Ылғалды беруі материалдың жайлы жағдайларда (ауа ылғалдылығының кемуі, температураның артуы) кеуектеріндегі суды қоршаған ортаға беру қабілеті.
Ылғалды беру ауа температурасы 20 °С, ылғалдылығы 60 % жағдайында үлгіден 1 тәулік ішінде буланатын су мөлшерімен (%) сипатталады. Буланған су массасы үлгінің сынаққа дейінгі және сынақтан кейінгі массаасы айырмасына тең.
Ылғалды беру үлкен шама, қабырғалық материалдар үшін ол ерекше маңызды. Жаңа сыланған қабырғаның ылғалдылығы жоғары, кәдімгі жағдайда суды қайтару қабілетіне байланысты қабырға кебеді.
Су материал ылғалдылығы мен қоршаған ауа ылғалдылығы арасында тепе теңдік орнағанға, яғни материал ауалық-құрғақ күйге жеткенге дейін буланады.
Гидрофильді материалдар кебуге қарағанда жылдамырақ сумен қанығады.
Ылғалдылыққа байланысты деформациялар кеуекті құрылыс материалдарына тән, ылғалдылық өзгерген кезде оларың өлшемдері мен көлемі өзгереді.
Ісіну материал сумен қаныққанда орыгн алады. Су молекулалары материалды құрайтын бөлшектер мен талшықтардың арасына еніп, оларды сыналап ығыстырады, осы кезде бөлшектер айналасында гидраттық қабық қалыңдайды, ішкі менискілер, олармен бірге капиллярлық күштер жойылады.
Отыру (шөгу) деп кебу кезінде материалдың өлшемдерінің кемуін айтады. Ол материал бөлшектерін қоршайтын су қабаты қалыңдығының кемуімен және материал бөшектеріні өзара жақындасуын тудыратын ішкі капиллярлық күштер серіне байланысты туындайды. Отыру бөлшектердің гидратты қабықшаларында және кіші кеуектердегі су материалдан шығу кезінде пайда болады және ұлғаяды. Үлкен кеуектердегі судың булануы материал бөлшектерінің жақындасуын және практикалық тұрғыда көлемдік өзгерістер тудырмайды.
Ағаш, ұялы бетондар сияқты жоғары кеуекті материалдар суды көп сіңіреді, үлкен отырумен сипатталады. Мысалы ағаштың талшығына көлденең бағытта отыруы 30...100 мм/м, ұялы бетонда 1..3 мм/м, ауыр бетонда 0,3...0,7 мм/м, керамикалық кірпіште 0,03...0,1 мм/м және гранитте 0,02...0,06 мм/м.
Практикада жиі кездесетін кеуекті материалдың қайталанып кебуі мен ылғалдануы отыру мен ісіну деформацияларының қайталануымен қатар жүреді. Мұндай қайталанбалы циклды әсерлер материалдың құрылымын шайқалтады, қирауды жылдамдататын жарықшатар тудырады. Бұл жол жабындарындағы бетонға, гидротехникалық конструкциялардың сыртқы бөліктеріне т.б. тән сипатты құбылыс. Ағаш сияқты анизотропты материал үшін қайталанатын ылғалдау мен кептіру отыру мен ісінуден басқа қайқы майысумен ерекшеленеді.
Ылғалдық деформациялармен құрылыс материалдарының ауа ортасына төзімділік қасиеті байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |