Таќырып: Деректану пјні



жүктеу 1,65 Mb.
бет3/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,65 Mb.
#15376
1   2   3   4   5   6   7   8

тарихының көрініс табуы.

1. Ерте орта ғасырлардағы қытай хроникалары Қазақстан тарихының деректері ретінде.

2. Мин әулетінің билігі тұсында жазылған тарихи еңбектердегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер.

1. Ерте орта ғасырлардағы қытай хроникалары Қазақстан тарихының деректері ретінде. Ұлы Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. «Тан әулетінің ескі тарихын» («Цзю Таншу») Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде – авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» («Синь Таншу») Сун дәуірінде (1043-1060) Қытайдың көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Сю (1007-1072) бастаған авторлар ұжымы жазған. Тан әулетінің тарихы жөніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен қателер көп табылуына байланысты жазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түргештер, олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының, Түргеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды. Ертедегі дәуір мен біздің заманымыздың VIII ғ. дейінгі Орталық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихының негізгі арқауын нақ қытай деректері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе усундердің, кангюйлердің, ежелгі түріктердің, түргештердің, қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.

Орталық Азияға саяхатшылардың жазбалары Тан әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты дерек болып қала береді. «Синь Таншу» мен «Цзю Таншуда» Жетісуға Шығыс Түркістан қалалары арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының желісі: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген. Алайда, олардың ішінде Буддаға тәуап етуші Сюань Цзан (596-664 ж.ш.) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған шығарма «Ұлы Тан әулеті кезіндегі батыс өлкесі туралы жазбалар» («Да Тан Сиюйцзи») деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Науакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол қаған сарайын, түрік тайпалары мен т. б. тайпалардың кәсібін және әдет-ғұрпын суреттеген.

Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры монғол дәуірінде толыға түсті, бұл кезде қытайлардың география мен этнография бойынша түсініктері едәуір кеңейді. Бұл – «Сопы Чан Чунның Батысқа саяхаты туралы жазбалар» («Чжан Чунь чжэнь және Си юцзи»). Чан Чунь Солтүстік Қытайдан Орта Азияға 1220-1224 жж. Шыңғыс хан жорықтары кезінде саяхат жасаған, саяхатшы Жетісу, Шу және Талас аңғарларымен жүріп өтіп, жергілікті тайпалардың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысуын суреттеген. Басқа бір «Батысқа саяхат суреттемесін» билік етуші Ляо (қидан әулеті) үйінің ұрпағы Елюй Чуцай жазған, ол Шыңғыс хан Орта Азияға жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді. Елюй Чуцай монғол ханы жаулап алған халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқымен жақсы таныс болған.

2. Мин әулетінің билігі тұсында жазылған тарихи еңбектердегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнықты (1368-1644). Орталық Азияда Мин империясы жыл өткен сайын күшейе түскен Жоңғар хандығына қарсы, Хэси қуысы және Тянь-Шань арқылы әмір Темірдің иеліктеріне дейін баратын Жібек жолының бір бөлігін бақылау құқығы үшін күрес жүргізді. Қытай деректерінен «қазақ» этнонимі қытай мемлекетінің XVII ғ. алдындағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты ғана табылды.

Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстанның жекелеген жерлері әр түрлі мемлекеттердің құрамына кіріп, Қытайдың Мин және Цин империялары иеліктерінің ұлғаюына қарай олардың сыртқы саяси байланыстары аясына тартылып отырды.

Аталған кезеңнің негізгі деректері мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») және «Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо»). Қалған деректер: Моғолияға, Моғолстанға, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолаушыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде Қытайдың ең басты ресми еңбектерінің бәріне кірген, олардың ерекшеліктері – Мин империясы күйрегеннен кейін жазылғаны.

«Мин әулетінің тарихы» («Мин ши») Қытайдың 25 әулеттік тарихының – дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы жазған және 1645-1735 жж. қамтиды. Көп томдық еңбектің 332 тараудан 220 тарау орама (цзюань) енетін соңғы бөлімінде Орталық Азия (Си юй) мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материал бар. Орталық Азия мемлекеттерінің өз аумақтарының көлемі, саяси маңызы және әскери күш-қуаты жағынан кем түспегеніне, тіпті қытай мемлекетіне елеулі қауіп төндіргеніне қарамастан, деректерде олар сыңаржақтылықпен Қытайдың «сауда вассалдары» ретінде көрсетілген.

«Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») – көптеген императорлар билік жүргізуінің хроникасы, онда олардың жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықтарына қарсы соғыс қимылдарының әзірленуі мен барысының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.

«Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо») – тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. 79-шы және 80-ші орамалар (цзюаньдар) Мин империясының солтүстік, солтүстік-батыс және батыс жағында орналасқан елдерге: Орта Азия, Шығыс Түркістан және Монғолия мемлекеттеріне арналған. Бұл дерек де оқиғаларды баяндағанда сыңаржақтылығымен және Қытайды орталық деп көрсетуімен сипатталады. Орта ғасырлардағы қытай деректері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды болып есептеледі.

Қытай деректері белгілі мұсылман деректерін өзінің жүйелілігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1) Ерте орта ғасырлардағы қытай хроникалық жазбалары мен қытай саяхатшыларының жолжазбаларында түрік тайпаларының тарихына қатысты қандай мәліметттер берілген ?

2) Қытай деректеріндегі «қазақ» этнонимі қандай мәселелерге қатысты жазбаларда кездеседі ?

3) Орта ғасырлардағы қытай деректеріне қандай сыңаржақтылық тән болып келеді және оның себебі неде ?


VII тақырып: Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бойынша парсы тіліндегі деректер.

1. Монғол жаулап алушылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы тарихы туралы деректер.

2. Темір әулеті мемлекетінің тарихына байланысты жазылған шығармалар.

3. Қазақ хандығының тарихы бойынша парсы тілді деректер.

4. Шайбани әулеті ортасының ортаазиялық парсы тілінде жазылған шығармалары.

Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихы жөнінде нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, мемуарлық, географиялық еңбектерде аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректер ақпараттарының дәрежесі әр түрлі, Мауараннахр, Иран және Шығыс Түркістан авторларының неғұрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатысты.

1. Монғол жаулап алушылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы тарихы туралы деректер. Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алуын зерттеуде басты дерек − Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-и джахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы») деген еңбегі (1260 ж). Автор Түркістанға, Ұйғырияға, Монғолияға өзі барып, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдария бойындағы қалалардың талқандалуы туралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей ұлыстарының Қазақстан аумағында орналасуы, ХІІІ ғ. ортасында Шағатай ұлысында болған қырқыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.

Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами'ат-таварих» («Жылнамалар жинағы», 1310-1311 жж.) деген тарихи еңбегі ХІІ-ХІІІ ғғ. монғол және түрік тайпаларырының тарихы жөніндегі елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған елдердің тарихи шығармалары, оқиғаларға қатысушылардың материалдары алынған. Әдет-ғұрыптар, діни наным-сенімдер, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жинағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда-Ежен ұлысының тарихы, Жошының басқа да ұрпақтарының генеалогиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген.

Рашид ад-Диннің мәліметтері бұл тақырыпты кейінгі уақытта дамытқан көптеген авторлар үшін негіз болды. Олардың ішінде беймәлім автордың 1426-жылы Темір ұрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Ұрұс хан мен оның ұрпақтарының шежіресі келтірілген «Муиз әл-ансаб фи шаджарат салатин могул» деген еңбегін атап өткен жөн.

2. Темір әулеті мемлекетінің тарихына байланысты жазылған шығармалар. XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін нарративтік тарихи еңбектер негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Оларда Темір мен оның ұрпақтарының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетіліп қоймай, сонымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылық, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материалдар да көп.

Зерттеушілер әмір Темір әулетінің уақыты туралы түпнұсқа деректерді екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректер жатады. Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар – бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Еуропаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай-ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелейтін авторлар (армян, грузин деректері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади соңғы топқа жатады.

Хронологиясы жағынан әмір Темірдің іс-әрекеттері туралы хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесі» болды, ол хижра бойынша 806-жылға (1403-1404 жж.) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет етуге көшкен, оның жорықтарында еріп жүріп, кеңсе қызметін атқарған. Ол өз еңбегінде ресми құжаттарды, Темірдің жеңістері туралы мәлімдемелерді, сол дәуірдегі оқиғаларға қатысушылардың әңгімелерін, Темірдің ұйғыр хатшысы жазған хроникаларды пайдаланған. Шамидің XIV ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Ұрұс хан мен Тоғылық-Темір ханға қарсы күресіне қатысты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы шаруашылықтың жай-күйі жөнінде деректер келтірілген, өлкенің тарихи географиясын зерттеуге арналған материалдар бар. Низам ад-дин Шами шығармасының парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығарған. Екінші томында оның еңбегіне түсініктеме, сондай-ақ Хафиз-и Абрудың «Зубдат ат-таварих» деген шығармасынан үзінділер бар.

Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-намесі» әмір Темірдің өмірі мен қызметінің мейлінше толық ресми тарихы болып табылады, ол Низам ад-дин Шамидің еңбегі, түркі тілді «Манзума-йи түрки» хроникасы, күнделіктер, ресми құжаттар, оқиғаларды көзімен көргендердің айғақтары негізінде жазылған. Шами сияқты, Йазди де Темірдің бағындырылған елдердегі қатыгездік әрекеттерін бүгіп қалмайды, бірақ Шамиден ерекшелігі, ол бұл әрекеттерді мадақтаудан шаршамайды. Йаздидің еңбегі Шахрухтың ұлы Ибраһим сұлтан кезінде, 1419-1425 жж. аралығында жазылғанымен, ол Темірді дәріптеу болып табылады. Мұндай шығармаға Темір немесе оның ұрпақтары болашақ ұрпақтар үшін есте қалдырғысы келетін оқиғалар ғана тапсырыс бойынша енгізілген. Оқиғалар соған сәйкес түсіндірілетін. Сондықтан, Йазди мен оның ізашары жазғанның бәрін бұдан бұрынғы отандық әдебиеттегі «тарихи шындыққа» сәйкестендіру туралы айту дұрыс болмас еді.

Шараф ад-дин Әли Йаздидің шығармасында XIV ғ. соңғы үштен бірінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда болған саяси оқиғалардың егжей-тегжейі, әмір Темірдің осы аудандар мен Тянь-Шаньға жасаған жаулап алушылық жорықтарының бағыттары келтіріледі. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы мемлекетті Моғолстан, «Моғолдар елі», «Моғолдар ұлысы» деп атаған Низам ад-дин Шами мен Хафиз-и Абрудан айырмашылығы, Шараф ад-дин Әли Йазди оны «Жете» деп менсінбеген терминмен ғана атайды. Йазди әмір Темірдің алдына бұл өлкені қаңыратып, күйзелту мақсатын қойғанын, оның жергілікті билеуші топтарды бағындыруы тиіс екенін атап көрсетеді. Автор Ақ Ордада да, Моғолстанда да біртұтас билік болмағанын сипаттайтын көп мәліметтер келтіреді. Темірдің жергілікті көшпелі және жартылай көшпелі халықпен шайқастарда оңай жеңіп шығуына бұл да көмектескен. Қазақстанның мал шаруашылығын, Ақ Орда мен моғол хандарының әскери ұйымын және Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың байырғы халқы өмірінің басқа жақтарын сипаттайтын деректер келтіріледі.

Му'ин ад-дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерттеу үшін құнды дерек болып табылады. «Ескендір анонимі» деген атаумен бұл еңбекті ғылыми айналымға В. В. Бартольд енгізіп, оған бірнеше мақаласын арнады. Одан Шығыс Дешті Қыпшақтың, атап айтқанда, Ақ Орданың тарихы жөніндегі материалдар, В. Г. Тизенгаузеннің басылымында келтірілген. Баспагерлер бұл деректің «көптеген құнды мәліметтерінің» бірегейлігін, айқындылығын, мұны орыс жылнамаларының деректерімен салыстырғанда расталатынын атап өткен.

Му'ин ад-дин Натанзидің еңбегі хижра бойынша 815-816 жж. (1412-1414) Әмір Темірдің немересі Ескендірдің өтінуімен жазылған. Автордың монғол және ұйғыр деректерін пайдаланғаны оның Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың, Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде хабарлаған мәліметтерінен байқалады. «Мунтахаб ат-таварих-и Му'иниде» Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде басқа деректерде қайталанбайтын бірегей материал бар. Моғолстандағы тайпа үстем топтарының, әсіресе Қамар ад-дин дуғлаттың орталық хан билігіне қарсы күресі туралы, Қызыр-қожа ханның экономикалық саясатының кейбір жәйттері туралы мәліметтері қызықты. Му'ин ад-дин Натанзи шығармасының парсыша мәтіні 1957-жылы Тегеранда басып шығарылды.

1423-жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырысы бойынша Хафиз-и Абру төрт томдық «Маджма ат-таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Арнайы «Зубдат ат-таварих-и Байсункари» деп аталған төртінші томы материалдарының Қазақстан тарихына қатысы бар. Ол түпнұсқа Шами мен Натанзи шығармаларының негізінде, бірақ ғасырдың одан кейінгі ширегі үшін, 1428-1429 жылдарға дейін, яғни алғашқы Темір ұрпақтары заманына арналған. Ұлықбектің Моғолстан ханы Мұхаммедке қарсы жорығы туралы, сондай-ақ Темір ұрпағы Шахрухтың XV ғ. 20-шы жылдарында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы арқылы Қытайға жасаған елшілігі туралы мәліметтер назар аударарлық. Моғолстан арқылы өткен жолды суреттеуде өлкенің тарихи географиясы жөнінде деректер бар.

Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғ. 2-ші жартысындағы шығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла'ас-са'даин ва маджма'әл-бахрайны» бар. Онда Иран мен Орта Азияның Хулагу және Темір ұрпақтарының 1304-жылдан 1471-жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғғ. шебіндегі Ақ Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректердің ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.

Мұхаммед Хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498) «Раузат ас-сафа» деген еңбегінің алтыншы томында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның XV ғ. 20-шы жылдарынан басталатын тарихы жөнінде көлемді материал жеткілікті. В. В. Бартольд оның деректерін Ұлықбектің Моғолстанға жоғарыда аталған жорығын сипаттауға арналған жазбаларында келтірген. Мирхондтың бұл томының неғұрлым ертеректегі мәліметтері Темір мен оның ұрпақтарына, олардың Қазақстан аумағындағы саясаты на арналған. Оқиғаларды баяндауда, мысалы, Ұлықбектің нақ сол Моғолстанға жорығын суреттеуде және бұл мемлекеттің ішкі жағдайын көрсетуде орын алған, неғұрлым егжей-тегжейлі, еш жерде қайталанбайтын қиғаштықтар Мирхондтың әлдебір жоғалып кеткен түпнұсқа деректерді пайдаланғанын көрсетеді.

Темір ұрпақтарының тарихнамасында осы әулеттің өкілдері жазған еңбектер да бар. Бұлар – түркі тіліндегі, Әмір Темір шығарды деп саналатын «Темір ережелері» мен «Тарих-и арба улус», яғни төрт монғол ұлысының тарихы. Екінші шығарма Ұлықбек мырзаның басшылығымен және қатысуымен жазылған. Ұлы астроном-ғалымның бұл тарихи еңбегіндегі Жошы мен Шағатай ұлыстары туралы материалдар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына тікелей қатысты. Ұлықбек Шағатай ұлысындағы 28 ханның және Жошы ұлысындағы 39 ханның есімдерін келтірген. Б. А. Ахмедовтің пікірінше, ХІІІ ғ. басында-ақ «өзбек» терминінің пайда болуы туралы, оның XIV ғ. Дешті Қыпшақтың батыс бөлігінде этноним ретінде қолданылғаны туралы мәліметтер ерекше құнды болып табылады.

3. Қазақ хандығының тарихы бойынша парсы тілді деректер. XVI ғ. белгілі тарихшы және әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» деген шығармасы XIV-XVI ғғ. басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақта өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі – Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы дерек болып есептеледі. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған.

Шонжарлардың жоғары топтарына жататын Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) Моғолстанның аса ірі тайпаларының бірінен шыққан. Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары – дуғлат тайпасының әмірлері мен бектері – Моғолстан мемлекетіне кірген Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси тарихында аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, ұлысбектер болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзі 1512-1533 жж. Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтің сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. Ол жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Мұхаммед Хайдар түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, мұсылман тарихнамасына «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбектің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жж. Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазылған. Екі бөлімнен – дафтарлардан тұрады.

Бірінші дафтар моғолдың шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан тұрады, онда Мұхаммед Хайдар Дулати әмір Болатшы 1348-жылы Тоғылық Темір ханды таққа отырғызған уақыттан бастап, Абд ар-Рашид ханның 1533-жылы Қашғарияда (Моғолияда) билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баяндаған.

Екінші дафтар автор 1541-жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы өмірбаяндық материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сұлтан Сайид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514-жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақтарында – Жетісу мен Тянь-Шань өңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы мәліметтер бар. Екінші дафтарда XV-XVI ғғ. шебінде Орта Азияда, Шығыс Түркістанда, Ауғанстанда, Үндістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған.

Мұхаммед Хайдар өз еңбегін моғолдар, атап айтқанда, өз бабалары – дуғлат әмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дуғлаттардың қолы жететін ресми мемлекеттік құжаттарға негіздеген. «Тарих-и Рашиди» деректерінің арасында замандастары мен оқиғаларға қатысушылардың айғақтары маңызды орын алады. Мұхаммед Хайдар өзінің ізашарлары – Жамал ад-дин Қаршидің, Жувейнидің, Рашид ад-Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің және басқа да адамдардың тарихи еңбектерін пайдаланған.

«Тарих-и Рашиди» – XIV ғ. 2-ші жартысы – XV ғ. басындағы Моғолстанның және XVI ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қашғарияның Шағатай ұрпағынан шыққан хандарының тарихы жөніндегі ғана емес, сонымен қатар дуғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігінде (Маңлай Сүбе) билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа дерек. Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және басқалардың тарихы жөнінде бірегей материалдар бар. Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі туралы хабарланады, олардың этникалық сана-сезімін қабылдау себептері туралы пікірлер айтылып, қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен, моғол хандарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, ойраттардың әміршілерімен өзара қатынастары айтылады.

Мұхаммед Хайдардың шығармасы медиевистикада кеңінен мәлім. Оны XVI-XVII ғғ. көптеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасырлардағы Орталық, Орта Азия тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде пайдаланды. «Тарих-и Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік тіліндегі аудармаларда сақталған. Ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармалары жарияланған.

Шах-Махмұд Шорастың «Тарих» деген шығармасы қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім және Жәңгір кезіндегі XVI-XVII ғғ. қазақ-моғол қатынастарының тарихы жөніндегі түпнұсқа болып табылады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиі» сияқты, Шах-Махмұд Шорастың «Тарихы» да Шығыс Түркістанның (Моғолстанның және 1514-жылдан Моғолияның) Шағатай ұрпақтарына арналған деректер тобына жатады. Дулаттар тарихын жазған Мұхаммед Хайдардың үлгісімен, Шах-Махмұд Шорас өз еңбегін өзі туған шорас тайпасының тарихына арнаған. Құрама бөлігі «Тарих-и Рашиди» негізінде, Абд ар-Рашид ханның уақытына (1533-1560 жж.) немесе, дәлірек айтқанда, «Тарих-и Рашиди» біткен уақытқа дейінгі кезең негізінде жасалған. Одан кейінгі, XVII ғ. 70-ші жылдарына дейінгі уақыт түпнұсқа, көз көргендер мен автордың мәліметтеріне негізделген. Бұл бөлімнің жалпыға бірдей тарих, энциклопедиялар сипатындағы неғұрлым ертедегі үш шығармаға еш қатысы жоқ, ал оларда да Шығыс Түркістандағы моғол мемлекетінің әміршілері туралы мәліметтер бар. Бұлар – Әмин Ахмет Разидің «Хафт иклим» (1593-1594 жж.), Хайдар ибн Әли Разидің «Тарих-и Хайдари» (1611-1618 жж.) және Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар» (шамамен 1640 ж. аяқталған) деген шығармалары. Шах-Махмұд Мырза Фазил Шорастың шығармасы шамамен 1676-1677 жж. жазылған. Ол XVI-XVII ғғ. қазақ-моғол өзара қатынастарының жекелеген жағдайларын көрсетеді.

Бұл мәліметтер ұқсас, бірақ олар жоғарыда аталған деректердің мәліметтерімен (уақыты, хандардың есімдері, шайқастар өткен жерлер және т.б. егжей-тегжейлер жөнінен) сәйкес келмейді. Олар Абд ар-Рашид ханның орталық және батыс Моғолстанда, Жетісуда моғол әміршілерінің билігін қалпына келтіру, бұл жерлерден қазақтарды ығыстырып шығару әрекеттеріне қатысты. Шах-Махмұд Шорас Есім ханның Шалыш пен Турфан әміршісі Абд ар-Рахимнің Жаркенттегі орталық әміршімен күресіне қатысқаны туралы айтады. Қазақ хандығының Моғолиямен дипломатиялық қатынастары туралы айтқанда қазақ ханы Жаһангер бастап, оның ұлы, кейін атақты хан болған Тәуке сұлтан қатысқан елшілік туралы мәліметтер ден қоюға лайық.

4. Шайбани әулеті ортасының ортаазиялық парсы тілінде жазған шығармалары. XV ғ. 2-ші жартысы – XVI ғ. үшін Моғол және Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректер негізгі дерек көзі болып табылады. XVI ғ. Орта Азияда ең алдымен Мұхаммед Шайбани хан мен оның атасы Әбілхайыр ханның, ал ғасырдың екінші жартысында Абдаллах ханның қызметі баяндалатын шайбанилік тарихнама шығармалары көп мөлшерде жазылды. Темір ұрпақтарынан Мауараннахрды жаулап алған Мұхаммед Шайбани өз жағына өткен Темір ұрпақтары мектебінің әдебиетші, тарихшы қайраткерлеріне өзінің ерліктерін, өзінің ата-бабалары – Шайбани ұрпақтарының әрекеттерін тарихи шығармалардың беттерінде көрсетуді тапсырған.

Әдебиетші, «тәжік өлеңінің керемет шеберлерінің бірі» Камал ад-дин Бинаи (1453-1512 жж.) Мұхаммед Шайбани ханға қызмет етіп, 1504-1510 жж. арасында оған арнап «Шайбани-наме» және «Футухат-и хани» деген екі тарихи еңбек жазған. Камал ад-дин Бинаи Мұхаммед Шайбанидің жастық шағынан бастап, Мауараннахрда Темір ұрпақтары мемлекетінің құлауына дейінгі (1502-1503) өмір жолын баяндаған. Ол Темір ұрпақтарының күйреуіне Мұхаммед Шайбанидің әскери күші мен қолбасшылық талантынан гөрі, Орта Азияның бұрынғы билеушілері мен шонжарларының арасындағы өзара қырқыстар мен кикілжің себеп болғанын көрсеткен.

Бинаи Әбілхайыр ханнан кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдай туралы, оның ұлы Шайх Хайдар ханның билікті қолдан шығарып алғаны туралы, оған Жошы ұрпақтарының, соның ішінде қазақ хандары Керей мен Жәнібектің, сондай-ақ маңғыт мырзаларының қарсы шыққаны туралы, Сырдария өңірі қалалары аймағында ықпал жасау жолындағы күрес туралы сөз етеді. Түркістанның Отырар, Сығанақ, Сауран қалалары туралы материалдары, сондай-ақ Дешті Қыпшақтың құсшы, қоңырат, қият, найман, күрлейіт, маңғыт тайпалары және өзбек, қазақ, башқұрт және басқа да түркі тілдес халықтарының құрамына кірген тайпалар туралы мәліметтері құнды.

Молла Шадидің өлеңмен парсы тілінде жазылған «Фатх-наме» («Жеңістер кітабы») еңбегі 1501-жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды. Оның мазмұнында шайбанилер тобының басқа шығармаларында жоқ бірқатар мәліметтер, мысалы, Әбілхайырдан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жәдігер ханның билік етуі туралы хабар бар. Дастан мәтінін аударушы және зерттеуші В. П. Юдин өз еңбегі үшін Молла Шади қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда, хандар мен олардың серіктерінің өздері ауызша айтқан әңгімелерін пайдаланған деп топшылайды.

Шайбанилік тарихнама қатарында Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды түпнұсқа еңбек – Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің «Михман-наме-йи Бухара» («Бұхар мейманының кітабы») деген еңбегі ерекше орын алады. Ибн Рузбихан Хиджаз бен Египетте білім алып, көрнекті діни ғалым әрі әдебиетші болды. Кейін ол XV ғ. аяғы – XVI ғ. басындағы Иран мен Орта Азияның бірқатар билеушілерінің сарайларында жоғары қызметтер атқарды. Әзербайжандағы Ақ-Қойынлы әулетінің тарихына арналған «Тарих-и аламара-йи Амини» деген тарихи шығарма жазды. 1504-жылы Шах Исмаил Сефевидің әскерлері сунниттерді талқандағаннан кейін Ибн Рузбихан Ираннан кетіп, Мауараннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына барды. Жорықтарда оған еріп жүріп, ханмен діни ілім сайыстар мен әңгімелерге қатысты.

Ибн Рузбиханның «Бұхар мейманының кітабы» еңбегі Мұхаммед Шайбани ханның 1508-1509 жж. қазақтарға қарсы жорығына әзірлік пен жорықтың өзіне арналған. Шынына келгенде ол XV-XVI ғғ. шебіндегі қазақтар мен көшпелі өзбектердің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси өмірінің көптеген жақтарын емін-еркін сипаттайтын замандастың нақты айғақтары болып табылады. Ибн Рузбиханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының этникалық құрамы, Қазақстан мен Орта Азия халқының сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығының билеушілері мен шайбанилердің өзара саяси қатынастары туралы мәліметтері ерекше.

Дешті Қыпшақ пен Түркістан жөніндегі тарихи-географиялық материалдар қызығушылық туғызады. Оңтүстік Қазақстанның Сырдария өңіріндегі қалалары туралы мәліметтер ерекше маңызды. Олардың көпшілігіне – Түркістанға, Сауранға, Аркөкке және басқаларына ол өз еңбегінің көптеген беттерін арнаған. Ибн Рузбиханның шығармасы 1962-жылы Тегеран қаласында басылып шығарылды.

Шайбанилік тарихи әдебиет арасында Масуд ибн Осман Кухистанидің «Тарих-и Абулхайр-хани» деген жалпыға бірдей тарихы, атап айтқанда, оның 1428-1468 жж. Шығыс Дешті Қыпшақта билік еткен көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихына арналған тұпнұсқа бөлігі маңызды орын алады. Шығарма 1543-1544 жж. Әбілхайыр ханның немересі, Самарқандта 1540-1551 жж. билік еткен Абд ал-Латиф ханның тапсыруымен тәжік (ортағасырлық парсы) тілінде жазылған.

Масуд ибн Осман Кухистанидің Әбілхайыр ханның заманы туралы мәліметтерінде оның билік ете бастаған кезі, Қазақстанның далалық аймақтарындағы Жошыдан тараған сансыз көп қарсыластарымен соғыстары, Хорезм мен Сырдария өңірі қалаларын жаулап алуы, Мауараннахрдағы Темір ұрпақтарымен өзара қатынастары туралы айтылады. Шайбани ұрпақтары дәріптелетін басқа шығармалардағы сияқты, Масуд Кухистанидің еңбегінде де барлық материалдың едәуір дәрежеде сыңаржақ таңдап алынғанын, ол Шайбанилердің даңқын, олардың далалық аумақтарға ғана емес, сонымен қатар Түркістан қалаларына, Хорезмге, Мауараннахрға дәмелерінің заңдылығын дәлелдеуге тиіс болғанын атап өткен жөн. Солай бола тұрса да, зерттеушілер бұл деректерді олардың этносаяси сыңаржақ бағдарда екенін (мысалы, оларда қазақ әміршілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістан жерлеріне құқықтары туралы ешнәрсе айтылмайды) ескере отырып пайдаланып келеді.

Зайн ад-дин Васифидің «Бадаи әл-вакаи» («Ғажайып оқиғалар») деген мемуары XVI ғ. 1-ші жартысындағы Орта Азия халықтарының қоғамдық, мәдени өмірінің, тұрмысының көптеген жақтарын көрсететін маңызды түпнұсқа дерек болып саналады. Васифидің шығармасында Қазақстан тарихы жөнінде – Шайбани ұрпағы Ұбайдаллах ханның қазақтарға жасаған жорығы туралы маңызды мәліметтер және «Қазақтарды жеңу туралы мәлімдеме» (1537 ж.) бар. Бірақ оның Сырдария бойы қалалары өмірінің түрлі жақтары туралы, мысалы, Саурандағы медресе құрылысы туралы, сол қаланың төңірегіндегі суландыру жүйесі туралы, вакфтық жерлер және т.б. туралы мағлұматтары ерекше маңызды.

XVI ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед Бұхаридің «Шараф-наме-йи шахи» («Шахтар даңқы кітабы») деген еңбегінің маңызы зор. Автор шайбанилік ІІ Абдаллах ханға қызмет етіп, оның әскери жорықтарын, Орта Азия мен көршілес өлкелерде болған оқиғаларды егжей-тегжейлі жазып отырған. Абдаллах өзінің шайбанилік мемлекетті біріктіру жолындағы күресінде көршілес билеушілердің, атап айтқанда қазақ ханы Шығай мен оның ұлы Тәуекелдің әскери күштерін пайдаланған. Қазақтардың Сырдария өңірі қалалары үшін күресі туралы мәліметтер ден қоюға лайық. Абдаллах ханның Сарысуға дейінгі қазақ жеріне жасаған жорығын суреттеуден қалалардың және далалық аумақтың экономикалық жағдайы туралы әр түрлі материал, этногеографиялық деректер алуға болады.

Махмұд ибн Әмір Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» («Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялар») деген энциклопедиялық еңбегінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі және құнды материалдар бар. Автор XVII ғ. 1-ші жартысында өмір сүрген, Балхта туған, көп саяхат жасап, Үндістанда болған, кітаптардан, білімді адамдармен сұхбаттардан толып жатқан ғылыми мәліметтер жинаған. Аштархани Нәдір-Мұхаммед шахтың тапсыруымен өзінің негізгі еңбегін – космография, география, жалпы тарих жөніндегі жеті томдық «Бахр әл-асрар» шығармасын жазған.

Алтыншы томында Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы баяндалады. Томның екінші бөлімінде Мауараннахрдағы, Моғолстан мен Шығыс Түркістандағы Шағатай ұрпақтарының 1641-жылға дейінгі тарихы айтылған. Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының тарихы – үшінші, аштархандықтар – төртінші бөлімде. Соңғы бөлімнің көптеген материалдарының Қазақстан тарихына, әсіресе Орта Азиямен XVII ғ. алғашқы онжылдықтардағы қарым-қатынастары тарихына қатысы бар, Махмұд ибн Уәлидің мәліметтері оқиғаларды көзімен көргендер мен қатысушылардың айтқандарына негізделген. Қазақ сұлтандары Есім мен Тұрсынның егестері туралы, Есімнің ойраттарға қарсы жорығы, Имамкули ханның Ташкент пен Түркістанды Есімге беру туралы деректер мен басқа да материалдар ынта-ықылас туғызады.

Махмұд ибн Уәлидің Жошы және Шағатай ұрпақтарының тарихы жөніндегі мәліметтері Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Қазақ хандығының тарихына қатысты; тарихи география, атап айтқанда, Сырдарияның орта ағысы өңіріндегі қалалардың сипаттамасы жөніндегі материалдар зор ықылас туғызады. Бұл деректі ғылыми айналымға бірінші рет В. В. Бартольд енгізген.

М. Х. Әбусеитова XVI ғ. 2-ші жартысындағы Қазақ хандығын зерттеу үшін келтірген деректерінің тобында қазақ хандары мен сұлтандарының шайбанилермен, содан соң XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басындағы Мауараннахрдың аштарханилерімен қарым-қатынастары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер бар. Ол бұл деректерге сипаттама берген, олардың арасында Мұхамедия ибн Араб қатағанның «Мусаххир әл-билад», Молла Шараф ад-диннің «Тарих-и Майид Раким», Ескендір Муншидің «Тарих-и аламара-йи Аббаси», Хасан-бек Румулдың «Ахсан ат-таварих» деген шығармалары және Орта Азия мен Иранның соңғы орта ғасырлардағы авторларының басқа да шығармалары бар.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1) Парсы авторларының еңбектерінде монғол жаулап алушылығы мен монғол үстемдігі кезеңіндегі Қазақстан тарихына қатысты қандай нақты мәліметтер берілген ?

2) Әмір Темір мен оның әулеті билік жүргізген кезең туралы түпнұсқа деректер қандай түрлерге бөлінеді? Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді анықтай отырып, сипаттама беріңіз.

3) Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің Моғолстан мемлекеті мен Қазақ хандығының құрылу тарихы жөніндегі тарихи дерек ретіндегі маңыздылығын ашып көрсетіңіз.

4) Шайбани әулетінің билік жүргізуі кезеңіне арналған парсы авторларының шығармаларындағы Қазақ хандығының тарихына, қазақ хандарының ұстанған саясатына қатысты нақты мәліметтерді анықтаңыз.

VIII тақырып: Қазақстан тарихы бойынша түркі тіліндегі



жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау