93
Балалар мультидпәндік мамандар командасының: логопед, психолог,
арнайы педагог көмегін қажет етеді.
Оқушыларды оқыту стратегиялары мен әдістерін таңдау оқушылардың
танымдық қызметі мен жұмыс қабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.
Сараланған
тәсілдеме
олардың
білім
мазмұнын
меңгеру
мүмкіндіктерінің біртекті еместігімен айқындалатын айрықша білім алу
қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады.
Оқу бағдарламаларын құруда сараланған тәсілдемені қолдану ақыл-ой
кемістігі бар білім алушыларға жеке даму әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігін
бере отырып, мазмұнның әралуандығын қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу уәждемесін қолдау үшін оқушыларда өзіне деген сенімділік
және барабар өзін-өзі бағалау қалыптастыруда педагог оқыту процесінде әр
баланы табысты жағдаймен қамтамасыз етуі қажет. Оқуға тұрақты уәждемені
қалыптастыру балалар жетістігін ерекше түрде ұйымдасқан бағалауға
мүмкіндік береді. Ол үшін:
-
оқушылар жетістігін салыстырудан аулақ болу;
-
оқушының жетістігін оның өзінің алдыңғы жетістіктерімен салыстыру;
-
бағаның ашық сипатты түрін қолдану;
-
мұғалімнің бағасын оқушының өзін өзі бағалауымен үйлестіру өте маңызды
болады.
Оқытудың жақсы нәтижелерін талқылауда оқушылар жетістігінің
себептерін (тырысу, зер салу, шыдамдылық, ұйымдасқандық, яғни, адам
өзінде өзгертуге қабілеттілердің бәрін) атап көрсетуге болады. Оқушының
сәтсіздігін талқылауда ішкі тұрақты факторларды (мінез, қабілеттілік деңгейі
және т.б.) көрсетпеуге тырысу керек.
Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті,
дағдыларды және денсаулықтың психо-соматикалық резервін меңгерудің
түрлі мүмкіндіктері бар.Жалпы білім беретін мектептер осы
айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін
ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту – танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға
арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ,
тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше
қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы
жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ
бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық
қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби
ақпараттар ала алады.
б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы
бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен
дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық)
оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар
немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды
94
ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға
сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар,
ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар
оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау [2,3].
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және
тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы
дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге
асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы
ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы
әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен
тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала)
оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды
түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді
қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім
беретін пән сабақтарында бекітіледі. Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері
бойынша сараланады–есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр
бұзылыстары,психикалық
дамуының
тежелуі
бар,
тірек-қозғалыс
аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен
қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда
ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер,
факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен
бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін сыныпта есту қабілеті бұзылған баланы оқытатын
мұғалім:
-
баланы бірінші партаға отырғызуға;
-
оған арқасымен бұрылмауға;
-
балаларға қарап тұрып, сұрақтарды анық қоюға; есту аппараттарының
жұмыс күйін тексеруге;
-
сөйлеп отырған баланың бет әлпетін көру үшін оған артына қарауға рұқсат
беруге;
-
оқу материалын толық және терең түсіндіру мақсатында көрнекілікті
кеңінен қолдануға тиіс.
Сабақта оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды сезінетін
оқушылар үшін жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі
кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтар
ұйымдастырылады. Түзету-дамытушылық жұмыстардың мақсаты мен
міндеттерін оны іске асыру тәсілдері анықтаудың бастапқы принципі
диагностика бірлігі мен түзетуді дамыту болып табылады. Түзету-
педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдау оқу
бағдарламасын
меңгеру
барысында
балаларда
пайда
болатын
қиыншылықтардың себептерімен анықталады. Жеке және топтық түзету
сабақтарының мазмұны қандай да бір дағдымен «немқұрайлы қарау» сынды
Достарыңызбен бөлісу: |