Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20__ жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік
кешен субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
Осы инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және жаңадан құру немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын модернизациялауға бағытталған инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектілері (бұдан әрі – АӨК) көтерген шығындардың бір бөлігін өтеу (Инвестициялық субсидиялау) тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Инвестициялық субсидиялаудың негізгі мақсаттары капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестицияның өтімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК-нің басымды саласына инвестициялық тартымдылықты арттыру болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
агроөнеркәсіптік кешенінің (саланың) басымды бағыттары – дамуда едәуір потенциалы бар осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген АӨК бағыттары;
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
жұмыс органы – облыс, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерінің ауыл шаруашылық басқармасы;
инвестор – АӨК-нің басымды бағыттарына (салаларына) инвестциялық салынымды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
инвестициялық субсидия – инвестциялық салынымның бір бөлігін өтеу;
инвестициялық салым – инвесторлардың жаңадан құру немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын модернизациялау мақсатында негізгі құрал-жабдықтарды құруға, сатып алуға және жаңартуға жіберілген шығындар;
инвестициялық паспорт –осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес АӨК-нің басымды бағыттарында жаңадан құру немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын модернизациялау бойынша критериялары мен шығын түрлері;
инвестициялық жоба – жаңадан құру немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын модернизациялау бойынша кешенді іс-шаралар;
комиссия – инвесторлардың өтінімін қарастыру және инвестициялық субсидиялауды ұсыну/бас тарту туралы шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс атқаратын алқалық орган;
қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер; банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар; лизингтік компаниялар, кредиттік компаниялар, 100-проценттік мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар;
оператор – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы немесе оның бөлімшелері;
3. Инвестициялық субсидиялаудың жалпы шарттары
Инвестициялық субсидия Инвесторға қаржы институттарының жекеменшік және/немесе тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылған Инвестициялық салым бойынша төленеді.
Инвестициялық субсидия Инвесторға осы Қағиданың 1- қосымшасында көрсетілген Инвестициялық бағыттардың тізбесі бойынша төленеді.
Бұл ретте тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін 1-қосымшаға сәйкес бірінші топтағы бағыттар бойынша инвестициялық субсидияны беруге инвесторлардың өтінімі қарастырылады. Бірінші топ арасында бірінші кезекте басымдылығына қарай 1-қосымшада көрсетілген тәртіп бойынша инвесторлардың өтінімдері қарастырылады.
Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтағы бағыттар бойынша инвесторлардың өтінімдерін қарастыруға қабылдау мүмкін. Бұл ретте инвесторлардың өтінімі топтамаларға қарамастан, 1-қосымшада көрсетілген жалпы кезектегі тәртіпте қарастырылады.
Инвесторларға төленетін әр бір бағыттар бойынша инвестициялық субсидияның көлемі Инвестициялық паспорттарға сәйкес (Осы Қағиданың 2-қосымшасы) инвестициялық салынымның нақты сомасынан процент түрінде анықтайды.
Техникаға, құрал-жабдықтарға және құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялық салымның бір бөлігі қайтаруға жатады, тізбесі мен ең жоғарғы қол жетімді бағасы Инвестициялық паспортта көрсетілген (осы Қағиданың 2 қосымшасы).
Қолданылған техникалар мен құрал-жабдықтарды сатып алған жағдайда оларды инвестициялық субсидиялауға жол берілмейді.
Егерде Инвестормен көрсетілген инвестициялық салымның сомасы инвестициялық паспортта көрсетілген Инвестициялық салымның ең жоғарғы қол жетімді бағадан артқан жағдайда инвестициялық субсидияның есебі инвестициялық паспортта көрсетілген ең жоғарғы қол жетімді баға бойынша есептелетін болады.
Бөлінген субсидия көлемінен Инвесторлармен өтінім білдірілген субсидия көлемінен артқан жағдайда осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген басымдықтарды кеміту тәртібінде өтінімдер қанағаттандырылатын болады.
Тиісті қаржы жылына бюджеттік қаражаттар жетпеген жағдайда, комиссиямен мақұлданған инвесторлардың өтінімдері келесі қаржы жылында қанағаттандырылуға жатады. 1 қосымшадағы екінші топтағы бағыттар бойынша инвестициялық субсидияны төлеу тиісті жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіледі.
Инвестициялық субсидия осы тармақта қарастырылған жағдайдан, сондай-ақ осы Қағиданың 35 тармағынан басқа жаңадан құрғаннан немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын жаңартқаннан кейін толық көлемде төленетін болады.
Инвестициялық субсидия қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағыттары Инвестициялық бағыттар тізбесіннің (1-Қосымша) 11-ден 17 тармақтарда көрсетілген қайта өңдеу бағыты бойынша жаңа өндірістік қуаттылықтарын құруға 2 транш бойынша төленеді: қолданысқа қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссия актісін және/немесе ауылшаруашылық, арнайы техникаларды және технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алғандығын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін төленеді.
бірінші транш жалпы Инвестициялық субсидия сомасынан 50% көлемінде объектіні қолданысқа бергеннен кейін және құрал-жабдықтар мен техникаларды сатып алғаннан кейін;
екінші транш жалпы Инвестициялық субсидия сомасынан 50% көлемінде бизнес-жоспарда қарастырылған мерзімдегі жобалық қуаттылықтарын 70 %-тен кем емес мөлшерге жеткізгеннен кейін.
4. Министрлік, облыс және Астана мен Алматы қалалық әкімдіктерінің жұмысы тәртібі
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Астана мен Алматы қалалық әкімдіктері жылсайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімге (2014 жылы – Қазақстан Республикасы Президентімен Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдері арасындағы нәтижелер туралы ағымдағы нысаналы трансферт бойынша келісімге қол қойылады.
10. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде, төлемдер бойынша жеке бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - жекеше төлем бойынша қаржыландыру жоспары) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдері арасындағы нәтижесі туралы ағымдағы нысаналы трансферт бойынша келісімге сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аударады.
11. Облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдері он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдері арасындағы нәтижесі туралы ағымдағы нысаналы трансферт бойынша келісімге қол қойылғаннан кейін өз шешімімен ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен субсидиялау мәселесі бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
Комиссия тұрақты түрде осы Қағиданың бүкіл әрекет ету мерізімі бойы қызмет етеді. Комиссия төраға, оның орынбасары, жергілікті атқарушы органдарының және басқа мүдделі облыстық/қалалық басқармалар мен бөлімшелердің, аймақтық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері болып табылатын мүшелерден және хатшыдан тұрады.
Бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ борлу керек және 7 (жеті) адамнан аз болмау қажет, хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия отырысы, егерде оның отырысында жалпы мүшелерінің санынан үштің екі бөлігіне кем емес қатысқан кезде заңды болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы облыстық, Астана мен Алматы қалалық әкімшіліктерінің ауыл шаруашылық басқармалары болып табылады.
12. Егерде бөлінген қаражат белгіленген заңнамалық тәртіпте толық игерілмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметіне бюджеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте қарастырылған, сол шамадағы қаражатты облыстар бойынша бюджеттік субсидияны төлеу үшін қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
5. Инвестициялық субсидиялауға қатысушылардың
өзара іс-қимыл тәртібі
Жұмыс органы мен Оператор арасындағы өзара іс-қимылды реттеу үшін жыл сайын (2014 жылы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдері арасындағы нәтижесі туралы ағымдағы нысаналы трансферт бойынша келісімге қол қойылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде) тиісті жылдың 25 қаңтарға дейін инвестициялық субсидиялау бойынша Оператордың көрсететін қызмет сомасы көрсетілген, Оператордың қызмет көрсету шарттары, тәртібі, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігі мен өзге де шарттар қарастырылған Оператор қызметін көрсету жөніндегі келісім-шарт жасалады (бұдан әрі – Оператор қызметін көрсету жөніндегі келісім-шарт).
Жұмыс органымен тиісті қаржы жылына қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шартқа сәйкес Оператордың қызметі «Инвестициялық салым кезіндегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу» бюджеттік бағдарлама арқылы төленеді.
Оператор қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінде облыс/қалалық аумақтарында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына және облыстық/қалалық әкімшіліктердің интернет ресурстарына Оператордың инвестициялық субсидиялау үшін Инвесторлардан өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлама жарияланады.
Инвесторлар мынадай құжаттарды қалыптастырып Операторға жолдайды:
1) Инвестордың уәкілетті тұлғасымен немесе қол қоюға құқылы сенімхаты бар тұлғамен қол қойылған және мөрмен бекітілген ерікті түрдегі инвестициялық субсидиялауға өтінім;
2) АӨК субъектісінің нотариуспен куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) жаңадан құру және/немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын модернизациялау/кеңейту үшін инвестициялық салым және оны жүзеге асырылу мерзімі бойынша ақпарат;
4) жобалардың оң мемлекеттік сараптама қортындылары бар жобалық-сметалық құжаттама немесе ғимарат және іргетас құрылысына инвестиция бойынша ұлғайтылған сметалық есеп (егерде инвестициялық паспортта құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шығындарды өтеу көрсетілген жағдайда);
5) Қаржы институттарының қаражаттарын тарту арқылы жүзеге асқан Инвестициялық салымдар жағдайында кредиттік/лизингтік келісім-шарттың нотариалды расталған көшірмесі.
Егерде инвестициялық жоба эксплуатацияға енгізілген жағдайда, сондай-ақ техника мен жабдықтарды сатып алған кезде инвестор осы Қағиданың 23 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Оператор өтінім қабылдап және өтінім тіркеу журналына инвестициялық бағыттардың тобы бойынша тіркейді. Журнал нөмірленген, тігілген және жұмыс органының мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Оператор Инвесторлардан өтінім бар болған жағдайда 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде Инвесторлармен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп және Комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша оның мүшелеріне хабарлама жолдайды. Комиссия отырысының өткізу орнын, уақыты мен күнін Комиссия төрағасының келісімі бойынша Оператор анықтайды.
Комиссия отырысын шақыру туралы хабарлама хатына электрондық тасығышта мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) осы қағиданың 16 тармағында қарастырылған құжаттар;
2) Комиссия шешімінің жобасы.
Инвестордың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттама түрінде рәсімделеді.
Хаттама Оператормен тиісті хаттамаларды тіркеу журналына тіркелуі тиіс. Журнал нөмірленген, тігілген және жұмыс органының мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Инвесторлардың эксплуатацияға берілген, сондай-ақ алынған техника мен жабдықтар бойынша инвестициялық жобалар бойынша өтінімдер комиссияның бір отырысында қарастыруға болады.
Эксплуатацияға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың өтінімдері Комиссиямен 2 кезеңде қарастырады.
Бірінші кезеңде Комиссия осы Қағида шарттарына Инвестордың сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Инвестор жаңа өндіріс қуаттылықтарының құрылысы және/немесе модернизациясы және объектінің эксплуатацияға берілгендігі, немесе техникалар мен жабдықтарды алғандығы бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Операторға растайтын және құқық орнататын мынадай құжаттарды ұсынады:
объектіні эксплуатацияға берілгендігі туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының актісінің нотариалды расталған көшірмесі;
жаңадан құрған немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын кеңейтуге салынған инвестициялық салымдарды растайтын сату-сатып алу келісім-шарттарының, шот-фактуралардың нотариалды расталған көшірмесі;
ауыл шаруашылық, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды алыс-беріс актілерінің нотариалды расталған көшірмесі;
ауыл шаруашылық техникасын алған кезде құқық орнататын құжаттардың (көлік құралын тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады;
Жобалық қуаттылық 70% кем емес қуаттылыққа шыққан кезде, бизнес-жоспарда қарастырылған мерзімде, осы Қағиданаң 8 тармағының 4 азатжолына сәйкес Инвестор растайтын құжаттарды (статистикалық есеп, бизнес-жоспар, заттай және құны түрінде өндіретін өнім түрлері бойынша сатылуын растайтын құжаттардың оператормен расталған көшірмесі, өндіріс қуаттылығының қуаттылық жүктемелеріне жеткендігі туралы Жұмыс органының мониторинг жүргізген актісі) ұсынады.
Комиссия Жұмыс органының топ мамандарын Инвестордың объектісін қарауларына және өндіріс қуаттылықтарының қуаттылық жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізулеріне өкілеттілік беруіне құқылы. Қарастырудың нәтижесі акт түрінде рәсімделеді. Өндіріс қуаттылықтарының қуаттылық жүктемелеріне жеткендігі туралы акт жасау және Жұмыс органының мамандарының қолдарын жинау бойынша жұмысты комиссияның хатшысы жүргізеді.
Инвесторлардан объектіні эксплуатацияға берілгендігін растайтын құжаттар алған ретіне қарай Оператор осы Қағиданың 22 тармағына сәйкес, электрондық тасығышта мынадай материалдармен қоса салып Комиссия отырысының екінші кезеңін ұйымдастырады:
осы Қағиданың 23, 24 тармақтарында көрсетілген құжаттарды;
Комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы.
Инвестордың өтінімдерін жан-жақты қарастыру үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған жағдайда Комиссия қосымша құжаттар сұрастыруға құқылы және Оператордың қаражаты есебінен тәуелсіз сарапшыларды тартуға Операторға тапсыруға құқылы. Бұл талап Қызмет көрсету келісім-шартында көрсетілуі тиіс.
Егерде қажет болған жағдайда, Инвесторлардың өтінімінде көрсетілген мәліметтерді анықтау мақсатында Комиссия Инвестордан жазбаша түрде тиісті ақпаратты сұрастыруға құқылы.
Комиссия екінші кезеңде Инвесторға инвестициялық субсидия беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Комиссияның хаттамалық шешімі:
Инвесторлардың атауларымен мақұлданған/бас тартылған тізімі, бас тартудың себебі (бас тартқан жағдайда);
әрбір Инвестор бойынша инвестициялық субсидияның сомасы.
Хатшы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күндік мерзімде Инвесторға жұмыс органының мөрімен бекітілген, хатшының қолымен Комиссия отырысының хаттамасының үзіндісін жолдайды.
6. Инвесторға инвестициялық субсидияларды ұсыну тәртібі
Инвестициялық субсидиялау Жұмыс органы, Оператор және Инвестор арасындағы үш жақты келісім-шартқа (бұдан әрі – Инвестициялық субсидиялау келісім-шарты) сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық субсидиялау келісім-шарты Комиссияның шешімі негізінде жасалады және Инвесторға қаражатты аудару тәртібі мен шарттары, Оператормен Инвестор қызыметіне (объектіге) мониторингі жүргізу шарттары, тараптардың жауапкершілігі мен өзге де шарттарды қарастырады.
Келісім-шарттан басқа Жұмыс органы, Оператор және Инвестор арасында мақсатты пайдалану және сатып алған техникалар мен құрал-жабдықтарды субсидиялаған уақыттан кейін 3 (үш) жыл бойы айыруға болмайтындығы туралы Келісім жасалады. Егерде мерзімдік бос тұрған жағдайда құрал-жабдықтар мен техникаларды басқа қызмет түріне пайдалануға жол беріледі.
Инвестициялық субсидиялау келісім-шарты мен Келісімге қол қою тәртібі:
1) Комиссия шешімі қабылдаған күннен бастап Оператор мен Инвестор арасында 7 (жеті) жұмыс күн ішінде;
2) Оператордан Инвестициялық субсидиялау келісім-шартын алғаннан сәттен бастап Жұмыс органы – 5 (бес) жұмыс күн ішінде.
Оператор Инвестициялық субсидиялау келісім-шартына қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде әрбір Инвестор бойынша ивестициялық субсидияларды аудару туралы Жұмыс органына ұсыныс береді.
Инвестор өз қаражатын қолданған жағдайда инвестициялық субсидиялар соммасын оның есептік шотына аударады, ал егер де жобаны тартылған қаражат есебінен жүзеге асырған жағдайда инвесициялық субсидия Инвестордың келісімі бойынша оның негізгі қарызын өтеу шотына Қаржы институтына аударылуы мүмкін.
Инвестормен құрал-жабдықтар/техникаларды лизингке, кредитке алған жағдайда, Инвестордың жасаған келісімі бойынша бастапқы жарнаны төлеу есебінде Комиссияның шешімі негізінде Инвестордың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге ақшаны орналастыру үшін Қаржы институттарының Эскроу шотына инвестициялық субсидияны аванстық төлем бойынша аударуға болады.
Инвестор құрал-жабдықтар/техникаларды лизингке, кредитке алған жағдайда Қаржы институтында инвестициялық субсидияны аванстық төлем бойынша аудару үшін Эскроу шот ашады.
Бұл ретте Қаржы институттары Инвестормен өндіріс қуаттылықтарының құрылысы/жаңартуы бойынша барлық жұмыстар аяқталғанға, эксплуатацияға бергенге дейін және техникалар мен жабдықтарды сатып алғанға дейін Эскроу шотта орналасқан ақшаны пайдалануға болмайды.Бұл үшін Инвестор Операторға осы Қағиданың 13 тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша Қаржы институтымен жасалған лизингтік келісім-шарт, сондай-ақ өндіріс қуаттылықтарының құрылысы/жаңартуы бойынша барлық жұмыстар аяқталғанға, эксплуатацияға бергенге дейін және техникалар мен жабдықтарды сатып алғанға дейін Қаржы институтымен Эскроу шотта орналасқан ақшаны пайдалануға болмайтындығы туралы Жұмыс органымен, Қаржы институтымен және Инвестор арасындағы үш жақты келісім-шарт жобасы ұсынылады.
Егерде Комиссияның Инвесторға субсидия беру туралы оң шешім болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде өндіріс қуаттылықтарының құрылысы/жаңартуы бойынша барлық жұмыстар аяқталғанға, эксплуатацияға бергенге дейін және техникалар мен жабдықтарды сатып алғанға дейін Қаржы институтымен Эскроу шотта орналасқан ақшаны пайдалануға болмайтындығы туралы Жұмыс органымен, Қаржы институтымен және Инвестор арасындағы үш жақты келісім-шарт жасалады.
Қаржы институттары осы қаражатты Комиссияның екінші кезеңдегі қортындысы бойынша хаттамалық негізде Инвестордың негізгі қарызын өтеу есебіне есептейді.
7. Қосымша субсидиялау шарттары
37. Инвестициялық субсидиялауды төлеу үшін инвестициялық салым сонымен бірге мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс – әкімшімен бекітілген нақты ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің өндірісі үшін ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша ұсынылған аймақтық дербестеу схемасын ескере отырып өндіріс қуаттылықтарын жаңадан құруға немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын кеңейтуге инвестиция салу болып табылады.
38. Инвестициялық субсидиялау негізгі және айналым қаражаттарын толықтыру үшін кредит бойынша және ауылшаруашылық, арнайы техникалар мен жабдықтардың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалармен бірге бірлестіруге болады.
39. Инвестициялық салым бойынша Инвесторларға 1 Қосымшада көрсетілген бағыттар бойынша жаңадан құруға немесе қолданыстағы өндіріс қуаттылықтарын кеңейтуге бағытталған ____ жылғы 1 қаңтардан бастап (ретроспектива) іске қосылған инвестициялық салымдар бойынша инвестициялық төлемдерді жүргізуге болады.
Инвесторлардың _______ жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылған инвестициялық салыным бойынша инвестициялық субсидияны ұсыну туралы өтініштері егер 2014 жылы қазан мен желтоқсан айлар аралығында пайдаланбаған қаражатты бар болатын болса тек қана комиссиямен қарастырылатын болады. Бұл ретте инвестициялық субсидияларды бөлу кезектілігі Инвестордың өтінімді ұсыну күніне байланысты жүзеге асырылады.
40. Жою, оңалту немесе банкроттық шаралар басталған Инвесторларға, сонымен қатар қызметтері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған және тездетілген оңалту жұмыстары жағдайларын қоспағанда инвестициялық субсидиялар берілмейді.
8. Субсидиялауды тоқтату тәртібі
Жұмыс органы Оператордың мониторингісі және Комиссияның тиісті шешімі негізінде инвестициялық субсидиялауды келесі деректер анықталған кезде тоқтатады:
1) Объектіні іске қосқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әрекетсіз болған жағдайда;
2) Объектіні іске қосқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде 70% мөлшерінде жобалық қуаттылыққа шығуға жетпеген жағдайда;
3) республикалық бюджет тарапынан қаржыландыру болмаған жағдайда.
Бұл ретте Оператор Инвестор алған инвестициялық субсидияларды республикалық бюджет табысына қайтару туралы мәселені Комиссияның қарауына ұсынады.
Оператор Комиссия шешімі негізінде Инвестор алған субсидиялардың бөлігін республикалық бюджет табысына өз еркімен қайтару бойынша іс-шараларға бастамашылық етеді, Инвестор алған субсидиялардың бөлігін республикалық бюджет табысына өз еркімен қайтарудан бас тарқан жағдайда, Оператор қаражатты сот тәртібінде қайтаруға бастамашылық етеді. Осы Қағида шарттарын бұзған жағдайда алған субсидияларды қайтару бойынша Инвестордың сәйкес міндеттемелері инвестициялық субсидиялау Келісім-шартымен қарастырылады.
Комиссия инвестициялық субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап Оператор 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылдаған шешімнің себептерін көрсете Инвесторды хатпен хабарлайды.
7. Инвестициялық субсидиялаудың мониторингі
Инвестициялық субсидиялау мониторингісі Оператормен жүзеге асырылады, оның қызметіне:
1) эксплуатацияға беру уақытысынан бір күнтізбелік жыл ішінде инвестициялық субсидиялаудың объектісі әрекет ету/ әрекетсіздік мониторингі;
2) эксплуатацияға беру уақытысынан бір күнтізбелік жыл ішінде көлемі 70 % кем емес инвестициялық субсидиялаудың объектітісі жобалық қуаттылыққа шығудың жетістіктері/жетіспеушіліктер мониторингі
Оператор ай сайын келіп түскен ақпаратқа талдау жасайды және егер қажетті болса Комиссияның қарауына Инвесторға қатысты инвестициялық субсидияны тоқтату бойынша мәселелерді шығарады.
Мониторинг қызметін жүзеге асыру үшін Оператор барлық қажетті құжаттар мен ақпараттарды Инвестордан сұрауға құқылы.
Жұмыс орган тиісті жылдың 30 шілдеден кешіктірмей және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Әкімшіге осы Қағиданың 3 қосымшасына ұсынылған нысаны бойынша тікелей және түпкі нәтижелердің нақты жетістіктер туралы соңғы есебін ұсынады.
8. Ескертпелер
Әкімші, оператор, қаржылық агент және қаржы институттары осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалатын кез-келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда ұсынылатынына келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу пошта арқылы немесе курьерлік байланыспен, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілсе, қаралатын болады.
Инвестициялық субсидиялау мониторингінің шеңберінде көзделген есептілік кейіннен қаржы институтының операторға құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болу шартымен жөнелту күні – қол қойылған материалдарды электрондық пошта арқылы жөнелту жолымен ұсынылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |