Су сіңіруі материалдың сумен жанасқан кезде капиллярлық сору, диффузия, ірі кеуектердің толуы т.б. себептермен суды сіңіріп және ұстап тұру қасиеті.
Су сіңіру материал кеуектерінің суға толу дәрежесімен бағаланады. Құрылыс материалдарының су сіңіруі негізінен кеуектердің көлеміне, олардың түрлері мен өлшемдеріне байланысты өзгереді: кеуектілік неқұрлым жоғары болса су сіңіру соғұрлым жоғары. Су сіңіру шамасына заттың табиғаты, гидрофильділік дәрежесі әсер етеді
Әр тұрлі материалдардың су сіңіруі стандарттық әдістермен, үлгілерді белгіленген мерзім аралығында температурасы (20+2)°С суда ұстау арқылы анықталады.
Материал үлгілерін суға батыру арқылы анықталған су сіңіру судың жабық кеуектерге өтпеуіне байланысты негізінен ашық кеуектілікті сипаттайды. Оның үстіне үлгілерді судан шығарған кезде су ірі кеуектерден ағып кетеді, сондықтан су сіңіру кеуектіліктен кіші болады.
Мысалы, жеңіл бетонның кеуектілігі 50...60 % болуы мүмкін, ал су сіңіруі көлемінің 20...30 % құрайды.
Су сіңіру шамасы масса және көлем бойынша бағаланады.
Көлем бойынша су сіңіру материал көлемінің суға толуы дәрежесін көрсетеді:
(1.10)
бұл жерде, -суға қаныққан үлгінің массасы, г; - материал үлгісінің құрғақ күйдегі массасы, г; -материалдың табиғи күйдегі көлемі, см3.
шамасы 100% -тен аспайды және материалдың ашық кеуектілігін, яғни су өте алатын кеуектер шамасын сипаттайды. Сондықтан WV ≤ П.
Масса бойынша су сіңіру Wm (%) құрғақ материалдың массасына қатысты анықталады:
(1.11)
Жоғары кеуекті материалдардың Wm 100 %-тен артық болуы мүмкін.
Масса және көлем бойынша су сіңіру белгілі болса есептеуге болады:
. г/см3 (1.12)
Әр түрлі материалдардың су сіңіруі кең ауқымда өзгереді: граниттің су сіңіруі 0,02...0,7%, тығыз ауыр бетон үшін 2...4%, кірпіш үшін 8...15%, кеуекті жылу оқшаулағыш материалдар үшін 100 % және жоғары.
Су сіңіру материалдың құрылымын қосымша сипаттайды. Мысалы, құрылыстық керамикалық материалдар үшін масса бойынша су сіңіру топтастыру сипаттамасы болып табылады: тығыз сүйекті бұйымдар (Wm ≤5 % - еден тақталары), кеуекті сүйекті бұйымдар (Wm >5 % - кірпіш, қабырғалық тақталар, черепица).
Сумен қанықтыру материалдың негізгі қасиеттеріне теріс ықпал етеді: орташа тығыздық артады: , материал ісінеді, жылу өткізгіштік артады, беріктік пен аязға төзімділік кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |