Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет11/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92

27 
 
дейінгі  мамандықтар  бойынша  ғылым  докторларын  дайындау  әлеуетіне  – 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ,  Е.Н. Гумилев  атындағы  ЕҰУ  және  Қ.И. Сәтбаев 
атындағы ҚазҰТУ ие екенін айта кетуіміз керек.    
2014  жылдың  31  қаңтарында  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 
қызметкерлері  Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
арнаған  Жолдауын  саралап,  білім  мен  ғылым  саласын  дамытудың  маңызды 
бағыттарын 
талқылады. 
Алқалы 
басқосуда 
ҮИИД 
мемлекеттік 
бағдарламасын  басшылыққа  ала  отырып,  докторлық  диссертациялардың 
тақырыбын  айқындау  тапсырылған  болатын.  Осылайша  ҮИИД-ге  қажетті 
мамандар  дайындауға  кеңінен  мүмкіндік  туғызатын  классификатор 
дайындалды.  
Қазақстанда  жоғары  білікті  ғылыми  кадрлар  дайындау  саласындағы 
реформа негізінен осыған дейін таптауырын болған жүйеден кетіп, заманауи 
бағытқа  бет  алғаны  белгілі.  2009  жылға  дейінгі  жүйеде  жыл  сайын  елімізде 
418-ге  дейін  ғылым  докторлары  мен  кандидаттарын  дайындау  басшылыққа 
алынғанды.  
Бүгінде  PhD  доктор  мамандарын  дайындаудың  номенклатурасы 
біртіндеп  кеңейіп  келеді.  Қазіргі  уақытта  мамандықтарды  реттейтін 
классификатор  бойынша  ғылыми  пәндер  бойынша  (125  мамандық)  әлі  де 
біраз мамандықтардың қажеттілігі байқалып отыр.  
Қазір  еліміздегі  негізгі  мәселелердің  бірі  ғылыми  қызметкерлер 
салаларындағы 
қажеттілікті 
ұзақ 
мерзімді 
болжамдауға, 
ғылыми 
ұйымдардың  ғылыми  кадрлармен  шынайы  қамтамасыз  етілуін  зерттеуге 
негізделген  шараларды  қабылдауды  талап  ететін  халықаралық  нарықта 
бәсекеге  қабілетті  мамандардың  отандық  ғылымда  жетіспеушілігі  болып 
табылады.  
Жиынтық  кемелі  мен  барлық  нормативтік  дәрежелердің  әдістерін 
пайдалану  негізіндегі  дәреже  алған  (ғылыми  дәрежесі  бар  тұлғалар) 
кадрлардың  болжамдалған  санының  есебі  2020  жылға  қарай  тиісті 
шараларды  қабылдамай  ғылыми  дәрежелі  тұлғалардың  жетіспеушілігі  1070 
адамнан  астам  болатындығын  көрсетті.  Аталған  мәселелердің  шешімі 
ғылыми  кадрларға  болжамдалған  қажеттілікке,  PhD  докторантурасында 
дайындау  бойынша  мамандықтар  және  субмамандықтар  санын  кеңейтуге, 
ғылыми ұйымдарға және жоғары оқу орындарына дайындалған мамандарды 
бекіту 
бойынша 
шараларды 
қабылдауға 
негізделген 
тек 
PhD 
докторантурасына  жыл  сайынғы  қабылдауды  арттыру  шарттарында 
қамтамасыз етілуі мүмкін болып табылады [6]. 
Зерттеу саны бойынша тұрғындардың 1 миллионына шаққанда елдердің 
жалпыәлемдік  рейтингісінде  Қазақстан  61-орында  тұр  (миллион  тұрғында 
646  зерттеуші).  Салыстырып  қарасақ  Финляндияда  бұл  көрсеткіш  7707 
құрайды,  Сингапурда  –  6088,  Жапонияда  –  5573,  АҚШ-та  –  4663,  Ресейде  – 
3191, Қытайда – 1071. 


28 
 
Ғылыми  дәреже  алу  көрсеткішінің  айтарлықтай  төмендеуі  ғылыми 
ұйымдар мен жоғары оқу орындарының толыққанды қызмет атқаруына қауіп 
төңдіреді.  Бұл  кейінге  қалдырылмай  жедел  шешуді  қажетсінетін  маңызды 
мәселелердің бірі болып табылады.    
Қазақстанның  РhD  докторантура  арқылы  жоғарыбілікті  ғылыми  кадр 
дайындау  саласына  өтуі  ғылыми  ізденушілердің  жас  мөлшерінің 
айтарлықтай  төмендеуіне  әсер  еткені  байқалады.  Осылайша  еліміздегі 
ғылыми  ізденушілерді  орташа  жасы  47  жастан  31-32  жасқа  дейін  кеміді. 
Ғылыми-зерттеу  жұмысын  қорғаған  РhD  докторлар  (2013  жылы  жалпы 
ғылыммен  айналысушылардың  0,94  пайызын  құрады.  Осы  жайттан  соңғы 
жылдары  еліміздің  ғылыми  әлеуетінің  жасаруды  бастан  кешіп  жатқанын 
байқаймыз.  
Соңғы үш жылда жас ізденушілердің (35 жасқа дейінгі) 18,4%-ды жетсе, 
орта  жастағы  ғылыми  кадрлардың  (35-54  жас)  –  19,1%,  жасы  үлкен 
ғалымдардың (55-65 жас) үлесі 12,4%-ды құрады (3.6-кесте).   
 
3.6-кесте. Қызметкерлердің жасымен, ғылыми зерттеулерін және зерттемелерін орындаған 
саны бойынша бөлу (ҚР Статистика агенттік мәліметтерімен)
 
Жыл  Бәрі  
Соның ішінде  
25 жасқа 
дейін 
25-34 жас 
35-44 жас 
45-54 
55-64 
65 жас 
және 
үлкені 
Ад. 

Ад. 

Ад. 

Ад. 

Ад. 

Ад. 

2011  18003  2212  12,3  4275  23,7  3301  18,3  3491  19,4  3346  18,6  1378  7,7 
2012  20404   
2648 
13,0  5114  25.0  3749  18,4  3941  19,3  3437  16,8  1515  7.5 
2013  23712   2818  11,9  5770  24,3  4735  19,9  4520  19,1  3958  16,7  1911  8.1 
 
3.6  кестеден  2011-2013  жылдар  аралығында  ғылыми  қызметкерлер  мен 
ғылыми-зерттеу  және  зерттемелермен  айналысқан  ізденушілердің  қатары 
артқанын  байқалады.  Осы  ретте  35-44  жас  аралығындағы  ғылыммен 
айналысушылардың  қатары  артып,  олардың  үлесі  18,3%-дан  19,9%-ға 
артқанын ғылым саласындағы оң өзгеріс деп бағалауға болады. Ал үлкен 55-
64  жастағы  тәжірибелі  ғалымдардың  қатары  18,6%-дан  16,7%-ға  дейін 
кеміген.  Осылайша  еліміздің  ғылыми  кадрлық  әлеуеті  жасара  түскенімен, 
екінші  жағынан  тәжірибелі  ғалымдардың  қатары  біршама  кемігенін 
байқалады.  Ал  25  жасқа  дейінгі  ғылыммен  айналысушылардың  қатары 
12,3%-дан 11,9%-ға кемігенін де айта кетуіміз керек.     
 
 


29 
 
4. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ЖӘНЕ ЖЕКЕ 
СЕКТОРДАН ҒЫЛЫМҒА ҚАРЖЫ ТАРТУ ІСІНДЕ ҒЫЛЫМИ 
ЗЕРТТЕМЕЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 
САРАПТАМА 
 
Ғылымды  қаржыландыру.  Ғылыми-техникалық  салада  ғылыми-
техникалық  жүйенің  пайда  болуы  мен  қызметін  қолдау,  білім  беру  саласы 
құрылымымен  біртұтас  ету  кезінде  әлеуметтік-экономикалық  жүйе  үстінде 
ресурстар  жиынтық  ретінде  пайда  болады.  Аталған  ресурстардың 
қарқындылық  мөлшері  ҒЗТКЖ-ның  қаржыландыру  көлемімен  есептеледі 
(ғылыми-техникалық әлеуетті қаржылық қамтамасыз ету).  
ҚР  индустриалды-инновациялық  стратегиясында  2020  ж.  ғылымды 
қаржыландыру көлемі ЖІӨ 2,0% құрайтыны көрсетілген. 
Әлемдік  іс-тәжірибеге  назар  аударсақ, дамыған  елдердің  көпшілігі  жыл 
сайын ҒЗТКЖ қаржы бөлуі артып келе жатқанын байқалады. Дүниежүзіндегі 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  бөлінетін  қаржының  34%-ы  АҚШ  бөлсе, 
екінші орында Жапония мен Қытай – олардың үлес салмағы 12,3% құрайды. 
ЕуроОдақ  елдерінің  үлесі  23%  болса,  Ресейдің  бөлетін  қаржысы  1,5%  тең 
келеді.  2010  жылы  АҚШ  ғылымды  дамытуға  395,8  млрд.  доллар  жұмсаған. 
Дәл  осы  жылы  Жапонияның  ғылымға  бөлген  қаржысы  142  млрд.  доллар 
жетсе,  бұл  ретте  Қытайда  қалыспай  ғылымға  бағыттаған  қаржысының 
көлемін 141,4 млрд. долларға жеткізді. Ал Ресейдің ғылымға бөлген қаржысы 
22,1  млрд.  долларды  құраған.  Осы  кезеңде  Қазақстан  ғылымды  көркейтуге 
340  млн.  доллар  бөлгені  белгілі.  Ғылымға  бөлінетін  қаржыны  ЖІӨ  шағып 
есептегенде  3,87  пайызбен  Финляндия  алда  келеді.  Бұдан  кейін  Израиль 
(4,4%),  Оңтүстік  Корея  (3,74%),  Швеция  (3,43),  Жапония  (3,3%),  АҚШ 
(2,9%),  Германия  (2,3%)  болып  жіктеледі.  Ал  Ресей  ЖІӨ  1%  ғана  ғылымды 
дамытуға бағыттауда [7]. 
Халықаралық  сарапшылардың  пікірінше,  ғылымды  тұрақты  түрде 
дамытып  отыру  үшін  кез  келген  ел  ЖІӨ  2-4%  ғылымға  бөліп  отыруы  тиіс. 
Сол  кезде  ғылым  жан-жақты  дамып,  экономика  ілгерілей  түседі  [8].  Кез 
келген  ел  ЖІӨ-нің  2%  ҒЗТКЖ  бөлген  жағдайда  мемлекеттің  экономикалық 
қауіпсіздігіне  ешқандай  қауіп  төнбейтіні  белгілі  [9].  Ал  Халықаралық 
академиялық  кеңестің  сарапшылары  дамушы  елдер  ғылымға  бөлетін 
қаржысы 1-1,5% деңгейде болуы керектігін алға тартады.  
Соңғы  уақыттары  Қазақстанда  ғылымға  бөлінетін  қаржы  өскенімен 
ғылымды  өркендету  саласы  бойынша  дамушы  елдерден  біршама  қалып 
келеді.  
2000-2013  жылдары  аралығында  Қазақстанның  ғылымға  бөлетін 
қаржысы 4,2 есе (4.1- кесте) көбейген. 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау