1. Қызметкерлерге өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс тапсыр;
2. Жұмыс орнында татулық орнат;
3. Егер пайда болған бейресми топтар ұйымға ешқандай зиян
келтірмейтін болса, онда оны ыдыратуға тырыспа;
4. Ұйым мүшелерінің əлеуметтік белсенділігін арттыруға жағдай жаса;
Құрметтеу қажеттілігі:
1. Қол астындағыларға неғұрлым мазмұнды жұмыс тапсыр;
2. Қол астындағылардың қол жеткен нəтижесін жоғары бағала,
көтермеле;
3. Қол астындағыларды шешім қабылдауға қатыстыр
4. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, оқыту мен қайта даярлауды
қамтамасыз ет.
Өзін-өзі көрсету қабілеттілігі
1. Қол астындағылардың шығармашылық қабілетін көтермеле
2. Қол астындағыларға күрделі, əрі маңызды жұмыстар тапсырып,оның
толық орындалуын талап ет;
Мак Келланд адамдарға 3 түрлі қажеттілік тəн деп есептейді: билік,
жетістік, қатыстылық.
Билік қажеттілігі- басқа адамдарға ықпал ету ниетімен көрінеді.
Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл, ашық айтады, өз пікірін өткізуге
тырысады. Басшылар көп жағдайларда осындай адамдарды басшылық
жұмысқа тартады.
Адамдардың
мадақтауға
құштарлығы
сол
адамның
жетістігін
жариялаумен шектелмейді, оның жұмысты ойдағыдай орындаумен
қанағаттандырылады. Мадақтауға өте құмар адамдар кері байланысты
ерекше ұнатады, өзіне тəуекел шешім қабылдайды, басқалардан ғөрі өз
жұмысына ерекше көңіл бөледі, өзін-өзі ұдайы жетіліріп отыруға
тырысады.
Қатыстылық – қажеттілігі негізінде адамдар жолдастық қарым-қатынас
орнатуға, бір-біріне көмектесуге талпынады. Оларға тұлға аралық қарым-
қатынасты шектемейтін атмосфераны қалыптастыру қажет.
IV. Жоспар əрқашан ойлағандай орындала бермеуі мүмкін. Адамдар да
өзіне қатысты құқықтар мен міндеттерді қабылдай бермейді. Қойылған
мақсатқа жету үшін басшылық адамдарды əр уақытта тиісті дəрежеде
ынталандырмауы мүмкін.
Ұйым қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Ұйым
басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенің анықтау үшін, өз қатесін
жəне қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау қажет. Бақылау
ұйымды да, қызметкерлерді де шығыннан алдын – ала қорғауы тиіс.
Бақылау қызметі өндіріс процесінің нақты барысын ұдайы бақылаудан,
тұтынудан, бағалаудан жəне басқарудың келесі циклінде белгіленген
бағдарлама бойынша салыстырудан тұрады.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды
құрған сəттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымнмң қалыпты жұмыс істеуі
үшін бақылаудың манызы зор. Бақылау болмаған жерде берекесіздік етек
алады, кез келген топтың қызметін біріктіру мүмкін болмайды.Жоспардың
жүзеге асуына көптеген жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін.
Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының пайда болуын алдын
ала сақтандыруға да байланысты.
Ұйым ішіндегі жағдайларды талдаған кезде пайда болатын қателіктер мен
проблемаларды дер кезінде түзетіп дұрыс арнаға салмаса кейіннен оны дұрыс
қалпына келтіру қйынға соғады.
Осыдан 3 мыңдай жыл бұрын Қытайдың дана кітабы «И Цзиньде»
(«Өзгеріс кітабында») басқару ғылымының алғашқы идеясы пайда болғанға
дейін былайша жазған болатын: «Ақылды адам табысқа қалай жеткенін
білгеннен кейін, ол тағыда солай істейді. Егер өз қатесін сезінсе, оны ол
қайталамайтын болады».
Бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігіннің басты себептерінің бірі – кез
келген ұйым өз қателіктерін дер кезінде таба білуі, əрі оны ұйымның
алдындағы мақсатына нұқсан келтірмей тұрып дүрыс арнаға бағыттай білуде.
Бақылау басқарудың манызды, əрі күрделі қызметі, еңбек өңімділігін,
қызметкерлердің ынта – жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың баксты принциптерінің бірі – бақылау тұтастай қамтылуы
тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің жəне олардың көмекшілерінің ғана
міндеті емес. Əрбір басшы, қызымет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей
жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
Бақылаудың келесі принципі – ол басқару процесінің негізгі элементі
болып саналады. Барлық басқа қызметтердіодан бөлек қарастыруға
болмайды.
Тиімді бақылаудың басты принциптері – жүйелік жəне жан – жақтылық.
Бақылаудағы мақсаттылықтың да манызы зор, яғни тексеру барысында тек
кемшілікті ашып қана қоймай, оны жою шараларында қарастыру керек.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, күнделікті жəне қорытынды.
1. Алдын ала бақылау үш салада – адамдар, материалдық жəне қаржы
ресурстары тарапында жүзеге асырылады. Адам ресурстары саласында
алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті кəсіптік
білімі мен шеберлігін мұқият тандау жəне дайындығы мен біліктілігі бар
адамдарды таңдау арқылы жүргізіледі. Жұмысқа қабылданушылардың осы
саладағы тиісті білім дəрежесін немесе жұмыс стажын айқындап, олардың
құжаттары мен мінездемелерін тексеру қажет.
Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын – ала
бақылағанда материал сапасынының стандарттарға сəйкестілігі, жаңадан
келіп түскен материалдардың жай – күйі, жарамдылығы анықталады.
Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буыны бюджет
(ағымдағы қаржы жоспары).
2. Күнделікті бақылау- жұмыс барысында жүзеге асырылады, олардың
объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, мұны жүзеге асырушы тікелей
басшы. Бағынышты адамдардың жұмысын ұдайы тексеру, туындаған
проблемалар мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен
Достарыңызбен бөлісу: |