Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет39/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73

99 
 
жасайтын  педагогтар  оқытудың  педагогикалық  шарттары  кешенін  іске 
асыруы қажет:  
-
қажетті нормативтік құқықтық базаны таңдау; 
-
баланың  даму  деңгейіне  әсер  еткен  әдіс-тәсілдер  мен  таңдалған 
бағдарламаның тиімділігін анықтау; 
-
оқушының  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін,  ерік-жігер  саласын, 
отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; 
-
жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; 
-
баламен  жұмыстың  бағыттарын  айқындау  мен  бала  дамуындағы 
ауытқулардың алдын алуға бағытталған диагностика жүргізу.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытуды  тиімді 
жүзеге асыруға байланысты педагогтарға қойылатын талаптар:  
1.
Педагогтармен  (пән  мұғалімдері,  арнайы  білім  мамандары,  әлеуметтік 
педагог, психолог) ынтымақтастықта жұмыс жасау. 
2.
Әртүрлі  педагогикалық  тәсілдер  мен  оқыту  стратегияларын  ұтымды 
ұштастыруды үйрену. 
3.
Арнайы білім мамандарынан баланың жеке мүмкіндіктеріне қарай саралап 
оқыту әдістерін кәсіби қолдану тәжірибесін үйрену. 
4.
Кәсіби қауымдастық желісі арқылы арнайы білім ұйымдарымен байланыс 
орнату. 
5.
Ата-ананы қатыстыру арқылы триангуляция әдісін пайдалану. 
6.
Үздіксіз бақылау динамикасы бойынша жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер 
мен толықтырулар енгізіп отыру. 
7.
Баланы әлеуметтендіруге ықпал ету үшін қолайлы орта қалыптастыру. 
8.
Баланың қоршаған ортасымен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу.  
Бүгінгі  таңда  балалардың  ерекше  қабілетін  дамытуға  бағытталған 
мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымы–барлық категориядағы тұлғалардың 
сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру болып табылады. 
Қазіргі таңда білім алушылардың қатарында ерекше білім алуды қажет 
ететін әртүрлі категориямен оқытатын, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту 
мәселесіндегі өзектілігі бар.  Әрбір оқушы  жеке-дара  тұлға  болса да  қарым- 
қатынас  жасау  үшін,  қоғамдық  белсенділігін  арттыру  үшін,  қоғамдық  орта 
мен білім беру ошағы керек екенін білеміз. Инклюзив — сөзі латын тілінен 
аударғанда  «өзімді  қосқанда»  ал,  ағылшын  тілінен  аударғанда 
«араластырамын»  деген  мағынаны  білдіреді.  Даму  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру болып саналады. Бала – бұл 
әрбір  жас  кезеңіне  тән  өзіндік  морфологиялық,  физиологиялық  және 
психологиялық  ерекшеліктері бар, үнемі өсу  және даму  үстіндегі организм. 
Әрбір  бала,  өз  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде,  әлеуметтік  жағдайына  да 
қарамастан,  өзінің  де  қалауынсыз  түрліше  қиын  жағдайларға  тап  болып 
әртүрлі  деңгейдегі  көмекке,  қолдау  мен  қорғауға  мұқтаж  болуы  мүмкін.       
И.Г.  Кузина  «өмірлік  қиын  жағдай»  ұғымын,  «адамның  өзінің 
айналасындағылармен  әлеуметтік  қарым-қатынасы  мен  қалыпты  өмір  сүру 
дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» 


100 
 
деп  танылатын,  ақырында  адамды  өз  мәселелерін  шешу  үшін  арнайы 
әлеуметтік  қорғау  қызметтерінің  көмегі  мен  қолдауына  жүгінуге 
мәжбүрлейтін  жағдайлар»  деп  қарастырады.  Инклюзивті  білім  беру  – 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-үйретудің,  ыңғайына  қарай  ерекше 
білім берудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде 
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, осыған сәйкес 
білім  алушы  ыңғайына  қарай  тәсілдерді  қарастырады.  Нағыз  инклюзивті 
білім  берудің  2  жүйесін  жалпы  және  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне 
жақындастырады.  Жалпы  білім  беретін  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушыларды  бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру  боп 
табылады.  Инклюзивті  білім  беру  арқылы  білім  алушылардың  алшақтығын 
жоя отырып, оқушылардың тепе-теңдік қатынасын қамтамасыз ете отырып, 
кейбірінің  арнайы  жағдайлы  ортасын  қалыптастыру  қарастырылады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалар,  тегін  әлеуметтік  және  медициналық- 
педагогикалық  қолдаулар  алуға,  мемлекеттік  медициналық  мекемелерде, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультацияларда  немесе 
медициналық-әлеуметтік  сараптау  бөлімдерінде  тегін  тексеруден  өтуге, 
Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық 
көмектер  алуға,  психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультация 
қорытындысы  бойынша  дене  бітіміндегі  немесе  психикасындағы 
ауытқушылықтардың  көріну  деңгейлерінің  түрліше  болуына  қарамастан 
ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналық- 
педагогикалық түзету алуға құқылы.  
Әлеуметтендіру немесе әлеуметтік дамуы дегеніміз – бұл өмірге келген 
барлық  адамның  қоғамдық  өмірге  араласып,  өмір  сүруге  арналған  білім-
біліктер мен тәжірибелерді меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіруі.  
Мектеп  жасына  келген  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне 
арналған  бірнеше  класс  комплектілері  бар,  барлық  жабдықтармен 
жабдықталған  спорт,  би  залы,  балалардың  маусымдық  ауруларының  алдын 
алу  шараларын  кеңейту  мақсатындағы  физиотерапиялық  кабинеттер, 
медициналық  бөлме,  (ауырған  балаларды  оқшауландыру  бөлмесі), 
сенсорлық,  дефектолог  мамандардың  жабдықталған  арнайы  бөлмелері, 
жайлы  ойын  бөлмелері  бар,  сонымен  қатар  интерактивті  құралдардың 
көмегімен  педагогтың,  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне 
барлық жағдай жасалынған.  
Сабақтан  тыс  уақыттардағы  ұйымдастырылған  тәрбие  сағаттарында 
тәрбиенің сегіз бағыты бойынша оқушыларды тәрбиелей отырып, тұрмыстық 
икемділікке,  қоғамдық  тәртіп  ережелеріне,  әлеуметтендіру  жолдарына 
үйретіледі. Сонымен қатар, балалармен жеке, топтық жұмыс жасау кезеңінде, 
баланың  ішкі  сезімін,  көңіл  күйін,  ықыласын,  қажеттілігін  сезіне  отырып, 
психологиялық  тұрғыдан  қолдау  көрсетіледі.  Мектептегі  әлеуметтік- 
психологиялық  жұмыс  оқушының  әлеуметтік  жағдайын  жан-жақты  зерттеп 
көп  балалы,  табысы  аз  отбасыларды  анықтай  отырып,  оқушының  өмірге 
бейімделуіне  мақсатты  әлеуметтік  қолдау  көрсетеді.  Жетім,  қамқорлықсыз 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау