Тарих, экономика жəне құқық факультеті «Экономика жəне менеджмент»


Мəдениет  жəне  корпорация  бейнесі



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет19/42
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25653
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

Мəдениет  жəне  корпорация  бейнесі.  Жоғарғы  басшылар  фирманың 
ішкі  жəне  сыртқы  қалыпты  күйін  сақтай  алатын  факторларға  толық  жауап 
береді. Бұған жататындар корпорация мəдениеті мен оның бейнесі. 
Ұйымдағы 
қарым–қатынасты 
немесе 
хал–ахуалды 
корпорация 
мəдениеті  деп  атайды.    Ұйымның  мəдениеті  оның  дəстүрін,  əдет–  ғұрпын 
бейнелейді.  Басшы  белгілі  бір  типтегі  жұмыскерлерді  ұйымға  қабылдағанда 
жəне 
қолайлы 
мінез–құлықты 
қалыптастырғанда 
осы 
мəдениетті 
пайдаланады. 
Корпорацияның  ұйым    ішіндегі,  сондай–ақ  одан  тысқары  бейнесі 
қызметкерлер,  клиенттер  жəне  қоғамдық  пікірлер  арқылы  қалыптасады. 
Мұның өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едəуір ықпал етеді. Мəселен, 
студенттердің қай колледжге немесе университетке көбірек ден қоятындығы 
осы ұйымның  бейнесіне – имиджке байланысты. 
Фирманың мəдениеті мен бейнесі компанияның жақсы–жаман атауына 
–репутациясына  байланысты.  Фирманың  өз  мақсатына  жету  ойдағыдай  ма? 
Мұны  өз  қызметінде  үнемі  жүзеге  асырып  келе  ме?  Компанияның  осы 
саладағы  басқа  ұйымдармен  салыстырғандағы  жағдайы  қалай?  Компания 
жақсы  адамдарды  тарта  біле  ме?  Осындай  сұрақтарға  жауап  беру 
компанияның мəдениеті мен бейнесі қаншалық екендігін көрсетеді.  
Басшы  ішкі  тексеруді  жүргізгеннен  кейін  жедел  көңіл  бөлуді  қажет 
ететін, қазірше қоя тұратын жəне арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап, 
сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады. 
Өзін - өзі тексереін сұрақтар:1. Экономикалық факторлар. 
2.Саяси факторлар. 
3. Адам ресурстары . 
Қолданылатын əдебиеттер: 
 1.Чудновский  А.Д.,  Жукова  М.А.  Менеджмент  туризма.-  М.:Финансы 
2002. 
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме: 
учебник М: Риа,1998. М. 
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001. 
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М.,  2004. 
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999. 
6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001 
 
 
  
 
 
                             Тақырып  3 Менеджмент функциялары 
 
2.Қарастыратын сұрақтар; 
1.
Жоспарлау функциясы 
2.Ұйымдастыру функциясы 
3.Дəрістің мақсаты: 
Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру. 


4.Дəріс мазмұны:
 
I. Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады, 
өйткені  мұның  өзі  кез-келген  балама  əрекеттерді  таңдап  алуға  байланысты. 
“Жоспарлау”  ұғымына  мақсатты  айқындау  жəне  оған  жету  жолдары  енеді: 
батыста  кəсіпорынның  іс-əрекетін  жоспарлау,  өткізу  қаржы,  өндіріс  жəне 
сатып  алу  секілді  маңызды  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады. 
“Стратегия”  гректің  –“генерал  өнері”  деген  сөзінен  шыққан.  “Стратегия  ” 
термині  осы  уақытқа  дейін  жарыс,  бəсеке  мағынасында  қолданылып 
келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кəсіпорын қызметінің жалпы концепциясын 
білдіреді. 
     Стратегия  дегеніміз-  ұйымның міндетті  ісін  орындауды  жəне  мақсатына 
жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.  
     Стратегиялық  жоспарлау  дегеніміз-  басшы  қабылдаған  əрекеттер  мен 
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы 
арнайы стратегияны іздестіреді. 
      С.ж-басқару  шешімін  қабылдауға  қажетті  құрал  болып  саналады.  Оның 
басты  міндеті-  ұйымдағы  жаңадан  енгізілгендерді  жеткілікті  дəрежеде 
қамтамасыз ету.  
      С.ж  басқару  қызметінің  4  түрін  қамтиды:  ресурстарды  бөлу;  сыртқы 
ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру жəне ұйымдық стратегиялық болжалдау. 
      С.ж-дың өзіндік белгілер: 
1.  Стратегияны көпшілік жағдайда  жоғарғы басшылар тұжырымдайды  
жəне 
жасайды, 
алайда 
оны 
жүзеге 
асыруға 
басқарудың 
барлық 
деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді. 
2.  Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл  
корпорацияның болашағы үшін жасалады. 
3.  Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден жəне нақты деректермен  
негізделуі  керек.  Қазіргі  əлемдегі  бизнеспен  тиімді  бəсекелесу  үшін,  фирма 
сапа,  нарық,  бəсеке  жəне  басқалай  факторлар  туралы  толып  жатқан 
ақпаратты ұдайы жинауы, əрі талдауы тиіс. 
4.  С.ж фирманың айқындылығын, дербестігін білдіреді, мұның өзі  
олардың б.б жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.  
5.  С.ж жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет  
болған  жағдайда  жетілдіруді  жəне  қайта  бағыттауды  жүзеге  асыратындай 
икемді болуы тиіс.  
    Жоспарлау процесі 4 кезеңнен тұрады: 
-  жалпы мақсатты ойластыру; 
-  белгіленген  біршама  уақыт  кезеңі  (2,5,10  жылға)  арналған  нақтылы 
мақсатты айқындау; 
-  оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау; 
-  жоспарлы  көрсеткіштерді  нақты  көрсеткіштермен  салыстыру  арқылы 
қойылған мақсатқа жетуді бақылау. 
Ірі  бағдарламаны  шешкен  кезде  кезеңдері  мен  жоспарлануы  біршама 
ауқымды болады. Жоспарлауды мынадай кезеңдерге ажыратуға болады: а) 
бар  мүмкіндікті  бағалау;  б)  басты  міндет  немесе  мақсат;  в)  жоспарлы 


ұсыныстар; 
г) 
баламалар, 
баламаларды 
қойылған 
мақсаттармен 
салыстыру; д) баламаларды таңдау; е) қосалқы жоспарларды тұжырымдау; 
ж) жоспарды цифр түрінде көрсету. 
    Жоспарлау 
əрқашанда 
бұрынғы 
деректерге 
сүйенеді, 
алайда 
кəсіпорынның  болашақтағы  дамуын  айқындауға  жəне  бақылауға 
тырысады.  Сондықтанда  жоспарлардың  сенімділігі  бұрынғы  нақты 
көрсеткіштердің дəлдігіне тəуелді.  
   Кəсіпорын  əрқашанда  жалпы  нарықтың  шағын  бөлігі  ғана  болып 
саналатындықтан,  ел  экономикасын  дəл  жоспарлау  үшін  дəл  ақпаратты 
мүмкіндігінше көбірек алу қажет. 
    Егер  кəсіпорынның  дамуы  нақты  елдегі  жалпы  экономиканың 
дамуымен  қатар  өтуі  міндетті  болмаса,  онда  нарық  көрсеткіші 
кəсіпорынды  жоспарлаудың  бастапқы  деректері  болып  саналады. 
Кəсіпорын  неғұрлым  ірі  болса,  əдетте,  жоспарлау  соғұрлым  оңай  келеді. 
Дегенмен,  ірі  кəсіпорындарға  қарағанда,  ұсақ  кəсіпорындарда  басшылар 
үшін кейбір факторлар едəуір айқынырақ болады. 
   Экономикалық  дағдарыстарды,  ереуілдерді  жоспарлау  тіптен  мүмкін 
емес. 
Болашақтың 
даму 
барысын 
дəл 
болжалдаудың 
мүмкін 
болмайтындығы  секілді  тұтастай  нарық  туралы,  бірінші  кезекте, 
бəсекелестер  қызметіне  қатысты  маңызды  деректерді  күні  бұрын  алу 
мүмкін емес.  
II.  Мамандандыру  жəне  еңбекті  бөлісу  адамдар  жұмысының  өнімділігін 
едəуір  арттыратындығы  белгілі.Осыған  орай  ұйымдастыру  қызметінің 
міндеті-  қызметкерлерді  бөлімшелер  мен  звеноларға  орналастыру, 
аппараттағылардың  барлығының  іс-əрекетін  белгілейтін  құжаттар  əзірлеу 
арқылы  жоспарда  көрсетілген  шаралар  мен  өндірістік  процестердің 
мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.  
     Ұйымдастыру-адамдардың  бірлескен  іс-қимылын  бейнелейді.  Бірқатар 
биологиялық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  шектеулерге  байланысты 
адамдар  өз  мақсатына  жету  үшін,  бірлесіп  əрекет  етуге  мəжбүр  болады. 
Мұндай  бірлесу  көп  жағдайда  қолайлы  болуы,  əрі  белгілі  бір  ұйымдық 
құрылымда шығында аз жұмсауды қажет етуі мүмкін. 
     Басшының  міндеті  –  ұйымның  мақсаты  мен  міндетіне,  сонымен  қатар 
оған  əсер  етуші  ішкі  жəне  сыртқы  факторларға  сай  келетін  құрылымды 
таңдап алу. Ең қолайлы құрылым- бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп 
əрекет  етуіне,  өзінің  қызметкерлерінің  күш-жігерін  тиімді,  мақсатқа  сай 
бөлуге, 
бағыттауға, 
сол 
арқылы 
клиенттердің 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырып,  өз  мақсатына  жоғары  тиімділікпен  жетуіне  мүмкіндік 
беретін құрылым. 
   Басқару  құрылымын  қалыптастырған  кезде  мынадай  теориялық 
көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін: 
1.  Классикалық теория- өндірісті басқару құрлымын қалыптастыруды  
мынадай  ретпен  жүргізуді  ұсынады:  басқару  қызметінің  мақсаттары  мен 
түрлерін айқындау, басқарудың нақты қызметі бойынша іс-əрекет көлемін 
есептеу,  құрылымдық  бөлімшелерді  қалыптастыру,  басқару  қызметін 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау