Қаралып отырған мəселелерге байланысты еске ала кететін бір жай -
шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс.
Нақтылы айтқанда ол:
- біздің санамыздан тыс əрекет ететін экономикалық заңдардың
қолданылу шеңберінде оның толық сəйкес келуі;
- шаруашылық механизмінің ғылыми негізділігі;
- механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде
жүргізілуі тиіс;
- қоғамда əлеуметтік-экономикалық кепілдіктер механизімін жасау;
- барлық деңгейдегі басқару объектілерінің мүдделерін біріктіру мен
үйлестіру;
- шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан əрі икемді ете
түсу.
Жалпы алғанда, ұғым ретінде шаруашылық механизмі нарықтық
механизаге толық үйлеседі деуге болады.
Экономиканы дамытудағы индикативті жоспарлауды пайдалану
басқарудың негізгі функцияларын бірі болып табылады. Осы орайда бір айта
кететін жайт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған
пікірлердің пайда болуы. Расында, бұрынға тоталитарлық жүйе кезінде
пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы
өтті. Ол тұста жоспар əлдеқашанда директивалық құжат түрінде болған заң
күші берілген. Алайда дүниежүзілік тəжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық
экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда.
Əсіресе, басқару жүйесінің төменгі сатысында жоспарлау міндетті түрде
енгізіледі.
Жоспарлау – басқаруды объектісі мен субъектісінің де қоса алғанда
өндіріс дамуының перспективасын жəне өндіріс жүйесінің болашақтағы жай-
күйін белгілейді. Жоспарлау – жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі
болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің
даму қарқыны, материалдық көздері, бүкіл өндірістік организмді дамытудың
əдістері мен формалары анықталады.
Өндірісті жоспарлау механизмінің ерекшелігі мынада: мұнда жоспарлы
жұмыстың
өндірістің
негізгі
мақсатымен,
қоғамдық
қажеттерді
қанағаттандырумен диалектикалық байланысы нақты қойылуға тиіс.
Жоспарлау жұмысының кеңістік – уақыт жөніндегі ерекшеліктері белгілі бір
ауқыммен шектеледі. Өндіріс учаскесінің жоспарлау функцияларын атқаруы
үшін лауазымды адам қажет, ал осы функцияны бірлестік деңгейінде тұтас
атқару үшін функционалдық жоспарлаушы басқару органдары тұтас
құрылады. Алайда жоспарлаудың мəні мен технологиясы барлық басқару
объектілері үшін бірдей. Өндіріс учаскесінің, цехтың жұмысын жоспарлау,
мысалы, бірлестік жұмысын жоспарлаудың бүкіл технологиясын кейбір
шағын мөлшерде ғана көрсететін тəрізді.
Жоспар – шешімді əзірлеу, негіздеу жəне қабылдау процесінен тұрады, ол
процестер өндірісті дамыту жоспарлары түрінде рəсімделінеді. Жоспар –
сайып келгенде неге қол жеткізу екенін ғана емес, сонымен қатар мұны қалай
істеу керек екенін, жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай жəне оны
орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуге тиіс екенін
көрсетеді. Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау: өндірістің
болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары
мен əдістерін; болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.
Президент Назарбаев Н.Ə. жоспарлауды басқаруда молынан пайдалануды
өте қажет деп санайды. Ол атап көрсеткендей: «Біз тіпті дамудың үш жылдық
немесе тоқсаннан екінші тоқсанға, бір жылдан екінші жылға қарай бағытсыз
өте беруімізді тоқтатқанымыз жөн. Міне, сондықтан жоғары экономикалық
кеңес 2025-2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді, саясат пен дамудың
стратегиясын талдап жасауға күш-жігерін жұмылдырылуға тиіс. Ал үкімет
дамудың бес жылдық жəне индикативтік жоспарларын əзірлеуге кірісетін кез
келді жəне осы жұмысқа бүкіл атқару өкіметін жəне жеке секторды тартуға
тиіс».
Əлеуметтік-экономикалық
дамуды
аймақтық
басқару
біздің
республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық əдістер тобына
жатады. Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дəлел – жалпы
еліміздегі жəне жергілікті жерлердегі реформаларды тереңдету мəселелеріне
арналған барлық деңгейдегі əкімдердің республикалық кеңесі.
Бұл кеңесте президент Н.Ə.Назарбаев реформалардың табысты болуы
оған аймақтардың белсенді қатысуына байланысты деп, атап көрсетті. Аймақ
əкімдерінің алдында экономикадағы ең басты саяси міндет – барынша қысқа
мерзімі ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру.
Меншіктің кəсіпорындарды дағдарыстан шығаруға қол жеткізе алатын,
жақсы менеджментті ұйымдастыра алатын адамдардың қолына көшуі барлық
жағдайды жасау қажет.
Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы
атқаратын функцияларына сəйкес болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезеңде
орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым-қатнастарын қайта
құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту
мəселелерін шешу – көліктік қатнас жолдары мен коммуникацияны, сауда
жолдарын дұрыстап реттеуді жəне т.б. талап етеді.
Мемлекеттік реттеу – басқарудың экономикалық əдістеріне жатады.
Нарықтық қатнастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде мемлкет ол
процеске əсер етуі тиіс. Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың
пайдалануымен іске асырады. Мысалы: несие беру негізінен алғанда;
жоспарланбайтын,
орталдықтандырылған
салаларға,
бірлестіктерге,
кəсіпорындарға
қолданылады.
Несие
беру
күрделі
құрылыстың,
кəсіпорындарының тиімділігін арттыруға жəрдемдеседі. Тұтқалардың бір
түрі баға белгілеу. Бір тұтас баға саясатын жүргізу нарықтық экономика
тұсында шарт емес. Дұрыс баға белгілеу жүйесі кəсіпорындардың өнімді
жаңартумен оның сапасын жақсарту жəне ғылыми-техникалық прогресті
жеделдету мүдделігін күшейтуге тиіс. Жалпы айтқанда қандай ел болсада
оның əлеуметтік – экономикалық дамуы, нарықтық қатнастардың
қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |