«ОРиДИ» «Жастық шағынан мүгедек болған балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі»



жүктеу 0,97 Mb.
бет1/2
Дата25.11.2017
өлшемі0,97 Mb.
#1566
  1   2

«ОРиДИ» - «Жастық шағынан

мүгедек болған балалар мен ата-аналардың

Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі»

қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының

№ 1 хаттамасымен 2016 жылдың 17 қыркүйегінде

БЕКІТІЛДІ

«ОРиДИ» - «Жастық шағынан мүгедек болған

балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі» қоғамдық бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1.1. «ОРиДИ» - «Жастық шағынан мүгедек болған балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі» қоғамдық бірлестігі ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуінен туған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ұйым.
1.2 «ОРиДИ» - «Жастық шағынан мүгедек болған балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – ОРиДИ) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы және осы Жарғы негізінде, сонымен қатар басқа мемлекеттер заңнамасының нормалары негізінде әрекет етеді.
1.3. «ОРиДИ» мүшелерінің теңдігі мен ерігі, өзін-өзі басқаруы, заңдылығы, есеп беруі және жариялылығы негізінде құрылады және әрекет етеді. Азаматтың қоғамдық ұйым қызметіне қатысуы немесе қатыспауы оның құқығы мен бостандығын шектеуге негіз бола алмайды.

1.4. Мемлекет «ОРиДИ» құқығын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді. «ОРиДИ» мемлекеттік органдармен ынтымақтасады және әрекеттеседі, келісімдер жасай алады және келісім бойынша заңнамамен ескерілген белгілі бір жұмыстар орындай алады. Заңнама актілерімен ескерілген жағдайда «ОРиДИ» мүддесін қозғайтын мәселелер «ОРиДИ» келіскен жағдайда мемлекеттік органдармен шешіледі.

1.5. Қоғамдық бірлестіктің атауы - «ОРиДИ» - «Жастық шағынан мүгедек болған балалар мен ата-аналардың Солтүстік Қазақстан облыстық мекемесі» қоғамдық бірлестігі.
1.6. «ОРиДИ»-дін басшылық ететін жұмыс органының тұрғылықты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Пушкин көшесі үй № 23, индексі 150000.

1.7. «ОРиДИ» қызмет мерзімі шектеусіз.

1.8 «ОРиДИ» Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен орнатылған тәртіпте заңды тұлға ретінде құқықтық қабілеті оны тіркеу күніне басталады, ол оқшауландырылған мүлікке ие, жеке балансы, жекеменшік мүлкі және қаражаты, дөңгелек мөрі және қазақ және орыс тілінде атауы бар бланктері, банктерде ағымдағы және басқа шоттары бар, оның қызметіне байланысты құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

1.9. «ОРиДИ» коммерциялық ұйым болып табылмайды.

1.10 «ОРиДИ» қызметі жарғылық міндеттеріне сәйкес Солтүстік Қазақстан аумағында таралады. Мәртебесі жергілікті.

2. «ОРиДИ» МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. «ОРиДИ» мақсаты: мүгедек-балалар, сонымен қатар олардың ата-аналары мен қамқоршыларының құқығы мен мүддесін қорғау, оларға әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу, оңалту орталығымен бірге ауру балаларды сауықтыруға көмектесу, оңалту орталықтарымен бірге нәрестелігінен мүгедек-балаларды, олардың ата-аналары мен қамқоршыларын қоғамдық, спорт және мәдени өмірге қатысуына көмектесу, оларды шамасына лайық еңбекке тарту.

2.2 «ОРиДИ» қызметінің мәні – ұйымның мақсаттарына және осындай қоғамдық ұйымдардың тәжірибесін пайдалануына сәйкес ұйым қызметінің бағдарламасын жасау.

2. 3. «ОРиДИ» міндеттері:

- жастық шағынан мүгедек-балаларды, олардың ата-аналарын немесе қамқоршыларын қоғам мүшелігіне, еңбекке жарамдыларды қоғам қызметінің жұмысына қатысуға тарту, мүгедек-балалар мәселесі және қоғам қызметі туралы кең насихат жүргізу;

- мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына заңнамамен бекітілген жеңілдіктерді алуға көмектесу;

- мүгедек-балалардың мәселелері мен мұқтаждықтары туралы мемлекеттік билік органдарына хабарлап отыру және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

- мүгедек-балалардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына жұмысқа орналасуға көмектесу, кәсіпорында немесе үйде жұмыс орындарын құруға қол жеткізу;

- қоғамға кіретін жастық шағынан мүгедек-балаларға, мүгедек-балаларды тәрбиелеп жатқан жалғыз басты аналарға, мүгедек-балалардың кәрі қамқоршыларына, жетім мүгедек балаларға көмек көрсету;

-қоғам мүшелеріне бірінші құқықтық көмек көрсету;

- Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережелерінің орындалуына қол жеткізу;

- жастық шағынан мүгедек-балалардың, олардың ата-аналарының және қамқоршыларының әлеуметтік қорғалуы туралы бағдарлама жасауға және жүзеге асыруға қатысу және оны орындау бойынша шешімдер қабылдау.

2.4. «ОРиДИ» жеке немесе бірлескен өндірістік кәсіпорындар құруға, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлерімен айналысуға ұмтылу керек.



Жоғарыда атап кеткен қызметтен түскен барлық қаражат Жарғылық мақсат пен міндеттерге бағытталады және «ОРиДИ» мүшелерінің арасында бөліне алмайды.
3. «ОРиДИ» ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. «ОРиДИ» Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен берілген өзінің өкілеті шегінде әрекет ететін басшы органдары арқылы құқық иеленеді және өзіне міндет жүктейді.

3.2. Жарғылық мақсат пен міндеттеріне жету үшін «ОРиДИ»:

-өзінің қызметі түрлері туралы мәлімет таратуға;

-сот пен басқа мемлекеттік органдарда, басқа қоғамдық ұйымдарда, өзінің мүшелерінің заңды мүдделері мен құқығын қорғау және өкілдік етуге;

-бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

ОРиДИ» жиналыстарын, митингтер, шерулер өткізуге;

-баспа қызметін жүзеге асыруға;

-халықаралық қоғамдық бірлестіктерге қатысуға;

-мүліктік және өзге де мүліктік құқықтарды иеленуге;

- заңнама актілерімен басқа қарастырылмаса басқа да заңды тұлғалар құруға құқылы.

ОРиДИ» мүмкіндігінше кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы мүмкін;

-филиалдар мен өкілеттіктер,құрылымдық бөлімшелер ашуға;

-Заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс,міндеттерінің бір бөлігін, оның ішінде өкілділік міндетінің оқшауланған бөлімшесі филиал болып табылады.Өкілдік болып оның тұрған орнынан тыс орналасқан, қорғауды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның мүддесін жақтайтын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, оның атынан келісімдер мен басқа да құқықтық әрекеттерді жасайтын заңды тұлғаның жеке бөлімі. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Олар заңды тұлға құрған әрекет негізінде оларға бекітілген тәртіп бойынша жұмысын атқарады

-ассоцияациялар мен одақтарға енуге;

-жарғыда ескерілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаржыны қолдануға;

Қазақстан Республикасының заңамасына қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3.3. «ОРиДИ» міндетті:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын, сонымен қатар Жарғымен ескерілген нормаларды сақтауға;

-орнатылған тәртіпте бюджетке салықтарды және де басқа міндетті төлеулерді төлеуге;

-өзінің мүмшелеріне олардың мүдделері мен құқықтарын қозғайтын шешімдер мен құжаттармен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

-өзінің мүшелеріне ақшалай қаражаттың түсуі мен шығындары туралы мәлімдеуге;

-тіркейтін органға үнемі әрекеттегі басшы органның мекенжайының өзгеруі туралы және басшылар туралы Ұлттық бизнес- сәйкестендірме нөмірлер тіркеліміне енетін мәлімет көлемінде хабарлап отыруға;

-ҚР заңнама актілеріне сәйкес жауапкершілік тарту;

- Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыруға;

- ҚР әрекеттегі заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
4. «ОРиДИ»-ге ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ МҮШЕЛІКТЕН ШЫҒУ, МҮШЕЛІК ТӘРТІБІ МЕН ШАРТЫ
4.1. Мүгедектік белгіленген сәттен бастап, тірек- қозғалыс аппараты және церебралды сал ауру диагнозмен зақымданған кәмелетке толмаған нәрестелігінен балалар ата-аналары, сонымен қатар нәрестелігінен мүгедек-балалар ата-аналары мен қамқоршылары, мүгедектігі жоқ Қазақстан Республикасы азаматтары және «ОРиДИ» қызметіне белсенді қатысатын Жарғыны мойындайтын шетел мемлекеттерінің азаматтары «ОРиДИ» мүшесі бола алады.

4.2. «ОРиДИ» мүшелігіне қабылдау:

-"ОРиДИ" төрағасына берген өтініш негізінде жеке іске асырылады.

4.3. «ОРиДИ» мүшесі мүшелікке кіру жарнасын енгізеді, сонымен қатар жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлейді, оның мөлшері «ОРиДИ» басқармасы шешімен орнатылады.

4.4. «ОРиДИ» мүшесі құқылы:

ОРиДИ» қызметінің барлық түрлеріне қатысуға;

- сайлау және басқару органдарына сайлануға;

-шешуші дауыс құқығымен жалпы жиналысқа, кеңесші дауыс құқығымен «ОРиДИ»-дің кеңейтілген отырысына қатысуға;

- «ОРиДИ» жұмысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;

- «ОРиДИ» қызметі бойынша мәлімет алуға;

- «ОРиДИ»- ден кеңестік немесе басқа көмек алуға;

- «ОРиДИ»-дің әрбір мүшесі берген өтініші негізінде «ОРиДИ» құрамынан еркін шығуға;

4.5. «ОРиДИ» мүшелері міндетті:

-осы Жарғының ережелерін сақтауға;

-жалпы жиналыстың Басқару шешімдері мен тапсырыстарын орындауға;

-мүшелік жарнаны мезгілінде төлеуге;

- «ОРиДИ» мүшелігіне қабылданғандар қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мүшелік жарнаны төлеу керек.

4.6. «ОРиДИ» құрамынан шығару және шығу тәртібі:

«ОРиДИ» мүшесі мүшеліктен жалпы жиналыс шешімі бойынша немесе басқарма шешімі бойынша мына жағдайларда шығарылады:

-Жарғыны үнемі бұзса;

-п4, п.п.4.1 анықтамасында баланың мүгедектік диагнозы сәйкес келмеген жағдайда;

-орнатылған мерзімде кіру (жылдық) жарна төлемесе;

4.7.«ОРиДИ»-дің әрбір мүшесі өз еркімен шығу туралы өтініш бере алады, бұл өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде жалпы жиналыс отырысында немесе басқарма отырысында қарастырылады. Өтініш беруші жалпы жиналыс отырысына немесе басқарма отырысына келмеген болса, онда бұл мәселе өтініш берушісіз қарастырылады. Шешім жиналысқа қатысқан «ОРиДИ» қоғам мүшелерінің көпшілік дауысымен, немесе басқарманың кеңейтілген отырысының көпшілік дауысымен қабылданады.

Төленген жарна қайтарылып берілмейді.
5. «ОРиДИ» ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТӘРТІБІ, ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІ

5.1. «ОРиДИ» басқару органдары болып табылатыны:

-жоғары басқару органы-Жалпы жиналыс;

-Орындаушы орган-Басқарма;

-бақылаушы орган-Тексеру комиссиясы;

5.2. Қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы- «ОРиДИ»-дің жоғары органы болып табылады, ол бір жылда бір реттен кем емес жиналады. Жиналысты күн тәртібі және мерзімі оның өткізу күнінен 1 айдан кеш емес мерзімде хабарланады. Кезектен тыс жиналыс

ерекше жағдайларда қоғамның мүшелерінің жалпы санынан үштен екі бөлігінің ықыласы бойынша шақырылады:

-Басқарма немесе Тексеру комиссиясы талабы бойынша;

- кезектен тыс жиналысқа материалды бастамашыл топ дайындайды;

-кезектен тыс жиналыс 7 күн бұрын жарияланады;

5.3. «ОРиДИ»-дің Жоғарғы органы тоқсанына бір рет шақырылатын қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Жиналысты өткізудің күн тәртібі 10 күннен кешіктірілмей хабарланады. Кезектен тыс жиналыс қоғам мүшелерінің үштен екісінің немесе Басқарма бастамасы бойынша ерекше жағдайларда шақырылады:

- Басқарма немесе Тексеру комиссиясы талаптары бойынша;

- кезектен тыс жиналысқа материалды бастамашылар дайындайды;

- кезектен тыс жиналыс 7 күн бұрын хабарланады.

5.4. «ОРиДИ» Жалпы жиналысы мүшелерінің құзыреттілігіне жатады:

- жарғылық құжаттарға өзгертулер мен қосымшалар енгізу;

-органдардың өкілеттігін тоқтату мен қалыптастыру тәртібін ұйыдастырушылық құрылымының құзіреттілігін анықтау, сонымен қатар бақылау органымен тексеруді өткізу тәртібі;

-атқарушы органдардың қаржылық есеп беруін жүйелігі мен тәртібін анықтау, сонымен қатар бақылау органымен тексеруді өткізу тәртібі және олардың нәтижесін анықтау;

-заңнама актілерімен орнатылған шекте бейкоммерциялық ұйымның басқа заңды тұлғалар қызметін құру немесе ұйымдастыру;

ОРиДИ» қызметінің түрлері мен негізгі бағыттарын анықтау;

ОРиДИ» мүшелерімен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін анықтау;

ОРиДИ» мүшелігінен шығару туралы шешімді бекіту;

-Тексеру комиссиясының есебін бекіту;

ОРиДИ» бюджетін анықтау;

ОРиДИ» Басқармасы мен Тексеру комиссиясын сайлау, оларды орнынан түсіру;

ОРиДИ» тоқтату немесе қайта құру туралы шешімді бекіту, тарату комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекіту;

ОРиДИ» мүшелері немесе өкілдері жалпы жиналысқа 1\2 қатысса, жиналыс құқылы болып есептеледі.

5.5. «ОРиДИ» мүшелерінің немесе олардың өкілдерінің 1\2 артық емес қатысқанда Жалпы жиналыс заңды болып есептеледі;

5.6. Жалпы жиналыспен мәселелерді шешу үшін жиналысқа қатысып отырған «ОРиДИ» мүшелерінің немесе олардың өкілдерінің жартысынан артық дауысы керек.

5.7. Жиналыстар арасындағы кезеңде «ОРиДИ» жұмысын Басқарма басқарады.

Басқарма:

ОРиДИ» жалпы жетекшілік етеді;

- «ОРиДИ» жарғысының орындалуын ұймдастырады, Жалпы жиналыстың шешімдері мен қаулыларын жүзеге асырады;

- үнемі мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзіндік басқару билігімен, коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдармен мүгедектер мәселесін шешу мақсатында және «ОРиДИ» мүддесін қамтамасыз ету мақсатында әрекеттеседі;

ОРиДИ» қызметінің қаржылық- шаруашылық мәселелерін шешеді, сонымен қатар жарғылық мақсаттарды кеңейтуге бағытталған заңнамаға қайшы келмейтін кәсіпкерлік сыртқы экономикалық немесе басқа қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар құру;

-өздерінің кәсіпорындарын құру, тоқтату және қайта құру туралы шешім қабылдайды;

-өтініштер, ұсыныстар, шағымдар қарастырады және оған жауап береді;

-жалпы Жиналыс алдында жауапты;

-төраға Жалпы жиналыста көпшіліктің қарапайым дауыс беруі арқылы сайланады;

-Басқарма отырыстары 3 айда 1 реттен кем емес мерзімде өткізіледі;

-2 жыл мерзіміне сайланады,2 жылға ұзартылады.

5.8. «ОРиДИ» Басқармасы Төрағасы:

- жалпы жиналыста көпшіліктің даусы арқылы сайланады;

- «ОРиДИ» мүддесін сенімхатсыз сотта, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, «ОРиДИ»-ге қатысты мәселелерді шешу кезінде мүгедектердің құқығы мен мүддесін қорғайды;

- қоғам Жарғысымен анықталған міндеттерді шешеді;

-шығын сметасын бекітеді;

- Басқарманың келісуі бойынша «ОРиДИ» мүлкі мен жабдықтарына сенімхат береді;

- Басқармамен бірге келісе отырып, белсенді қатысушы тұлғаларға сыйақы жүргізіледі және мүгедектерге материалдық көмек көрсетіледі;

- «ОРиДИ» барлық міндетті мүшелеріне бұйрық пен нұсқау береді;

- Төрағаның уақытша атқару қызметін оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі уақытқа тағайындай алады;

- «ОРиДИ» мүшелерінің алдында Жалпы жиналыста «ОРиДИ»-дің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жасалған жұмыстары бойынша есеп береді;

- Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша әрекет ететін өкілеттікті жүзеге асырады;

- 2 жылға сайланады, 2 жылға ұзартылады.

5.9. «ОРиДИ» Төрағасының қызметін бақылауды Жалпы жиналыспен сайланған Тексеру комиссиясы жүзеге асырады;

5.10. «ОРиДИ» Төрағасына, жалпы жиналыста сайланған Тексеру комиссиясы бақылау жүргізеді

5.11.Тексеру комиссиясының құрамына «ОРиДИ» мүшелерінің өкілдері немесе тартылатын аудиторлық ұйымдар/ мамандар енеді. Төраға Тексеру комиссиясының құрамына ене алмайды.



6. «ОРиДИ»-дің ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
6.1. «ОРиДИ» тексеру комиссиясы жалпы жиналыста жиналыспен орнатылған санда сайланады.

6.2. Тексеру комиссиясы бақылайды:

- «ОРиДИ» Жарғысын орындауды;

- «ОРиДИ» Басқармасының қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын;

- «ОРиДИ» жалпы жиналысының нұсқауларын мен шешімдерін орындауды, есепке алуды, есеп беруді және қадағалауды;

- «ОРиДИ» мүшелерінің өтініштері мен арыздарын қарастыру уақыттылығы мен дұрыстығын;

-тексеру комиссиясы өзінің жұмысында жұртшылықты, ал керек болған жағдайларда мамандарды тартады.

6.3.Тексеру комиссиясы:

- «ОРиДИ» басқармасының барлық отырыстарына қатысуға;

-тексеру нәтижесі бойынша «ОРиДИ» басқармасына ұсыныстар енгізу және нұсқау беру және оларды қарастыруды талап етуге;

- «ОРиДИ»-дің тексеру комитеті құқық қорғау органдарына «ОРиДИ» басқармасының қызметіндегі қаржылық-шаруашылық бұзу туралы мәселені қоюға және жауапкершілікке тартуға құқылы.

6.4.Тексеру комиссиясы көбінесе қоғамдық негізде жұмыс істейді. Тексеру комиссиясының тексеруді өткізу қызметіне байланысты барлық шығындар «ОРиДИ» басқармасы есебінен алынады.

6.5. Тексеру комиссиясы өзінің қызметі туралы «ОРиДИ»-дің жалпы жиналысында есеп береді.Тексеру комиссиясы 2 жыл мерзімінде сайланады 2 жылға ұзартылады.

7. «ОРиДИ» МҮЛКІ МЕН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
7.1. Ғимараттар мен құрылыстар, тұрмыстық үй қоры, жабдық, мүлік, мәдени-ағартушылық және сауықтандыру кәсіпорындары, ақшалай қаражат, акциялар мен басқа да құнды қағаздар қызметті материалдық қамтамасыз етуге керекті, «ОРиДИ» жарғысымен ескерілген басқа да мүлік «ОРиДИ» мүлкі бола алады.

7.2. «ОРиДИ» мүлкі және ақшалай қаражатының қаржыландыру көздері болып табылатыны:

-өндірістік-шаруашылық қызметтен, өткізілген көрмелерден, қайырымдылық алымдардан, концерт пен басқа шаралардан түскен табыс;

-теле-радио марафондардан, аукциондардан алынған табыс;

-мүшелік жылдық және бастапқы жарналар;

-діни ұйымдар мен қауымдардың ерікті қайырлары;

-азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, қорлардың ерікті жарналары мен қайырлары, сонымен қатар шетелдік;

- халыққа әлеуметтік көмек бөлімінен, облыстық және қалалық әкімшіліктен көмек;

-басқа да заңмен тыйым салынбаған табыстар.

7.3. «ОРиДИ» мүлкі оған жеке меншік құқығы негізінде жатады.

7.4. Барлық қаражат және басқа заңды құжаттар: чектер, банк тапсырмасы, вексельдер, келісімдер, шарттар, сенімхаттар тағы басқа құжаттар осы қызметке сайлану туралы хаттама негізінде, ол жөнінде ерекше келісімсіз «ОРиДИ» төрағасымен қол қойылады.

7.5.Қоғам өзінің міндеттері бойынша Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасына сәйкес төлеуге жататын өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді, «ОРиДИ» мүшелері «ОРиДИ» міндеттері бойынша жауап бермейді. «ОРиДИ» өзінің мүшелерінің міндеттері бойынша жауап бермейді.



8. «ОРиДИ» ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ ТӘРТІБІНІҢ ШАРТЫ
8.1. «ОРиДИ» қызметін тоқтату және қайта ұйымдастыру туралы шешім (бірігулері, бөлінулері, бөлісулері, өзгертулері, жалғасулары).

-жалпы жиналыс шешімі бойынша

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген жағдайда сот үкімі бойынша

қабылданады.

8.2. Егер қоғам мүшелерінің 1\2 мүшелері қатысқан жағдайда жалпы жиналыс құқылы болып табылады. Егер қатысқан мүшелерідің жартысынан көбі дауыс берсе, «ОРиДИ» қызметін тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы жалпы жиналыс шешімі қабылданды деп есептеледі,

8.3. «ОРиДИ» қызметін тоқтату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізу құқығы Басқармаға жатады. Басқарма 2 ай ішінде мүшелерге ескерту керек және жиналыс өткізу мерзімін белгілеу керек.

8.4. Тоқтату жағдайында тарату комиссиясы тағайындалады, олар бар мүлікті бағалайды, оның несиегерлері мен қарыз берушілерін анықтап, олармен есеп айырысады. Несиегерлердің талабын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік осы Жарғымен анықталған мақсаттарға бағытталады.
9. «ОРиДИ» ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ

9.1. Қаржылық-шаруашылық қызметтің талдауын және мемлекеттік бақылауды өткізу үшін «ОРиДИ» қызмет нәтижесінің есебін жүргізеді, заңнамамен орнатылған тәртіпте бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді жүргізеді.
10. «ОРиДИ» ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ
10.1.Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар «ОРиДИ» мүшелерінің Жалпы жиналысымен енгізіледі және бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген мерзімде және тәртіпте мемлекеттік тіркелуге жатады.
11.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1. Осы Ереже «ОРиДИ» Мемлекеттік тіркеу өткен сәтінен бастап күшіне енеді.

11.2. «ОРиДИ» қайта ұйымдастырылғанда және тоқтатылғанда Жарғы өзінің заңды күшін жояды.

11.3.Осы Жарғымен реттелмеген қатынастар қазіргі күші бар Заңнамамен реттеледі


«ОРиДИ» Төрайымы ______________________ Е. В. Долгушина





жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау