1 Құқықшығармашылық ұғымы және принциптерi



жүктеу 16,88 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі16,88 Kb.
#16064
түріСабақ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті авторы: Оразбаев Омирбек Салимжанович Тақырыбы: Құқықшығармашылық

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

  • Құқықшығармашылық процестің мәні мен мазмұнын, негізгі түрлері мен принциптерін түсіну
  • Құқықшығармашылықтың маңызды түрі ретінде заңшығармашылық процеске сипаттама беру

ЖОСПАРЫ 1 Құқықшығармашылық ұғымы және принциптерi 2 Құқықшығармашылықтың түрлері және субъектілері 3 Заңшығармашылық процесс және оның сатылары 4 Қазақстан Республикасындағы заңшығармашылық процедура

1 Құқықшығармашылық ұғымы және принциптерi

ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- өкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы құқықтық нормаларды жасауға, оларды өзгертуге немесе жоюға бағытталған қызметі

ЗАҢДЫЛЫҚ принципі

  • жаңадан қабылданатын нормалар Конституцияға және қолданыстағы заңдарға сәйкес болуға тиіс. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау тиісті процедуралық талаптарға сай жүргізілуі қажет және белгілі бір нормативтік актілерді қабылдаушы орган өз өкілеттігі шеңберінен шықпауы тиіс

ҒЫЛЫМИЛЫҚ принципі

  • нормативтік құқықтық акт жобасын дайындау барысында түрлі ғылым салаларының жетістіктері ескеріліп, құқықшығармашылық процеске ғылыми мекемелер, мамандар, бірінші кезекте заңгер-ғалымдар тартылуы тиіс. Бұл өз кезегінде, нормативтік құқықтық акт сапасының жоғары болуына және түрлі кемшіліктердің орын алмауына ықпал етеді

КӘСІБИЛІК принципі

  • құқықшығармашылық процестің барлық сатысында жоғары білікті мамандар, соның ішінде заңгер-ғалымдар қатысуы қажет. Мүмкіндігінше заң қабылдаушылардың да заңгерлік білімдері болуы тиіс

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ПАЙДАЛАНУ принципі

  • жаңа нормативтік құқықтық акт қабылдау барысында осы кезеңге дейін белгілі мемлекеттік-құқықтық тәжірибе ескерілуі тиіс. Бұл ретте отандық құқықтық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар әлемдік құқықшығармашылық тәжірибе де пайдаланылуы қажет

ДЕМОКРАТИЗМ принципі

  • құқықшығармашылық процеске халықтың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының, саяси партиялардың, т.б. кеңінен қатысуына негізделеді. Бұл ретте, әсіресе, құқықшығармашылық процеске бүкілхалықтық референдум арқылы бұқара халықтың қатысуының маңызы зор

ПРАКТИКАМЕН БАЙЛАНЫС принципі

  • заң шығарушы құқықшығармашылыққа кіріспес бұрын қоғамдық процестерге, бұрын қабылданған актілердің қолданылу практикасына, орын алған түрлі құқықтық олқылықтарды жою практикасына жан-жақты анализ жасап алуы қажет

2 Құқықшығармашылық тың түрлері және субъектілері

ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ түрлері

  • өкілетті мемлекеттік органдардың құқықшығармашылығы;
  • халықтық құқықшығармашылық, яғни референдум;
  • санкцияланған құқықшығармашылық.

өкілетті мемлекеттік органдардың құқықшығармашылығы

  • құқықшығармашылықтың неғұрлым кең тараған түрі болып табылады. Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес құқықшығармашылық ең алдымен мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган өз өкілеттігі шеңберінде нормативтік акт шығаруға құқықты

халықтық құқықшығармашылық, яғни референдум

  • демократияның маңызды институттарының бірі болып табылады және неғұрлым маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуге халықтың тікелей атсалысуын білдіреді. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады

санкцияланған құқықшығармашылық

  • мемлекеттік органдарда да, мемлекеттік емес органдарда да жүзеге асырылады. Санкцияланған құқықшығармашылыққа сәйкес мемлекет түрлі лауазым иелеріне/кәсіпорын, мекеме, министрлік, ведомоство, т.б. басшыларына/ заңға негізделген нормативтік немесе құқықтық актілер шығаруға өкілеттік береді

ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ субъектілері

  • Халық;
  • Парламент;
  • Президент;
  • Үкімет;
  • Басқа да мемлекеттік басқару органдары.

3 Заңшығармашылық процесс және оның сатылары

ЗАҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ сатылары

  • заңның жобасын дайындау;
  • заңды қабылдау;
  • заңды қолданысқа енгізу.

заңның жобасын дайындау

  • мемлекеттік орган құжаттың қажеттілігін негіздеу туралы, жобаны дайындау туралы, оны заңшығармашылық жұмыстар жоспарына енгізу туралы, тиісті жұмысшы органдар құру туралы шешім қабылдайды. Одан кейін заңның жобасын дайындау жұмысы басталады. Бұл саты заң жобасының редакцияланып, заң шығарушы органның қарауына ұсынумен аяқталады

заңды қабылдау

  • заңның жобасы алдымен тиісті комитеттер мен комиссияларда талқылаудан өтеді. Заң жобасының пленарлық мәжілістерде талқылануы оқылымдар деп аталады. Көптеген мемлекеттерде заңдарды қабылдауда 2 немесе 3 міндетті оқылым қарастырылған. Бірінші оқылымда депутаттар заңның қажет немесе қажет еместігін айқындайды. Екінші оқылымда заң жобасы жан-жақты, мұқият талқыланады. Жекелеген баптары, бөлімдері, тараулары дауысқа салынады. Үшінші оқылымда заң жобасы тұтастай талқыланып, қабылданады.

заңды қолданысқа енгізу

  • заң шығарушы орган қабылдаған заң күшіне енеді. Бұл ретте ол мемлекет басшысының қол қоюы, мемлекеттік тіркеу, ресми жариялану сияқты процедуралардан өтеді

БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТІ БАР МЕМЛЕКЕТТЕГІ ЗАҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕДУРА (СИНГАПУРДЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Сингапур Парламенті

Сингапурдағы заңшығармашылық процестің сатылары

  • Заң шығару бастамасы;
  • Бірінші оқылым;
  • Екінші оқылым;
  • Комитеттерде қарау;
  • Үшінші оқылым;
  • Президенттік Кеңес;
  • Президенттің қол қоюы;
  • Жариялау.

ЕКІ ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТІ БАР МЕМЛЕКЕТТЕГІ ЗАҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕДУРА (ГЕРМАНИЯНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Германия Парламенті

Германиядағы заңшығармашылық процестің сатылары

  • Заң шығару бастамасы;
  • Парламенттік топтарда дайындау;
  • Бірінші оқылым;
  • Комитеттерде қарау;
  • Екінші және үшінші оқылымдар;
  • Бундесратта қарау;
  • Келісім процедуралары;
  • Қол қою;
  • Жариялау.

4 Қазақстан Республикасындағы заңшығармашылық процедура

Қазақстан Республикасының Парламенті

Қазақстан Республикасындағы заңшығармашылық процестің сатылары

  • Заң шығару бастамасы;
  • Мәжілісте қарау:
    • Комитеттерде қарау;
    • Бірінші оқылым;
    • Екінші оқылым;
  • Сенатта қарау;
  • Келісу процедуралары;
  • Президенттің қол қоюы;
  • Жариялау.
  • Заң шығару бастамасы
  • М Ә Ж І Л І С
  • Заң жобасын қарау
  • Сенат қайтарған заң жобасын қайта қарау
  • Келісу процедуралары арқылы қабылданған заң жобасын қарау
  • Президент қайтарған заң жобасын қайта қарау
  • Заңды қарау
  • мақұлдау
  • қайтару
  • ҚОЛ ҚОЮ
  • ҚАБЫЛДАМАУ
  • С Е Н А Т
  • П Р Е З И Д Е Н Т
  • Заң жобасын қарау
  • мақұлдау
  • қайтару

жүктеу 16,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау