Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет1/20
Дата29.05.2018
өлшемі0,57 Mb.
#18283
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

3 деңгейлі СМК құжаты 

ПОӘК 

ПОӘК 


042-18-12.1.47/03-2013 

 

«Объекті-бағытталған 



программалау» пәнінің 

оқу-әдістемелік 

материалдары 

№2 басылым 

03.09.2012ж 

 

 



 

 

 

 

 

 

«

«

Объекті-бағытталған программалау

»

»

 

 

 

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»   мамандығына арналған



 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 

2012 


 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 2-сі   

 

 



МАЗМҰНЫ  

 

 



1. Глоссарий 

2. Дәрістер 

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 

4. Студенттің өздік жұмысы 

 



 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 3-сі   

 

 



1. ГЛОССАРИЙ 

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған: 



DELPHI  –  Windows  операциялық  жүйесінің  ортасында  жұмыс  істеуге  қалыптанған 

программаларды құруға арналған біртұтас  орта.

 

Объект - бізді қоршаған әлемнің белгілі бір бөлігі. 

Объекті-қалыптамалы  программа  –  бұл    объектілер  және  олардың  қарым-қатынас 

әдістерінің жиынтығы.

 

Қалып  -  Windows  терезесі  бола  алатын,  оның  барлық  қасиеттерін  қабылдайтын,  басқа 

компоненттер орналастыруға арналған компонентті айтады.

 

Қасиет  - қалыпқа орналасқан компоненттің мазмұнын ашатын белгілерді айтуға болады.

 

Оқиға деп компонентке қатысты орындалатын әр түрлі әрекеттерді айтуға болады.

 

Жоба  –  тұтастай  қосымшамен  байланысқан  бастапқы  программалар  мен  файлдардың 

жиынтығы. 

Форма  –  үстіне  басқа  объектілер  орналасатын  объект.  Кез  келген  жобамен  келесі 

файлдар байланысты. 



TАpplication класы – орындалып отырған қосымщаларды басқаруды жүзеге асырады.

 

Application  айнымалысы  –  ауқымды  айнымалы,  DELPHI  ортасында  жазылған  кез 

келген программаларға мүмкіндігі бар.

 

Initialize әдісі – инициализация қосымшасы үшін қолданылады.

 

CreateForm әдісі – қосымшада форма құру үшін қолданылады. 

Run әдісі – қосымшаны іске қосуды жүзеге асырады. 

Finalization – тек бір рет және программа жұмысының соңында орындалатын іс-әрекет.

 

Implementation – тарату бөлімі Implementation сөзінен басталады. 

Initialization – тек бір рет және программа жұмысының басында орындалатын іс-әрекет.

 

Interface  (интерфейс)  –  басқа  программа  бөлімдеріне:  басқа  модульдерге  және  негізгі 

бөлімге мүмкіндігі бар ақпараттарды суреттейді.

 

 



 

2. ДӘРІСТЕР 

Дәріс сабағының құрылымы: 

1 апта 

1 тақырып. Объекті-бағытталған программалауға кіріспе. 

Дәріс жоспары: 

1.  Объекті-қалыптамалы программалау 

2.  Объект 

3.  Borland Delphi объекті-қалыптамалы визуалды программалау жүйесі 

4.  Дельфи ортасының құралдары 

Дәрістің қысқаша мазмұны: 

ОҚП-ның  негізінде  шынайы  өмірдің  объектісін  белгілі  бір  құрылым  ретінде 

сипаттайтын объект ұғымы жататын программаларды  құру әдістемесі. ОҚП – бұл қиын 

(онша қиын емес) программалар мен жүйелер құруға жаңа мүмкіндіктер. Бұл мүмкіндік 

С++,  Pascal  сияқты  программалау  тілдерінде  көрінді.  ОҚП-ның  пайда  болуына  дейін 

процедуралық программалау болды. Процедуралық программалау кезінде программаның 




 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 4-сі   

 

негізі болып функциялар мен процедуралар, яғни іс-әрекеттер табылады. Құрастырушы 



қойылған  есепті  шешуге  арналған  қандай  іс-әрекеттер,  қандай  функциялар  оған 

керектігін  анықтайды,  осы  функцияларды  қояды  және  оларды  программаға  қосады. 

Программа  әдетте  жұмыс  алгоритмін  –  қандай  да  бір  нүктеден  басталатын  және  бір 

немесе бірнеше нүктелермен аяқталатын операциялар тізбегі. 

ОҚП-да  және  жобалауда  маңызды,  жіберілетін  нүкте  болып  процедуралар  мен  іс-

әрекеттер емес, объект табылады.  

Нақыт өмірдің объектілері туралы кейбір мағлұматтар келтірейік. 

  Объект  дегеніміз  бізді  қоршаған  әлемнің  белгілі  бір  бөлігі.  Кез  келген  объекті 

мына түрде сипаттауға болады: 

1.  аты 


2.  объектінің параметрі – объектінің қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіш 

3.  іс-әрекеттер жиыны – объект атқаратын қызметтер 

ОҚП – тілінің 3 түрлі негізгі қасиеті бар: 

1.  инкапсуляция – процедуралар мен функцияларды жазбалармен біріктіреді; 

2.  полиморфизм – белгілі бір іс-әрекетке бір атау меншіктеледі; 

3.  орын басу – объектті анықтау және оның қасиетін қолдану. 

Объекті-қалыптамалы  программа  –  бұл    объектілер  және  олардың  қарым-қатынас 

әдістерінің  жиынтығы.  Мұндай  жағдайда  жеке  (және  басты)  объектіні  көп  жағдайда 

программаны  пайдаланушы  деп  есептеуге  болады.  Объектілер  арасында  алмасу  хат 

арқылы жүреді. 



Негізгі  түсініктер.    Дельфи  ортасындағы  жұмыс  технологиясы  нысанды-

бағытталған  және  көріністі  (визуальды)  программалау  идеяларында  қолданады. 

нысанды-бағытталған  программалау  идеясы  класс  деп  аталатын  берілгендерді 

инкапсуляциялайтын  (біріктіретін)  және  оларды  типтерге  немесе  түрлерге  өңдеу 

әдістерінен тұрады. Нақты бір анықталған класстың айнымалысы объект болады. Объект 

мысалдары ретінде терезелердегі басқару элементтерін қарастыруға болады: батырмалар, 

тізімдер, мәтіндік алаңдар, т.с.с. Дельфи көріністі программалау ортасы  бұл -  нысанды-

бағытталған  ObjectPascal  тілі  версиясына  негізделген    графиктік  автоматтандырылған 

қабықша.    Егер  Паскаль  тіліндегі  құрылымдық  бірліктер  -  берілгендер  мен  командалар 

болса,  Дельфи  тілінде  олар  –  көріністі  объект  немесе  компонент  деп  аталады. 

Программалауды  автоматтандыру  деп  –  бұл  тілдегі  басты  мүмкіндік:  программалық 

кодқа қолмен өзгерістер жазбай-ақ, қалыпқа компоненттер қойып, қасиеттерін өзгертуді 

айтады. 

Қалып деп Windows терезесі бола алатын, оның барлық қасиеттерін қабылдайтын, 

басқа  компоненттер  орналастыруға  арналған  компонентті  айтады.  Қалыпқа 

орналастырылатын  компоненттер  көрінетін  және  көрінбейтін  болуы  мүмкін.  Көрінетін 

компоненттер  қолданушы  мен  диалог  орнатуға  пайдаланса,  көрінбейтіндері  -  

компьютердің жүйелік ресурстарына қатынас жасауға пайдалы. Көрінетін компоненттер 

ретінде батырмалар, тізімдер, бейнелер т.б. табылады. 



Жоба  (проект)    -  Дельфи  программалары  сақталған  файлдар  жиынтығы.  Бір  жоба 

бірнеше файлдан тұрады. 



1. Дельфи ортасының құралдары.  Негізгі құралдары: 

- бас мәзір (меню) 




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау