Орташа тығыздық ρт (г/см3, кг/м3) – материалдың табиғи күйіндегі (қуыстары және кеуектерімен бірге) көлем бірлігінің массасын сипаттайды. Егер материал массасы , табиғи күйіндегі көлемі болса
(1.2)
Құрылыс материалдарының орташа тығыздығы өте кең ауқымда ауытқиды: 15кг/м3 (кеуекті пластмасса) ...7850кг/м3 (болат).
Кеуекті материалдардың орташа тығыздығы нақты тығыздығынан төмен болады. Мысалы, жеңіл бетонның орташа тығыздығы 500...1800кг/м3, ал нақты тығыздығы 2600кг/м3.
Орташа тығыздыққа мына факторлар әсер етеді:
–материалдың кеуектілігі (кеуектілік артқан сайын орташа тығыздық кемиді);
–материалдың ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, орташа тығыздық та жоғары).
Орташа тығыздық материалдың құрғақ күйінде анықталады.
Материал көлемі үлгінің немесе бұйымның пішініне (дұрыс немесе дұрыс емес) байланысты әртүрлі әдістермен өлшенеді.
Орташа тығыздық жылу оқшаулағыш материалдардың маңызды қасиеттерінің бірі, сондықтан орташа тығыздық көрсеткіші жылу оқшаулағыш материалдың маркасы болып табылады. Мысалы, жылу оқшаулағыш газдыбетон маркасы Д400 болса, оның орташа тығыздығы 400кг/м3 шамасынан аспайды.
Кеуектілік (П) материал көлемінің кеуектермен толу дәрежесі.
(1.3)
бұл жерде, - материалдағы кеуектер көлемі
Кеуектілікті арнайы құралдар-порометр көмегімен анықтауға немесе мына формулалармен есептеуге болады:
, немесе (1.4)
Құрылыс материалдарының кеуектілігі кең диапазонда өзгереді: П = 0 % – шыны, битум, болат, полимерлер; П = 0,2...0,8 % – гранит; П = 75...85 % – газдыбетон; П = 90...98 % – ұялы пластмассалар.
Кеуектер өлшемі, пішіні және сипаты бойынша әр түрлі болады.
Кеуектердің өлшемдері 10-3 ... 10-9м: микрокапиллярлар (кіші); r <0,1 мкм (1 мкм = 10-6 м = 10–3 мм)– макрокапиллярлар (орташа); r = 0,1 - 10 мкм – капиллярлық емес кеуектер (ірі).
Пішіні мен сипаты бойынша: оқшау, жабық кеуектер; өзара қатынасты кеуектер; ашық кеуектер (1.1 –сурет).
1.1 –сурет. Кеуектердің пішіні мен сипаты: 1- оқшау кеуектер; 2- өзара қатынасты кеуектер; 3-ашық кеуектер.
Материалдағы кеуектер ауамен немсе сумен толтырылуы мүмкін.
Кеуектілік артқанда материалдың орташа тығыыздығы, жылу өткізгіштігі кемиді, су сіңіруі және су өткізгіштігі (ашық кеуектер болса) артады.
Көптеген материалдар үшін ең жайлы құрылым-біркелкі таралған тұйық кеуектері бар макрокеуекті құрылым.
«Кеуектілік» түсінігімен қатар дайындау кезінде арнайы жасалатын дұрыс пішінді қуыстары бар құрылыстық бұйымдар үшін «қуыстылық» деген түсінік қолданылады.
Қуыстылық – бұйым көлемінің қуыстармен толу дәрежесі, %.
(1.5)
Қуыстар бұйым денесінен өтетін немесе тұйық болуы мүмкін. Мысалы, қуысты керамикалық кірпіш және тастар. Қуыстылық бұйымның массасын, орташа тығыздығын төмендетеді және басқа қасиеттеріне әсер етеді.
Тұрақты пішіні жоқ, сусымалы дәнді материалдардың сипаттамасы дәндердің тығыздығы, материалдың үйме тығыздығы және дәндер арасындағы қуыстылық болып табылады.
Дәннің тығыздығы (ρдән) табиғи күйдегі дәннің көлем бірлігінің массасы, яғни дән үшін орташа тығыздық.
Үйме тығыздық (ρүйме , кг/м3) қопсыған-үйме күйдегі түйіршікті материал (құм, қиыршық тас т.б.) көлем бірлігінің массасын сипаттайды. Оның шамасында қопсыған күйдегі дәндер арасындағы қуыстылықпен қатар әрбір дәндегі кеуектер есептеледі.
(1.6)
Мысал: құмның үйме тығыздығы 1600 кг/м3, цементтің үйме тығыздығы 1100...1300 кг/м3 , жеңіл толтырғыштардың үйме тығыздығы 250...1100 кг/м3 .
Дәндер арасындағы қуыстылық қопсыған үйме материал көлемінің дәндер арасындағы қуыстармен толу дәрежесі.
(1.7)
Дәндер арасындағы қуыстылық материалдағы әртүрлі өлшемді дәндердің болуымен және олардың ара қатынасына байланысты болады. Егер барлық дәндердің өлшемдері бірдей болса қуыстылық максимальді. Сондықтан құм мен қиыршық тас үшін МемСТ гранулометриялық құрамы бойынша талаптар қояды.
Ұнтақтау арқылы алынатын ұсақ дисперсті материалдар үшін ұнтақтық дәрежесінің маңызды сипаттамасы стандартық елеуіште елеу арқылы анықталатын ұнтақтау ұсақтығы көрсеткіші.
Ұнтақтау ұсақтығы - % көрсеткішімен алынған елеуіште қалатын қалдық мөлшері. Мысалы цемент үшін №008 елеуіште қалатын қалдық мөлшері 15% шамасынан аспауы керек. Елеуіш номері жарық бойынша елеуіш тесіктерінің өлшемін (мм) көрсетеді. Мысалы, №008 елеуіште 0,08мм. Бұл елеуіштің 1см2 ауданында 6400 тесік болады.
Құрылыс материалдары үшін гидрофизикалық қасиеттер өте маңызды.
Құрылыс материалдарына әсер етуші маңызды физикалық факторлардың бірі сұйық немесе газ күйдегі су. Пайдалану барысында құрылыс конструкциялары жиі ылғалданады және осының нәтижесінде материалдың әртүрлі қасиеттері өзгереді.
Судың тигізетін әсеріне байланысты материалдар мына түрлерге бөлінеді: гидрофильді – сумен ылғалданатын (бетон, керамика) және гидрофобты – сумен ылғалданбайтын (битум, полимерлердің басым көпшілігі) (1.2-сурет).
1.2-сурет. 1-гидрофильді материал; 2-гидрофобты материал.
Достарыңызбен бөлісу: |