Тақырып: Түйсінудегі сенсорлық депривация



жүктеу 35,86 Kb.
бет4/9
Дата01.04.2022
өлшемі35,86 Kb.
#37974
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СӨЖ 6 Сенсорлық депривация

Қабылдау

Егер түйсік сыртқы құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Қабылдау ─ ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметтің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатыды. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атады. Сөйтіп, қабылдау ─ түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.



Ес

Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау- шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы. Сонымен, қабылдау дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өзбқасиеттері және бөлшектері жиынтығыме қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі. Қабылдаудың физиологиялық негізі- үлкен ми сынарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс- әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз.

Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi.

Адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi. Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы нсгiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.  Сонымен қатар, ол түрлi әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әрiп, сөз, әлде ойдан құрылса да, психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды.

Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түрi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “Шартты байланыс… бұл, сiрә, бiздiң бiр мезгiлдiк ассоциация дейтiнiмiз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келедi. Шартты рефлекстiң (ассоциациясылық) анализi мен синтезi, сайып келгенде, ой әрекетiнiң негiзгi процестерiмен мәнi бiрдей нәрсе”.Кезiнде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсiнуге болады:

1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес өзiмен бiрге оған қатысы бар екiншi затты қоса туғызады.

Ес процестерiнсiз адам баласы мәдениеттiң қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетiле де алмас едi.



Ойлау

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.



Сөйлеу

Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы.



Қиял.

Жанның өзінде бұрыннан бар суреттелулерден жаңа суреттелулер жасай алуы қиял деп аталады. Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.


Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж.Аймауытов).
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.

3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі.



  1. жүктеу 35,86 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау