Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда


Жеке тұлға құқықтарының қорғалу механизмі



жүктеу 139,44 Kb.
бет5/7
Дата03.02.2022
өлшемі139,44 Kb.
#35373
1   2   3   4   5   6   7
Кивашов Ж.К. дипломдық жұмыс

2 Жеке тұлға құқықтарының қорғалу механизмі
2.1 Жеке тұлғаның азаматтық құқықтарының айырмашылығы
Құқықтар мен бостандықтарды жүйелеуді көптеген ғалымдар жүзеге асырған, атап айтатын болсақ, Л.Д. Воеводин, А.И. Лепешкин және басқалар. Олар жіктеудің әр түрлі негіздерін қолданды. Құқықтар мен бостандықтар әр түрлі негіздер бойынша саралануы мүмкін. Мысалы, мазмұны бойынша негізгі және қосымша; субъектлеріне байланысты; жеке және ұжымдық болып бөлінуі мұмкін. Құқықтар мен бостандықтарды жіктеудің классикалық түрі, оларды қолдану аясына қарай бөлу болып табылады. Яғни, жеке, азаматтық құқықтар мен бостандықтар; саяси құқықтар мен бостандықтар; экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар мен бостандықтар деп қарастыруға болады. Құқытар мен бостандықтар кешенді бөлінбейді, бір-бірімен байланысты, сондықтан оларды жіктеу шартты салыстырмалы түрде жүзеге асырылады. Бұл жіктеудің бірден бір себебі, құқықтар мен бостандықтардың сан алуан, көп түрлі болуы. Міне, сондықтан құқықтар мен бостандықтарды ғылыми-әдістемелік зерттеу мақсатында осы классикалық жіктеу қолданылады.

Э.Т. Карибаеваның пікірінше, Адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын талқылай отырып оларды:

1) жеке құқықтар, бостандықтар және міндеттер;

2) экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, бостандықтар және міндеттер;

3) жалпы-саяси құқықтар, бостандықтар және міндеттер деп үш топқа бөледі.

Құқық та бұзылған жағдайда процессуалдық құқықтар туындайды. Яғни, сот тәртібімен бұзылған құқықтады қалпына келтіру, келтірілген моральдық және материалдық шығындарды өтеп алу, кінәлі жақтарды жауаптылыққа тарту, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдалу және тағы басқа.

Азаматтық құқықтардың ішінде көлемдісі – жеке құқықтар мен бостандықтар болып табылады, олар мемлекет тұрғындарының барлығына қатысты болып табылады. Жеке құқықта мен бостандықтар қатарына мына құқықтар мен бостандықтар жатады:

- өмір сүрі құқығы;

- жеке бас бостандық құқығы;

- адамның қадір-қасиеті;

- әркімнің жеке өмірі, жеке және отбасының құпиясы, ар-намысы мен абыройы;

- әркімнің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жатуы;

- сөз, ой және шығармашылық еркіндігі;

- әрбір адамның еркін жүріп-тұруы;

- жеке құқықтар, яғни адамнан ажырамас, шектелуге жатпайтын құқықтар мен бостандықтар. Осылардың ішіндегі негізгісі өмір сүру құқығы болып табылады.

Өмір сүру құқығы – барлық құқықтар жөніндегі актілерде және барлық елдердің Конституцияларында кепілдік берілген құқық, ол негізгі құқықтардың бірі болып табылады. Өмір сүру құқықы – адамның табиғи құқығы, ол мемлекеттің және қоғамдық құрылымдардың, жеке адамның әлеуметтік және табиғи қоршаған ортаның қауіпсіздігін, өмірге қажетті жағдайлар туғызудағы белсенді әрекеттерінің кең кешенін қамтиды. Бұл факторларға, ең алдымен, соғыстан бас тарту, ұлттық және әлеуметтік күрес сияқты шаралар маңызды роль атқарады. Адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз етуде қоршаған ортаны қорғау да маңызды факторлардың бірі. өмір сүру құқығының аясын кеңейтудің мүмкіндігі өлім жазасын жою болып табылады.

Өмір сүру құқығын тиімді пайдалану үшін заңды түрде өмірдің басталуы мен аяқталуын белгілеген жөн. Негізінен өмір сүру құқығы сәбидің дүниеге келгенінен бастап танылады. Алайда, кейбір мемлекеттерде бұл құқық бала анасының жатырында жатқанда да танылады. Мысалы, Венгрия Конституциясында адам тірі туатын болса жаралған сәтінен бастап құқыққа қаблетті деп көрсетілген. Алайда бұл мемлекетте тіптен туылмаған балаларды қорғау жөнінде ұйым құрылған, оның негізгі қағидасы ұрық жаралған сәтінен бастап, анасының жатырында дамып жатқанынан бастап табиғи құқықтарға ие. Әрине, туылмаған баланы субъективтік құқықтармен қамтамасыз етіп, оны құқықтық қабілетті деп тану құқық табиғатына қайшы, өйткені ондай қабілет тек тірі адамға ғана тән. Сондықтан, адам өмірінің басталуы оның дүниеге келу сәтіне тұспа-тұс болуы керек, осы кезден бастап қана оны құқыққа қабілетті деп тану керек. өмірдің аяқталу сәті адамның өлуі. Оны нақты анықтау өлген адамның құқық қабілеттігін жоғалтқан уақытын белгілеу үшін ғана маңызды емес. Қазіргі кезде әлемде эвтаназияға немесе суықта қатырып сақтау жөнінде дау болып отыр. Бұл ұғымдар адамның өлімімен байланысты ұғымдар. Эвтаназия – адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған жағдайда, оны жан азабынан босату үшін, оның өз еркімен қолданылатын медициналық жолмен адамды өмірінен айыру. Оның екі түрі бар: позитивті эвтаназия және негативті. Позитивті эвтаназия өлімді жеделдету үшін медициналық әрекеттер жасау боса, негативтік эвтаназия өмір сүру мүмкіндіктерін (жасанды жүрек аппараты, т.б.) пайдаланбай қою түрінде жүзеге асырылады. Эвтаназияны қолдаушылар оны қолдану айрықша жағдайда жүзеге асырылуы керек дейді, ол үшін мына шаралар ескерілуі керек:

- аурудың саналы түрде жасалған өтініші;

-  белгілі тәсілдерді қолданып, аурудың азабын жою мүмкін болмаған жағдай;

- дәрігерлер алқасының ол жөніндегі қорытындысы;

- алдын ала прокуратура органдарын ескерту.

Егер эфтаназия туралы заң қабылданатын болса, ол құқыққа қабілетті адамның құқығы түрінде белгіленуі керек. Медицинаның ілгері дамуының бір көрінісі – комада жатқан адам өмірін жасанды аппарат арқылы ұстап тұру болып табылады. Осы жағдайда аппараттан ажырату мәселесі заңдастырылмаған, яғни оған қандай талаптар керек және ол адамның жарамды ағзаларын медицинада пайдалану негіздері анықталмаған. Соның нәтижесінде адам ағзаларын жасырын саудалау фактілері де кездесіп отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабында әркімнің өмір сүру құқығы жарияланған. Бұл бапқа сәйкес, әр адам өмір сүру құқыққығына ие. Ешкім адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ. өлім жазасы аса ауыр қылмыстарға жатады және ол үшін ең қатаң жаза шарасы қолданылады. Өлім жазасына кесілген тұлға кешірім беру жөнінде өтініш берге құқылы деп белгіленген. Бұл жерде айта кететін мәселе, біздің елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен өлім жазасына уақытша мораторий жарияланған [1]. Өлім жазасын мүлдем жою – өмір сүру құқығының аясын кеңейту болып табылады. Бұл жаза шарасын басқа жаза шарасымен ауыстыру, атап айтқанда, өмір бойы бас бостандығынан айыру шарасын қолдану мемлекеттегі жазасын өтеу мекемелерін жақсартуды талап етеді. Ал, бұл материалдық шығындар, сондықтан өлім жазасынан бас тарту қазіргі жағдайда біздің еліміз үшін қиындықтар туғызып отыр. Әрине, адами тұрғыдан бұл жаза шарасы өмір сүру құқығына қайшы, бірақ елдегі қылмыстылықты азайту үшін бұл күрестің негізгі құралы десе де болады. Сондықтан, әзірге бұл шарадан бас тартуға мемлекет дайын емес деп санаймыз. Бұл мәселеге жұртшылық Еуропалық қауымдастық талабына байланысты назар аударып отырғаны белгілі. Әрине, Еуропалық қауымдақстықа кіру біздің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін түсіне тұра, бұл талаптың әзірге орындалуын кейінге қалдырған жөн. Өмір сүру құқығын қамтамасыз етуде мемлекет көптеген шараларды жүзеге асыруы керек. Атап айтқанда, қолайлы табиғи ортамен қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу, қажетті өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-бөліміне Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен өзгеріс енгізіліп. Қазіргі мағынасы: «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты лаңкестік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар» делінген [3]. Ал, осыған дейінгі қолданыста болған осы бөлім: «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.» делінген болатын. Осы жерде жаңа өзгерісте мемлекет адамның өмір сүру құқықтарын кеңейтті деп атауға болады. Себебі, жаңа заң нормасы алдыңғы заң нормасынан айырмашылығы жаңа заң нормасында өлім жазасы қандай қылмыстар жасағаны үшін нақтыланып отыр. Яғни, өлім жазасы тек адамның қаза болуымен байланысты лаңкестік қылмыстар және соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін қолданылатындығы белгіленіп отыр. Бұл дегеніміз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызмет үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасағаны үшін белгіленеді. Осы жердегі түсініксіз болып, талас тудыратын мәселе «соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін» делінген сөйлемнің мағынасы тек әскери қылмыстарға жатады ма, әлде барлық қылмыстарға қатысы бар ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің түсінігімізше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабының 5-бөлігінің талабына сай қылмыстық заңдағы он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекеттер аса ауыр қылмыстарға жатады. Осыған байланысты соғыс уақытында қылмыстық заңдағы өлім жазасы көзделген қылмыстар бойынша өлім жазасы қаралады.

Осы жердегі өзекті мәселенің бірі болып отырған Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституцияда өлім жазасы тек лаңкестік қылмысы үшін және соғыс уақытындағы жасалған аса ауыр қылмыс үшін қаралғандығын атап өттік. Енді осы соғыс уақытында кез келген аса ауыр қылмыстар бойынша өлім жазасы қолданылады ма деген сұрақ туындайды.

Осы сұраққа жауап іздеу барысында әлемдегі осындай жайттарға шолу жасап көрелік. Өлім жазасы бойынша зертеу жүргізген Г.Ә. Жүнісованың көрсетуі бойынша өлім жазасы туралы келесідей тұжырым жасайды: «Өлім жазасы үкімі орындалатын көптеген елдердің қылмыстық заңы бойынша жаза ретінде Отанға опасыздық, шпиондық, кісі өлтіру, адамдарды ақы алу үшін ұрлау, өрт қойғаны, тонау және басқа да ауыр қылмысты істегені үшін қолданылады. Бірақ, бұл қылмыстардан бөлек, мынандай әрекеттерге де өлім жазасы тағайындалады: әйелі жағынан ерлі-зайыптылық арасындағы тұрақсыздық үшін (Иран, Мавритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Судан); ресми құжаттарды қолдан жасау (Ирак); жезөкшелік (Иран); құдаймен келіспеушілік (Иран);бірнеше мәрте спирт ішімдіктерін пайдалану (Иран); гомосексуализм (Иран, Мавритания); порнографиялық материалдарды басу немесе көрсету (Қытай); жезөкшелікпен айналысуға арналған үйлерді ұстау, сутенерлық (Қытай); және тағы басқа. Дүние жүзінде 90-ға жуық ел өлім жазасын қолданады, оның ішінде Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттары, Азияның бірқатар елдері (Кувейт, Корея және тағы басқа), көптеген Африка елдері және барлық Араб мемлекеттері.

18 елде өлім жазасын қолдануға тек ерекше жағдайларда (соғыс уақытында) жол беріледі.

26 елдің (Бельгия, Греция және тағы басқа) заңдарында жазаның бұл түрі сақталған, бірақ соңғы 10 жылда қолданылмайды. Тек қана 35 ел (Франция, Австралия, Германия, Дания, кейбір Латын Америкасы елдері) ғана өлім жазасын қандай да бір қылмыс болмасын қолданудан бас тартып отыр. Сонымен қатар мынандай ағымға баса назар аударған жөн: ХХ ғасырдың соңында өздерінің ұлттық қауіпсіздігін қорғау мақсатында 21 мемлекет өлім жазасымен жазаланатын қылмыстардың (шпионаж, сатқындық, революцияға қарсы, ал кейбір елдерді революциялық қызметке) тізімін кеңейтті. 13 ел (Египет, Кувейт, Жапония) өлім жазасын терроризмге, 9 мемлекет (Қытай, Иран, Пакистан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тайланд, Малайзия, Сингапур, Нигерия) есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар үшін қолданады». Сонымен біз біраз елдерде әлі де болса өлім жазасы кеңінен қарастырылғандығын байқаймыз [28].

Әркімнің жеке бас бостандық құқығы азаматтық құқықтардың келесі бір түрі болып табылады. Жеке бас бостандық құқығы дегеніміз – құқыққа қарсы емес барлық әрекеттерді жасау мүмкіндігін беретін құқық. Бұл құқық негізінде адам өз тағдырын, өмірдегі өз жолын өз еркімен анықтайды. Адамды бостандығынан айыру тек сот үкімі негізінде, жасаған қоғамға қауіпті әрекеттері үшін қолданылады. Құлдыққа өркениетті қоғамда жол берілмейді, тіптен бұл құбылыс тарихтың кешегі беттерінде қалды десе де болады. Адамның бұл құқығын бұзу аса ауыр жазалану керек, өйткені адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады.

Жеке бас бостандық құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында қарастырылған. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІ Заңымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 2-бөлігіне енгізілген өзгертулер Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне негізделіп, адамның жеке бас бостандық құқығының кеңейе түскендігін көріп отырмыз. Енгізілген өзгеріс бойынша адамның жеке бас бостандығын шектеу тек сот органдарына ғана тиесілі екендігін байқадық. Бұл дегеніміз – Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлға құқықтарының мәртебесін арттыра отырып, олардың жеке бас бостандық құқықтарының бұзылуының алдын алып отыр деуге болады. Олай деп түйіндеуіміздің негізі, әрбір адам бұзылған құқықтары үшін сотқа шағымдануға құқылы болса, қазіргі заң талабына сай осы құқықтар сотта тікелей қаралып жеке тұлғалардың жеке бас бостандығының сақталуына кепіл болады. Себебі, прокуратура тарапынан жеке тұлғаның бас бостандығын шектеуге берілетін санкция бойынша жеке тұлғалар сотқа шағымданып, қылмыстық қудалау органдарымен қабылданған шешімнің заңсыз екендігін анықтауы мүмкін және ол қазіргі уақытта орын алып отырған жайт. Осы жағдайлар орын алып, жеке тұлғалардың бұзылған құқын қалпына келтіргеннен гөрі, олардың алдын алып, құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету өте орынды. Мұның өкініштісі осы заң нормасының қазіргі уақытта өмірге енбей отырғандығы.

Жеке тұлғалардың жеке бостандығы субъективтік бостандық негізінде адам әрекеттер еркіндігіне ие. Яғни, басқалардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, барлық әрекеттерді өз еркімен жасауға мүмкіндік алады. Оның кепілі Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке тұлғаларды ұстау және қамауға алу тәртібін беліглеу болып табылады. Мемлекеттік органдар жеке тұлғаның бас бостандығын шектейтін әрекеттер жасамау керек. Қазіргі заң талабына сай бас бостандығын шектеу тек заң негізінде, судьяның санкциясы бойынша жүзеге асырылуы керек және қылмыс жасаған кезде қолданылады. Санкциясыз ұстау мерзімі Конституцияда 72 сағат деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар ұсталғандар, қамауға алынғандар, ұсталған немесе қамауға алынған сәтінен бастап қорғаушы адвокат қызметін пайдалана алады.

Осы жөніндегі Қ.Т. Татиеваның пікіріне назар аударар болсақ, ол: «Мемлекетіміздегі қолданыстағы Конституциясында адамның заңдықа көмек алуына құқығы толық көлемінде бекітілген. Ол жеке басы қауіпсіздігінен басқа, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси қауіпсіздікті де қамтиды. Адамға заңдық көмек те оны қылмыстық жауапқа тарту орын алғанда ғана емес, сонымен бірге оны жұмысқа алуда, азаматтық дау туғанда, өсиет құрастырғанда және т.с.с. жағдайларда көрсетілуге тиіс. Әрі осы сипаттамасында заңдық көмек алуға құқықты тек қана жеке емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік, саяси немесе мәдени құқықтар қатарына жатқызуға болады» дегенді алға тартады. Оның пікіріне шолу жасар болсақ заңдық көмек көрсетілу адамға тек қылмыстық іске қатыстылығы болған жағдайда ғана көрсетілмей барлық құқықтық қатынастар бойынша да көрсетілуіне жататындығын көрсетеді [29]. Қ.Т. Татиеваның қозғап отырған ойын ары қарай терең зерттей түссек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқылы екендігі аталып, заңда көрсетілген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетілетіндігі айтылған.

Бізге белгілі болып отырғаны, тегін заң көмегі қылмыстық істерге қатысты жағдайларда ғана көрсетілетіндігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңында өз орнын алған. Яғни, ол заңда да Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 3-бөлігіндегі көрсетілген жайттарда ғана тегін заң көмегі көрсетілетіні айқындалған. Атап айтар болсақ, адам ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған кезден бастап тегін заң көмегін алуға құқылы. Осы көрсетілгендерге орай, біздің пікірімізше, әрбір жеке тұлға өзінің Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты құқықтық қатынастардың барлығы бойынша дерлік тегін заң көмегін алуы қажет деп санаймыз. Себебі, біздің мемлекетіміз бірінші кезекте жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалап, оған кепіл болуы тиіс.

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясымен берілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығы әрбір адамға тиесілі болып табылады. Сондықтан, құқықтық қарым-қатынасқа субъекті болып табылған адам заң көмегіне жүгініп өзінің заңды құқықтарын білікті заңгер арқылы қорғауға құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-бөлігінің талабы негізінде әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Осыдан барып, кез келген адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғаушылар яғни, адвокаттар арқылы қорғауға құқылы болып саналады ма, әлде бұл қорғану заңмен рұқсат етіліп заңға қарама-қайшы болып табылмас па екендігін анықтау қажет.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының талабына сай адвокаттардың мақсаты болып, осы заңның 1-бабында былай көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы адвокаттар адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған» [30]. Сонымен адвокаттар әрбір адамды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған. Ендеше әрбір адам адвокаттар көмегіне жүгінуге құқылы және олардың көмегі арқылы өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға заңмен рұқсат етілген болып табылады. Алайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңының 70-бабының талабына сай қорғаушы, яғни адвокат заң негізінде сезікті мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды асыратын адам екендігі анықталған. Сонда қорғаушы тек сезікті мен айыпталушылардың ғана құқықтарын қорғайтын адам болып саналады [31]. Ал, басқа адамдардың құқықтарын кімдер қорғайтындығы белгісіз. Осы қылмысқа байланысты қарым-қатынасты реттейтін заң болып табылады. Сондықтан аталған заң нормасы қылмыстық қарым-қатынастарды реттеу барысында қылмыстық істер бойынша сезікті мен айыпталушыдан басқа да құқықтары бұзылған «жәбірленуші» деп танылатын адамдар да бар. Осы жәбірленушінің де бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғаушы заңдық көмек көрсету барысында қорғауы тиіс. Олай деу себебіміз, Қазақстан Республикасы Конституциясының талабына сай кепілдік берілген әрбір адамның білікті заң көмегін алуы қажет. Қорғаушы көмек көрсетуге тиісті сезікті мен айыпталушылардың кім екендігін анықтар босақ олар осы заңның 68-бабы бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам сезікті болып танылады. Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабы бойынша өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Осының негізінде біз қорғаушы кімдерге тиесілі екендігін анықтадық. Біздің пайымдауымызша және заң нормасы негізінде қылмыстық іс қозғалмай жатып та адамдар қылмысқа күдіктеніп анықтау амалдары жүргізілетіндігі анық. Осындай жағдайларда олардың құқықтарын қорғауға қорғаушы қалай заң көмегін көрсете алатындығы пікір талас тудырады.

Осының негізінде біз Қазақстан Республикасы Конституциясының әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 70-бабының 1-бөлігіне толықтыру мен өзгерту қажет. Яғни, заң нормасындағы «сезіктілер мен айыпталушылардың» деген сөйлем «әркімнің» деген сөзбен ауыстырылуы қажет.

Азаматтық құқықтардың келесісі адамның қадір-қасиеттерін, кәсіби беделін құрметтеу құқығы болып саналады. Бұл құқыққа тоқталмас бұрын, адамның қадірі, қасиеті, кәсіби беделі деген ұғымдарға кеңірек тоқталған жөн.

Қадір дегеніміз – қоғам тарапынан тұлғаға берілген әлеуметтік маңызды оң баға, пікір. Қасиет – тұлғаның моральдық, кәсіби және басқа да қасиеттерін өзінің бағалауы. Кәсіби бедел дегеніміз –- тұлғаның кәсіби артықшылықтары мен кемшіліктері жөніндегі қоғамдық пікір.

Адамның қадір-қасиетін, кәсіби беделін қорғау құқығынан туындайтын құқықтық қатынастар абсолютті болып табылады, ал оның бұзылуы сәтінен бастап салыстырмалы түрге енеді, өйткені ол жағдайда бұл субъективтік құқықты бұзбайтын тұлғалар шеңбері тарылады. Яғни, бұл құқықты бұзған жеке тұлға немесе ұйымдар нақты субъектілер ретінде қаралады.

Адамның қадір-қасиетін төмендететін мәліметтер болып оның атына, беделіне, басқа қоғам мүшелері пікіріне теріс әсер беретін үшінші жақтарға белгілі болған мәліметтерді айтамыз.

Бұл жерде тағы бір ұғым бар, ол біздің заң ғылымында қолдау таппаған, бірақ шет ел тәжірибесінде кең қолданылатын, диффамация. Яғни, адамның қадір-қасиетін, кәсіби беделін, төмендететін жалған мәліметпен қатар шындыққа ұласатын мәліметтердің жариялануға жатпауы [32].

Мәліметті жариялау дегеніміз – үшінші жаққа, сондай ақ бірнеше адамдарға хабарлау болып табылады, ол баспа беттерінде, радиода, теледидарда, арыздарда және басқа құжаттарда, ауызша түрде болуы мүмкін. өкім және құқық қорғау органдарының ресми құжаттарындағы мәлімет мазмұны – мұндай мәліметтер қатарына жатпайды.

Сот тәртібімен мұндай істерді қараған кезде ең бірінші назар аударылатын жайт, бұл факт орын алғандығы және ол адамның қадір-қасиетіне, кәсіби беделіне нұқсан келтірілгендігі, оның шындықпен жанасатындығы. Егер бұл фактілер расталса, сот кінәлі жақты жауапқа тартып, жария түрде жарияланған мәліметтерді жоққа шығаруды, сол мәліметті бұрын жариялаған ақпараттық құралға жүктейді және жәбірленушінің өзінің ол жөніндегі пікірлері, сұрақтарға жауабы жариялануға жатады. Егер жауапкер бұл әрекеттерді жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, сот тәртібімен айып-пұл салынады және ол оның сот шешімін орындамауына негіз болмайды. Бұл құқық қоғамның өркениеттілік белгісі, оны бұзуға ешқандай негіз жоқ. Құқық бұзушы тұлғаға қатысты заңсыз әрекеттері үшін де оның қадір-қасиетіне қарсы әрекеттер қолдануға ешкімнің құқығы жоқ. Ешбір адам азапталуға, зорлық-зомбылық жасалуға және басқа да қатал қаралуға немесе жазалануға жатпайды. Ешкімге, оның рұқсатынсыз, медициналық, ғылыми және басқа да сынақтар жасауға тиым салынады. Бұл құқық мемлекеттік органдар құрылымдарының лауазымды тұлғаларының міндеттері болып табылады. Адамды сыйламау, оның өзінің шығармашылық, интеллектуалдық қасиеттерін іске асыруға кедергі болатын теріс құбылыс, ал ол қоғамның өрлеуіне, дамуына теріс әсер ететіні белгілі, сондықтан бұл құқықты қорғау тек жеке тұлға үшін ғана емес, мемлекет үшін де өте маңызды.

Соттық реформаның оңды нәтижелерінің бірі, әр адамды бұзылған құқықтарын қорғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Соттардың статистикасына жүгінетін болсақ, азаматтардың өз мүдделерін қорғау жөніндегі сотқа түскен талап арыздарының күннен-күнге көбеюі байқалуда. Мемлекеттің құқықтық қайта құрылуының көрсеткіштік мысалы ретінде азаматтардың ар-ождан және кәсіби беделін қорғау жөнінде сотқа шағымдалу фактілерінің көбеюін айтуға болады. Мысалы, газет редакторының орынбасары өз мақаласында кеншарға тікелей басшылықты аудан әкімшілігі және ауыл шаруашылық басқармасының басшысы жүзеге асырғандығы жөнінде және редакцияға кеншар мамандарының шағымы және жергілікті ішкі істер органдарының ақпараты негізінде аудандық әкімшілік басшысының әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабында көрсетілген билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыс құрамы бар деп қорытындылаған. Бұл мәліметтер шындыққа ұласпайтындығын және ол мақала оның ар-намысына, кәсіби беделіне зиян тигізетінін тілге тиек ете отырып, аудан әкімшілігінің басшысы Б. осы мақаланы жоққа шығару және 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеу талабымен сотқа шағым берді. Орал қаласының соты талап арыз негізінде аудан әкімшілігіне қатысты қозғалған қылмыстық істе қылмыс құрамының жоқтығына байланысты негізсіз деп танылып, қысқартылғанын анықтай отырып және іске қатысты өзге де мәліметтерді басшылыққа ала отырып, газет редакциясын мақаланы жоққа шығару жөнінде ресми жариялауға міндеттеді және Б. пайдасына 300 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өндіру жөнінде шешім қабылданды.

Адамның қадір-қасиетіне ешкім тиіспеушілік құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында өз орнын тапқан. Адамның қадір-қасиеті ұғымына өмірі, денсаулығымен қатар моральдік-рухани қабілеттері кіреді. Яғни, оның ар-ожданы, кәсіби қабілеті және тағы басқалар. Қазақстан Республикасының Конституциясында ешкім азапталуға, оның қадір қасиетін төмендететін қатаң, күштеу шараларына душар болмауы керек деп көрсетілген. Осыған байланысты мемлекет жеке тұлғалардың осы құқықтарын қорғауға кепіл болу барысында осындай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік шараларды қарастырған. Осы заң нормалары негізінде мемлекет басқа да адамдардың, лауазымды адамдардың адамның қадір-қасиетін бағалай білу керектігін ескертеді. Егер олар осы қағиданы ескермеген жағдайда жасаған іс әрекеттің ауырлығына қарай қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылатындығы нақтыланып отыр.

Азаматтық құқықтың жеке құқықтарының қатарына тұлғаның жеке өміріне, тұрғын жайына, хат, телефон, почта, телеграф және басқа да байланыстарына ешкімнің тиіспеушілік жөніндегі құқықтарын жатқызуға болады.

Тұлғаның ешкім тиіспеушілік құқығы-оның заң шеңберіндегі әрекеттері мен қылықтарын, жүріп-тұруын шектемеу болып табылады.

Тұрғын жай құқығы негізінде заңсыз ешкім тұрғын жайға кіруге, оның тұрғындарының еркінсіз онда болуға тиым салынады. Заңда оған рұқсат беру негіздері және оған өкілетті органдар санамасы нақты көрсетіледі.

Жеке адамның, оның жанұясының құпиясын, хат, телефон, телеграф, факс және басқа байланыс құралдары құпиясын бұзғаны және жариялағаны үшін заңда жауаптылық көзделген. Тек заңда көрсетілген негіздерде қылмыстық іс үшін қажет жағдайда, арнайы өкілдік берілген органдардың шешімімен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде заң ғылымындағы жаңалықтардың бірі адамның ар-намысын, адал атын қорғау. Ол сот тәртібімен қорғау, моральдік шығын өтеу болып табылады.

Адамның жеке өміріне, жеке және жанұя құпиясына ешкім тиіспеуі қажет. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабымен әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына кепілдік берілген. Жеке өміріне ешкім тиіспеушлік құқығы дегеніміз – оның жеке басына байланысты мәліметтерді жарияламау міндетіне негізделетін мемлекетпен қамтамасыз етілетін құқық. Мемлекет, оның органдары адамның жеке және жанұясына қатысты құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ. Құпия ұғымына почта-телеграф корреспонденциялар, телефон, телеграф, және басқа да байланыс құралдары арқылы алынған хабарлар, хат-хабар, жеке салымдар құпиялары жатады. Кәсіби және жеке құпияларды сақтау заңмен реттеледі. Жоғарыда аталғандары шектеу тек заң негізінде жүзеге асырылады. Тінту, зат алу, корреспонденцияларға арест салу, телефондарды тыңдау қылмыстық-процессуалдық заңы мен жедел іздестіру заңы негізінде және сот шешімі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар, ақпарат құралдары әр азаматты оның құқықтарын қорғайтын құжаттар, шешімдер, ақпараттармен таныстыруды қамтамсыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңының талаптарына сай адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына, ар-намысы мен абыройына қылмыстық қудалау органдары араласу құқығына ие. Қылмыстық қудалау органдарының мұндай құқыққа ие болуы адамдардың конституциялық құқықтарына нұсқан келтіруі мүмкін жағдай.

Себебі, Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның 11-бабының 3-бөлігінде көрсетілген жедел іздестіру шаралары арнаулы жедел-іздестіру шаралары болып саналады. өйткені, бұл нормада көрсетілген «сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау, почта жөнелтімдерді бақылау, байланыс желілеріндегі жедел іздеу, бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ, телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу, телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау, байланыстың техникалық арналарына, компьютер жүйелеріне және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау, арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық басқа құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау, тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер участкелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру» арнаулы жедел іздестіру шаралары болып табылады [33]. Аталған арнаулы жедел-іздестіру шаралары тек прокурордың рұхсатымен ғана жүзеге асырылады. Ондай шаралар тек аса ауыр және ауыр қылмыстарға байланысты болған жағдайда ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңының 237-бабының талабы да осы аталған іс шараларды жүргізу тек прокурордың санкциясымен жүзеге асатындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының талабы негізінде Прокуратура қылмыстық қудалау органы болып табылады. Осыдан келіп адамдардың кепілдік берілген құқықтары прокуратура тарапынан өздерінің қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында бұзылмасына ешкім кепіл бола алмайды. Прокуратураның тағы міндеттерінің бірі - алдын-ала тергеуді қадағалау болып табылады. Осыған орай жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарына шектеу салу және араласу қаралған жағдайда қылмыстық қудалау органдары соттың рұқсатымен жүзеге асырғандығы дұрыс. Егер сот тарапынан жеке тұлғалардың құқықтарына араласуға заңсыз рұқсат берген жағдайда прокуратурамен айқындалып бұзылған құқық қалпына келер еді деген пікіріміз бар. Сондықтан, әркімнің жеке өміріне, құпиясына, ар-намысы мен абыройына араласу тек сот құзыретінде болуы шарт деп санаймыз. Яғни, осындай адам құқықтарына араласу тек соттың рұқсатымен ғана жүзеге асуы тиіс. Себебі, әрбір адам өзінің құқықтарын сот арқылы ажырата алады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-бөлігіндегі «бойынша» деген сөзден және 25-бабының 1-бөлігіндегі «бойынша» деген сөзден кейін «және тек қана соттың санкциясымен» деген сөйлеммен толықтыру қажет деп санаймыз. Сол кезде әрбір адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен абыройы сотпен қорғалады деуге болады.

Ұлттың партиялық және діни қатыстылығын анықтау және оны көрсету немесе көрсетпеу құқығы азаматтық құқықтың ішіндегі жеке құқықтарының бірі болып саналады. Ұлт дегеніміз – бірқатар факторларға тәуелді феномен. Яғни, бір халықтың тілін, әдет-ғұрыптарын, мәдениетін танумен сипатталатын құбылыс. Ұлтты анықтау жеке тұлғаның өзімен жүзеге асырылады. Ол құқық пен тілді пайдалану, мәдени, шығармашылық, білім алу, тәрбие алу құқықтарына байланысты туындайды. Конституцияның 19-бабына сәйкес, әр тұлға өзінің қай ұлтқа, партияға және дінге қатыстылығын өзі белгілейді немесе оны мүлдем белгілеп көрсетпеуге құқылы.

Бұл құқықты бекіту нақты адам үшін ұлтының құқықтық маңызды еместігін білдіреді. Яғни, әр адамның басқа ұлттық ортада ассимиляциялануына жол береді.

Сонымен қатар жеке құқықтар мен бостандықтарға сенім, дін бостандығы кіреді. Сенім немесе дін бостандығы адамға діни көзқарастарын ерікті түрде қалыптастыруға, дін түрін таңдауға немесе мүлдем одан бас тартуға мүмкіндік береді.

Дін бостандығы – адамдардың өз еркімен діни көзқастарын қалыптастыру, діни ағымдарды таңдау еркіндігін, діни уағыз жүргізу немесе атеистік көзқарас ұстанып, оны уағыздау қабілеті. Бұл бостандық жалпы адами және азаматтық құқықтар және мемлекет алдындағы міндеттерді орындау мүмкіндіктерін шектемеу керек. Ешбір мемлекеттік орган, лауазымды тұлға адамды діни қатыстылығына байланысты қудалауға құқығы жоқ.

Сөз және шығармашылық бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 1-бөлігінде айқындалған.

Ой және сөз бостандығы дегеніміз – ақпараттарды еркін іздеу, алу, шығару және тарату мүмкіндігі. Ой, пікір адам өмірінің ішкі саласы болып табылады, оған қол сұғуға тиым салынады. Ойды басқа адамдарға жеткізу сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Адамдардың демократиялық құқықтары мен бостандықтарының ішінде бұл құқық негізгі орын алады.



жүктеу 139,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау