М. 2002.


6 CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

мазмұны

апта

әдебиеттер

1.

Әкімшілік құқық -пәні және әдістері.

1. Әкімшілік құқықтың ұғымы және түсінігі.

2. Әкімшілік құқық ғылымының пайда болу тарихы.

3.Әкімшілік құқықтың пәні мен әдісі.

4.Әкімшілік құқықтың реттеу әдісі.




1

9,17

2.

Әкімшілік құқық көздері және әкімшілік құқық нормалары мен қатынастары.


1.Әкімшілілік құқық қайнар көздерінің ұғымы және түсінігі.

2. Әкімшілік құқық қайнар көздерінің формалары: Нормативтік құқықтық актілер, әкімшілік шарт, сот прецеденті, сот жүйесін талқылау, ғылыми құқықтық доктрина, әдет-ғұрыптар.

3.Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түрлері.

4.Әкімшілік құқытық норомалардың түрлері.

5.Әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

6.Әкімшілік құқытық қатынастардың түрлері.




2

19,28

3

Әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субьектілері.

1.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.

2.Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.

3.Жастар мен балалар бірлестіктерінің түрлері.

4.Қоғамдық ұйымдар ұғымы, түрлері.




3

3,30

4

Атқарушы билік органдарының әкімшілік–құқықтық мәртебесі.


1.Атқарушы билік органдарының ұғымы, түсінігі.

2.Орталық атқаушы органдары: Министрліктер, комитеттер, агенттіктер.

3.Жергілікті атқарушы органдары.


4

17,20,23

5

Басқарудың әдістері мен формалары. Басқарудың құқықтық актілері.


1.Басқару әдістерінің түсінігі.

2.Басқару әдістерін таптастыру.

3.Басқару формалары ұғымы және олардың түрлері.

4.Басқарудың құқықтық актілері ұғымы және олардың белгілері.

5.Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері.


5

28,34

6

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.


1.Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.

2.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.

3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері. 4.Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері.

5.Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты шектеулер.

6.Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі.


6

3,7,16

7

Әкімшілік жазалар.

1.Негізгі және қосымша жазалар.

2.Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі.

3.Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.

4.Әкімшілік жазадан босату жағдайлары.

5.Әкімшілік жазаға тартатын өкілетті органдар.


7

25,31

8

Әкімшілік жауапкершілік.

1.Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері.

2.Әкімшілік жауапкершіліктің нормативтік-құқықтық негізі.

3.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

4.Қылмыстық, тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы



8

25,26,27

9

Әкімшілік процессуалдық қызмет.

1.Әкімшілік процесс түсінігі.

2.Әкімшілік іс жүргізу -әкімшілік процестің құрылымдылық бөлігі, әкімшілік іс жүргізу кезеңдері.

3.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу.

4.Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс. Негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

5.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі.


9

16,19,25

10

Әкімшілік мәжбүрлеу.

1.Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.

2.Заңға қайшы келетін әрекеттерді тоқтату.

3.Күш көрсету. Әкімшілік ұстау. Арнайы құралдары және қаруды қолдану.

4.Қоршаған ортаға зиян аурулармен ауыратын тұлғаларды мәжбүрлі түрде емдеу.

5.Жұқпалы ауруға шалдыққандарды уақытша жұмыстан босату.


10

3,7,10

11

Әкімшілік құқықтық режим.

1.Әкімшілік құқықтық режимдердің түсінігі, түрлері.

2.Төтенше жағдай режимі кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі.

3.Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардың құқықтарының кепілдіктері.

4.Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.

5.Соғыс жағдайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі.


11

2,3,11

12

Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу.

1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау.

2.Ауыл шаруашылығын басқаратын мемлекеттік органдар.

3.Табиғатты пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.

4.Қаржы экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес.




12

2,14,20

13

Әлеуметтік-мәдени саланы құқықтық реттеу.

1.Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару.

2.Санитарлық-індеттік қадағалау.

3.Туриз және спорт саласындағы мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.

4.Қөші-қонды басқарудың ұйымдастырушлық-құқықтық нысандары.




13

19,23,27

14

Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік-құқықтық реттеу.

1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.

2.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жұмысын ұйымдастыру.

3.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.

4.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.




14

20,23,31

15

Әкімшілік қызметтегі заңдылық


1.Заңдылық мазмұны және түсінігі.

2.Заңдылықтың қамтамасыз етілуін бақылау.

3.Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау.


15

6,8,19


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау