Жер бетiндегi су көздерiнiң ластануының негiзгi себептерi: оларға суармалы немесе құрғататын территориялардағы кәріздiң және ақаба суларды тастау, сонымен қатар төгінді суларды тастау (тұрмыстық, өндірістік, қалалық, жануарлардың). Кәріздiң суларында мелиорацияланатын жерге қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және пестицидтердiң қалдықтары бар. Сондай-ақ, тұздалған жерлерде де топырақтан шайылған суда еритiн тұздар бар. Суармалы танаптардан тасталған ақаба суларда минералды және органикалық тыңайтқыштардан, пестицидтерден басқа да жер қыртысының эрозиясының және түскен өсiмдiктердiң өнiмдерi бар. Жыл сайын су көздерiне ластанған сулармен жүз мыңдаған тонна әр түрлі лас заттар тасталады, бұл қасапсыз экономикалық зиян келтiредi.
Жер асты суларының ластануының негiзгi себептерi: тыңайтқыштардың, пестицидтердiң қалдықтары және ерiген тұздар бар суармалы судың тереңге кететiн сүзілуi.
Алдан ала тазартылған төгінді сулар.
Суаруға және ауылшаруашылығы жерiне пайдалануға арналған алдын ала тазартылған төгінді сулар мен тыңайтқыштар жер бетiндегi су көздердi және жер асты суларының ластануын төмендетедi, бiрақ жоймайды.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда суларды сарқылудан және ластанудан қорғайтын негiзгi iс-шаралар: суару және суландыру мөлшерлерiн азайту, табиғи жағдайларға сәйкес оларды дәлме-дәл дифференциялды пайдалану, суарылатын танаптарда және суармалы тiзбекте суарылатын судың ысырабын болдырмау, кәріздiң және ақаба суларды жүйелердiң сыртына тастауды азайту және толық доғару.
Суару және суландыру мөлшерлерiн азайтудың мүмкіншiлiгi осы заманғы ғылыми зерттеулер мен суармалы егiншiлiктiң тәжіребесiнде жеткiлiктi сендiру дәлелденген. Биологиялық оптимальдi деп аталатын суландыру мөлшері, өсiмдiктi оптимальдi сумен жабдықтауға және жоғары өнiм алуға есептелiнген, бiрақ олар бұның экономикалық тиiмсiз екенiн күәландырып отыр. Экономикалық тиiмдi суландыру мөлшері 1,3-1,5, ал кейде 2 есеге дейiн биологиялық оптимальдi суландыру мөлшерінен кiшi. Бұл жағдайда ауылшаруашылығы дақылдарының өнiмi жоғарғы Уmax өнiммен салыстырғанда төмендеуi 5-15%-дан көп емес. Ылғалы көбірек аймақтарда (орманды дала, далалық) суландыру мөлшерін ылғалы аз (шөлді, шөлейт) аймақтарға қарағанда үлкенiрек мәнге төмендетуге болады. Мысалы, ҚазСШҒЗИ (Қазақтың су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) берiлгендерi бойынша орманды дала аймағының жағдайында суландыру мөлшерін 1,5 есеге төмендеткенде дақылдардың өнiмi 10%-ға төмедейдi; ал солтүстiк шөлді аймағының жағдайында 1,2 есеге төмендету керек. ´ндiрiстiк жағдайда өнiмнiң 5-15% төмендеуi егiстiң ала-құлалығына өсiмдiктердiң ауруына байланысты барлық уақытта орын алады. Сондықтан дақылдардың өнiмдiлiгiне (0,85-0,95) Уmax байланысты суландыру мөлшерінiң кемуi орынды және экономикалық тиiмдi.
Дәлме-дәл дифференциалды суару режимiн пайдалануды қолдану жылдың ауа-райының жағдайына байланысты, Әр танаптың гидрогеологиялық және топырақ жағдайлары суландыру мөлшерлерiн елеулi төмендетуге мүмкіндiк бередi. Ылғалды және салқын жылдары, су тұтыну жинағы азайғанда және жауын-шашынның саны көбейгенде, сонымен қатар танаптарда тұщы және минерализациясы аз топырақ сулары жақын жатқанда суландыру мөлшері төмендейдi. Мысалы, ҚазСШҒЗИ берiлгендерi бойынша Орал облысының солтүстiк аудандарының жағдайында құрғақ және ылғалды жылдары суландыру мөлшері (95 және 5%-ды табиғи ылғалмен қамтамасыздығы) сәйкес: жазғы бидайлар үшін 3200 және 750 м3/га, сүрлем жүгерілер үшін 3750 және 1500, көкөністер үшін 4900 жне 2000, көп жылдық шөптер мен жайылымдар үшін 5550 және 2200, жемiс және жидектер үшін 3900 және 1650 м3/га. Ылғалды жылдары суландыру мөлшері 2,4-4,3 есеге төмендейдi, бұл су қорларын әдеуір экономикалық жасауға мүмкіндiк беред. әқсас көкөністер және басқа суармалы аймақтарда да байқалады. Үстiмiздегi жылда қалыптасатын ауа-райының жағдайын ескерiп суару мерзiмi мен мөлшерін оперативтi анықтау үшін суаруды ЭЕМ пайдалана отырып оперативтi басқару жүйесін енгiзудiң үлкен мәні бар.
Тұщы топырақ суларының жақын жатуы тамыр жүйесі дамыған дақылдардың су тұтыну жиынтығының әдеуір бөлігін қамтамасыз етедi. Мысалы, тамыр жүйелерi 1 м-ден көбірек тереңдiкке таралғанда дақылдардың топырақ суларын тұтынуы келесi түрде қамтамасыз етедi (қоректендiрудiң кiшi мәніне сәйкес жеңiл топырақтарға, үлкенi - ауыр топырақтарға)
Топырақ сулары тұщы және жердiң бетiне жақын жатқан жердi суарғанда олардың жату тереңдiгi азайған сайын суландыру мөлшері төмендейдi.
Жақын орналасқан минерализацияланған топырақ суларын өсiмдiктердiң пайдалануы сондай, бiрақ қарқындылығы 1,5-2 есеге кiшiрек. Сөйтсе де бұл жағдайда топырақтың тұздалуынан аман болу үшін шаю режимiн күшейту керек. Еске сала кететiн нәрсе топырақ суларының минерализациясының көтерiлуiне және олардың жату тереңдiгiнiң кiшiреюiне байланысты шаю режимiнiң қарқындылығы, олай болса, суландыру мөлшері де өседi. Мысалы, топырақ суларының минерализациясы 25 г/л болса, олардың тереңдiгi 3,2-ден 1,6 м кiшiрейгенде суландыру мөлшері екi есеге өседi.
Сондықтан әлсiз минерализацияланған (1-3 г/л) топырақ суларын бiршама азғантай тереңдiкте ұстап тұруға болады. Күштi минерализацияланған )5 г/л көбірек) топырақ суларында шаю режимiнiң қарқындылығын және суландыру мөлшерін азайту үшін олардың деңгейiн үлкен тереңдiкте - 3-3,5 м шамасында ұстап тұру орынды (егер де бүған тұрғызылған коллекторлы-кәріздi тiзбек мүмкіндiк берсе).
Суаратын судың минерализациясы азайған кезде де суландыру мөлшерін төмендетедi. Мысалы, минерализациясы 1,25 г/л болатынсумен суарғанға қарағанда тұщы сумен суарғанда суландыру мөлшері 2 есеге дейiн аз қажет етiледi. Сондықтан, минерализациясы жоғары коллекторлы-кәріздiң суларын қайта пайдалану, көп шiлiк жағдайда, суармалы суды үнемдеудiң тек қана қиялын жасайды.
Сондай-ақ суландыру мөлшерін су тұтыну жиынын кемiту және жауын-шашынды тиiмдiрек пайдалану арқылы да азайтуға болады. Тау етегiндегi зонаның шөлейттi және далалық аймақтарда, мысалы, бақтарды және жүзімдiктердi, ауаның температурасы төмен және су тұтыну жиыны аз, ал жауын-шашыны көп жер бедерiнiң биiктiгi көбірек аудандарда егу орынды. Шөлді және шөлейттi жазық аймақтарда ылғал сүйгіш дақылдарды егудi қысқартып (мысалы, күріштi) оларды ылғалды аз сүйетін дақылдармен (жүзім, бақ, жүгері, көкөніс) ауыстырған орынды.
Су тұтыну жиынын топырақты ылғалдау немесе оны пленкамен жабу жолдарымен елеулi қысқартуға болады. Бұл жағдайда су тұтыну жиынының әдеуір үлесiн құрайтын (мысалы, мақта егiстiктерiнде 0,63-0,70) топырақтың беткi қабатынан болатын физикалық булану кенет қысқарады немесе толық дерлiк болғызбайды.
ҚХР (Синьцзян) мақта, жүгері, бақша және көкөніс дақылдарын ауданы 350 мың га көбірек жердi пластмасса пленкасымен суарады (Чжан Чжисинь мәліметтерi бойынша). Бұнда пленка суару техникасының жақсаруына және топырақтың беткi қабатынан болатын босқа кететiн физикалық булануды төмендетуге мүмкіндiк туғызады. Нәтижесiнде, пленкасыз жүйекітеп суарумен салыстырғанда мақта егiстiгiнде су 36%-ға үнемделедi.
Суармалы танаптарда судың ысырабы танаптарға берiлетiн судың 40-60% жетуi жиi. Бұнда су жердiң бетiмен тасталуына, терең сүзілуге және суару кезiнде және суарғаннан кейiн алғашқы күндерi булануға (артық ылғалданған топырақтардан және өсiмдiктiң жапырақ беттерiмен) жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |