Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет7/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92

17 
 
2.5-кесте. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science журналында  
ғылыми мақалалар жариялаған қазақстандық ғалымдар 
 
№ 
Авторлар 
Жұмыс орыны 
Жарияланым 
саны  
1.
 
  Р. Мырзақұлов 
Л. Гумилева атындағы Еуразия Ұлттық 
университеті 
78 
2.
 
  А.К. Барақбаев 
Физика-техникалық институты 
53 
3.
 
  Е.Г. Боос 
Физика-техникалық институты 
53 
4.
 
  Н.С. Покровский 
Физика-техникалық институты 
53 
5.
 
  Б.О. Жәутіков 
Физика-техникалық институты 
53 
6.
 
  Т.С. Рамазанов 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
34 
7.
 
  З.А. Мансұров 
Жану мәселелері институты  
33 
8.
 
  О.А. Нұркенов 
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы 
институты 
33 
9.
 
  И.В. Кулаков 
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы 
институты 
31 
10.
 
  С.М. Адекенов 
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы 
25 
 
Көріп  тұрғандай,  кестедегі  барлық  басылымдардың  ғылыми  рейтингі 
жоғары, 
маңызды 
импакт-факторлық 
көрсеткішке 
ие 
журналдар. 
Басылымдарда  ғылымның  нақты  бір  салалары  бойынша  жарияланған 
мақалалардың 
тиімділігі 
өзге 
ғалымдардың 
қаншалықты 
сілтеме 
жасағанымен  өлшенеді.  Ғылыми  мақала  жарияланғаннан  кейін  екі  жылдың 
ішінде  ғылыми-зерттеу  жұмысы  ғалымдардың  назарын  аударып,  біраз 
сілтемеге ие болған соң импакт-факторлық көрсеткішке ие болады.  
 
2.6-кесте. 2009-2013 жылдар аралығындағы Web of Science мәліметтер қорына енетін 
журналдарда жарық көрген қазақстандық жарияланымдар 
 
№ 
Басылым атауы 
Мақала 
саны  
2012 ж. 
импакт-
факторы  
Импакт-
факторлық 
дәрежесі 
1
 
 Actual Problems of Economics 
56 

31 
2
 
 Chemistry of Natural Compounds 
44 
0,599 
15 
3
 
 Russian Journal of General Chemistry 
42 
0,432 
19 
4
 
 Russian Journal of Physical Chemistry A 
30 
0,386 
23 
5
 
 European Physical Journal C 
29 
5,247 

6
 
 Russian Journal of Applied Chemistry 
28 
0,235 
27 
7
 
 Russian Physics Journal 
26 
0,408 
22 
8
 
 Faseb Journal 
23 
5,704 

9
 
 International Journal of Psychology 
23 
0,632 
14 
10
 
 Physical Review D 
21 
4,691 

11
 
 Journal of High Energy Physics 
20 
5,618 

12
 
 Contributions to Plasma Physics 
20 
0,934 
13 
 


18 
 
2009-2013  жылдар  аралығыда  Web  of  Science  (Thomson  Reuters) 
халықаралық  мәліметтер  қорында  жарияланған  қазақстандық  авторлардың 
ғылыми  жұмыстарына  библиометриялық  талдау  жүргізгенімізде  2013  жылы 
ғылымның  әр  саласындағы  трендтерді  анықтаудың  сәті  түсті.  Осылайша 
отандық  ғылымның  даму  деңгейі  айқындадық.  Бұл  зерттеу  арқылы  алдағы 
уақытта  елімізде  ғылыми  мамандану  мәселесін  қай  бағытта  жүргізу, 
ғалымдардың  қай  салада  жемісті  жұмыс  істеп  жатқанын  және  ғылым 
бойынша  қай  елдермен  ынтымақтастықты  кеңейту  жайындағы  маңызды 
сұрақтарға жан-жақты жауап алуға болады.   
Халықаралық  ғылыми  журналдарда  жарық  көрген  қазақстандық 
жарияланымдарды  сараптағанымызда  отандық  ғалымдар  физика  және 
техникалық  ғылым  саласында  көп  еңбектеніп  жатқанына  көз  жеткіздік.  Ал 
әлемдік  ғылыми  кеңістікте  жарияланған  ғылыми  мақалалардың  дені  қазіргі 
таңда  медицина  мен  биология  ғылымдарына  бағытталып,  аталған  салалар 
ғылымды  дамытудағы  маңызды  салаға  айналған.  Осы  ретте  қазақстандық 
ғалымдар  дүниежүзіндегі  физика  ғылымының  дамуына  айтарлықтай  үлес 
қосып отырғанын мақтанышпен айта аламыз.  
Ұлттық  ғылыми  жүйені  дамытуда  ғылыми  мамандану  мәселесіне  тиісті 
деңгейде  көңіл  бөліп,  ғылымның  өзге  салаларын  мамандану  мәселесін 
реттеудің  мәні  зор.  Бұл  ретте  отандық  ғалымдар  дүниежүзі  бойынша 
маңызды  бағытқа  айналған  ғылымның  салалары  бойынша  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  қолға  алып,  көп  еңбектенуі  қажет.  Зерттеу  барысында 
Қазақстанда  ғылыми  маманданудың  теңгермешілік  жағдайда  жүргізу  қажет. 
2009-2013  жылдар  аралығында  дүниежүзінде  119  ғылымның  саласы  жан-
жақты  дамығаны  анықталды.  Ал  осы  аралықта  Қазақстанда  ғылымның  35 
саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ал қалған салалар 
бойынша  зерттемелер  өте  аз.  Осы  жайттан-ақ  Қазақстанда  ғылыми 
мамандану  саласын  реттеудің  кезек  күттірмейтін  іс  екенін  аңғарамыз. 
Зерттеу  нәтижесі  көрсеткендей  қазір  Қазақстанда  ғылымның  –  тау-кен  ісі 
және  пайдалы  қазбаларды  өңдеу,  минералогия,  ядролық  физика  және 
технология,  аллергия,  палеонтология,  астрономия  және  астрофизика 
салалары жан-жақты дамыған. 
Зерттеу  барысында  Қазақстан  ғылым  саласы  жоғары  деңгейде  дамыған 
дүниежүзінің  жетекші  елдерімен  тығыз  әріптестік  қарым-қатынас  орнатуға 
ұмтылғанын 
байқаймыз. 
Мұндай 
байланыстар 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының сапасын арттырып, ғылыми жаңалықтардың нәтижесін елдің 
игілігіне  айналдыруға  ықпал  етеді.  2009-2013  жылдары  қазақстандық 
ғалымдар  өзге  елдердегі  әріптестерімен  қарым-қатынасты  кеңейтуге 
айрықша  мән  берген.  Осы  аралықта  жарияланған  ғылыми  мақалалардың 
46%-ы  отандық  ғалымдар  шетелдік  әріптестерімен  бірлесіп  жазғанынан 
ғылыми  ынтымақтастықтың  ауқымы  қаншалықты  артқанын  бағамдаймыз. 
Зерттеу  нәтижесі  көрсеткендей,  белгіленген  мерзім  аралығында  отандық 
ғалымдар  әлемнің  98  еліндегі  әріптестерімен  бірлесіп  жұмыс  істеген.  Осы 
ретте  ғалымдарымыз  Ресей  мен  АҚШ  ғалымдарымен  физика,  астрономия, 
химия, материалтану және  Жер туралы  ғылым салаларының байланыстарын 
кеңейткен. 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау