Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда



жүктеу 139,44 Kb.
бет1/7
Дата03.02.2022
өлшемі139,44 Kb.
#35373
  1   2   3   4   5   6   7
Кивашов Ж.К. дипломдық жұмыс


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл саладағы атқарылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның ішінде конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды. Осындай мазмұнды тарихи контекстен тыс, құқықтық мемлекет тұжырымдамасының мәні мен мақсатының ерекше тұстарын түсіну, санаға сіңіру мұмкін емес. Аталған тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми, салтанатты жарияланған құндылықтарды жүзеге асырудың ақиқат мәні мен шарттарын ұғынуға, Қазақстан Республикасындағы нақты жағдайларды және еліміздің құқықтық мемлекетке шын мәнінде жету мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға болады. Елімізде демократиялық, құқықтық әрі азаматтық қоғам орнату бағытында Конституциялық және конституциялық нормалардың қоғам өмірінде атқаратын рөлі арта түсуде. Демократиялық құқықтық мемлекет құру, қоғамда бұрын қалыптасқан тоталитарлық-әміршілдік жүйені бұзып, жаңа өмір талабына сай реформалар жүргізіліп жатты, алғылыми ой-пікір доктриналдық көзқарастар ілесе қалыптаспай, кейін қалып қойды. Міне осындай ақтаңдақтардың нәтижесінде реформалардың теориялық базасының болмауы салдарынан көптеген ақтаңдықтар да жіберіліп жатты [1].

Конституциялық және басқа да конституциялық құқықтық талаптардың дұрыс жүзеге асуы қазіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер елдің экономикасы мен дамуы, елдегі қоғамдық қатынастардың нығая тұсіп өмірімізге енуі мемлекетімізде құқықтық сипат алып, адам мен азаматтардың құқығын шынайы қорғайтын дамыған мемлекеттер қатарына көтеріп, демократиялық қоғамды дамытты.

Құқықтық мемлекет ұғымы қоғамның «адамзаттық өлшемі» ретінде танылған, сондықтан дербес даму жолына түскен Қазақстан бiрден құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Қазақстан Республикасы Коституциясының 1-шi бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демкратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады» деп жазылған [2]. Демек, Қазақстан құқықтық мемлекет болып табылатындығы туралы әңгiме болып отырған жоқ. Сөз Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекеттi орнықтыру, құқыққа негiзделген мемлекет құру жолына түскендігі жөнінде болып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің депутаттығына кандидаттыққа саяси партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұсынылуға ерiктi [3].

Елбасымыз Н.А. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауының жиырма бесінші бағытында: «Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет» - деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан ары жетілдіру демократиямен тікелей байланысты екендігін айқындап отыр [4]. Мемлекеттік ұғым проблемалары құқықтық мемлекет қағидаттарымен ұштасатынын анық байқауға болады. Құқықтық мемлекет идеясының ең өзекті мәселерінің бірі – адам құқытары және оның мемлекет тарапынан тиімді қорғалуы. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, барлық демократиялық қағидаға негізделген мемлекеттік заң жүйесінің ажырамас тетігі ретінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қарастырылады. Сондықтан, 1995 жылы Қазақстан Республикасының даму тарихындағы жаңалық ретінде құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беру институты енгізілді. Бұл құжат әлемдік стандарттарға сай, халықаралық нормаларға қайшы келмейтін, реформативті құжат екенін көптеген отандық және шет ел заңгерлері мен ғылым қайраткерлері тілге тиек етіп жұр. Құқықты мемлекет идеясы ертеден келе жатқан көне концепциялардың бірі. Патша үкіметі кезіндегі бұл мәселе жөніндегі ақын, ағартушы, ғалым Абай Құнанбаевтың пікірлері оған мысал бола алады [5]. Әрине, Абайдың шығармаларында нақты құқықтық мемлекет деген термин немесе ұғым кездеспейді. Бірақ, оның осы мәселе туралы айтылған ойлары, көптеген проблемалары құқықтық мемлекет қағидаттарымен ұштасатынын анық байқауға болады.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру барысында бұл институт адамзат тарихындағы көне институттардың бірі болғандықтан бұл ұғымды түсініп білу үшін оның дамуына тарихи шолу жасай отырып, аталған институттың қазіргі кездегі жай күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан құқықтық мемелекет үшін бұл институтты дәйекті зерттеу және қазіргі кезеңде конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мұдделері негізінде, жалпы таптық танымнан әдіс тәсілдері аясында жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туындауда.

Зерттеудің деңгейі. Конституциялық құқық теориясындағы маңызды мәселелердің бірі конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру кеңестік кезеңнен бері белгілі дәрежеде зерттеушілердің назарына ілігуде. Конституциялық құқық нормаларының жүзеге асуы Кеңестік кезеңде ғалымдар тарапынан тар мағынада ғылыми түрде зерттеліп конституцияда орын тепкен нормалардың жүзеге асу ерекшелігіне бүге-шігесіне дейін басты назар аударылмай бір жақты зерделенді. Бұл кезеңдегі зерттеушілердің еңбектері конституциялық құқықтық норманы жүзеге асыру мәселесін теориялық тұрғыдан тереңдете зерттеуге үлкен ықпал еткендігі біршама ғылыми еңбектерден айқын байқалады. Зерттеу барысында конституциялық-құқық дамуының негіздерін қалыптастыруда және оның құқықтық теориясын жаңа қырынан ашып, оның алып отырған қоғамдағы ерекшелігінің Конституциялық-құқықтық мәртебесі қарастырылған. Бұл мәселенің мүмкіндігінше терең жан-жақты зерттелуін көрсетеді. Жеке тұлға институтының қоғамда пайда болуы мен қалыптасуын ғылыми зерттеу дәрежесін отандық және шет ел ғалымдарының еңбектерінен көруге болады.

Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты – конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшеліктері мен табиғатын ашу және де конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы тиісті мемелекеттік органдардың атқаратын рөлін межелеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы осы бағыттағы атқарылып жатқан жеке тұлға институтының құқықтық негізін дамытып толықтыру мақсатында конституциялық және нормативтік құқықтық базаға сараптамалық зерттеулер жүргізу арқылы жеке тұлғаның құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік-құқықтық келісімдерді қарастыру, сонымен қатар толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның түсінігі мен мағынасын айқындап, түсінік беру;

- жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесінің түсінігі мен мағынасын ашу және жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің тарихи даму кезеңдерін анықтау;

- жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерінің айырмашылығын, ерекшелігін және қажеттігін нақтылау. Сонымен қатар, оның жақын және алыс шет ел Конституцияларында қаралқан құқықтық мәртебелермен салыстыру;

- жеке тұлға құқықтарының Қазақстан Республикасындағы және халықаралық деңгейдегі қорғалу механизміне талдау жасау;

- жеке тұлға құқықтарына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдары және нормативтік құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтап, оларды жою жолдарын қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның түсінігі және жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесін қорғау және жетілдіру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздеу.

Зерттеу объектісі ретінде конституциялық құрылысты реформалау нормасының табиғаты оның ерекшеліктері және осы институттарды дәйекті, ғылыми тұрғыда зерттеу, сондай-ақ, құқықтық мемлекеттің бірден-бір белгісі ретінде конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың түсінігі, нысандары және өркениетті демократиялық қоғамды дамыту шарттарына негізделген құқықтық мемлекет құру және оны дамыту шарттары кешенді негізде қарастырылды.

Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында ізденуші конституциялық құқықтық құрылысты реформалау нормаларын жүзеге асыруға қатысты теориялық еңбектерді саралаудан өткізіп, толық пайдалануға ұмтылды.


жүктеу 139,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау