158
сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің
болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан
сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе
үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады.
Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының
тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы
салдарынан болады.
Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана
сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және
олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген
сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы –
тахилалия пайда болады.
Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді)
–
сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған,
қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды.
Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны
түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және
сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық
денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.
Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.
Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте
тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5
жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі
жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі,
жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.
Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.
1.Органикалық тұтығу–тек орталық жүйке жүйесінің органикалық
зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.
2.
Функциональді тұтығу-көбінде орталық және жүйке жүйесінің
перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз
кездеседі.Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық
жарақаттың әсерінен туады.
Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады,
сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене
стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін.
Баланың сөйлеу тілінің бұзылуы-орталық жүйке жүйесінің
зақымдануынан себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып
ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға
қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде,
сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы
дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліне қысқаша
сипаттама. ПДТ балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда
159
20-
30% төмен деңгейде болады. Сөздік қорында бар сөздердің өзін
қолданғанда олар көбінесе қате жеберіп,сөз мағынасын толық
түсінбейтінің көрсетеді.Бұл балалардың сөйлеу тілін, күнделікті қарым-
қатынас қажеттілігін қанағаттандырады. ПДТ балалардың сөйлеу тілінде
лексика және грамматикалық ,логика,нақтылық,анықтылықтың сөздік
қорының және грамматикалық үйлесімнің аздығымен ерекшеленеді,олардың
фонетика-фонематикалық есту қабілеттері толыққанды жетілмеген.
Дыбыстардың артикуляциялық ұқсастықтарын және дыбыстардың
белгілері бойынша орындарын ауыстыру қателігі,дыбыстарды естіп
ажыратуда қиналады.Сөзді қабылдауы және ритмін қайталуы бұзылған
балалалр.Психикалық дамуы тежелген балаларда артикулияциялық
жаттығулар жасағанда, тілді ұстап тұруда,бір қалыптан екіншіге ауысуда
қиналады. Психикалық дамуы тежелген балалардың көбіне жазбаша
сөйлеу тілі толыққанды дамымайды.Осы балалардың байланыстырып
сөйлеу тілін дамытда,халық ертегілерінің алатын орны ерекше. Сол
ертегілердің негізінде көрініс қою, әңгімені сахыналау байланыстырып
сөйлеу тілін дамытады. Ертегілердің осындай ерекшеліктері, балалардың
талғамын
күшейтіп,сөйлеу
мәдениетін,
байланыстырып
сөйлеуін
дамытып,өз ойын жүйелі айтуға,жеткізе білуге үйретеді.Психалық дамуы
тежелгеоқушыларды оқытуда тіл дамтыу жұмыстары мынандай бағытта
ұйымдастырылады. Сабақ түсіндіру барысында психикалық дамуы
тежелген баламен қарым–қатынас жасағанда әсерлә сөйлепң твңдаушысын
өзіне баурап алуы.Баланың тілін дамыту үшін өзіне қажет деген әдісті
қолдану. Тілін дамытуға мақал-мәтелдер, мысалдар,өлең-жыр, қызықты
әңгімелер,шешендік сөздер жаңылтпаштар,жұмбақтар айтқызып, оның
шещімін табуға жетілдіруге таңдалынып алынады.Сөздік жұмысын
жүргізі, жаңа сөздерді үйретіп,оны іс жүзінде қолдана білуге
үйрету.Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
жазуға үйрету.Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі –
оқушының тілін дамыту.Балалардың көбінесе, дұрыс айта алмайтын, тілі
келмейтін дыбыстарға «р» «с» «ж» «ш» дыбыстарын дұрыс айтуға
бағытталған жаңылтпаштар қолданылады. Жаңылтпаштарды жатқа,
мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой-қиялы дамиды.
Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған.
Псикалық дамуы тежелген оқушылардың көбінде церебралды-органикалық
типті балалар кездеседі.Бұл тежелеудің бұл түрі баланың құрсақта жатып
даму кезіңіне бастау алуы мүмкін.Бұл кемшіліктер әйелдің жүктілік
кезінде өз денсаулығын қадағалаумалауының, ағзасы арқылы сәбінің
бойына баратын дәрумендерді қажетті мөлшерде қабылдамауынан өз
жұмысына жаупкершілікпен қарамауының салдарынан орын алатыны
анық. Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын-ала ескертуге болады. Ол
үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібі, әртүрлі
сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық
жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ
Достарыңызбен бөлісу: |