Токсогонин - 25% -1 мл ерітінді түрінде тері астына, немесе 250 мг күре тамыр арқылы жіберуге болады, жанама әсері жоқ.
2-ПАМ (10% пиридин 2 альдоксим метиодин хлорид) 30% -1 мл ерітіндісін б/е.
Патогенетикалық және симптоматикалық терапия
Патогенетикалық шаралар
Экстрапирамидалық синдромдарды есертке құрамы бар заттар (барба-мил) арқылы бетін қайыру. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлі-мінің қызметін күшейту (эфедрин, адреналин). Тұншығумен ( асфиксия) күре-су (оттегі терапияны жүргізу, жасанды тыныс алдыру).
Сиптоматикалық шаралар.
Спазмолитиктер арқылы бронхоспазмды жою (папаверин, эуфиллин), жүрек дәрілерін беру (камфора, кордиамин, кофейн). Тыныс алу орталығының қызметін қалпына келтіру (коразол, цититон). Уланудың ауырлығына байла-нысты ем шаралары талқыланады.
Жеңіл дәрежелі уланғанда: 1 мл афин, ішке папаверин мен қоса белла-дона немесе эфедрин (0,05 г) бронхоспазмды жою үшін, қажет болған жағдай-да қайталап 2 – 3 рет; оқыс түрде миоз пайда болған кезде 1% атропин ері-тіндісін 2 тамшыдан көзге.
Орта дәрежелі уланғанда: 1 мл афин немесе 0,1% 2 – 4 мл атропин ерітіндісін тері астына, дипироксим, изонитрозин бір ампуладан, симптома-тикалық заттар, оттегі.
Ауыр дәрежелі уланғанда: 2 -3 мл шприц – тюбиктегі афин немесе 0,1 % 4-6 мл атропин ерітіндісін тері астына.
Дәрілерді келесі үлгі бойынша біріктіріп беруге болады: 0,1% 3 мл атро-пин ерітіндісін күре тамырға немесе бұлшық етке және бір мезгілде 15% 1 мл дипироксим ерітіндісін б/е, ауыр жағдайда күре тамырға. Осы мөлшерде брон-хорея жойылғанша атропинды әрбір 5 - 6 минут аралығында жіберіп отыра-ды.
Қажет болған жағдайда дипироксимді әрбір 1 -2 сағат аралығында қай-талап жіберуге болады.
Изонитрозинді холинолитикпен біріктіріп жіберуге болады (немесе хо-линолитикпен дипироксимді бірге 3 мл б/е. к/т).
Бірінші медициналық көмек көрсетудуң негізгі ережесі, ол ағзаға түс-кен ФОЗ-дың әрі қарай уландыру әсерін тоқтатуға бағытталған жедел ша-ралар.
Бұл шараларға жататындар: Зақымданған ауада газқағарды киігізу, тез арада шприц-тюбик арқылы афин немесе будаксим жіберу, дем алудың бұзы-луында-жасанды тыныс алдыру және жартылай санитарлық өңдеуді өткізу.
Шприц-тюбиктің құрлысы және оны қолдану әдісі.
ФОЗ-мен уланғандарға көрсететін бірінші дәрігерлік көмек және оның көлемі.
Жартылай санитарлық өңдеу жүргізіліп, киім-кешектер ауыстырылады,
Афин, атропин антидоттары жіберіледі. Сіңірі тартылу кезінде – барба-мил еңгізеді, сілекейден тыныс алу жолдары тазартылады, қолдан тыныс ал-дырады, оттегі жіберіледі, зақымданудың ауыр түрінде жүрек-тамыр дәрісі еңгізіледі, асқазанды жуып сорбент беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |