Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет65/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73

153 
 
беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата- анасы баласын арнайы 
мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі 
шектеулі  баланың  мүмкіндігіне  қарай,  жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша, 
ерекше оқытуға міндетті. 
Ерекше  оқыту–  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім 
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ерекше оқыту 
негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару, 
барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге 
оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру 
идеологиясы  жатыр.  Тәжірибе  көрсеткеніндей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен 
балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай 
балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Ерекше  бағыт 
мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. Ерекше оқыту – барлық балаларға мектепке 
дейінгі  оқу  орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға 
мүмкіндік  береді,  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-
әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді, адамдармен қарым-қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Мұндай  оқыту  түрі  арнаулы  білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  түрде 
қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды,  қайта 
жақындатады.  Ерекше  бағыт  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқуда 
жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін 
қалыптастырады.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы 
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 
 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 
НЕГІЗІ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ 
Шәукебаева И.А. 
Ақтөбе облысы, Алға ауданы  
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің  ағылшын тілі  пәні мұғалімі 
 
Сөзімді  «Еліміздің  ертеңі–бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас 
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
сөзімен  бастағым  келеді.  ХХІ  ғасыр-бұл  ақпараттық–қоғам  дәуірі, 
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, 
кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір. 
Ғылыми салада  білімді  технологияландыру  жөніндегі  зерттеулер  пайда 
болып,  кәсіби  дайындықтың  мазмұндық  және  жеке  аспектілерімен  қатар 
оның  технологиялық  аспектілеріне  де  қызығушылық  көрсетілуде.                    
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа 
бағыттарын  қажет  етеді.  Біліктілік  пен  сол  жаңалықты  дұрыс  ұғыну  үлкен 
қажеттілік  деп  ойлаймыз.  Қазіргі  білім  беру  стандарттары  құзырет, 
құзыреттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.  


154 
 
 
Болашақ  мамандардың  кәсіби  құзырлығын  қалыптастыру  мәселесінің 
теориялық  негізін  айқындау  «құзырет»,  «құзыреттілік»,  «түйінді  құзырет», 
«білімділік  құзыреттер»,  «базалық  құзырет»  ұғымдарының  бірлігі  мен 
ерекшеліктерін  қарастырумен  тығыз  байланысты.Бұл  ұғымдардың 
сипаттамасының  маңызын  белгілеу  мақсатында  оның  ғылыми  әдебиеттерде 
кездесетін қайнар көздерінің түпкі нәтижелерін анықтауға назар аударылуда.    
Ғылыми  әдебиеттерде  бұл  ұғымдарға  әр  түрлі  бағытта  анықтамалар 
берілген. 
 
«Құзырет»  ұғымы  латын  сөзінен  шыққан,  ол  адамның  мәселелерге 
жақсы  хабардарлығын,  танымдар  мен  тәжірибелерді  меңгеру  аумағын 
білдіреді. 
Отандық, ТМД және шетел тәжірибелерінен «жалпы құзырет», «түйінді 
құзырет»,  «базалық  құзырет»,  «пәндік  құзырет»,  ұғымдарын  анықтап, 
талқыланғаны айқындалады.  
«Құзырет»  латын  сөзі,  аударғанда  адамның  жақсы  хабардар  мәселелер 
шеңбері  болып  және  танымдық  пен  тәжірибеге  ие  болуы  деген  мағынаны 
білдіреді. Белгілі бір салада құзыретті болу – осы салаға негіздемелік талдау 
жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен 
қабілетке ие болу дегенді көрсетеді. 
Қазіргі уақытта педагог-зерттеушілер бұл ұғымдардың мазмұнын, мәнін, 
категориялар  арасындағы  орнын,  жалпы  білім  берудегі  мақсатын  ашып 
көрсетумен  шұғылдануда.  Осы  орайда  педагогика  ғылымдарының 
жетістіктеріне  сәйкес  «құзырет»,  «құзыреттілік»,  ұғымының  мазмұнын 
анықтау мақсат етілді. Атап айтқанда педагог ғалымдар берген анықтамалар 
төмендегідей:  
•  
құзырет–білім  алушының    меңгерген  білімін,  оқу  біліктері  мен 
дағдыларын,  әрекет  тәсілдерді  өмірде  тәжірибелік  және  теориялық 
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу; 
•  
құзыреттілік  –  пайда  болған  мәселелер  мен  міндеттерді  жедел  түрде 
шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесін және соған сәйкес түсінудің, 
сыни  ойлаудың  болуын  талап  ететін  тәжірибелік  әрекетті  жүзеге  асыруға 
қабілеттілік; 
• 
құзырет–тұлғаның  белгілі  бір  пәндер  шеңберіне  қатысты  білім, 
біліктілігі,  дағдысы,  мен  іс-әрекеттері  тәсілінің  өзара  байланысқан 
сапаларының жиынтығы; 
• 
құзырет– адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. 
Бұл  анықтамалардан  педагог-ғалымдардың  өзінің  зерттеу  мақсатына 
қарай  «құзырет»,  «құзыреттілік»  ұғымының  мәнін  әр  түрлі  бағытта  ашып 
көрсеткені байқалады.  
Әлемдік  білім  беру  тәжірибесі  құзыреттің  төмендегідей  сапаларын 
айқындап берді: 
• 
интеллектуалды және іс-әрекеттерден тұратын білімді біріктіру; 
• 
нақтыланған білім беру мақсаты ретінде көріну; 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау