Бірінші дәрігерлік және білікті медициналық көмек
ФОЗ-мен уланғандарға көрсетілетін бірінші дәріігерлік көмек брига-даның медициналық ротасында (БрМР) атқарылады. Жедел түрде жартылай санитарлық өңдеу атқарылып киімдер ауыстырылады. Қайталап шприц – тюбиктегі арқылы 1-2 мл афин, 0,1% 2-4 мл атропин б/е, к/т жіберіледі.
Холинэстеразаны жандандыратын заттарды жібереді: 15% 2-4 мл дип-роксим ерітіндісін, 40% 3 мл изонитрозин ерітіндісін к/т немесе б/е, ауыз құысын сілекей және басқа заттардан тазартады, психомоторлық көріністер пайда болған жағдайда - 3% 1,0 мл феназепам немесе 5% 5,0 мл барбамил ерітінділерін жібереді, ауыр дәрежеде уланған жағдайда жүрек және прессор-лық дәрілерді пайдаланады. 0,06% 1,0 мл коргликон немесе 0,005% 0,5 мл строфантин; 1,5% 2,4 мл этимизол б/е.
Этимизолдың транквилизаторлық қасиеті барлығынан, тыныс алу ор-талығына таңдаулы әсер етеді.
Изотоникалық натрий хлорид немесе глюкоза ерітінділерін күре тамы-рына (к/т) жібереді, керек жағдайда асқазанды зонд арқылы жууып, ад-сорбент ( белсендірілген көмір ұнтағын) береді.
Кейінгіге қалдыратын шаралар: көз қарашығы тарылған жағдайда, көзге 1% атропин немесе 0,5% амизил ерітіндісін тамшылау, антибиотиктерді беру, транквилизаторларды пайдалану.
Білікті медициналық көмек, жеке медициналық отрядта (ЖМО) атқа-рылады.
Жедел шаралар: киім – кешекті ауыстырып толық санитарлық өндеуді өткізу. 1 - 2 тәулік аралығында, уланғандардың жағдайына байланысты анти-доттық емді жалғастыру.
Жеңіл түрде уланғандарға 0,1% - 2 мл атропин сульфатын б/е жіберу, орташа түрде уланғандарға – 2-4 мл, ауыр түрде уланғандарға 4-6 мл б/е не-месе к/т жіберу. Атропинды аурудың жағдайына байланысты, атропинның артық пайдаланғандағы симптомдары көрінгенше қолдануға болады.
Ауыр түрде уланғандарға қолданатын атропинның барлық мөлшерін, 2 тәулік ішінде 40-60 мл дейін жеткізуге болады. Холинэстеразаны қалпына келтіруші 15% - 2-4 мл диплацин ерітіндісін б/е немесе к/т жібереді,
Орташа немесе ауыр түрде уланған кезде мөлшерін көбейтеді. Тырысу синдромын тоқтату үшін 5% - 5 мл барбамил ерітіндісін б/е + 1% 15 -20мл натрий тиопентал ерітіндісін к/т жібереді.
Тыныс алуы жетіспеген жағдайда, ауыз-мұрын құысын тазалап оттегі жіберіледі. Қосымша дем алу аналептикаларын береді (1,5% 2-4 мл этимизол ерітіндісін б/е), бронхоспазм болған жағдайда (5% -1,0 мл эфедрин гидрохло-рид ерітіндісінтері астына (т/а), 2,4% - 10 мл эуфиллинге 40% -20 мл глюкоза ерітіндісін қосып к/т жібереді.
Егер тыныс алуы мүлдем тоқтаса, кеңірдекке интубация жасап тыныс алдыратын аспаптар арқылы жасанды ауа айналымын жүргізеді.
Жүрек-тамыр қызметі жеткіліксіз болған жағдайда, инфузиялық ем қол-данады: 400-700 мг полиглюкин немесе гемодез к/т, прессорлық аминдер 1% - 1мл мезатон немесе 0,2% - 1-2 мл норадреналин гидротарторат ерітііндісін к/т, жүрек гликозиттерін 0,05% - строфантин ерітіндісін к/т тамшылап, оттегі терапиясын жүргізу.
Кейінгіге қалдыратын шаралар:
Миоз кезінде атропин, мезатон, амизилды қолдану, транквилизаторлар-ды, антибиотиктерді пайдалану. Егерде бригаданың медициналық ротасында жартылай санитарлық өңдеу өткізіліп, киімдері ауыстырылса, онда оларға то-лық санитарлық өңдеуді өткізбеуге болады.
Білікті медицина көмек көрсетілген сон, зақымданғандардың жағдай-ларына байланысты оларды әрі қарай әскери дала госпитальдарына тасы-малдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |