Тарих, экономика жəне құқық факультеті «Экономика жəне менеджмент»



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет18/42
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25653
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42

Сыртқы  ортаны  талдау  процесс  болып  саналады,  сол  арқылы 
стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды 
бақылап, фирмаға төнетін қауіп-қатер мүмкіндігін анықтайды.  
Сыртқы  ортаны  талдау  ұйымға  мүмкіндікті  болжалдау  уақытына, 
кездейсоқ  жағдайда  жоспар  жасау  уақытына,  қауіп-қатер  төнген  жағдайда 
күні  бұрын  ескерту  уақытына  жəне  стратегияны  белгілеу  уақытына 
мүмкіндік береді. 
Сыртқы ортаны талдау мынандай сұрақтарға жауап береді: 
1.  Ұйым қазір қайда орналасқан? 
2.  Жоғарғы басшының пікірінше, болашақта ұйым қайда болуы тиіс? 
3.  Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға 
тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?                       
Сыртқы ортаны талдағанда мынадай факторларға көңіл бөледі.  
Экономикалық  факторлар.  Бұлардың  ішінде:  инфляция  немесе 
дефляция  қарқыны,  жұмыс  бастылық  деңгейі,  халықаралық  төлем  балансы, 
салық  ставкасы.  Осы  факторлардың  əрқайсысы  фирмаға  қауып-қатер 
төндіруі, немесе жаңа мүмкіндіктер беруі мүмкін. 
Саяси  факторлар.  Бизнес  пен  кəсіпкер  фирмалары  жетекшілерінің 
саяси процеске белсене қатысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды 
екендігін  көрсетеді.  Басшы  жергілікті  органдардың,  үкімет  билігінің 
нормативтік  құжаттарын,  қаржыландыру  үшін  ұзақ  мерзімге  салынған 
кредиттерін, жұмысшы күшін жалдау жөніндегі шектеулерді жəне сауда алу 
мүмкіндігін,  сондай-ақ  басқа  елдерге  қарсы  бағытталған  немесе  басқа 
елдермен  жасалған  тарифтік  жəне  сауда  келісімдерін  қадағалауға  тиіс. 
Үкімет  іскерлік  мəселелерге  тұрақты  жəне  белсенді  қатысқандықтан, 
ұйымдар саяси əрекетті мұқият қадағалауы тиіс. 
Нарықтық  факторлар.  Өзгермелі  нарықтық  сыртқы  орта  тұрақты 
талдау  объектісі  болып  саналады.  Нарықтық  сыртқы  ортаның  факторлары 
алуан түрлі, оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, əр 
түрлі  бұйымдардың    өмірлік  цикліне  нарыққы  енудің  жеңілдігі,  халық 
табысының  бөлінуі  жəне  саладағы  бəсеке  деңгейі.  Əртүрлі  нарықтық 
факторларды  талдау  басшыға  оның  стратегиясын  айқындауға  жəне 
бəсекелестер бойынша фирма позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. 
Технологиялық  факторлар.  Сыртқы  ортаның  технологиясын  талдау 
өндіріс техноглогиясындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.  
Халықаралық факторлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ 
компаниялар халықаралық  рынокта жұмыс істейді. Осыған орай біршама кең 
ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап отыру қажет. 
Бəсеке  факторлары.  Профессор  Портер  мұндай  объектіні  талдауды, 
бəсекелесуші ретінде, басшы мынадай сұрақтарға нақты жауап беруі тиіс деп 
есептейді:  «Бəсекелесушіге  не  қозғау  салады?»,  «Бəсекелесуші  не  істейді?» 
жəне «Ол не істей алады?». Бəсекелесушілерді талдауға төрт дигностикалық 
элемент қатысады: 
1.  Бəсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау. 
2.  Бəсекелесушілердің ағымдағы стратегиясын бағалау. 


3.  Бəсекелесушілерге  қатысты  саланың,  сонда  жұмыс  істейтін 
компанияның алғышарттарын шолу. 
4.  Бəсекелесушілердің күшті жəне осал жақтарын мұқият зерттеу. 
 
Басшылардың  осы  элементтерді  мұқият  зерттеуіне  көмектесу  үшін 
Портер төрт сұрақ ұсынады: 
  Бəсекелесуші өзінің қазіргі жағдайына қанағаттана ма? 
  Бəсекелесуші 
стратегиясындағы 
қандай 
өзгеріс 
қадамын 
қабылдайды? 
  Бəсекелесушінің осал жері қандай? 
  Бəсекелесуші  жақтан  қандай  ірі  жəне  неғұрлым  тиімді  шаралар 
киілігуі мүмкін? 
Əлеуметтік  мінез  –құлық  факторлары.    Бұл  факторларға  қоғамның  
өзгермелі  үміті,  қарым  –қатынасы  мен  əдет  ғұрпы  жатады.  Қазіргі  кездегі 
кейбір  маңызды  факторлаға  қоғамның  кəсіпкерлерге  деген  сезім  күйі, 
қоғамдағы  əйелдердің  ролі,  менеджерлердің  əлеуметтік  мақсаты  жəне 
тұтынушылар  мүддесін  қорғау  қозғалысы  жатады.  Ұйым  үшін  көбінесе 
əлеуметтік фактор проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, əлеуметтік 
факторлардың өзгеруіне  қарай бейімделіп отыруы тиіс. 
 
Сыртқы  ортаны  талдау  арқылы  ұйым  болатын  қауіп  қатерлерді 
пайымдап, соған қарсы күні бұрын əрекет ете алады.  
Жүргізілген  талдаудан  кейін  басшы  ұйымның  күшті  жəне  осал 
жақтарына  баға  береді.  Жоспарды  ойдағыдай  жүзеге  асыру  үшін  басшы 
ұйымның  ішкі  мүмкіндіктері  мен  кемшіліктері  туралы,  сондай  ақ  сыртқы  
проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс. 
 
II  Фирманың  ішкі  мүмкіндіктерді  игере  алатындығын,  ал  сыртқы 
мүмкіндітерді  пайдалана  білетіндігін,  сондай-ақ  өзіндегі  əлсіз  тұстарын 
айыра  алуын  анықтаудың  зор  маңызы  бар.  Процестер  көмегімен  ішкі 
проблемалар диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды. 
 
Басқарушының  тексеруі  мынадай  функцияларға жүргізіледі:  маретинг, 
қаржылар  (бухгалтерлік  есеп),  операциялар  (өндіріс),  адам  ресурстары, 
сондай-ақ мəдениет пен корпарация бейнесі. 
Маркетингті тексергенде мынадай факторлар қарастырылады: 
1.  Нарық үлесі жəне бəсекелесу қабілеті. 
2.  Бұйым ассортиментінің алуан түрлілігі жəне сапасы. 
3.  Нарықтық демографиялық статистика. 
4.  Тауарды  жұршылыққа  сатар  алдында  жəне  сатқаннан  кейінгі 
тексеру. 
5.  Нарықтық зерттеу жəне іздестіру. 
6.  Тиімді өткізу, жарнама жəне тауардың қозғалысы. 
7.  Пайдалар. 


Қаржылар 
– 
бухгалтерлік 
есеп. 
Қаржы 
күйін 
талдау 
бəсекелесушілермен салыстырғанда ұйымның алдағы ішкі мүмкіндіктері мен 
осал тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.  
Орерациялар.  Фирманың ұзақ уақыт өмір сүруі үшін операцияларды 
басқаруды  үздіксіз  тексерудің  айрықша  маңызы  бар.  Мұнда  мынадай 
сұрақтарға жауап берілуі тиіс; 
1.  Бəсекелесушілермен салыстырғанда тауар өндіруді немесе қызмет 
көрсетуді  неғұрлым  төмен  бағамен  жүзеге  асыруға  бола  ма?  Егер  болмаса, 
себебі қандай? 
2.  Жаңа материалдарды алу мүмкіндігі қандай? 
3.  Біздің  жабдықтар  (қуаты)  қазіргі  талапқа  сай  келе  ме  жəне  ол 
жақсы жұмыс істей ме? 
4.  Сатып  алу  материалдар  аумағының  қорын  жəне  тапсырысты 
(заказ) жүзеге асыру уақытын кемітуге есептелген бе?  
5.  Біздің  өніміміз  маусымдық  сұраныстың  ауытқуына  ұшырады  ма, 
жұмыс  істейтіндерді  уақытша  босатуға  не  себепші  болды?  Егер  бұл  осылай 
болса, осы жағдайды қалай түзетуге болады?  
6.  Біздің  бəсекелесушімізге  қызмет  көрсете  алмайтын  рынокқа  біз 
қызмет ете аламыз ба?  
7.  Біз  сапаны  бақылау  жүйесін  тиімді,  əрі  нəтижелі  жүргізе 
аламызба? 
8.  Біз  өндіріс  процесін  қаншалақты  тиімді  жоспарладық  жəне 
жобаладық? 
Адам  ресурстары.  Адам  ресурстары  функциясын  тексеруде  бірқатар 
мəселелер  бар.  Ұйымда  кездесетін  адам  ресурстарына  байланысты 
проблемалар мына төмендегідей: 
1.  Қазіргі  кезде  бизнес  саласындағы  жұмыс  істейтін  қызметкерлер 
типін сіз қалай сипаттар едіңіз, болашақта олардан не күтуге болады? 
2.  Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен əзірлігі қандай? 
3.  Бізде тиімді, əрі бəсекелесуге қабілетті жүйе бар ма? 
4.  Біз  басшы  қызметкерлердің  орнына  адам  белгілеу  тəртібін 
жоспарлаймыз ба? 
5.  Біз  басшы  қызметкерлерді  даярлауды  жəне  білімін  жетілдіруді 
тиімді пайдаланамыз ба? 
6.  Соңғы  жылдары    бізде  жетекші  мамандардан  айырылып  қалу 
болды ма? Егер болса, себебі неде? 
7.  Біздің жүйедегі қызметшілердің іс əрекетін бағалау мұқият талдау 
соңғы рет қашан жүргізілді? 
8.  Сапа  үйірмелерін  пайдалану    немесе  жұмыскерлердің  басқаруға 
қатысуы  бойынша  біз  бұйым  сапасы  мен  қызметкерлер  жұмысын  жақсарта 
аламыз ба? 
Осы  сұрақтардың  əрқайсысын  мұқият  қарастыру  арқылы  басшы 
мүмкіндіктерді  айқындап,  тиісті  өзгерту  шараларын  қолдана  алады.  Егер 
ұйымда  білікті  қызметкерлер  мен  іскер  басшылар  жеткілікті  болса,  онда 
алуан түрлі балама стратегияларды қолдана алады.  


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау