Тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері Құрылыс материалдарының топтамасы



жүктеу 0,59 Mb.
бет1/22
Дата04.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#31487
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1 -ші тарау


1 тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері

1.1 Құрылыс материалдарының топтамасы

Құрылыс материалдарының номенклатурасы өте ауқымды және үздіксіз кеңеюде. Бұл жағдай барлық пайдалану талаптарына толық сәйкес келетін әмбебап материалдың болмауына байланысты орын алып отыр. Сондықтан, белгілі бір жағдайға лайық, яғни белгілі мақсатқа арналған материалдар әзірленіп өндіріледі.

Осыған байланысты барлық жүйелік топтамалар ішінде ең маңыздысы материалдар мен бұйымдардың тағайындалуы бойынша топтамасы ерекше орын алады. Бұл топтамада әрбір топтағы материалдар жекелей белгілері бойынша топтастырылады, мысалы, шикізаттар бойынша.

1.Kонструкциялық материалдар мен бұйымдар пайдалану кезіндегі механикалық жүктемелерді қабылдайтын тірек конструкцияларын құруға арналған:

а) табиғи тас материалдары (блоктар, тақталар, қиыршық тас т.б.);

б) жасанды тас материалдары:

- минералды байланыстырғыш заттар негізінде-цементті және силикатты бетондар;

- керамикалық кірпіш және тас;

- шыны бұйымдары (шыны блоктар, шыны профильді бұйымдар);

в) металл конструкциялары (фермалар, арқалықтар);

г) темірбетон конструкциялары (колонналар, жабын тақталары т.б.);

д) пластмассадан жасалған конструкциялар;

е) ағаш конструкциялар.

2. Сусымалы түйіршікті материалдарды біртұтас денеге біріктіріп желімдеуге арналған байланыстырғыш заттар:

а) минералды (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар - гипс, әк, портландцемент;

б) органикалық байланыстырғыш заттар - битум және қарамай;

в) полимерлі байланыстырғыш заттар - поливинилхлоридті, эпоксидті шайырлар, акрилді су дисперсиялары т.б.

3.Жылуды (суықты) жоғалтудың алдын алуға арналған жылу оқшаулағыш материалдар және бұйымдар:

а) минералды (шыны және минералды мақта, көбікті шыны, көбікті керамика);

б) органикалық (ағаш талшықты тақталар, фибролит т.б.);

в) полимерлік материалдар - кеуектi пластмассалар (көбікті полистирол, көбікті полиуретан, фенолды кеуек пластмассалар т.б.).

4. Конструкцияларды судан қорғаға арналған гидрооқшаулаушы материалдар:

а) битумды және қарамайлы орама материалдар (рубероид, толь, гидроизол т.б.), эмульсиялар мен мастикалар;

б) полимерлік материалдар – қабықшалар (полиэтиленді, по- ливинилхлоридты т.б.) және мастикалар.

5. Конструкция материалдарының сыртқы бетіне әсемдік түр беруге, беттің санитарлық-гигиеналық қасиеттерін жақсартуға және қорғауға арналған өңдеулік материалдар:

а) табиғи тас материалдар – граниттен, мрамордан т.б. тастардан жасалған жылтыр бетті тақталар;

б) керамикалық – қабырғаларды, едендерді қаптауға арналған тақталар т.б.;

в) шыны бұйымдар – марблит, стемалит т.б.;

г) ағаштан жасалған материалдар мен бұйымдар;

д) пластмассадан жасалған материалдар мен бұйымдар – жуылатын түсқағаздар, қағаз-қабатты пластиктер т.б.

6. Еденге арналған және жол материалдары.

7. Шатырлық материалдар.

8. Гидротехникалық материалдар.

9. Арнайы мақсатты материалдар мен бұйымдар – акустикалық, отқа тұрақты, қышқылға тұрақты, радиациялық-қорғаныстық т.б.

Құрылымдардың сапасы, өміршеңдігі және құны негізінен құрылыс материалдарын дұрыс таңдау және пайдалануға байланысты болады.

Пайдалану бойынша әр топтағы ауқымды номенклатурадан құрылыс материалын таңдап алу үшін материалдың қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтайтын пайдалану жағдайларын, материалдық өміршеңдігі мен құрылымның пайдалану мерзімін, құны және басқа да факторларды есепке алу керек.

Өнім өндіруші кәсіпорынның және өндірістің орналасу орынына тәуелсіз, нақты қасиеттік көрсеткіштері бар материалдарды өндіру үшін стандарттау жүйесін құрылған. Ол материалдың өндірілуін, тасымалдануын, сақталуын және пайдаланылуын анықтайтын нормативтік құжаттар жүйесі болып табылады. Нормативтік құжаттар қасиет деңгейін анықтайды.

Материалдардың негізгі қасиеттері маркамен немесе класспен сипатталады.

Мысалы конструкциялық материалдар үшін ең маңызды қасиет беріктік, сондықтан олар үшін марка талап етілетін беріктік көрсеткіші. Цемент маркасы - 400, 500, 550 және 600 - сығылу кезіндегі беріктік көрсеткіші. Ауыр бетон класстары – В10, В20, В30 және т.с.с. – сығылу кезіндегі бетонның беріктігін сипаттайды.

Бетон классы – бақылау үлгілері серияларын сынау негізінде кепілді қамтамасыз етілумен қабылданатын бетонның сығылу кезіндегі беріктік көрсеткіштерінің (МПа) унификацияланған қатарындағы нормаланған шамаларының бірі.

Жылу оқшаулағыш материалдар үшін басты қасиет жылу өткізу қабілеті болып табылады, сондықтан бұл материалдардың класын жылу өткізгіштік коэффициентіне, ал маркасын орташа тығыздық шамасына қойылатын талаптар анықтайды.

Материалдардың стандарттары әртүрлі деңгейде болады: мемлекеттік – МСТ, салалық – ССТ, жеке кәсіпорын стандарттары-КС.

Әдетте көптеген материалдар үшін бір емес, бірнеше нормативтік құжаттар болады. Олардың бірі материалдың атауын, түрін, нормаланатын қасиеттерін және қойылатын талаптарды анықтайды (мысалы, «МСТ 10178-95. Портландцемент және шлакты портландцемент. Техникалық шарттар»). Келесі құжаттар сынау әдістерін тағайындайды – мысалы, ортақ МСТ 310 номерімен портландцементті және шлактыпортландцементті сынау, тасымалдау және сақтау ережелерін анықтайтын алты МСТ бар.

Стандарттаудың маңызы нормативтік құжаттар тағайындаған деңгейден төмен емес сапада өнім өндіруді қамтамасыз етуде. Бұл ғимараттар мен құрылымдардың сенімділігі мен өміршеңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стандарттар ұдайы қайта қаралып тұрылады, бұл кезде техникалық прогрес және қолданыстық қасиеттрге қойылатын талаптардың нақты деңгейі ескеріліп материалдарға қойылатын талаптар, сынау әдістері өзгеруі мүмкін. Бұл шара неғұрлым тиімді материалдар өндіруге ықпал етеді.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау