Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл жəне одан да
астам) керек. Күнделікті шешім 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім қысқа уақыт ішінде ( бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
5. Ұйымдастырылуына Қарай:
А) Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген
адамдармен келісімінсіз, ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған
шешімі.
Б) Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен жəне тиісті басшылармен
бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім.
В) Ұжымдық шешім – барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында
қарастырылып, сонда қабылданады.
6. Функционалдық мақсатына орай;
А) Жоспарлы – экономикалық
Б) Технологиялық
В) Қаржы
Г) Əкімшілік сипатта
7. Мақсаты бойынша:
А) комерциялық
Б) комерциялық емес
8. Беру əдісі бойынша:
А) вербалды
Б) жазбаша
В) электронды
Басқару шешімдерінің сапасына ықпал етуші негізгі факторлар: мемлекет
жүйесінде моделдеудің ғылыми тəсілдерін, ипринциптерін жəне əдістерін
қолдану, басқаруды автоматтандыру, т.б.
Басқару шешімдерінің сапасы – нақты тұтынушыны қанағаттындыратын
жəне шешімді жүзеге асырудың нақтылығын қамтамасыз ететін шешім
параметрлерінің жиынтығы.
3). Шешім қабылдау процесі интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе
тиімді сипатта болады.
Интуитивтік шешім – бұл бір нəрсенің дұрыстығын сезуге негізделген
таңдау.
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған
тəжірибеге негізделген таңдңу.
Шешімді жасау процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады: шешімді əзірлеу,
қабылдау жəне жүзеге асыру. Басқару шешімін жасау, қабылдау жəне
орындау кезеңдері:
1. Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау
2. Мəселені қою
3. Жиналған мəліметтерді тапсыру
4. Шешім мəселелерінің негізделуін бағалау
5. Мəселе бойынша шешімді таңдау жəне қабылдау
6. Шешімнің орындалуын ұйымдастыру
7. Орындалу барысын бақылау жəне нəтижені бағалау.
Қарапайым міндеттерді шешкен кезде акталған кезеңдердің барлығын
пайдалану міндетті емес, жəне керісінше біршама күрделі міндеттерді
шешкен кезде, шешім қабылдауға, əдетте, барлық кезеңдер енгізіледі.
Шешім қабылдаудың əзірлік кезеңінде кез келген деңгейдей басшы
өңдірістік, экономикалық, əлеуметтік жағдайларды болжаудан бастауы тиіс.
Басшы қалыптасқан жағдайларды ұға білуі тиіс.
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттардың дəл, əрі айқын
болуының айырықша маңызы бар. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, əрі
айқын мəліметтер болжағанда, ғана мүмкін болады.
Алынған мəліметтерді талдаған кезде, олардың сипатына қарай əр түрлі
тəсілдерді де пайдаланады.
Шешімдер варианттары санының болуы проблемаларды шешудің ең
қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. ( Варианттарды таңдау үшін
сандық таңдауды, эвристикалық тəсілді де қолданады).
Өзін - өзі тексереін сұрақтар:1.Басқару түрлерін қалай жіктеледі?
1. Басқару шешімдерінің талаптары қандай болады.
Қолданылатын əдебиеттер:
1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы
2002.
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме:
учебник М: Риа,1998. М.
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.
6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001
Тақырып: Басқару шешімдері
2.Қарастыратын сұрақтар:1.Қауіп – қатер жағдайында тəуекел ету жəне
шешім қабылдау
2.Басқару шешімдерін жасау əдістері
3.Дəрістің мақсаты: Дəріс бойынша берілген тақырыпты толықтай
қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мəлімет беру.
4.Дəріс мазмұны:
1). Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес əрекет етуге, балама
шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қатар мұндай
жағдайларда сыртқы ортадан қауіп – қатер де күшейе түсуі мүмкін.
Сондықтан тəуекел ету экономикалық өмірінің ажыратылмайтын бөлігі
болып саналады.
Оксфорд сөздігінде тəуекелге « зиянға немесе шығынға үшырау
мүмкіндігі» деген анықтама берген. Тəуекел ету ең алдымен шаруашылық
нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырау қаупі төнгенде жəне
сонымен қатар пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.
Мемлекетте батыл шешімге барғысы келмейтін басшы, ұйым үшін қауіпті,
оны тоқыраға ұшыратушы деп саналады. Əдетте батыл шешім қабылдаудан
тайсақтайтын менеджерлнр творчествалық ізденіске бейімсіз, шаруашылық
міңдеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде бағаланады.
Тəуекел ету əрекеті белгілері бойынша жіктеледі:
1. Пайда болу орнына қарай:
А) шарушылықтың өзіндегі
Б) адамдардың жеке басына байланысты
В) табиғат факторларына байланысты
2. Пайда болу себебіне қарай:
А) болашақтағы
Б) əріптестер əрекетінің белгісіздігі
В) мəліметтердің жеткіліксідігі
5). Проблеманы жедел шешудің кен тараған тəсілдерінің бірі идеяны
ұжымдық генерациялау – «ми шабуылы» тəсілі. Мұнда əуелі бір проблемаға
назар аударадыц. Содан кейін кез келген идеяны, оның орынды –
орынсыздығына немесе тəжірибелік құндылығына күмəнді бола тұрса да
қарастырады. Артықшылығы: Бұл тəсіл көптеген жақсы идияны жинауға
мүмкіндік береді. Əр түрлі көзқарастар талданады. Кемшілігі – секциаға
қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі жəне толық
таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.
Пікір жинау тəсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі.
Эксперттерге қойылған проблемалартұтастай хабарланып, солардың қызмет
бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді
тапсырады. Артықшылығы – эксперттер қолайлы жағдайды міндетті
шешумен
шұғылдана
алады.
Кемшілігі:
ұсыныс
талқыланбайды,
проблеманы шешу көзқарасы субъективті.
Дельфа əдісі. Мұнда проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттер,
соның ішінде басқа ұйымның кенесшілерітартылады.
Морфологиялық тəсіл. Проблемалар көптеген міндеттер мен мəселелерге
жіктеледі. Əрбір шешімдер белгіленеді, осыдан кейін олар салыстырылады.
Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешуүшін
жинақталады. Артықшылығы – проблема мəнəң терең түсінуге жəне ұғынуға
мүмкіндік береді. Кемшілігі – шешілетін проблема аясының тым тарлығы.
Өзін - өзі тексереін сұрақтар:
1Тəуекел ету əрекеті қалай жіктеледі?
2. Проблеманы шешудің кең тараған тəсілдері қандай?
Қолданылатын əдебиеттер:
1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы
2002.
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме:
учебник М: Риа,1998. М.
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.
6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |