27
дейінгі мамандықтар бойынша ғылым докторларын дайындау әлеуетіне –
Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Қ.И. Сәтбаев
атындағы ҚазҰТУ ие екенін айта кетуіміз керек.
2014 жылдың 31 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі
қызметкерлері Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
арнаған Жолдауын саралап, білім мен ғылым саласын дамытудың маңызды
бағыттарын
талқылады.
Алқалы
басқосуда
ҮИИД
мемлекеттік
бағдарламасын басшылыққа ала отырып, докторлық диссертациялардың
тақырыбын айқындау тапсырылған болатын. Осылайша ҮИИД-ге қажетті
мамандар дайындауға кеңінен мүмкіндік туғызатын классификатор
дайындалды.
Қазақстанда жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындау саласындағы
реформа негізінен осыған дейін таптауырын болған жүйеден кетіп, заманауи
бағытқа бет алғаны белгілі. 2009 жылға дейінгі жүйеде жыл сайын елімізде
418-ге дейін ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындау басшылыққа
алынғанды.
Бүгінде PhD доктор мамандарын дайындаудың номенклатурасы
біртіндеп кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта мамандықтарды реттейтін
классификатор бойынша ғылыми пәндер бойынша (125 мамандық) әлі де
біраз мамандықтардың қажеттілігі байқалып отыр.
Қазір еліміздегі негізгі мәселелердің бірі ғылыми қызметкерлер
салаларындағы
қажеттілікті
ұзақ
мерзімді
болжамдауға,
ғылыми
ұйымдардың ғылыми кадрлармен шынайы қамтамасыз етілуін зерттеуге
негізделген шараларды қабылдауды талап ететін халықаралық нарықта
бәсекеге қабілетті мамандардың отандық ғылымда жетіспеушілігі болып
табылады.
Жиынтық кемелі мен барлық нормативтік дәрежелердің әдістерін
пайдалану негізіндегі дәреже алған (ғылыми дәрежесі бар тұлғалар)
кадрлардың болжамдалған санының есебі 2020 жылға қарай тиісті
шараларды қабылдамай ғылыми дәрежелі тұлғалардың жетіспеушілігі 1070
адамнан астам болатындығын көрсетті. Аталған мәселелердің шешімі
ғылыми кадрларға болжамдалған қажеттілікке, PhD докторантурасында
дайындау бойынша мамандықтар және субмамандықтар санын кеңейтуге,
ғылыми ұйымдарға және жоғары оқу орындарына дайындалған мамандарды
бекіту
бойынша
шараларды
қабылдауға
негізделген
тек
PhD
докторантурасына жыл сайынғы қабылдауды арттыру шарттарында
қамтамасыз етілуі мүмкін болып табылады [6].
Зерттеу саны бойынша тұрғындардың 1 миллионына шаққанда елдердің
жалпыәлемдік рейтингісінде Қазақстан 61-орында тұр (миллион тұрғында
646 зерттеуші). Салыстырып қарасақ Финляндияда бұл көрсеткіш 7707
құрайды, Сингапурда – 6088, Жапонияда – 5573, АҚШ-та – 4663, Ресейде –
3191, Қытайда – 1071.
28
Ғылыми дәреже алу көрсеткішінің айтарлықтай төмендеуі ғылыми
ұйымдар мен жоғары оқу орындарының толыққанды қызмет атқаруына қауіп
төңдіреді. Бұл кейінге қалдырылмай жедел шешуді қажетсінетін маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанның РhD докторантура арқылы жоғарыбілікті ғылыми кадр
дайындау саласына өтуі ғылыми ізденушілердің жас мөлшерінің
айтарлықтай төмендеуіне әсер еткені байқалады. Осылайша еліміздегі
ғылыми ізденушілерді орташа жасы 47 жастан 31-32 жасқа дейін кеміді.
Ғылыми-зерттеу жұмысын қорғаған РhD докторлар (2013 жылы жалпы
ғылыммен айналысушылардың 0,94 пайызын құрады. Осы жайттан соңғы
жылдары еліміздің ғылыми әлеуетінің жасаруды бастан кешіп жатқанын
байқаймыз.
Соңғы үш жылда жас ізденушілердің (35 жасқа дейінгі) 18,4%-ды жетсе,
орта жастағы ғылыми кадрлардың (35-54 жас) – 19,1%, жасы үлкен
ғалымдардың (55-65 жас) үлесі 12,4%-ды құрады (3.6-кесте).
3.6-кесте. Қызметкерлердің жасымен, ғылыми зерттеулерін және зерттемелерін орындаған
саны бойынша бөлу (ҚР Статистика агенттік мәліметтерімен)
Жыл Бәрі
Соның ішінде
25 жасқа
дейін
25-34 жас
35-44 жас
45-54
55-64
65 жас
және
үлкені
Ад.
%
Ад.
%
Ад.
%
Ад.
%
Ад.
%
Ад.
%
2011 18003 2212 12,3 4275 23,7 3301 18,3 3491 19,4 3346 18,6 1378 7,7
2012 20404
2648
13,0 5114 25.0 3749 18,4 3941 19,3 3437 16,8 1515 7.5
2013 23712 2818 11,9 5770 24,3 4735 19,9 4520 19,1 3958 16,7 1911 8.1
3.6 кестеден 2011-2013 жылдар аралығында ғылыми қызметкерлер мен
ғылыми-зерттеу және зерттемелермен айналысқан ізденушілердің қатары
артқанын байқалады. Осы ретте 35-44 жас аралығындағы ғылыммен
айналысушылардың қатары артып, олардың үлесі 18,3%-дан 19,9%-ға
артқанын ғылым саласындағы оң өзгеріс деп бағалауға болады. Ал үлкен 55-
64 жастағы тәжірибелі ғалымдардың қатары 18,6%-дан 16,7%-ға дейін
кеміген. Осылайша еліміздің ғылыми кадрлық әлеуеті жасара түскенімен,
екінші жағынан тәжірибелі ғалымдардың қатары біршама кемігенін
байқалады. Ал 25 жасқа дейінгі ғылыммен айналысушылардың қатары
12,3%-дан 11,9%-ға кемігенін де айта кетуіміз керек.
29
4. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ЖӘНЕ ЖЕКЕ
СЕКТОРДАН ҒЫЛЫМҒА ҚАРЖЫ ТАРТУ ІСІНДЕ ҒЫЛЫМИ
ЗЕРТТЕМЕЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
САРАПТАМА
Ғылымды қаржыландыру. Ғылыми-техникалық салада ғылыми-
техникалық жүйенің пайда болуы мен қызметін қолдау, білім беру саласы
құрылымымен біртұтас ету кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйе үстінде
ресурстар жиынтық ретінде пайда болады. Аталған ресурстардың
қарқындылық мөлшері ҒЗТКЖ-ның қаржыландыру көлемімен есептеледі
(ғылыми-техникалық әлеуетті қаржылық қамтамасыз ету).
ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясында 2020 ж. ғылымды
қаржыландыру көлемі ЖІӨ 2,0% құрайтыны көрсетілген.
Әлемдік іс-тәжірибеге назар аударсақ, дамыған елдердің көпшілігі жыл
сайын ҒЗТКЖ қаржы бөлуі артып келе жатқанын байқалады. Дүниежүзіндегі
ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаржының 34%-ы АҚШ бөлсе,
екінші орында Жапония мен Қытай – олардың үлес салмағы 12,3% құрайды.
ЕуроОдақ елдерінің үлесі 23% болса, Ресейдің бөлетін қаржысы 1,5% тең
келеді. 2010 жылы АҚШ ғылымды дамытуға 395,8 млрд. доллар жұмсаған.
Дәл осы жылы Жапонияның ғылымға бөлген қаржысы 142 млрд. доллар
жетсе, бұл ретте Қытайда қалыспай ғылымға бағыттаған қаржысының
көлемін 141,4 млрд. долларға жеткізді. Ал Ресейдің ғылымға бөлген қаржысы
22,1 млрд. долларды құраған. Осы кезеңде Қазақстан ғылымды көркейтуге
340 млн. доллар бөлгені белгілі. Ғылымға бөлінетін қаржыны ЖІӨ шағып
есептегенде 3,87 пайызбен Финляндия алда келеді. Бұдан кейін Израиль
(4,4%), Оңтүстік Корея (3,74%), Швеция (3,43), Жапония (3,3%), АҚШ
(2,9%), Германия (2,3%) болып жіктеледі. Ал Ресей ЖІӨ 1% ғана ғылымды
дамытуға бағыттауда [7].
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, ғылымды тұрақты түрде
дамытып отыру үшін кез келген ел ЖІӨ 2-4% ғылымға бөліп отыруы тиіс.
Сол кезде ғылым жан-жақты дамып, экономика ілгерілей түседі [8]. Кез
келген ел ЖІӨ-нің 2% ҒЗТКЖ бөлген жағдайда мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төнбейтіні белгілі [9]. Ал Халықаралық
академиялық кеңестің сарапшылары дамушы елдер ғылымға бөлетін
қаржысы 1-1,5% деңгейде болуы керектігін алға тартады.
Соңғы уақыттары Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы өскенімен
ғылымды өркендету саласы бойынша дамушы елдерден біршама қалып
келеді.
2000-2013 жылдары аралығында Қазақстанның ғылымға бөлетін
қаржысы 4,2 есе (4.1- кесте) көбейген.
Достарыңызбен бөлісу: |