|
Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе
|
бет | 1/63 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 409,82 Kb. | | #44612 |
| МЖСТТ
Тақырыбы: СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
КІРІСПЕ
Гидротехникалық ғимараттарды пайдаланудың құрылу тарихы мен даму қызметі ежелгі Месопотамиядағы Тигр және Евфрат, Египеттегі Нил, Индиядағы Инд, Қытайдағы Хуанхэ өзендерінің жағалауларының өркениетіне тамырланып кетеді.
Қазірдің өзінде Орта Азия республикаларындағы жүздеген гектар ауылшаруашылық алқаптарына суды жиырмаға жуық ежелгі суландыратын каналдар арқылы беріледі. Бұл – біздің эрамызға дейінгі ІІ ... ІІІ ғасырларда құрылған адамдардың жоғарғы жасампаздық іс-әрекетін куәландыратын Зах, Искандер, Бозсу, Салар және т.б. каналдар.
Адамдар қалай сумен қамту жүйелерін, плотина және дамбалар тұрғызып, өзендердің сағаларын реттеп, каналдар жүргізе бастаса, солай оларды пайдалану қажеттілігі де пайда болды. Мысалы, б.э.д. ІV ғасырға дейін жер иеленушілердің арасында суды тарату үшін жабайы су өлшеуіштер қолданыла бастады. ХVII ғасырда сұйықтықтың пластинаны, роторды және т.б. айналып ағуына негізделген судың ағысының жылдамдығын өлшеуге арналған аспаптар пайда болды. Кейінгі кездерде басқа да аспаптар пайда болды, олардың жұмыс істеу принциптері осы уақытқа дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Су шаруашылық құрылымдарының құрылысы мен пайдаланылуы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында турбиналар, бетон және темірбетондар пайда болған кездерде жақсы дами бастады. ХХ ғасырдың басында Вышневолоцская, Тихвинская, Мариинская және т.б. сияқты тасымалдау және жерді суландыру мәселелерін шешуге арналған салыстырмалы түрде ірі бассейнаралық жүйелер пайда болды.
ГОЭЛРО жоспарында қарастырылған энергетикалық қажеттілікке арналған ондаған плотиналар құрылысы салынып болған соң, гидротехникалық құрылымдарды пайдалану қызметін жаңа, жоғарғы деңгейге қойды. Дағыстан АССР-нда Октябрь Революциясы атындағы, Кабардин-Балкар АССР-ның Терек өзенінде Кіші-Кабардин гидроторабы, Шешен-Ингуш АССР-нда Алхан-Чурт жүйелері, Өзбекстандағы Үлкен Ферғана каналы және тағы бірқатарының жұмыс істеу барысында оларды пайдалануда белгілі бір тәжірибе жинақталды. Гидроэнергетика мен мелиорацияда пайдалану қызметінің структурасы (құрылымы) нақты бір мәселені шешуге байланысты болады, гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану мәні бірдей болады десе болады. Сол себепті гидроэнергетика саласында жинақталған гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану тәжірибесін мелиоративтік гидротехникалық құрылымдарға да таратуға болады.
Біздің елімізде сушаруашылық объектілерінің кең өріс алған құрылысы оларды пайдалануда көп тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бүкіл әлемде құрылған сыйымдылығы 1 млн.м3-тан асатын 13 мың су қоймаларының 15% КСРО-да салынған. КСРО-да салынған 470 су қоймаларының сыйымдылығы 20 млн.м3-ден асады, ал шамамен 200 су қоймасы – 100 млн.м3-ден асады. Еліміздегі салынған көптеген плотиналар әлемдегі ең ірі плотиналар қатарына кіреді.
Су шаруашылық объектілерінің (нысандарының) жұмыс істеу қабілеттілігі едәуір мөлшерде оларды пайдалану жағдайына, олардың күтіміне, дер кезінде жөндеу және қайта құрастыру мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сол себепті Министрлік өз жұмысын негізінде қосымша су ресурстарын босату мақсатында мелиорацияны қарқынды түрде дамытуға, жүйелер мен құрылымдарды қайта құруға (реконструкциялауға) арналған жұмыстардың көлемін кеңейтуге бағыттауға тиіс. КСРО кезінде капиталдық салымның 70 пайызын жұмыс істеп тұрған су шаруашылық нысандарын қайта құру мен техникалық жетілдіруге бағыттаған.
Су шаруашылық нысандарын (олардың құрама бөлігі болып табылатын гидротехникалық құрылымдарды да) пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттарын келесідей көрсетуге болады: пайдалану қызметін басқару мен ұйымдастырудың ұтымды құрылымын (структурасын) жасау; алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу және жұмысшыларды еңбекке ынталандыру негізінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру; гидротехникалық құрылымдардың автоматтандыру жүйелерін техникалық басқаруды құрастыру және оларды жетілдіру; жаңа, неғұрлым жетілдірілген бақылау-өлшеуіш аппаратуралар жасау; жөндеу-пайдалану жұмыстарын кешенді механизациялауды қамтамасыз ететін алға басатын (прогрессивті) технологиялар мен механизмдер құрастыру; гидромелиоративтік жүйелер мен олардың құрамындағы гидротехникалық құрылымдарды пайдалануға арналған мелиоративтік машиналардың толық кешенін құрастыру; каналдар салу мен оларды жөндеу үшін технологиялық кешендерді құру және енгізу арқылы жөндеу-пайдалану жұмыстарында еңбек өнімділігін арттыру; сушаруашылық нысандары мен жекелеген гидротехникалық құрылымдарды пайдаланудың жетілдірілген типтік қағидаларын, инструкциялары мен ережелерін жасау.
Сушаруашылық құрылымдарды пайдалану және оларды жөндеу талаптарын қанағаттандыра отырып, сенімділік қасиетіне ие болу шарт, сол арқылы оларға белгіленген қызмет ету мерзімі барысында өздеріне жүктелген функцияларды орындаулары қажет; олардың құрылымдары мен жекелеген элементтері бір-бірімен байланысты құрылымдарды тоқтатпастан, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеудің барлық түрін орындауға болатындай етіп бейімделген болуы; пайдалану кезінде экономикалық тұрғыдан тиімді; эстетикалық архитектуралық сипаты болуы керек; негізделген техникалық резервке ие болу қажет.
Әртүрлі салалар және олардың бағыттары гидротехникалық құрылымдарға белгілі бір талаптар қояды: суландыру –магистрал каналдарға су пайдалану графигіне сәйкес кепілді су беру және каналдардың шөгінділерден қорғалуын қанағаттандыру; сумен қамту жүйесі – ауыз су мен өндірістік қажеттілікке арналған кепілді су алуды қамтамасыз ету; гидроэнергетика – жоспарланған мөлшерде электр энергиясын өндіру; су жолдары – су трассасы форватерінде есептік су деңгейі мен тереңдігін ұстап тұру; балық шаруашылығы – балық өткізу құрылымдарына қарай тарту жылдамдығын қамтамасыз ету.
Көбінесе бір саланың талаптары екінші бір саланың талаптарына қарама қайшы келеді.
Пайдаланудың күрделі мәселелерінің кешенін шешу жолында ғалымдар мен мамандар пайдалану жүйелерін жетілдіруде, гидротехникалық құрылымдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындауда, сондай-ақ, бақылау-өлшеуіш аппаратураларды жасауға көп еңбек сіңірді. Суландыру және құрғату жүйелерін, сондай-ақ, әртүрлі гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдаланудың ережелері құрастырылды. Суландыру жүйелерін пайдалану қызметін жобалаудың жетекшілігі, құрылымдарды техникалық пайдаланудың типтік инструкциялары құрастырылды. Құрылымдарды коррозиядан, балдырлармен өсуден және мұздақталудан сақтау құралдары ұсынылды. Гидротехникалық құрылымдарды табиғи бақылау және зерттеуге арналған жетекшіліктер мен нұсқаулар құрастырылған, қажетті бақылау-өлшеуіш аппаратуралар жасалды. Әртүрлі материалдардан жасалған жер беттік, жер асты жағдайларында және су астында гидротехникалық құрылымдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде едәуір тәжірибе жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|