Тақырып: Түйсінудегі сенсорлық депривация


Түйсік – таным негізі ретінде



жүктеу 35,86 Kb.
бет5/9
Дата01.04.2022
өлшемі35,86 Kb.
#37974
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СӨЖ 6 Сенсорлық депривация

Түйсік – таным негізі ретінде.

Түйсік – таным негізі.
Түйсік (ағылш. Сенсе) – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;

белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;

дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;

алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.

Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. Зигмунд Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1, 2, 3 мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі Уильям Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1, 2 және 4 орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі — сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.

Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалықүрдістерге—қабылдауға, еске, ойлауға, қиялғаматериал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.
Түйсіктердің физиологиялық негізі үйсік дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне əсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың əсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, əрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.

Түйсіктің физиологиялық механизмі арнайы жүйке тетігі талдағыш (анализатор) қызметі. Əр талдағыш үш бөліктен тұрады:

сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар;

қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер;

шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің əсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше,мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен əсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары жəне т.б. бəрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.

Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процестердің бəрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап əрекетке келу (рефлекторлық) қасиетінен туындап отыр.




жүктеу 35,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау