10.2 Жоспарлы су пайдалану принциптерi
Суармалы жүйелердi көп жылғы пайдаланудың тәжіребесi жоспарлы су пайдаланудың келесi негiзгi принциптерiн тұжырымдауға мүмкіндiк бередi:
1. Жоспарлау принципi. Су пайдалануды жоспарлағанда белгiлi бiр иерархияның қарастырылуы. Жоспарлағанда негiзгi звено - шаруашылық, сондықтан бұл деңгейде шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары жасалынады. Жасалған жоспардың негiзiнде жүйелерге суды бөлудiң жоспары жасалады, одан кейiн бассейннiң су мен жердiң теңдiгi жасалынады. Бұл құжатқа өзiне тән тексеру әдiсi мен есебiнiң формасы бар мемлекеттiк статус берiледi.
2. Кезеңдiлiк принципi. Ауылшаруашылық дақылдарының суармалы суға оптимальдi қажеттiлiгiн ескерiп, оларды прогрессшiл технология арқылы өңдеумен толық байланыста бола отырып, суды төменнен жоғары қарай бiр iзбенен пайдалану жоспарланады.
Суару режимiн әр танапқа, ауыспалы учаскге, шаруашылыққа, ауданға, суармалы территорияға және аймаққа экспериментальдi зерттеулердiң негiзiнде немесе есептеу әдiсiмен, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiне әсер ететiн факторларды ескере отырып анықтайды.
3. Шектiк принципi. Жүйелерге немесе жеке шаруашылықтарға алынатын суармалы судың шегi су көздерiнiң сулылығына, жүйенiң бас ғимаратының конструктивтiк ерекшелiктерiмен, шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердiң және олардағы гидротехникалық ғимараттарға, суармалы жердiң мелиоративтiк жағдайы мен олардың сортаңдылық дәрежесiне, кәріздiң жобаланғандығына байланысты айқындалады. Шаруашылықтағы ауылшаруашылық дақылдарын суару техникасымен қамтамасыздық деңгейiнiң және ресурстардың әр түрлілiгiнiң өте маңызды мағынасы бар.
Әр түрлi - 95, 75, 50, 25 және 5%-ды жылдардың қамтамасыздығының шегi тағайындалады, арнайы теңдiк есебiнiң негiзiне байланысты және суармалы жүйелердi пайдалану тәжіребесiн ескере отырып түзетiледi.
4. Оптимальдiк принципi. Бұл тәсілдiң методологиясы ресурстардың кейбiр түрлерiне жасалған кедергiлерге қарамастан жоғары өнiм алуға мүмкіншiлiк жасайды. Бүған, оптимальдi режимде барлық технологиялы үрдістердi орындау арқылы жетедi - нақтылы берiлген жағдайда жоғарғы экономикалық нәтиже алу мақсатында, су және еңбек ресурстарымен, техникамен уақытылы маневр жасауды қамтамасыз ету үшін, суармалы тiзбекке суды тарату, суаруды және керектi агротехникалық шараларды жүргізу, т.б.
5. Iрi шаруашылықтарға суды үздiксiз және кiшi шаруашылықтарға суды кезекпен беру принципi. Ол, iрi шаруашылықтарға суды үлкен шығынмен тәулік бойы берудi және кiшiгiрiм, аудандары 100 - 200 га аспайтын (фермерлiк) шаруашылықтарға кезекпен берудi қарастырады. Кiшiгiрiм шаруашылықтарға, суармалы суды тиiмдi пайдалану үшін, екi немесе төрт тактолi су айналымы енгiзiледi.
Судың кенет тапшылығы жағдайында iрi шаруашылықтарға да су бергенде тактолы су айналымы енгiзiледi, ол мүмкін шаруашылық аралық немесе шаруашылықтың iшiндегi тактолы су айналымы болуы мүмкін.
6. Жоспардың кешендiлiк принципi. Жоспарлы су пайдалану суармалы суды алу және тиiмдi таратудан ғана тұрмайды, сонымен қатар, каналдарды, ғимараттарды, автоматтандырылған және телемеханикаландырылған жүйелердi, қосымша жабдықтарды жөндеу мен қалпына келтiру жұмыстарынан тұрады; мелиоративтiк техникалар және инвентарлармен қамтамасыз етiлгендiгi; керектi мамандықтары бар еңбек ресурстарының теңдiгiн жасау; су пайдаланудың тиiмдiлiгi және тұтасымен экономикалық көрсеткіштiң есебi.
7. Нормативтiк база. Суды пайдалануды жоспарлағанда ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының арнайы дайындалған нормативтiк құжаттарды мiндеттi түрде пайдаланады. Бұған, ауылшаруашылық дақылдарының суару режимiн дифференциалау, жөндеу жұмыстарының барлық түрлерi, әр түрлі машиналар мен механизмдер, су өлшейтiн жүйелер, автоматтар мен телемеханикалар, сонымен қатар Өндірістік және тұрмыстық жағдайларының қызметiн мiндеттi түрде қалыпты қамтамасыз ететiн еңбек ресурстары.
8. Ғылыми-техникалық жетiстiктер. Мiндеттi түрде ғылыми-техникалық жетiстiктердi суармалы жүйелердi пайдалану практикасына енгiзу - экономика-математикалық әдiстердi, жүйелік сараптау әдiстердi, жүйелерде технологиялық үрдістердi жоспарлағанда және оперативтi басқарғанда электронды есептеу машиналарын пайдалану.
10.3 Жүйенiң және су көзiнiң суару қабiлетi
Жүйенiң суару қабiлетi деп - су қажеттiлiгiнiң ең жоғарғы тапшылығы кезiнде егiлген жердiң ауданын берiлген жылдың белгiлi кезеңдерiнде (онкүндiк, ай) суармалы сумен қамтамасыз етiлуi мүмкін деп түсiнiлуi. Жүйенiң суару қабiлетi жыл сайын Қзгередi, себебi, орнықты каналдар суармалы суды тұрақты жiбередi, ал суға деген қажеттiлiк, қалыптасқан ауа-райының жағдайына байланысты жыл сайын өзгередi. Ол, суармалы тiзбегi бар ауданнан үлкен де және кiшi де болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда суармалы тiзбекпен жабдықталмаған қосымша белгiлi бiр ауданның жерiн суаруға болады. Бұл жағдайда (жылжымалы суару( ұғымы енгiзiледi, бұны орындау үшін қосымша қуат пайдаланады - жаңбырлатқыш машиналар, жылжымалы сорап бекеттері, құбырлар, еңбек ресурстары. Екiншi жағдайда, жүйеде суармалы судың тапшылығы пайда болады, ол суармалы жүйелердi жобалағанда есептi қамтамасыздықпен анықталады. Суару қабiлеттiлiгiн су қажеттiлiгiнiң тапшылығы бойынша жылдың әр түрлі қамтамасыздығымен анықталады. Есептер жылдың бес ерекшелiгi бойынша: 95, 75, 50, 25 және 5%-ды қамтамасыздықтармен өткiзiледi. Әр жылға жасақталған гидромодуль графигi тұрғызылады, кейiннен шығынды есептеу үшін олардың он күндiктегi және ай сайынғы жоғарғы және орташа мәндерiн табады, ол, суармалы тiзбектiң барлық элементтерiндегi ысыраптарды есептей отырып ауылшаруашылық дақылдарын сумен қамтамасыз ету үшін жүйеге қажеттi суды алу.
Жүйенiң суару қабiлетiн, жүйеге берiлуi мүмкін судың кез-келген шығынының қолайлы жағдайларын (оның алуы мүмкін) болжай отырып есептейдi. Бiрақ, су көздерiндегi шығындарда (көбірек бұл өзен) табиғатта бей-берекет жағдайда болады. Сондықтан, өзендегi су шығынының қабiлеттiлiгiне байланысты су алу мүмкіншiлiгiн бағалау мiндеттi түрде жүргізiлуi керек. Су алу мүмкіншiлiгi суармалы жүйелердiң есептi су қамтамасыздығымен анықталады, ағынның есептi қамтамасыздығының бiрнеше вариантын, суармалы суға қажеттiлiгiн ескере отырып, су тапшылығы теңдiгiмен үйлестiру арқылы, суарудан түсетін таза пайданың өсуiн, тиiмдiлiк коэффициентiн анықтай отырып күрделі қаржы бiрлiгiнiң есебiн нормадағы мәнімен түйістiру, оптимизациялау мiндеттерi болып саналады және суармалы жүйелердiң есептi қамтамасыздығын анықтайды.
Өзен шығынының қамтамасыздығын, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары 10-15 жылға жасайтын, су мен жердiң теңдiгi негiзiнде табылады. Көрсетiлген теңдiкте суармалы жүйелердiң мүқтаждығын су көздерiнiң мүмкіншiлiктерiмен үйлесуiн ескередi. Әр 30-50 шақырым орналасқан өзен жақтауларының аралығында реттелмеген ағын, сипатты жылдар үшін 95, 75, 50, 25 және 5%-ды, ағын бойынша, қамтамасыздықпен бөлінедi. өзен трассасы бойымен суды тиiмдi бөліп тарату, ағынның - ағып келген, қайтқан сулардың, сүзілу ысырабына кеткен сулардың, сонымен қатар басқа тұтынушылардың алған суларының қалыптасу динамикаларын ескере отырып есептелiнедi. Су мен жердiң теңдiгiнiң әрбiр келесi жасалуы, бұрынғы жасалғаннан кейiнгi болған өзгерiстердi ескередi. Әр жақтауға сәйкес суарылатын аудан iлiнiп қойылады. Суару қабiлетiнiң есебiнiң әдiстемесi өзен ағынының реттелу дәрежесiмен анықталады. Ағыны реттелмеген өзендер үшін негiзiнен кiшi және орташа өзендер өсiмдiктiң өсiп-өну кезеңiндегi суарылатын аудан төмендегi келтiрiлген формула арқылы анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |