1.2 Физикалық қасиеттер
Нақты тығыздық ρ (г/см3, кг/м3) – материалдың абсолютті тығыз күйіндегі күйіндегі көлем бірлігінің массасы. Егер материал массасы , абсолютті тығыз көлемі болса
(1.1)
Нақты тығыздық материалдың жеңілдігі немесе ауырлығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені материал затының 1см3 немесе 1м3 көлемінің массасын көрсетеді. Нақты тығыздықты берілген материалдың физикалық константасы деп айтуға болады.
Материалдың нақты тығыздығына химиялық құрамы, материалдың ішкі құрылымы, бөлшектерінің орналасу тығыздығы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |