Арт терапия Орындаған: Нығметова А. Р 2 а кши-11студенті Жетекшісі: Даулетова В. А орал-2014 Мазмұны



Дата30.12.2019
өлшемі77 Kb.
#25582

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
«Педагогика және психология»

кафедрасы

Ғылыми баяндама

Арт терапия

Орындаған:Нығметова А.Р

2 а КШИ-11студенті

Жетекшісі:Даулетова В.А

Орал-2014
Мазмұны:
КІРІСПЕ
1.Негізгі бөлім. Психотерапиядағы арт-терапияға теориялық талдау

1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, түрлері және негіздері

1.2.Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияның формалары

1.3.Арт-терапиядағы диагностика және жаттығулары


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады.

Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.

Арт-терапиямен айналысу үлкен кәсіби дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.

Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны сезініп тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес.Яғни бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз.



Зерттеудің мақсаты:Психотерапия бағыттарының бірі - арт-терапия туралы теориялық материалдар жинақтау арқылы арт-терапия жаттығуларын агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету мақсатында қолданудың маңызын зерттеу.


1.Негізгі бөлім. Психотерапиядағы арт-терапияға теориялық талдау

1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, түрлері және негіздері
Арт-терапия терминін (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтып, енгізген.

Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады.

Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.

Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады.

Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:

— көркемсурет материалдарын игеруге болады;

— топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;

— «мен» бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;

— жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;

— топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;

Сонымен қатар кейбір арт-терапиялық жаттығулар (күн мен түн) топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп алынған оған қоса топ мүшелері келіссе,ол тақырып сол күйінше,ұнамаса қайта басқа тақырып алу керек.

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған.

Қазіргі таңда арт-терапияның түрлері көп.Олар: құм терапиясы,музыка терапиясы,драматерапия,ертегі терапия,фототерапия, түс терапиясы.

1.2.Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияның формалары
Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияның формаларытөмендегідей:

-студиялық ашық топ

-өзгермелі (аналитикалық) топ

-тақырыптық топ

Бұл топтың атауы, яғни “ашық” сөзі, белгілі–бір құрамы жоқ деген мағынаны білдіреді. Топтың жұмысына қай уақытта болмасын келушілер қосыла алады. Онымен қоса, мұндай топтың қатысушылар кез-келген уақытта оған келуін тоқтата алады. Бұл топтың “студиялық”деп аталуының себебі, оған қатысушылардың көркем жұмысы, шығармашылық студияның жұмысын еске түсіреді. Студиялық топты «құрыстырылмаған»деп те атайды.

Студиялық ашық топтарда сабақ әдейі жабдықталған, белгілі-бір орын саны бар, шығармашылық жұмысқа индивидуалды құралдар жиыны бар, кабинет-студияларда жүргізіледі. Кабинет-студияларда демалу орындары арнайы креслолармен, шайға, кофеге арналған орындықтар, мына жағдайларда студияға келушілер, жұмыс кезінде болатын үзілісте, бір-біріне кедергі келтірмей, қарым-қатынас жасауы үшін жасалған.

Ашық студиялық топтар дәстүрлі түрде арт-терапияның дамуында көп кеңістікке таралған және бұл іс-әрекет арт-терапиялық бағыттың пионерлерімен байланысты мысалы, А.Хилл және И.Чампернон. Осыдан кейін, бірақ топтық арт-терапияның бұл формасы, белгілі деңгейде басқаларымен ығыстырылған, гуманистің және отбасылық психотерапия принциптері, өзгермелі амалды қолдана бастауымен байланысты және т.с.с. топтық арт-терапия жұмысының іске асуына, психотерапевтік әсер ету факторына, қосымша жүргізіліп отыруы керек. Осыған қарамастан, топтық арт-терапия формасын дәрежелі клиенттерге қолданғанда, олармен жеңіске ең бастысы, басқа арт-терапиялық топтарға қатысу, қатысушылармен өте тар қарым-қатынасқа түсуді шамалағанда, өте көп қиындықтарға байланысты (мысалы, созылмалы психикалық бұзылулары бар емделушілермен ) және басқа клиенттермен, жұмыс кезінде ең бірінші орында жоспарда даму, олардың шығармашылық нышандары әртүрлі құралдар қолдану, индивидуалды шығармашылық стилі және басқа жағдайларда болады.

Бұл топтың атауы білдіретіндей “жабық” сөзі, бұл барлық жұмыс процесінде қатысушылар құрамы тұрақты болып қалады. Динамикалық (немесе аналитикалық) деп аталу себебі, бұл топтық арт-терапияның дамуындағы бұл формасына психодинамикалық бағыт көп әсерін тигізген. Сессияның құрылымдық дәрежесі, ұзақ жұмыс істеу барысында жоғары болмайды. Топ мүшелерінің әрекеттері маңызды болжауды қажетті спонтандықты және минимум психотерапевт жағынан дерективтілікті қажет етеді.

Динамикалық топ ол комплекстік топтың жұмыстық формасы өзі индвидуалды топ мүшелерінің таңдама бірлігін, оған қоса, олардың вербалды коммуникасиясын қажет етеді. Вербалды коммуникация топтық талдау шеңберінде, сонымен бірге, таңдамалы жұмыс топ мүшелерінің іс-әрекетінен ойындарынан, драмалық қойылымдарынан, рөлдік диологтарынан, дене бағыттық мінездеме тапсырмасынан және т.с.с. жүзеге асады. Сессия барысында топ мүшелерінің тереңге батырудан бірнеше рет өту таңдамалық және басқарма шығармашылық түрлері, іс-әрекеттің белсенділік басшымен де және бір-бірімен де әрекеттестікте болады.

Динамикалықтоптабелгілі-бірмәдениеттезқұрылады, олардыңіс- әрекетіменжәнеайтуларыменғанаемес, соныменбіргеоларжасағанкөркембейнелеріндекөрінеді. Әрқайсысыолмәдениеттібасқаларыныңжұмыстарынсезеотырыпжәнеөздерініңжұмыстарыныңбасқаларғаәсерінкөреотырыпсезінеді.Арт-терапиялықпроцестекөркембейнелеріжәнеасаайқынкуәлікөздерініңжәнетоптықтәжірбиеденматериалдыққаайналады.

Тақырыптық топ көптеген жоғарғы деңгейде құрылымды сессия барысында студиялық және динамикалық топтармен салыстырып есептеледі. Бұл басты түрде фокусировканың есебінен топ мүшелерінің белгілі-бір оларға маңызды тақырыптар немесе техникалық таңдамалы мінезі. Барлық жағдайларда тақырыптық топтар жартылай ашық болып есептеледі. Бөлек топқа қатысушылар жұмысқа белгілі-бір кезеңде қатысуын тоқтата, осы уақытта топқа жаңа мүшелер қосыла алады. Бұл мүмкін тек күштегенде, тақырыптық топтың жұмысы динамикасы болмайды тек динамикалық топтарға ғана тән. Оның көп құрылымдық динамикалық топпен салыстырғанда, топтық динамикаға тежегіштіқ әсер етеді. Ережеге сай, тақырыптық топтар үздіксіз уақыт бойы жұмыс істейді, топ мүшелеріне қатысты нақты мәселені шешуге бағытталады. Тақырыптық топтың іс-әрекетінің негізделуі кең әртүрлі жинағы психикалық және психотерапиялық теория жинағы қолданады. Топтық арт-терапия пайда болуына гуманистік бағыт көп әсер етті. Бұл қаралады, мысалы, сессия барысында тақырыптық топтарда өзіне тән сипаты, “күтуші топ” үш жақты құрылымды, ал қатысушылардың көп көңіл аударады, ең бастысы мына контекстке бағытталады “осында және қазір”. Сонымен қоса, теориясымен практикасында тақырыптық арт-терапиялық топтарға отбасылық, ойындық, кризистік психотерапия және т.б. бағыттар көп әсер етті. Сол уақытта бұл әсерлер реттейді спецификалық контексте топтық арт-терапиялық жұмыстар, бұл оларды өздерін нәзік санауға, индивидуалды көркем шығармашылық интерактивті топ мүшелерінің орентациясы олардың белсенді вербалды және ойынды әрекеттестікке рұқсат етеді. Тақырыптық бағыт топтық арт-терапия кең көлемдегі клиенттерге қолдануға болады, бұл мынамен байланысты: топтық құрамның тәуелділігімен және тапсырылған жұмыстар, сол болмаса келесі бір тақырыптар және іс-әрекет түрлері, сенсомоторлық дағдыларды дамытуға бағытталған вербалды емес ойлау, ес және зейін немесе сол және басқа аспектілерін, топтың мүшелерінің тәжірбиесін және олардың қарым-қатынас жүйесін зерттейді. Осыған қарамастан мұндай топтың клиенттері өте аз шамада, түсіну және сақтау кейбір белгілі ережелерді және вербалды әрекеттестікке қабілетті болу және белгілі-бір тақырыптарда және тапсырмаларда фокусировканың болуы.

Тақырыптық бағыт топтық арт-терапия, динамикалық немесе студиялық оған қоса әртүрлі вербалды топтық және отбасылық психотерапияның түрі депте санауға болады.

Либманн тақырыптық бағытты қолданып ақтауға болатын келесі жағдайларды бөліп көрсетеді:

-топ мүшелерінің шешім таба алмауы әсіресе жұмыс басында;

-топ мүшелері арт-терапиялық топтық жұмыстар таныс емес және басты түрде олар өз мектептегі бейнелеу сабағынан алған әсерлеріне бағытталады;

-топ мүшелері топта өздерін өте жаман сезінеді;

-уақытша арт-терапиялық жұмыстардан шеттетілуі болуы мүмкін (мысалы, емделушілердің қысқа уақыт стоционарда болуына байланысты.) зейінді белгілі-бір тақырыпқа немесе мәселеге шоғырландыруға мәжбүр ету;

-топты шоғырландыру қажет;

-топтың мүшелеріне таңдау және оларға өздеріне маңызды сұрақтарды айыруға мүмкіндік беру;

-топ мүшелерінің өзара активті әрекеттестігін талап етеді;

-топ мүшелерінің ауыр қалыптан шығару өзінің ішкі әлеміндегі және өте белсенді бірлескен әрекеттестікті ояту керек.

1.3.Арт-терапиядағы диагностика және арт-терапиялық жаттығулар
1.Дайындық кезеңі яғни, шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті - топ мүшелерінің спонтандық көркемсурет іс-әрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да реалаксация жүреді.Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады. Көптеген советтік шетелдік ғалымдардын: (С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-¬күйіне әсер етеді және емдеу үрдісін көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, озінің ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі жоқ әуенді таңдау керек және даусы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен ұштастыруға бола

2.Жеке дара бейнелеу жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең өзінің түйінді мәселесі мен жан күйзелісін зертгеуге арналған жеке дара бейнелеу жұмысы. Спонтандық шығармада, яғни бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сонымен қатар, арт-терапия адамның ішкі күйін ашуға көмектеседі. Осының арқасында адам сөзсіз-ақ айта отырып өзінің мәселесі жайында түсінеді және өзінің бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау жасап үйренеді. Топ мүшелерінің суреттері арқылы қимыл-қозғалыс, тәртіптерін білуге болады. Топ мүшелері экспрессияға дайындалу деңгейі арқылы, арт-терапевтпен қатынасқа және өзінің күйзелістерін ашық айта алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды, әдемі салуға тырысады. Бұл кезде оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды деп ескерткен жөн. Керісінше, ең қажеттісі спонтанды шығармашылық үрдіс, сурет салушының эмоциялық жай-күйі, оның ішкі дүниесі және өзін-өзі көрсетудегі адекватты заттар. Бұл кезең жанама диагностика болады. Жобалау әдістемелерінің талдауы бойынша талдауға болады. Сурет салып отырган кезеңде жеке адамның «осында және қазір» принципін, күйзелістерін жасыруын, сезімдерін бақылап отыруын қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті бояулар нақты түрде көңіл-күй мен психикалық күйдің нюанстарын көрсетеді. Өте қатты күйзелісте жүрген адамға, қорқыныш сезімі бар, агрессиясы адамға пластилиндік материалмен жұмыс жасаған өте жақсы көмектеседі. Бұл техниканы қолдау арқылы сенімсіздікті жоюға, жағдайға байланысты үрейді жояға болады.

3.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым--қатынасты жақсартуға жағдай жасау. Топ мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Топ мүшелерінің ашық болуы, ашылуы, сол адамның жеке ерекшеліктеріне, арт-терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен айқын көруге болады. Егерде, белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ мүшелерінің суретері арқылы барлық маглұмат алуға болады.

4.Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады

5.Рефлексиялық талдау. Бұл қортынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Арт-терапия шығармашылық процесс. Арт-терапияда белгілі бір нұсқаулар, талаптар болмауы керек. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт¬-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдмілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында ¬әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады.

Арт-терапиялық жаттығулар

«Серуендеу»

Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың "әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі. "Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты - бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс¬-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.



"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"

Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін: 1.белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді). 2.өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны). метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келген түрін қолдана отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды бейнелеп беріңіз. Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да ол өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін, өнімді қарым-қатынасты, тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық тәсіл болып табылады.



Қорытынды
Қарым-қатынастағы аффилиацияға студенттердің әлдеқайда жағымды тұлғалық дамығандар ұмтылады. Олардың сипаттамалары мынадай: сенушілік, жұмыскер, жігерлілік, эмпатия, мейірімділік, ұстамдылық, жұмсақтық, интеллектуалды қызығушылық, энтузиазм, конфликт шешудегі ұстамдылық, осындай жасөспірімдер әлеуметтік статусқа ұмтылмайды. Студенттер көбінесе субъект-субъектті қарым-қатынасты ұстанады.

Біздің ойымызша студенттер топтарында осындай тренингтер үнемі жүргізіліп отырса, онда топ мүшелері:

1. тұлғааралық конфликтілік деңгейін төмендетуге болады;

2. студенттер бір-бірін және өзін жақсы түсіне алады;

3. конфликтілік ситуацияларда конструктивті және конструктивті емес мінез-құлық моделдерін анықтай алады;

4. конфликт кезінде өз мінез-құлқын басқара білуге;



Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында әдістемелер мен тренинг бағдарламасы арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады.

Пайданылған әдебиеттер:


  1. Бердібаева С.Қ. «Көркем творчество психологиясындағы этностық мәселелер»//Вестник НАПК, №3. 2005ж.-Б.9-10.

  2. Берн Э. Групповая психотерапия М, 2000г.-423с.

  3. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб, 2000г.-515с.

  4. Копытин В.И. Руководство по групповой арт-терапии. СПб, 2003г.-438с.

  5. Проективная психология. М, 2000г.-320с.

  6. Психокоррекционные группы: теория и практика. Общ. 2001г.-408с.

  7. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Б.Д.Карвасарского .СПб, 2000г.-708с.

  8. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г.-372с.

  9. Старшенбаум Г.В. Тренинг навыков практического психолога. М, 2006г.-355с.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау