Т. А. Ботагариев 200 ж


Қанның физикалық және химиялық қасиеттері



жүктеу 1,9 Mb.
бет5/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері

Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиет-тер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобинніқ әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құ-руына байланысты. Мәселен, артерия қаныньщ ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындысы ННвСЬ), вена канының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемо-глобин мен көмір қышқылды газдың қосындысы — ННвССҺ) кө-<>ірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин (ННвСО) түзіледі де, қан-, ньщ түсі қызыл күрең (таңкурай түсті) тартады. Қүкіртсутек (№3) асерінен сульфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді. Ге-моглобиннің оттегі мен хұрақты қосындысы метгемоглобин қо-•сындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құра-мындағы тез буланатын май кышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, м. с. 1,050 — 1,060, плазманьщ м. с.-нан (1.025—1.035) жо-ғары, бірақ эритроциттікінен (1.090) темен.

Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанының м. с. едәуір басым (1.060—1.080). М. с. негізінен қанда эритро-диттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштер-дің бірі, бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағ-дайларға байланысты езгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м. с. ар-тады. Жаздың өте ыстык, күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жүмыс істеп, қатты терлесе {әсіресе ыстық цехта) қанының м. с. 1,070 — 1.077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Нау- ' кас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су м-әлшері азая-ды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тканьаралық сүйық-тыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның м. с. азаяды.

Қанның келесі физикальгқ касиеті оның тұтқырлыры. Ол к,ан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйііршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе гло-булиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте сУДың тұтқырлығынан 4 — 5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1>7 — 2,2.

Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шыға-ды, осыған орай оның қаны қойылып, эритроциттер саны кебей-еД' Де. Кан тұтқырлығы 10,0— 14,8-ге жетеді, бірақ 5—6 күннен кейін 8,6 — 8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген балані-жімен теңеледі (4,6 — 5).

Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — • осмостьщ қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мем-'брана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізе-тін күш осмостық қысьш деп аталады. Ол жарғақтың екі жағын-дағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындагы айырмашы-лыкка байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрация-сы мен осмостық қысымының аз-кептігі еріген бөл-шектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланыс-ты, еріген заттардың иондар саны неғұрлым кеп болса, оның осмостық қысьшы соғұрлым жоғары болады. Қанның ос-мостық кысымының 60%-і ас тұзы (МаСІ) иондарына байланыс-ты. Плазма құрамында белок көп (7,2—8,5%)- Бірақ оның моле-кулалары ірі болатындықтан саны бейорганикалық зат ионда-рының санынан аз, сондықтан қанньщ жалпы осмостық қысымы-ның 1/200 бөлігі ғана белок қысымына байланысты. Қанның ос-мостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте канның қату температурасы Д (депрессия көрсеткіш) 0,56°—0,58°С. Бұл шамада канның осмостық қысымы 7,5—7,6 атмосфераға тең, ал СИ жүйесі бойынша 302—310 м.осм/л. Қан клеткалары мен плазманың осмостык қысымдары бірдей (тең). Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы кол-лоидтық-осмостық қысым деп аталады. Ол 0,02—0,03 атмосфера-ға не сынап бағанасы бойынша 25—30 мм-ге тең. СИ жүйесі бойынша 2,0—2,1 м.осм/л. Онкотикалық қысьш аз, бірақ оның қан-ткань арасындағы су алмасу цфоцестерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) касиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұй-ықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тканьдегі судың қан та-мырына етуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плаз-малық белок мелшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тканьге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару процестері қандағы белок деңгейіне де байланысты.

Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялык, ерітінді деп аталады. Мысалы жылы қандылар үшін 0,85—0,9% КаСІ ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады. Қанға қа-рағанда тұзы аз болса — гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде су клеткаларға қарай өтетін болғаңдықтан олар ісіп кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мелшерінен жоғары болса ги-пертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде клетка құрамын-Дағы су сыртқа шығады да клетка бүрісіп қалады. Сонымен ос-мостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік процестердің барысы-на _тікелей әсер етеді. Клеткалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.

Қанның құрамы

Қан сарғылттау келген сұйық зат — плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элемент-терден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйіршіктер (эритроцит-тер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластиикалары

3 Қанның құрамы. Плазма қасиеттері

1 —су 90—91%; 2 —ңұрғаң қалдық 9— 10%; 3 — плазма; 4 — формалы элемент-тер; 5 — тромбоциттер; 6 — лейкоциттер; 7 — эритроциттер.



тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52 — 58%-іне, қан клетка-лары — 42 — 48%-не тең (24-сурет).

Қан клеткаларының жалпы гематокриттік керсеткіші 42—48%, ал қанның әр литрінде 0,42 — 0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы. Оның 90 — 92%-і судан, қалғаны (8 — 10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8 — 9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6 — 8%; 0,9% — 1% бей-органикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (а, р, ү) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобу-линдер бауырда және сүйек кемігінде, кекбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липид-тер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот бо-лады.
Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии
Дәріс №8

Тақырыбы: Қан физиологиясы

1 Эритроциттер.

2 Лейоциттер,

3 тромбоциттер.

4 Қан топтары

1 Эритроциттер

Эритроцит — (грекше егуігоз — қызыл, суіиз — клетка) қан-ның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. ЕІР адам қанының әр литрінде 4,0 — 5,0-1012 эритроцит бо-лады, Әйел қанында бұл керсеткіш аздау: 3,7 — 4,5- 1012. Эритро-Цит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0- 1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7 — 3,9- 1012 одан да төмен) эритроцитопения деп ата-лады. Эритроцитоз бен эритроцитопения сау адамда да науқас адам да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патоло-гиялық болып екі топқа белінеді. Сондай-ақ абсолютті эритро-цитоз бен эритроцитопения үғымдары да бар. Эритроцит саны-ньщ абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қан-Ра өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроци-тоз бең эритроцитопения қан клеткалары мен плазманың аралық Қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда бо-латьщ өзгеріс.



Абсолюттік эритроцитоз — тканьде оттегі азайғанда (ги-поксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанра өтуін тездетеді. Сау адамда ги-поксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5—5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттан-ған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз — өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға үшырауынын, салдары не қан аурулары

кезінде де болуы мүмкін.



Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі — плазма-ның азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритіроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдын, жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эрит-роциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөл-шерде эритроциттер шығады.

Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроци-тоз да қанньщ қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткен-де онымен бірге сыртқа кеп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен ,плевра жапырақтарыньщ арасына) жи-налады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қой-ылады.

Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі темендейді не шала жетіл-ген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритро-цитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8—10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денёдегі артық _суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1—2 тәулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эіритроциттер сүйек кемігінде тек 4—5 тәулік-тен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырла-рына тканьаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы қанныц көле-мін арттырады, сөйтіп 1—2 кундей қан сұйылған күйінде қала-ды. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді қүйса да қан біразға дейін сұйылады.

2 Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері

Бір литр қанда 4,5—9-109 лейкоцит болады. Лейкоцит (Іеисо-суіиз) қанның ақ клеткасы (Іеисо — ақ, суіиз — клетка). Эритро-Циттен айырмашылығы — ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқ-тар шығарып (псевдоподий) қозғалады.

Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиология-ЛЬІҚ және патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лей-крцит санының көбеюі қан клеткаларының түзілуіне, қан түзіле-тін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорығу т. б.) салдары болуы мәселен, микробтарды аяқтарымен қармалап алып ферменттер-мен қорытады. Ол — үш сатылы процесс. Бірінші миграция (кө-шу) сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.

Лейкоциттер оң зарядты, олардың хемотаксис қасиеті бар, бөгде денелермен ұқсастығы күшті. Табиғаттағы физиотаксис құ-былысы өздеріне белгілі. Ол өсімдік жапырақтарының күн сәу-лесіне қарай І^имылдауы. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қи-мылдайды, оны оң хемотаксис дейді. Қимылдау кезінде олар кан ағысына қарсы жүруі мүмкін, сөйтіп бөгде заттарға жақындаған кезде қылтамыр қабырғасындағы эндотелийлер арасына жалған аяқтарымен еніп, лейкоцит протоплазмасы сыртқа қарай ығысып бүтін қылтамыр сыртына шығады. Осы құбылысты диапедез деп атайды. Сыртқа шығысымен лейкоциттер жылжып бөгде затқа жақындай түседі.



Фагоцитоздыц екінші сатысы — бөгде затты танып, қармау, жұту фазасы. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесі-нен опсонин деген зат бөліп шыға;р.ады да, бөгде заттарды дене-дегі клеткалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.

Фагоцитоздьщ үшінші сатысы — жұту және қорыту. Лейко-циттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманын, түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар (пероксидаза галоидтар — .1, С1, лизосом-дық катиондар және гистондар), вирусқа қарсы заттар — инте-роферондар бар.

Фагоцитоз — бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.

Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда 30—40 денені бірақ жұтатын — микроцит-термен (нейтрофилдер) қатар макроциттер — моноциттер және лимфоциттер бар. Бір моноцит 100 шақты бегде затты бірден жү-тады.

Нейтрофилдер — лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50—70%). Ядроларының пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Нейт-рофилдердің ең жасы метамиелоциттер (ядросы үлкен 'бүршақ тәрізді), онаң соң таяқ-ша ядролылар, әбден жетілген нейтрофил-дің ядролары сегменттелген. Бүлар лейкограммада жетілу дәре-жесіне қарай ең жасы сол жақта, ал әбден пісіп жетілгені од жақта орналасады. Метамиелоцит қанда кездеспеуі мүмкін, сондықтан ол 0—1%, таяқша ядролы 1—5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45—65%. Кейбір ауруларда жас нейтрофилдер мен сегмент ядролардың арақатынасы өзгеріп, жас-тарының саны (метамиелоциттер мен таяқша ядролылардьщ) кебейіп кетеді. Жас және пісіп жетілген нейтрофилдердің арақа-тынасын регенерацияльщ индекс деп атайды. Қалыпты жағдайда ол 0,05—0,1 тең. Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі, яғни регенерациялық индекстің жоғарылауы лейкограмманың солға карай жылжуы болып саналады. Бұл сүйек кемігшде леикоцит-тер түзілуінін, күшейгенін көрсетеді.

Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың за-лалды әсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап жүтады және фер-менттер арқылы ыдыратып жояды. Мұнымен бірге залалды зат-тармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерфе-рон бөледі. Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қа-рағанда өте тез. Сондықтан олар басқа лейкоциттерден бұрын залалды әсерлерге жауап қайтарады.



Моноциттер денедегі елі клеткаларды жұтып, жаңа клетка-ларға орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады. Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде күшті болады. Моноциттің бе-тінде қармаушы дене, комплементтерге арналған рецепторлар бар. Моноциттер қан тамырынан шыққан соң макрофагқа айна-лып денеде арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады, яғни бөгде заттарды жүтып, өзгертіп, иммуногендер түзеді. Капилляр-дан сыртқа шыққан моноциттермен бірге гистиоциттер, купфер клеткалары сияқты фагоциттер мононуклеаралық бір ядролы клеткалар деп аталады, олар бүртұтас жүйе — мононуклеара-лық фагоциттер жүйесін құрады. Бұлар организмнің бегде әсер-лерге төзімділігін күшейтеді.

Лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап реак-циясына қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерфе-рон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады.



Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин — қанды үйытпай сұйық қалпында сақ-тайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың етуін жеңілдететін зат —• гистаминді бө-ліп шығарады.

Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза фермен-тін беліп шығарады және қүрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады. Сондықтан да эозинофил-Дердің саны аллергиялық реакция кезінде кебейіп кетеді және Қанда гистамин өте көбейеді. Эозинофиль белоктан тұратын уыт-ты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырады, антидене қа-лыптастыруға қатысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шығарады.

Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттар-Ды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және плазмалық антиденелер беліп шығарады. Лимфоциттер — Т (тимуске бай-ланысты), В (бурсаға байланысты) және О — лимфоциттер бо-лып үшке бөлінеді.



Т лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор Деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді. Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар мен ткань-

дерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ақ медиатор — лимфокин бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат клеткаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардыц әсерін күшейтеді. Хелпер — көмекші клетка, В — лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығара-тын клеткаға айналдырады. Антидене антигенмен әрекеттеседі. Супрессор — қысым көрсетуші (реттеуші) клетка. Ол В — лим-фоциттің және Т — киллер реакциясы кушейіп бара жатса, те-жеп отырады. Т — лимфоциттер арасында иммунитетті ұзарта-тын еске сақтау клеткалары да бар.



В лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В — лимфоциттер мен Т — лимфоциттер өзара әре-кеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады (гу-моральдық иммунитет).

Лимфоциттер клеткалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, яғни басқа клеткалардың генетикалық қызметін рет-тейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды.



0 клетка Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.

Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бегде затты таныйтын) бәліп шығарады.

Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залал-сыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды үйытпай капил-лярлардың өтімділігін күшейтіп, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртқа шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттер-тердің бәгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.

3 Тромбоциттер

Тромбоцит — қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не со-пақша құрылым, диаметрі 0,5—4 мкм (эритроциттен 2—8 есе кі-ші). Сау адамның 1 л қанында 180—320-109 тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8—11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігін-де мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000—4000 қан пластинкасы белініп шығады.

Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген фер-менттерден, олардың ішінде АТФ-ны және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын фак-торлардан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиыры-латын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.

Тромбоциттердін, саны қанда кешке қарай күндізгіден кебірек, ол қуаныш, реніш, қайғы-қасірет, шаттану т. б. себептерден де, та-мақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тром-боциттер тез бұзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химйялық заттар қосып тез санау қажет.

Тромбоциттердіц қызметі (функциясы). 1. Ангиотрофика-К кан тамырды қоректендіру функциясы. Қан тамырлардыд қа-дьіпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен щаньізы бар. Қан тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асы-рап сақтаушысы» деп бекер айтпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы езгереді, капилляр кенересі селді-реп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тканьдерге қан құйылуына әкеліп соғады, тканьдерде көпте-ген ұсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік функция-сын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады.

2. Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні езгереді. Оның протоплазмасында өсіктер (жалған аяқтар) пайда болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мем-бранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10—20 тромбоциттен тұ-ратын үйінді құрады. Бұл процесс агрегация деп аталады. Агре-гация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанньщ ішінде де пайда болады. Агрегаттар қан тамырының қабырғасында жабысқан тро-мбоциттермен қосылып тромбоциттік тығынға (тромбыға) айна-лады. Сейтіп, жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.

3. Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан та-мыры саңылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоцит-терден босап шыққан серотониннің әсері.

4. Қан үйыту функциясы (гемокоагуляция).



4 Қан топтары

Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Қан құйып емдеу дәрігердін, ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға қүйылды, бірақ бүл тажірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қанын екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себе-бін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинсщия құ-былыстарыньщ ерекше мәні бар. 1836 жылы Губер жануарлар-Дьщ бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоян-Ра)^құйған. Мүның нәтижесінде қоян қанындағы зритроциттер бір-біріне жабысып, желімденіп қалатьшы, яғни агглютинациялана-тьіны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырран кезде эритроциттердің бір-біріне жабысып қалуы гетерогемоаг-глютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамнын, канын екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютина-ЦИяланатынын, желімделген эритроциттер жарылып, олардан гемо-лизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемоли-тикалық шокқа апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглюти-циясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді. Эритроциттердің желімдену себебін Прага уішверситетінің

профессоры Ян Янский ашты. Ол организмнен тыс жерде тәжіри-бе жасап, көптеген адамдардың кандарын алма кезек араласты-рып, мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкес келетін 2 турлі агглютинин же-лімдейтін альфа (а) не бета (р) болатынын анықтады. А — агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық а — агглютинин жабыстырса, В — агглютиногені бар эритроциттерді 6 — агглю-тинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютино-ген мен агглютинин бір-бірімен кездесе қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімденген эритро-цит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығады, сөй-тіп осындай эритроциттер гемолизге ұшырайды. Мұндай қан улы болады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі же-лімдейтін аттас заттар (А — агглютиноген а — агглютининмен, В — агглютиноген р — агглютининмен) болмайды. Белгілі 4 заттан (А, В және сс, |3) кездеспейтін етіп тек 4 комплекс құру-ға болады. Осы ойға келген Ян Янский адам қанын 4 топқа бөл-ді. Егер қан плазмасында а мен (3 аітлютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек. Сондықтан А, В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «О» плазмада а, (3 агглютининдері бар қан 1 топқа жатады, ал «А» агглютиногені бар қанда (3 агглютинині болады, мұндай қан II топ болып белгі-ленеді. III топтағы қанда В — агглютиноген, а агглютинин бо-лады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса, ондай қанда агглютининдер болмайды. (о). Ол қан IV топқа жа-тады. Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілерде оның агглютиногені жазылады да, содан соң агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы ,'жақшада керсетіледі.

0«р (I); Ар (III); Ва (III); АВо (IV).

Адам қанын 4 тогақа бөлу оның қай тобын кай топқа құюға болатынын анықтап берді. Қан құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездесе қалса (А мен а В мен р), алдымен құй-ылған қанның (қан беретін адам — донордың) эритроциттері жабысады. Донордың аздаған эритроциттері реципиент (қан қа-былдайтын адам) плазмасындағы көптеген агглютининдермен кездеседі.

Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритро-цитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар •— жоқтығьщ ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( + ) неме-се болмайтынын минус (—) белгісімен белгілеп тіркеуге болады (7-кесте).

Кестедегі « + » белгісі қан құюға болмайтынын «—» белгісі кан құюға болатынын көрсетеді. I топтағы донордың қанын барлык топтардағы адамдарға құюға, ал IV топтағы реципиентке қай топтың болса да қанын құюға болады. Донор қаны көп мөлшерде (3—4—5 л) кұйылатын болса реципиент эритроциттері донор плазмасындағы агглютининмен кездесіп желімденуі мүмкін. Бүл жағдайда жо-ғарыда келтірілген кестені пайдалануға болмайды: тек топтас кан құйылады (I топ қанын I топқа, II топ қанын II топқа т. т.). Сонымен қазіргі кезде бір-біріне тек аттас топтардың ғана

құйылады.

Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады. (Мұны АВ ноль деп оқу керек). Бұлардың ішінде әсіресе қаны I топқа жататын адамдар көп (46%), II топтағылар бұдан сәл аз (42%), ең азы үшінші топтағылар (9%), IV топтарылар (3%). Қосымша агглютиногендер мен агглютининдер

1. I топқа жататын қаннын, агглютиногені «О» мен белгілене-ДІ. Бүл эритроциттерде А мен В агглютиногендері жоқ деген сөз. Бұлар болмағанымен I топты қанда басқа агглютиноген болуы мүмкін. Өйткені агглютиногендердің (А, В, О) қайсысы болса да тұқым қуалайтын биологиялық белгілер. Сондықтан онда А не В агглютиногені болмағанымен басқа белоктық зат болу керек

деген болжам айтылады.

2. А агглютиногеннің Аь Аг, А3... деп белгіленетін бірнеше түрі болады. Бұлардың А агглютиногенге қарағанда альфа агглюти-нинімен байланысы әлсіздеу келеді. Сондықтан қан тобын анық-тарда күші әртүрлі қан сарысуын қолданған жөн. Қан сарысуы әлсіз болса, А агглютиноген түрілерінің бар екенін байқамай топтары қанды I топ деп оған I топтары қан құйып, шатастыруга

болады.

3. Қанда басқа да М, М, 5Р, Лютеран, Қелл, Льюнс, Даффи, Қидд, Диего агглютининдері табылран. Осыран қарай қан топта-РЫ да езгереді. Бұл бір адамра бірнеше рет қан құйран кезде ескеріледі. Ландштейнер әр адамнын, өз тобы болуы керек деп



есептейді.

4. АВО жүйесінің агглютиногендерінен басқа адамдарда ре-3Ус факторы агглютиногені жиі кездеседі (85—86%). Қаннын резус факторын анықтаудьщ дәрігерлік жұмыста өте үлкен мәні

"Р, өйткені оны анықтамастан қан кұюға болмайды. Адам қанында Кһ — агглютиноген алғашқы рет тасасиз атты маймылдын, қанынан табылран
Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии
Тақырыбы: Қан айналу жүйесі

Дәріс мазмұны:


  1. Қан айналым шеңберлері

  2. Жүректің қан айдау қызметі

  3. Қан тамырлары

  4. Қан айналысының реттелуі

  5. Жүрек қызметтерін зерттеу салалары


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау