Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда


Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның Конституциялық құқықтық мәртебесінің түсінігі мен мағынасы



жүктеу 139,44 Kb.
бет3/7
Дата03.02.2022
өлшемі139,44 Kb.
#35373
1   2   3   4   5   6   7
Кивашов Ж.К. дипломдық жұмыс

1.2 Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның Конституциялық құқықтық мәртебесінің түсінігі мен мағынасы
Қазақстан Республикасының Ата заңындағы адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі тарау құқықтық жүйенің сипатын ашып береді, тіптен демократиялық дамудың бірден-бір көрінісі деуге болады. Бірақ, ғалым-заңгерлер Конституция әдеби шығарма емес, заңды құжат екеніне басты назар аударады. Оның мазмұны халықаралық құқықтық актілердегі әдемі сөздермен адам құқықтарын белгілеу емес. Конституция мемлекеттің өзіндік әдет-ғұрыптарына және салт-саналарына сүйенуі керек. Оның нормалары адамға өркениетті әлемнің өлшемдері бойынша өмір сүруге мүмкіндік беруі керек. өзге жағдайда құқықтық жүйеде кемшілікті және толық емес болады. Құқықтық мемлекет азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау функциясын жүзеге асыру үшін процедура мен механизімдермен және институттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл механизмдер, процедуралар және институттар әр кезде өзгерісте, қозғалыста болады, олар қоғамдық жағдайлардың өзгеруіне икемделіп отырады.

Конституциялық доктринаны жаңарту көптеген догмалық ойлаудың стандарттарын қайта қарауды қажет етті. Ең бірінші құқыққа деген тар нормативистік ұғымнан арылу қажет болды, өйткені құқық теориясы тұрғысында нормалар жиынтығы деп түсіндірілді, бұл жағдайда адамның табиғи құқықтары жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес еді. Жеке тұлға ұғымы мемлекетке мәртебесі тәуелді адам деп түсіндірілді.

Екіншіден, сол кездегі заң үстемдігі, құқықтық мемлекет идеялары теріс көзқараспен кездесті, өйткені бұл идеялар авторитарлық жүйенің билігін шектеуге әкелетін болды.

Үшіншіден, таптық және жалпы адамдық мүдделер қарсы қойылып, таптық мүдде нормативі, эталонға айналдырылды және ол адамның қоғамдағы мінез-құлқын белгіледі, ал адам құқықтары оның жанында мардымсыз деп саналды.

Төртіншіден, қоғамдық өмірді жаппай мемлекеттендіру мемлекеттік мүдденің бірінші орында болуына жол ашты, ал ол адам құқықтары институтының дамуына елеулі кедергі болды.

Бесіншіден, кеңестік мемлекетте адам құқықтары тек мемлекет ішіндегі мәселе деп саналды. Бұл мәселеге халықаралық ұйымдардың араласуы мүмкін емес еді. Халыаралық құқық нормаларының бірінші кезекте қолдану қағидасы мүлдем болған жоқ.

Құқықтық мәртебені әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Жеке тұлғаның түрлері бойынша – адамдардың құқықтық мәртебесі, азаматтардың құқықтық мәртебесі, шет ел азаматтарының құқықтық мәртебесі, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі деп бөліп қарауға болады.

Құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің көлеміне қарай негізгі, толық шектеулі деп бөліп қарауға болады.

Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердегі сияқты тұрғындардың құрамы бір текті емес. Оның территориясында азаматтар, шет ел азматтары және азаматтығы жоқ адамдар тұрады. Ал кей Қазақстан Республикасының азаматтары оның аумағынан тыс жерде тұруы да мүмкін. Азаматтардың жас шамасы, денсаулығы, әр тұрлі себептермен қоғаммен әр алуан қатынастарға түседі. Міне, сондықтан құқықтық мәртебе уақыт өте өзгеріп отыруы да мүмкін. Ал конституциялық мәртебе адам туғаннан беріледі және ешбір жағдайда өзгеруге жатпайды.

Конституциялық құқық субъектілік әрекетке және құқықтық қабілеттіктерге тәуелді ұғым. Құқық субъектілікті шектеудің бірден бір негізі адамның жасы болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдары негізінде толық әрекетке қабілеттік 18 жастан басталады. Құқық-субъектілік қасиетті шектеудің тағы бір негізі – адам денсаулығы болып табылады. Яғни, сот шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылу. Келесі шектеуге негіз – бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеу болып табылады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асуына кепілдік беру. Яғни, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан заңсыз айрылуына жол бермеу және олардың жүзеге асыруын мемлекеттік дәрежеде қамтамасыз ету Конституциялық мәртебенің негізігі қағидаларын қалыптастыру.

Жоғарыда аталған элементтерді ескере отырып конституциялық-құқықтық мәртебеге көп анықтама беруге болады. Яғни, конституциялық құқықтық мәртебе дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда жарияланған және кепілідік берілген құқықтары мен бостандықтары және міндеттерінен тұратын, азматтық пен құқықтық субъектілікке тәуелді қағидалар қалыптастыратын, адамның немесе азаматтың жай-күйі.

Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі дегеніміз – оның қоғамдағы орнын анықтайтын және Конституция нормаларымен белгіленетін құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жүйесі.

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының негіздеріне, оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесімен жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық қағидаларды жинақтайды. Мұндай қағидалардың қатарына мыналар жатады:

- адам құқығы мен бостандығының айнымастығы қағидасы. Табиғи танылған құқық, ол мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдардың, заңмен көзделген өзге де жағдайларда, одан айыруына, шектеуіне құқығы жоқ;

- Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тиым салады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылуы барысында, басқа адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірілмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Атап айтар болсақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-бөлігінде «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс» делінген [2]. Әр адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі олардың бәрініә де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқығы мен бостандықтарын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді;

Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы – өмір сүру құқығы.

Әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Жеке адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабының 2-бөлімінде: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатігездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетіліп, жеке тұлғалардың барлығы дерлік Конституциямен қорғалғандығын білдіреді [2]. Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-қасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді-кесілді тиым салады. Азаптау, ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі мүмкін.

Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары демократияның негізін құрайды. Конституция олардың мемлекет тарапынан шектелмеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан құқықтардың табиғи пайда болуы және оның ажырамастық тұжырымдамасын қолдайды. Қазақстан Республикасы Констиуциясының 12-бабының 1-бөліміне сәйкес құқықтар мен бостандықтар танылады және оларға кепілідік беріледі. Бұл дегеніміз – Конституцияда және оған сәйкес құқықтық-нормативтік актілер шегінде жарияланған құқықтар мен бостандықтарға мемлекет кепілдік береді. Танылған құқықтар мен бостандықтар Қазақстан территориясындағы тұрғындардың, олардың азаматтық қатыстылығына қарамастан барлығына ортақ.

Құқықтар мен бостандықтар және міндеттер маңызды қағидаларға негізделеді. Қағидалар олардың әсер ету шектерін, мазмұнын және жүзеге асыру механизмін анықтайтын ережелер жиынтығы. Енді соларға тоқталар болсақ:

Біріншіден, Конституцияда жарияланған құқықтар, бостандықтар және міндеттер азаматтар үшін негізгі болып табылады. Өйткені, оларсыз адамның қалыпты өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан олардың жүзеге асырылуы мен қорғалуына мемлекет кепілдік береді.

Екіншіден, құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жалпыға ортақтық қағидасы негізінде адам құқықтар мен бостандықтарға туа ие болады, ал толық құқық қабілеттік заңда көзделген жаста пайда болады.

Үшіншіден, құқықтар, бостандықтар және міндеттердің толықтық қағидасы негізінде адамдарға берілген құқықтар мен бостандықтар қоғамның барлық салаларын қамтиды. Олардың санамасы Конституцияның екінші тарауында берілген және ол халыаралық құқықта белгіленген құқықтар мен бостандықтар санамасына сәйкес.

Төртіншіден, құқықтар мен бостандықтардың ажырамастық қағидасы негізінде ешбір адам өз құқықтары мен бостандықтарынан конституцияға және оған сәйкес актілерге негізделген жағдайлардан өзге уақытта мемлекетпен және ешбір органмен айрылуға немесе шектелуге жатпайды. Құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 12-бліміне және 39-бабының 1-2-бөлімдеріне сәйкес шектелуге жатады. Бұл жерде ескеретін мәселе, құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-бөліміне сәйкес, саяси негіздер бойынша шектелуге жатпайды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10, 11, 13-15-баптарындағы, 16-бабының 1-бөліміндегі, 17, 19, 22-баптарындағы, 26-бабының 2-бөліміндегі көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелуге жатпайды.

Құқықтар мен міндеттер клемін белгілеу кезінде құқықтар, адамдар және азаматтардың құқықтары болып бөлінеді. Шет ел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қарақанда, Қазақстан Республикасы азматтарының құқықтары мен бостандықтары және міндеттерінің көлемі ауқымдырақ. Олар белгілі бір кешенді құқықтармен қамтамасыз етілген және бұл құқықтар басқа санаттарға қатысты емес болып келеді. Конституция мәтініне талдау жүргізетін болсақ «әрбір», «бәрі», «ешкім» деген сөздер азаматтарға ғана емес, барлық Қазақстан Республикасының тұрғындарына қатысты қолданылады. Мемлекеттің адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына деген қамқорлық дәрежесі саяси режімін және қоғамның демократизациялану дәрежесін білдіреді.

Бесіншіден, құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің сот тәртібімен қорғалу қағидасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-2-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сот тәртібімен қорғау азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық сот ісін жүргізу тәртіптерінде жүзеге асырылады. Міне, бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар және міндеттерге қатысты негізгі қағидалар. Келесі назар аударатын мәселе конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттердің заңдық табиғаты.

Адам және азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің заңдық табиғаты дегеніміз – оны басқа құқықтық құбылыстардан бөліп қарауға мүмкіндік беретін оның айрықша белгілер жиынтығы. Әр адам күн сайын әр түрлі құқықтық қатынастарқа түседі, мысалы қалалық транспортты пайдаланады, заттар сатып алады, әр түрлі шарттар жасайды және тағы басқа. Осы жағдайда нақты құқықтық қатынастардан құқықтар мен бостандықтар және міндеттер пайда болады. Бұлардың конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттерден қандай өзгешелігі бар? Бұл мәселе төңірегінде ғалымдар арасында көптеген даулы пікірлер қалыптасқан. Соның ішінде шындыққа жақыны – Ресей заңгер-ғалымдарының пікірі. Олар конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтар, бостандықтар және міндеттердің алғы шарты деп таниды. Осы тұрғыдан конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттердің мына айрықша белгілерін атап айтуға болады:

Біріншісі, жеке тұлғаның мемлекетпен байланысын білдіреді. Яғни, әр кезде конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттерді туындататын қатынастардың бір жағында мемлекет тұрады;

Екіншіден, Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер туындау үшін құқықтық қатынастарға түсу міндет емес, олар Конституцияда әр азаматқа қатысты белгіленген және олар оған құқықтық қатынастарға түсуі немесе түспеуіне тәуелсіз әр кезде тиесілі болып қала береді;

Үшіншіден, Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер жеке тұлғадан ажырамайды. Адам олардан бас тарта алмайды және оларды үшінші жақтарға бере алмайды. Бұл құқықтар, бостандықтар және міндеттер оның өмірінің аяғына дейін қатысты болып табылады, оларды шектеу заң негізінде жүзеге асырылады.

Құқықтар және бостандықтар категориясын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларымен белгіленуі мүмкін рұқсат етілген мінез-құлық шаралары деп сипаттауға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары әлемдік қауымдастықпен игерілген, сәйкесінше халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген және танылған, әлеуметтік және заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілген, әркімге қатысты танылатын, бөлінбейтін және ажырамас таңдауға негізделген, шектеу қойылмайтын адамның мінез-құлық шаралары.

Конституциялық міндеттер дегеніміз – Конституциянық нақты нормаларына сәйкес белгіленген конституциялық-құқықтық қатынастарға түсетін конституциялық қатынастар субъектілерінің қажетті, міндетті мінез-құлық шаралары.

Қазақстан Республикасында әдеттегі құқықтар мен бостандықтарды бекіту тәсілдері қолданылады. Яғни, позитивті Конституция нормасы субъект белгілі бір құқықтарға ие деп белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес әрбір тұлға өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот тәртібімен қорғауға құқылы; негативті тұлғаға немесе мемлекеттік органға белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға тиым салады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясынық 10-бабына сәйкес республика азаматы ешбір жағдайда азаматтығынан айрылуға және Қазақстаннан тыс жерге аластатылуға жатпайды.

Қорыта айтсақ, тұлғаның құқықтық мәртебесі оның құқығы, бостандығы және міндеттерін қамтиды. Осы құрылым Қазақстан Республикасының Конституциясында, басқа да маңызды актілерде, адам және азаматтардың құқықтары жөніндегі декларациясында теория ретінде танылған. Басты мәселе жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын, оның мүмкіндігін және мемлекет ісіне араласуында.

Құқықтық мәртебе әрекет етуші саяси құқықтық жүйенің демократия қағидаларын, қоғамның мемлекеттік негізі дәрежесін және кемістігін объективті түрде айқындайды. Құқықтық қоғам бөлшегі элементі.

Құқықтық мәртебе мәселесі қазіргі таңда тәжірибелік маңызға ие, өйткені оның адамдар мүддесіне, тағдырына тікелей әсері бар. Қазіргі өтпелі кезеңде осы факторлар шешуші орын алуда.

Құқықтық мәртебе – жеке тұлға, қоғам мемлекет пен азамат, жеке тұлға мен ұжым және басқа да әлеуметтік байланыстардың ара-қатынасын айқындайтын кешен, біртұтас категория.

Жалпы құқықтық мәртебе дегеніміз – жеке тұлғаның мемлекет азаматы, қоғам мүшесі ретіндегі мәртебесі. Ол конституцияда негізінен айқындалып, баршаға бірдей ортақ болып табылады. Бұл мәртебе мазмұны мемлекеттің ата заңында көрсетілген және кепілдік берілген. Арнайы құқықтық мәртебе азаматтардың белгілі бір категориясының айрықша жағдайын ерекшелейді. Мысалы, зейнеткерлер, студенттер, әскери адамдар, жұмысшылар, мұғалімдер тағы басқалар.

Қаралған мәртебе түрлерін үш топқа жалпы, ерекше, жекеше деп жіктейміз. Олар тығыз байланыста және бір-біріне тәуелді.

Құқықтық мәртебе – күрделі жинақтаушы категория. Оның мұндай қасиеті адамның қоғаммен, мемлекетпен, ұжыммен және қоршаған ортамен байланысынан көрінеді. Кеңес Одағы ғалымдары бастапқыда құқықтық санат ретінде құқықтық мәртебе мен құқық қабілеттігін бір санатқа енгізеді. Жиырмасыншы ғасырдың 60-шы жылдары түсінік осындай еді. Заң ғылымының дамуы барысында 70-80 жылдары құқықтық мәртебе құқықтану ғылымының шешуші саласына айналды. Құқық қабілеттілігі мен құқықтық мәртебе әрине, құқық қабілеттілігіне негізделгенімен одан кең көлемдегі құрылымдық жағынан күрделі, жинақтаушы құбылыс.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі дегеніміз барлық құқық салаларында айқындалған адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі – құқықтар мен бостандықтарды конституциялық бекіту болып табылады.

Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі олардың барлық құқы салаларындағы нормаларды жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын, құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде қамтамасыз етілетін құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің толық көлемімен сипатталады.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі адамдардың және азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерінен тұрады. Олар белгілену актілеріне байланысты, егер Конституцияда белгіленген болса – конституциялық, егер басқа нормалармен реттелген болса нормативтік құқықтар және бостандықтар болып екі топқа жіктеледі.

Құқық дегеніміз – мемлекетпен танылған жеке тұлғаның белгілі бір әрекеттерді өз мүддесіне байланысты жүзеге асыру, басқа тұлғалардан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап ету, өз мүддесін бұзылған жағдайда қорғауды талап ету мүмкіндігі.

Адам құқықтарына қазіргі жағдайда әлемде әр түрлі қауіп-қатерлер бар, олар: соғыстар, зорлық-зомбылық, аштық, қайыршылық, агрессиялық ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм, фундаментализм, антисемитизм, құндылықтарды бөлу кезіндегі әділетсіздік, тағы басқалар. Адамзат өркениетінің дамуы барысында құқықты қорғаудың мазмұны және қауіпі жағынан әр түрлі қатерлер туындап отырары сөзсіз, ал олармен күресу әр ұрпақтың міндеті.

Жеке тұлға ұғымының өз мағынасы мен қоғамда алатын орнына сай қолданылуы, құқықтық мемлекетте анықталатындығын және әлеуметтік нормаларға негізделетіндігін байқаймыз.

Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі дегеніміз – оның қоғамдағы орнын анықтайтын және Конституция нормаларымен белгіленетін құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жүйесі.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі дегеніміз барлық құқық салаларында айқындалған адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі – құқықтар мен бостандықтарды конституциялық бекіту болып табылады.

Сонымен, адамның құқықтық мәртебесі дегеніміз – Қазақстан Республикасының құқық нормаларымен бекітілген жеке тұлғаның нақты жағдайы немесе заңдық нормалармен бекітілген жеке тұлғаның ұжыммен, қоғаммен, мемлекетпен және басқа тұлғалармен қарым-қатынасы немесе заңда белгіленген жеке тұлғаның нақты бостандығы.

Қорыта келе, жоғарыда аталған элементтерді ескере отырып жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесіне келесідей: «Жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесі дегеніміз – адамның, азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың Конституцияда бекітілген және кепілдік берілген құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің жиынтығы» деген түсінік береміз.



жүктеу 139,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау