Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет66/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73

155 
 
• 
бір-біріне жақын мәдениет әрекеттердің біліктіліктері мен білімдерінің 
интегративті табиғатын сипаттау.  
М.Чошанова  кәсіби  құзыреттілікті  «кәсіби  шеберлік  деңгейі  жүйесінде 
орындаушылық  пен  жетілдірушілік  арасында  аралық  мәнге  ие  болу»  деп 
түсіндіреді. Біріншіден, құзыреттілік нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін 
жаңа  ақпаратты  меңгеріп,  үнемі  білімді  толықтыруды  ұсынады.  Екіншіден, 
құзыреттілік тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді 
шешуге  әлеуетті  дайындықты  көрсетеді.  Ал  әдістердің  икемділігі 
құзыреттіліктің  маңызды  сапасы  болып  табылады.  Үшіншіден,    құзыретті 
адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет. 
Кәсіби іс-әрекет – болашақ мұғалімнің сезімі, қабілеті, санасы, ойы мен 
тілін, ерік-жігерін, мінез-құлқын қалыптастырудың негізі болып табылады.   
Ш.Таубаеваның пікірінше, тұлғаның кәсіби мәдени деңгейін көтерудегі 
негізгі  қозғаушы  күш  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметке  ынтасы  мен  өзіндік 
сұранысы болып табылады. Адам қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – 
мұғалім  ретінде  өзін-өзі  жүзеге асыру  қажеттілігі  болып  саналады.  Аталған 
қажеттіліктің негізін болашақ мұғалімнің ойлауға, қарым-қатынасқа, еңбекке 
деген қабілеті құрайды. 
Кәсіби  мәдениеті  жоғары  деңгейде  қалыптасқан  болашақ  мұғалім  
игеруге тиісті дағдылар: 
1.
Жаңаша ойлау, мәселені өз бетінше шешу әдістерін меңгеру. 
2.
Өзімен өзі және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру. Оқушыны өзін-өзі 
ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету. 
Кәсіби  мәдениетті  жоғары  деңгейде  меңгерген  мұғалімің  меңгеруге 
тиісті білім: 
1.
Ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу; 
2.
Мамандықты және пәнін жақсы білу; 
3.
Өзіне деген сенімділік пен жағымды энергияның қалыптасуы. 
Педагогикалық  мәдениеті  жоғары  деңгейдегі  мұғалім  менгеруге  тиісті 
қасиеттер: 
1.
Балаларды  сүйе  білу–ізгіліктілік  қағидасының  маңызды  бөлігі  және 
мұғалімнің маңызды сапасы. 
2.
Адамды  құрметтеу  –  әр  адамның бойынан  тұлғаны  көре  білу  –  мұғалімге 
қажетті қасиет. 
3.
Оқушыларға,  жалпы  адамдарға  сену–оқу  үрдісіндегі  жетістік  кепілі,  
ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім бағытын көрсетеді. 
4.
Баланы, адамды білу – тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз 
жүргізіледі, гуманды болу – адамды тани білу деген сөз. 
5.
Қоршаған дүниені оқушының көзқарасы тұрғысынан тану. 
6.
Жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау – әрбір 
тұлғаның  қайталанбайтын  өзіндік  рухани  әлемі,  оның  тәжірибесі,  әдеттері 
мен көзқарастары болады. 
7.
Жеке  абырой  сезімін  сақтау  және  дамыту-онсыз  тәрбие  де,  өзін-өзі 
тәрбиелеу де мүмкін емес. 


156 
 
8.
Психологиялық білімді игеру. 
9.
Педагогикалық  еңбек  мәдениетіне  бағытталу–мұғалімнің  тұтастай 
дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу. 
10.
Тұлғаның  денсаулығына,  психикасына,  шығармашылыққа  деген 
ұмтылысына зиян келтірмеу. 
11.
Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу. 
12.
Оқушының  дұрыс  шешім  қабылдауына,  проблеманы  шеше  білу 
қабілетінің дамуына ықпал ету. 
13.
Оқытудың инновациялық технологияларымен жұмыс істеу. 
Кез-келген   әлеуметтік    жүйе,    оның   ішінде   оқыту   жүйесі  өзара  
байланысты  үш  өлшеммен:  құрылым,  қызмет  және  даму  деңгейімен 
анықталады. Аталған өлшемдер арасында өте тығыз байланыс қалыптасады. 
«Құзыреттілік»  анықтамасы  әдебиетте  білім  мен  мүмкіндіктің  бірігуін, 
кәсіптік  еңбек  нәтижесін,  жеке  тұлғаның  сапа  мен  құрам-қисынын,  жалпы 
мәдениет  пен  кәсіптік  бірлестігін,  кәсіптік  білім  мен  кәсіптік  мәндік  жеке 
сапа  кешенін,  тапсырмаларды  барабар  түрдегі  дағды  көлемінде  орындай 
алуды,  істің  күрделі  мәдени  жиынтық  түрлерін  іске  асыра  алуын,  адамның 
өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын т.б. білдіреді.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
«Біліктілікті  арттыру  жүйесі  және  XXI  ғасыр  білімі»  ББЖ    КБАРИ  40 
жылдығына  арналған  халықаралық  ғылыми-  практикалық  конференция 
материалдарының жинағы. - Алматы: ББЖ  КБАРИ, 2005.-410 бет. 
2.
М.Ж.  Жанпейісова  «Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту 
құралы ретінде» Алматы 2002 
3.
Жаңа педагогикалық технологиялар Қ.З. Бұзаубақова 
4.
ҚР-да  білім  берудің  2005-2010  жылдарына  арналған  мемлекеттік 
бағдарлама 
5.
«Педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін  дамыту»  атты  облыстық  ғылыми 
конференция материалдары 
6.
«Білім» ғылыми - әдістемелік журналы 
7.
«Қазақстан мектебі» журналы 
8.
ҚР-ны «Білім туралы» Заңы.    
 
 
                                     
ПСИХИКАЛЫҚ  ДАМУЫ  ТЕЖЕЛГЕН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ЖАЗБАША  СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ МЕН ОЙ ӨРІСІН 
ЖЕТІЛДІРУ 
Жанетова Данагуль Муздакбаевна 
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті  
А.Құнанбаев атындағы орта  мектебінің арнаулы  сынып дефектологы 
 


157 
 
Қазірігі  таңда  Қазақстандық  қоғамдағы  жеке  тұлғаға  деген  
қызығушылықтың  жоғарлауы  бала    құқығы  туралы  мәселелерді  
қарастыруға,мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  әлеуметтік  психикалық  
медициналық-педагогикалық  көмек    көрсетумен    және    оны    зерттеу 
мәселесіне    байланысты  жаңа  мәселелерді  белсенді    қарауға      мүмкіндік  
беруде.  Түзете  дамыта    оқыту    сыныптырындағы  психикалық    дамуы  
тежелген  оқушылар    Қазақстан    Республикасының    мемлекеттік  жалпыға  
міндетті    білім    стандартына    сәйкес  білім    алуда.  Психикалық    дамуы  
тежелген    оқушылар    дегеніміз  –  оқу    бағдарламасын    меңгеруде 
қиындықтарға  кездесетін    балалар.  Психикалық  дамуы    тежелген  
балалардың    бір    бөлігінің  жазбаша  сөйлеу  тілінің  жүйелі    түрде  
бұзылыстары    болады,  ал  бұл  олардың    тақырыптарды    меңгерулеріне  
кедергі келтіреді.Осы  оқушылардың оқытудағы түзету  міндеттерінің  біріне  
сөйлеу    тілін  жан-жақты  дамыту    жатады.  Оқушылардың      тілін    дамыту  
қазіргі    кезде    оқу-тәрбие  ісендегі    басты    мәселе.Психикалық    дамуы  
тежелген    бастауыш    сынып    оқушыларына      мектеп  бағдарламасын 
балалардың  жас ерекшелітеріне  сай   тапсырмалар  беріледі.Сол  сияқты  тіл  
дамыту    жұмыстарына,  мәтіндерді  оқыту,  ертегілердің    мазмұнын  
айту,логикалық  тапсырмаларды  шешу  арқылы жүзеге  асырылады. 
 
Психикалық   дамуы  тежелген  оқушылардың  тән  белгілері: 
1)Тез  жалығу және  шаршаудың әсерінен  ынта   мен  қабілеттін  төмендеуі. 
2) Сезіммен  еріктің  жетілмеуі. 
3)Сөздік  қорының  жеткіліксіздігі.  
4) Ойын  іскерлігінің толық қалыптаспағандығы. 
5)Өзін-өзі  бағаллау  деңгейінің  төмендеу. 
6)Сөйлеу логикалық  операциясының  ойымен қиылыспауы 
7
)  Ақыл-естің  барлық  түрлерінің  бұзылуы. 
8)Оқу  бағдарламасының  қабылдауының  баяулауы 
 
Сөйлеудің  бұзылуына  биологиялық  және  психологиялық  факторлар 
ықпал  етеді.  Осыған  байланысты  тіл  мүкістіктерінің  бұзылуының  бірнеше 
түрлерін ажыратып кетуге болады: 
1.Дислалия -  сөйлеу  тіліндегі  ең  көп  тараған  мүкістіктер.  Мұнда  тек 
дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады. 
2.Дизартрия –  сөйлеу  тіл  аппаратындағы  ағзалар  мен  тіндердің  нервпен 
қамтамасыз  етілуінің  органикалық  жеткіліксіздігінен  сөйлеу  тілінің 
дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді. 
3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық 
құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және 
дыбыстардың айтылуы бұзылады. 
4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің 
мұндай  түріне  шалдыққан  баланың  сөйлеу  тілі  іс  жүзінде  қатынас  құралы 
бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми 
қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау