106
Балаларды оқытудың жаңа кезеңіне алдыңғы кезеңдегі дағдыларды
бекіткеннен кейін ауыстырады. Әр деңгейдің икем-дағдыларын
қалыптастыруға қажетті уақытты сыныптағы оқушыларға мұғалім өзі
белгілейді. Мұғалім оқушыларымен қиындығы және көлемі қолжетімді
деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек. Бұл оқудағы нәтижені
қамтамасыз етеді және күнделікті өмірде қарапайым математикалық
дағдыларды қолдануымен айқындалады. Оқушылармен жұмыс жүргізу
кезінде пән шеңберінде келесі пәндермен пәнаралық байланыс орнатылады:
«Дүниетану», «Заттық-практикалық әрекет», «Өзі-өзіне қызмет көрсету»,
«Бейнелеу», «Психомотрика және сенсорлы үрдістерді дамыту» түзету
курсымен әсіресе дайындық кезеңінде. Дайындық кезеңіндегі және
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру кезеңіндегі сабақтарда
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру барысында аталған оқу пәндерінің
мазмұнын пайдалану қажет. Оқушының өзін-өзі бағалауы біртіндеп
дифференциалдануы керек. Басқаша айтқанда, оқудың алғашқы күндерінен-
ақ бала әр қайсының өз бағалау критерийлері бар көптеген дағдалардың
жиынтығы ретінде өз жұмысын көре алуға үйрену керек. Мысалы,
математика пәнінің тапсырмасы қателер саны, тазалығы, ынталылығы,
күрделілігі бойынша бағаланады. Жазбаша жұмысты бағалау кезінде
орындалудың тек кемшіліктері мен қателіктерін ғана белгілемей, сондай-ақ
сәтті орындалған барлық жерлерін белгілеп, ынталандыру жазбаларын жасау
керек. Оқушы мен мұғалім оқыту әрекетінің өнімдерін портфолиоға
орналастырады. Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты,
жинақталынған оқушының басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің
бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ, өзін-өзі
бағалауға, жеке тұлғаға бағытталған бағаға, шынайы бағалауға жуықталған.
Дәстүрлі бағалау әдістерінен портфолионың айырмашылығы бұл оқушының
өзіндік жұмыс режиміндегі әрекеттерінің үдерісі мен нәтижелері туралы
негізделген ақпаратпен мұғалімді қамтамасыз етуі, оның өз әрекетінің
нәтижелері туралы өзіндік бағалық пайымдарын іске асырудың
шығармашылық мүмкіндіктері мен дағдыларын жетілдіру. Портфолионың ең
басты артықшылығы оның оқыту сапасын әр түрлі позициялар бойынша жан-
жақты және сан қырлы сипаттайтындығында: оқушының ойлау әрекетін,
оның салааралық дағдыларын, мәселені анықтай алуын, ерекше міндеттерді
шеше білуін, оқу пәндерін білуі және дағдыларды меңгеруін, нәтижеге қол
жеткізуге деген табандылығын және т.б. бағалау. Инклюзивті сыныпта
портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете
толықтыратын бақылау мен бағалаудың маңызды құралы болып табылады.
Мұғалім әзірлейтін портфолио процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі бір
мерзімін қамтуы және визуалды (оқушының әрекет өнімдерінің
материалдарын мұғалім папкаға, қағазға арналған қорапқа және т.с.с. салады)
болуы тиіс. Портфолиоға оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтары мен оны
түзету процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты
жақтарын айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда,
107
мұғалім портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар
оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу,
жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады. Соңғы нәтижелердің
негізіндегі бағалау. Инклюзия жағдайында тестілеу. Инклюзивті оқытуда
бағалау өткізу барысында сәйкес құралдарды таңдау мәселесі туындайды.
Мақсаттарға байланысты әртүрлі әдістер таңдалып алынады. Инклюзивті
оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын талдау, жұмыс үлгілерін талдау,
сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, тестілеуді қолданады. Оқу
бағдарламасын талдау оқушы игеруге тиіс білім көлемін анықтаудан тұрады.
Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу,
түзете-дамыту және тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады.
Мұндай талдау біздің жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептер мен
жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына жүргізіледі.
Дегенмен, зерде дамуының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі
бұзылыстары, сенсорлы бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі
ауытқулары бар балаларға арналған оқу бағдарламаларында пәнді (саланы)
оқытуда білім сабақтастығын қамтамасыз ететін материалдың минималды
көлемі белгіленеді.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА
ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Абдуалиева Д.Г.
Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған
арнайы (түзетім) балабақшасының тәрбиешісі
Күнделікті өмірдегі көптеген мәселелер, нақты өмір тауқыметі,
қоғамдағы өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары
белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай
өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке
адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-
тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда
қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне қойып отыр.
Қазіргі уақытта қоғамда заманауи әлеуметтік-экономикалық ахуалда өсіп
келе жатырған жас ұрпақ, нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып
ала бастағанын байқаймыз.Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі
формаларының қазіргі заманға лайықталмағандығы, олардың бір жолды
таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі
жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің
заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігінен
көптеген маңызды мәселелердің туындауы себеп болады. Бұл мәселелерге
Достарыңызбен бөлісу: |