Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет56/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
МЖСТТ

Жүйектермен суарғанда суарылатын судың ысырабын азайтуға арналған негiзгi iс-шаралар: уақытқа байланысты шапшып ағатын судың шығынының өзгеруi, жүйектердiң орынды ұзындың шығынының өзгеруi, жүйектердiң орынды ұзындығы, жүйектердiң арасын үлғайту (жүйекі аралық арқылы суару), жүйектерге суаратын ағынды дискреттi (үзiк-үзiк) беру, көп сатысысты суару технологиясы, жүйектерге ағынды үлестiруге арналған жетiлген техникалық құралдар.
Суару ағынының шығыны жүйектердiң соңына жеткеннен кейiн топырақтың сiңiру қабiлетiнiң төмендеуiне сәйкес (топыраққа сiңген су шығынының азаюына қарай), азаюы керек. Iс жүзiнде әдетте бiр немесе екi тәсілде суару ағынының шығынын 1,5-2,5 есеге төмендетедi (сiңетiн шығынның азаюына байланысты).
Суармалы жүйектердiң ұзындықтары салыстырмалы азғантай болулары керек: үлкен еңiстіктерде (0,01-0,2) - 200-50 м, орташа және кiшi еңiстерде (0,003-0,002 және кiшiрек) - 300-200 м. әзындықтары азғантай жүйектерде ылғал көбірек бiркелкi таралады, бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi 0,8-0,95 құрайды.
Жүйектердiң ұзындықтарының үлкеюiне байланысты бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi азаяды, ал судың тереңге сүзілетiн ысырабы көбейедi. Үлкен еңiстiң жағдайында, мысалы, бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi 0,95-тен 0,75 дейiн кiшiрейгенде, бiркелкi ылғалданбаудың салдарынын болатынсудың тереңге сүзілу ысырабы, суару мөлшерінiң неттосынан 3-тен 7%-ға дейiн өседi.
Дискреттi суару кезiнде судың тереңге сүзілуi және жердiң бетiнен тасталу әдеуір азаяды. Оны танаптардың бетiнiң еңістіктері орташа (0,002-0,004) жағдайларда қолдану тиiмдiрек.
Жүйек аралық арқылы суару салыстырмалы жүйекі аралықтары тар (60-70 см) сулану контуры кең ауыр және орташа топырақтарда қолданылады. Мұндай суаруда суаратын жүйектердiң саны 2 есеге дейiн азаяды, демек, суармалы судың және сушылардың еңбегiнiң шығындары, жердiң бетiмен суды тастау да 2 есеге дейiн азаяды. Бұл жағдайда топырақтың ылғалдылығын төменгi деңгейде көбірек ұстап тұруға болады, нәтижесiнде судың тереңге сүзілу ысырабы төмендейдi.
Жүйектерге суды үлестiрудiң қазiргi техникалық құралы - суару құбырлары, шлангалар, науалар, суару машиналары және өсiмдiктiң қажеттiлiгiне және топырақтың өзiне тән қасиеттерiне сәйкес танапқа берiлген суды оперативтi реттеуге мүмкіндiк беретiн қондырғылар. Оларды қолдану нәтижесiнде судың ысырабы әдеуiр азаяды.
Суармалы құбырлар, полиэтилендi шлангалар, суару машиналары көп сатысысты суару технологиясын қабылдауға мүмкіндiк бередi, бұл жағдайда суармалы учаскеге тесiп Өтетiн жүйектердi тiледi (учаскенiң бүкіл ұзына бойына), содан кейiн суару құбырларының немесе шлангалардың бiрнеше сатысыстарын бiр уақытта жұмысқа қосады. Жоғарғы сатыларда топыраққа сiңбеген су, тесiп өткен жүйектермен (құбырдың Үстiңгi немесе шланганың астыңғы жағымен) төменгi сатысыстарға өтiп осы жерде топырақтарға сiңедi. Бұндай суару технологиясында суды жердiң бетiнен тастау тек қана төменгi (соңғы) сатысысында пайда болады. Нәтижесiнде жер бетiмен тасталатын судың ысырабы суармалы учаскедегi сатысыстардың санына еселi азаяды.
Судың тереңге сүзілу ысырабын төмендету үшін топырақтың тамыры бар арынды қабаттың ылғалдылығын салыстырмалы төменгi деңгейде ұстап тұру жеткiлiктi: шөлейт аймақтарда 0,6-0,95 НВ, құрғақ далалық аймақтарда 0,7-0,85 НВ, далалық аймақтарда 0,65-0,80 НВ, гумидтi аймақтарда 0,8-1 НВ. Бұл үшін суару мөлшерлерi: жаңбырлатып суарғанда 150-400 м3/га, жер бетiмен суарғанда 400-800 м3/га болуы керек.
Сонымен, топырақ сулары тереңде жатқан және топырақтың ылғалдылығы төмен жағдайларда судың тереңге сүзілу ысырабы азаяды (А.И.Головановтың мәліметi бойынша):
Су топырақ қабаттары арқылы өткенде олардан уытты тұздар, сонымен қатар Қсiмдiкке керектi қоректiк минералды элементтер және органикалық заттар жуылады. Және де шығарылатын химиялық және органикалық заттардың көлемдерi шамамен судың сүзілуге кететiн ысырабының көлемiне пропорциональдi. Сондықтан судың тереңге сүзілу ысырабы көп болған сайын, өсiмдiкке керектi қоректiк минеральдi элементтерi менн топырақтағы органикалық заттардың ысырабы елеуiрек болады. Суару үрдісiндегi судың булануға кететiн және суару бiткеннен кейiнгi алғашқы күндерi (артық ылғалданған топырақтар мен өсiмдiктiң жапырақ беттерiнен) болатын ысыраптарды азайтудың маңызы бар. Бұл ысыраптар ауаның температурасына және қатысты ылғалдылығына, желдiң жылдамдығына, суды ыдыратып жiберу дәрежелерiне байланысты. Күндiз, ауаның жоғарғы температурасында булануға кететiн ысырап барынша көп мәнге жетедi, ал түнде әдеуір төмендейдi. Сондықтан, судың ысырабын азайту Үшін iрi жүйелерде суаруды тәулік бойына жүргізу қажет (түнгі сағаттарды қоса), ал шаруашылықтың iшiндегi кiшкентай жүйелерде - көбінесе түнде.
Жаңбырдың қарқындылығы судың топыраққа сiңу жылдамдығынан артып кеткен жағдайда жердiң бетiнде су жиналады (жер бетiнен тастағанда болатын судың ысырабы). Бұл құбылысты болдырмау үшін судың топыраққа сiңу жылдамдығынан артпайтын жаңбырының қарқындылығы орташа жаңбырлатқыш машиналарды (қондырғыларды) қабылдау қажет. Жаңбырының ең кiшi қарқындылығы (0,02 мм/мин көп емес) синхронды импульсты жаңбырлатқыштар жүйелерiнде (СИЖ) оларды жер бетiндегi судың жиналуын болдырмайтын ең күрделі табиғи жағдайларда (еңістіктері үлкен, ауыр топырақтар) қолданады.
Жаңбырлатқыштарда суару мөлшері топырақтың эрозиясын болдырмайтын мөлшерден аспауы керек. Оны жаңбырдың сапасы мен қарқындылығын, топырақтың сiңiру қабiлетiн, агрофонның жағдайын, танаптың бедерi мен еңістігін ескере отырып тағайындайды. Осы факторларға байланысты ағын жиналуға дейiнгi суару мөлшері 50-600 м3/га және одан да көбіректi құрайды.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау