Бу және газ өткізу қарама қарсы беттеріндегі әртүрлі қысым айырмасы кезінде материалдың өз денесі арқылы су буы мен ауаны(газды) өткізу қабілеті өзара ұқсас ерекше коэффициенттермен бағаланады. Коэффициенттер қысым айырмасы 10Па болғанда 1 сағат уақыт аралығында қалыңдығы 1м материал қабатының ауданы1м2 беті арқылы өтетін су буының (ауаның, газдың) мөлшеріне тең болады.
Қоршау конструкциясы беттерінде газ (су буы) қысымы айырмасы пайда болған кезде материалдың кеуектері мен жарықшақтары арқылы газдың қозғалысы жүреді.
Қабырғалық материал белгілі дәрежеде газды өткізуі керек. Сол кезде қабырға «дем алады», яғни сыртқы қабырға арқылы табиғи желдету жүреді, ол тұрғын үйлер үшін өте маңызды. Сондықтан тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың қабырғалры су буын ұстап қалатын материалдармен өңдемейді. Керісінше, өндірістік ғимараттардың қабырғалары мен төбелері ішкі бетінен су буының өтуінен қорғалады.
Қыс мезгілінде жылы бөлмелердің ішінде 1м3 ауада су буы сыртқа қарағанда едәуір көп болады, сондықтан су буы қабырғалар мен төбелер арқылы өтуге ұмтылады. Қоршаудың суық бөлігіне тиген кезде бу конденцияланады, сондықтан бұл жерде ылғалдылық тез арада артады. Осылай қоршау конструкциясында аяз әсерінен материалдың (кірпіш, жеңіл бетон) қирауына ықпал етуші жағдай орын алады.
Бу өткізетін материалдар қоршаудың су буы көбірек жағында орналасуы керек.
Кейбір жағдайда материал арқылы толық газ өткізбеу керек, бұл газ сақтайтын сиымдылықтар, арнайы қорғаныс құрылымдары үшін өте маңызды.
Бу және газ өткізбеу жоғары дәрежеде материалдың құрылымына (тығыздығы мен кеуектілігі) байланысты болады.
Суға төзімділік – материалдың ылғалданған кезде белгілі бір дәрежеде беріктік қасиетін сақтау қабілеті.
Сумен қаныққан кезде материалдың беріктігінің төмендеу дәрежесі суға төзімділіктің сапалық көрсеткіші жұмсару коэффициенті деп аталады.
Жұмсару коэффициенті материалдың суға қаныққан күйдегі сығылуға беріктік шегінің құрғақ күйдегі сығылуға беріктік шегіне қатынасымен анықталады.
Кжұм = Rқан / Rқұр (1.14)
Құрылыс конструкциясы ылғал ортада жұмыс қолданылатын болса немесе оған судың әсері болса материалдың суға төзімділігі ескерілуі тиіс.
Егер материалда ашық кеуектер болып, олар суға толатын болса әрдайым беріктігі кемиді. Бұл судың сыналау әсері мен материал құраушыларының ішінара еруі, кристаллдар арасындағы тұрақсыз контакт т.с.с. есебінен жүретін процесс.
Құрылыс материалдарының жұмсару коэффициенті 0 мен 1 арасында өзгереді: саз үшін Кжұм= 0 (материал ылғалданып жұмсарады); гипстік бұйымдар үшін Кжұм ≈ 0,6 (ерігіштік есебінен); гранит, бетон үшін Кжұм ≥ 0,8; металл,шыны, битум үшін Кжұм≈1,0.
Егер Кжұм ≥ 0,8 болса құрылыс материалы суға төзімді деп саналады, мұндай материалдар ылғал ортада ылғалданудан арнайы қорғау шараларынсыз қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |