Тарих, экономика жəне құқық факультеті «Экономика жəне менеджмент»



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет24/42
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25653
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42

 
Қарастыратын сұрақтар;
  
1.Персонал бойынша менеджердің міндеттерімен анықтайтын қызыметтері 
2.Кадрлардың қызыметінің кəсіби құрылымының сипаты 
3.Дəрістің  мақсаты:  Дəріс  бойынша  берілген  тақырыпты  толықтай 
қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мəлімет беру. 
4.Дəріс мазмұны: 
1.Персонал  бойынша  менеджерлердің  міндеттері  мен  атқаратын  қызметтері. 
Кадрлық  саясатты  қамтамсыздандыру  саласында  неміс  ғалымы  Ханце  ерекше 
негіз  салды.  Оның  айтуынша  персонал  бойынша  менеджерлердің  қарапайым 
міндеттері  ерсоналды  басқару  аймағы  еңбек  бөлінісі  кезінде  анықталады. 
Персоналды  басқару  аумағы  функцияның  еңбек  бөлінісі  позициясы  мен 
мынадай бөлімдерден тұрады, яғни менеджерлердің алдына қойған міндеттерді 
орындауымен сипатталады:
 
1.  Персоналдағы тұтынуды анықтау: 
-  сапалы тұтынуды жоспарлау; 
-  сандық тұтынуды жоспарлау. 
2.  Персоналды ұйымдастырудағы біртұтастықты қамтамасыз ету: 
-  персонал бойынша маркетингтік ақпарат жинау жəне талдау; 
-  персоналдың тұтынушыларды қанағаттандыру құралын талдау жəне 
оны пайдалану немесе жасау; 
-   персоналды жинау, бағалау немесе іріктеу. 
3.  Персоналды пайдалану: 
- еңбек мазмұнының анықтамасы жəне жұмыс орнында оның нəтижелігін 
бағалау; 
- персоналды кəсіби бағалау жəне адаптация; 
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне еңбек жасауда тиімді жағдайды 
туғызу; 
- персоналдың қызметтік орналасуын ұйымдастыру. 
4.  Персоналды дамыту: 
- персоналды оқытуды жəне біліктілігін көтеруді ұйымдастыру; 
- масштабын жоспарлау жəне дамыту; 
- фирманың потенциялын қалыптастыру. 
5.  Персоналдық тəртібін жəне еңбек нəтижелерін  мотивацияландыру: 
- еңбе ақы құрылымы жəне жеңілдіктерді жасау; 
- еңбек əртібін моивацияландыратын процедуралар мен мазмұнын 
басқару; 
- келіспеушілікті басқару. 
6.  Басқару процедурасын құқықтық жəне ақыдық қамтамасыз ету: 
- еңбектің өзара қатынастарын құқықтық реттеу; 
- кадрларды басқаруға байланысты есетер мен статистика. 
5. 
Кадрлық қызметтің кəсіби құрамының құрылымы келесідей 
мамандықтарды ұсынулары мүмкін. 
-  қосымша заңгерлік білімі бар персонал бойынша менеджер; 


-  психологтар; 
-  тест жүргізу бойынша мамандар; 
-  кадрларды даярлау жəне оқытуды ұйымдастырулар; 
-  қосымша компьютерлік қызметтермен қамтамасыз еті іс жүргізулер; 
-  ерсоналды қабылдайтын фирмамен байланыста болуды , сыртқы 
байланыстар жөніндегі мамандар; 
-  кадрлардың тұтынушылығын ішкі жоспарлау бойынша мамандар. 
Өзін - өзі тексереін сұрақтар: 
1.Персонал бойынша менеджерлердің атқаратын қызметтері қандай? 
2. Кадрлық қызметтің құрылымы ? 
Қолданылатын əдебиеттер: 
1.Чудновский  А.Д.,  Жукова  М.А.  Менеджмент  туризма.-  М.:Финансы 
2002. 
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме: 
учебник М: Риа,1998. М. 
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001. 
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М.,  2004. 
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999. 
    6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001. 
 
Тақырып : Басқару шешімдерін қабылдау порцестері. 
 
2.Қарастыратын сұрақтар:  
1.Басқару шешімінің мəні, қасиеті жəне ролі 
2.Шешімді жіктеу 
3.Шешімді шығару жəне қабылдау техналогиясы 
3.Дəрістің  мақсаты:  Дəріс  бойынша  берілген  тақырыпты  толықтай 
қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мəлімет беру. 
 
4.Дəріс мазмұны: 
1).  Шешім  қабылдау  басқару  процесінің  ең  маңызды  бөлігі.Басшының  кез  – 
келген  əрекеті  іс  жүзінде  белгілі  бір  шешім  қабылдаудан  басталады. 
Кəсіпорынның  жəне  ондағыбөлімшелер  қызметінің  нəтижесі  басшының  дер 
кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, оны жүзеге асыра білуіне, оның 
жеделдігі  мен  дұрыстығы  басшының  тəжрибесі  мен  біліміне  байланысты. 
Егер ол өңдірісті, технологияны жəне адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс 
тəжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қйынға түспейді. 
Басшы  сонымен  қатар  жете  ойластыруы,  жоқ  деректерді  болжай  білуі, 
дұрыс  қорытынды  жасай  білуіжəне  соның  негізінде  жағдайларға  сəйкес 
шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас 
тартпауы тиіс. 
Қабылданған  шешім  бүкіл  ұжымның  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
нəтижелеріне, əрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз əсер етуі мүмкін. 
Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. 
«Басқару шешімі» терминінің 2 мəні бар: 


1.  Ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс əрекет жоспарын, қаулы 
– қарарларды білдіреді; 
2.  Проблемалар  мен  міндеттер  шешімін  қабылдаудың  жəне  жүзеге 
асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді. 
Шешім проблема туындаған жағдайда қабылданады. 
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қарауының, пайда болған 
проблемалардышешудің  жүйелігін  сақтауының  зор  маңызы  бар.  Əрбір  жаңа 
шешім  алдыңғы  шешімдерді  өрістету  үшін  қабылдануы,  сөйтіп  біріңғай 
өңдірістік міңдеттерді кезең – кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. 
Күрделі  өңдірістік  жағдайларда,  əсіресе  жұмыстың  қауырт  күнінде,  егер 
барлық  факторларды  ескеруге  көп  уақыт  кететін  болса,  онда  шешім 
қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең 
дұрысы тəуекел еткен жөн. 
Басқару  шешімінің  маңызды  талаптарының  бірі  –  мақсаттылық.  Шешім 
ұжымның  мақсатын,  басты  міңдеттерін  білдіреді,  кез  келген  жұмысты 
тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. 
Кез  –  келген  шаруашылық  шешімі  əділ  болуы,  яғни  шешім  қабылдаған 
кезде ісінің нақты жағдайы ескерілуі тиіс.Кез – келген шаруашылық шешімі 
ғылыми негізделген болуы керек. 
Кез  –  келген  шешім  нақты,  айқын,  дəлелді  болады,  кімге  арналғаны  дəл 
көрсетілуі  тиіс.  Шешімде  тапсырмалардың  мəні,  олардың  көлемі,  мерзімі, 
жүзеге асыру əдісі, сондай – ақ орындауға жауаптылар көрсетілуі керек. 
2).  Басқару  шешімдерінің  табиғаты  алуан  түрлі.  Оларды əр  –  түрлі  белгігері 
бойынша жіктейді: 
1. Басқару субъектісі бойынша: 
А) Əкімшілік шешімі 
Б) Қоғамдық ұйымдар шешімі 
2. Басқару объектісі бойынша: 
А)Жалпы – бүкіл шаруашылықтың мүддесін қорғайды 
Б) Жеке – жедел сипаты болады, басқарудың төменгі буынына тəн. 
В) Күрделі 
Г) Қарапайым  
3. Ықпал ету объектісі бойынша: 
А) Сыртқы 
Б) Ішкі 
Сыртқы шешім өңдірістің ерекшелігін айқындайды, əрі сол шаруашылықтың 
жоғарғы ұйымдарымен жəне оргондарымен, басқа да өңдірістермен қарым – 
қатынасын  қарастырады.  Ішкі  шешім  кəсіпорынның  өзіндегі  қызмет 
саласына жатады. 
4. Уақыт өлшеміне қарай: 
А) Перспективалық 
Б) Күнделікті 
В) Жедел 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау