ФОЗ-мен зақымданғандарды медициналық сұрыптау және тасы-малдаудың сипаттамасы
ФОЗ-мен уланғандарға сұрыптау жүргізудің негізгі мақсаты, ол тасы-малдау кезектіктігін анықтау. Ошақта зақымданғандарды екі топқа бөледі: жеңіл және ауыр түрде уланғандарға.
Батальонның медицина пунктінде, егерде ол ошақтан тыс жерде болған жағдайда, зақымданғандарды 2 топқа бөледі: дәрігерге дейінгі медициналық көмекті тілейтіндерге және дәрігерге дейінгі медициналық көмекті тілемей-тіндерге.
ФОЗ – мен зақымданғандар бригаданың медициналық ротасында үш топқа бөлінеді:
Санитарлық өңдеуді тілейтіндерге (барлығына өткізу керек).
Бірінші дәрігерлік көмекті тілейтіндерге (жедел түрде тілейтіндерді бөледі).
Бірінші дәрігерлік көмекті тілемейтіндерге.
Бригаданың медициналық ротасында, дәрігерлік көмекті тілейтіндерге қабылдау-сұрыптау, автотану орындарында 1-ші, 2-ші кезекте көмек көрсе-тіледі. Жеңіл түрде зақымданғандарға 2-ші кезекте көмек көрсетіледі.
Дәрігерлік көмекті тілемейтіндерді тез арада тасымалдау белгілеріне байланысты таратады.
Емдеуді тілейтіндерді, жеке медициналық жасаққа (ЖМЖ) тасымал-дайды, уланғанның көріністері болмаған жағдайда (санитарлық өндеуді өт-кізіп, киім – кешектірін ауыстырып) өздерінің бөлімдеріне қайтарылады.
Бірінші дәрігерлік көмегін алғандарды, тасымалдау белгілеріне байла-нысты 4 топқа бөледі:
тасымалдауға бірінші кезекте жататындарға;
тасымалдауға екінші кезекте жататындарға ( жатқызып немесе отыр-ғызып);
бригаданың медициналық ротасында емдуге қалдыратындарға;
өздерінің бөлімшелеріне қайтарылатындарға.
Бригаданың медициналық ротасында емдеуге қалдыру, тек қолайлы жағ-дайға байланысты болады. Бұл жерде жанталасқандарды да қалдырады.
Өздерінің бөлімшелеріне қайтарылатындарға диагноздары анықталма-ғандар жатады. Сұрыптауды, дәрігерлік-фельдшерлер бригадасы атқарады (сағатына 12-14 адамнан). Ол үшін 2-3 бригада құруға болады.
ФОЗ-мен зақымданғандар ЖМЖ-қа түскен жағдайда, медицина қызме-тінің атқаратын ерекше жұмыстары:
Жеке медициналық отрядта ФОЗ-мен уланғандарға медициналық сұрып-тау өткізіледі.
Онда барлық түскендерді 4 топқа бөледі:
толық санитарлық өңдеуді тілейтіндерге;
білікті медициналық көмекті тілейтіндерге (жедел түрде тілеушілерді бөліп);
білікті медициналық көмекті тілемейтіндерге;
жанталасқандарға.
Білікті медициналық көмек алғандарды келесіге жібереді:
госпитальдың бөлімшелеріне (психоизолятор);
операциялық – тану бөліміне.
ЖМЖ-та қалатындарға - шұғыл түрде білікті медициналық жәрдем алып уақытша ем тілейтіндер және 2-3 тәулік бойы тасымалдауға жатпайтын жеңіл зақымданғандар жатады.
5-10 күн бойы ем тілейтін жеңіл зақымданғандарды, сауығу команда-сына жібереді.
Өздерінің бөлімдеріне қайтарылатын тобына, диагноздары нығытыл-мағандар және жеңіл дәрежеде уланып, ем алып, уыттану көріністері жойыл-ғандар жатады.
Тасымалдау сипаттамасының ерекшелігі.
Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсеткен сон, оларды әрі қарай тасымалдайды. Уланудың бастапқы сатысының дамуында, олар ба-ғыттас кетіп бара жатқан көліктермен тасмалдануы мүмкін.
Келесі сатыда – уланғандарды санитарлық көлікпен тез арада емдеу ме-кемелеріне жеткізу жатады.
Бұл кезде зақымданғандарды шығарып салатын медицина қызметшілері тағайындалады, олар жол үстінде көмек көрсету үшін антидоттармен, жүрек дәрілерімен, оттегі беретін аспаптармен және басқа дәрі-дәрмектермен жаб-дықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |