Т. А. Ботагариев 200 ж


Қарынның қимыл-әрекеті (моторикасы)



жүктеу 1,9 Mb.
бет8/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

4 Қарынның қимыл-әрекеті (моторикасы)

Қарың қабырғасындағы бірыңғай салалы еТтер қарынға келііі түскен асты шырынмен араластырады. Қарын сөлі сіңген соң оның карыннан ішекке көшуін қамтамасыз етеді. Асты жұтқан -әттен бастап қарын еттері біразға дейін босаңсиды, мұны астьщ рефлекстік релаксациясы деп атайды. Одан әрі тағам түріне карай қарыц қимылы күшейе бастайды.

Қарын еттерінің жиырылуы фазалық және тонустық жиыры-лу болып екіге бөлінеді Фазалық жиырылу дегеніміз негізінен перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутіне үш толқын пайда болады. Тонустық жиырылу көпке созылады, және жиірек .(минутіне б:—7 рет) байқалады.

Ішіне баллон енгізіп, қарьш қимылын, қарын қуысының кы-сымын манометрмең өлшеп, тіркей отырып, үш түрлі қимыл тол-қынын жазып алуға болады. Толқан биіктігі жиырылу күші мен қарын қысымын көрсетеді. Толқындардың біреуі онша биік емес, небәрі 5—20 секундке созылады, ал екінші бір толқын бұдан ұзағырақ (12—60) және биіктеу келеді. Бұлардың екеуі де пе-ристальтикалық қимылдар, шырышты кабық бетіндегі асту жо-ғарыдан төмен карай жылжытып отырады, бірақ қарын куысын-дағы асқа әлі келмейді, толқынның үшінші түрі күрделірек және

256 кан гастрин гормоны бөлініп шығады. Гастрин шығару процесін узакка (6—7 мин) созылады. Бұл толқын қарын қысымы күшей-ген кезде пайда болады, оның әсерінен қарын пилорусы әлсін-әлсін жиырылып, астың он екі елі ішекке етуін қамтама-сыз етеді. Қарын қимылын кезеген жүйке күшейтеді, ал симпа-тикалық жүйке тежейді. Қарын релаксациясы • кезеген жүйкенің қозуынан, гуморальдық заттардан (гастрин, мотолин, инсулин, серотонин) қарын қимылын күшейтеді, ал секретин, панкреоза-мин, пептидтер тежейді.
Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 242-252 беттер


Дәріс №12

Тақырыбы: Ас қорыту

Дәріс мазмұны:
1 Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі

2 Құсу


3 Он екі елі ішектегі ас қорытылу

4 Үйқы безі



1 Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі

Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6—8 сағат) оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағам-дар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жыл-жып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарын-да тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қ-арында 'жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қа-рай ас қарыннан-он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өте-,

ді.


Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылуына қарындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалы қысым, химустық қышқылдың дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарындағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейін (химус изотоника-льг болғанша) босамайды. Астың карыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қыш-қыл күйінде өтсе, кеп мелшерде секретин мен панкреозимин белі-неді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте рН жоға-рылап, дилорустың ашылуын тездетеді.

і

Құсу



Қүсу — аш ішектің рефлекс арқылы кері жиырылуынан бола-тын қимыл. Ішектегі қорытылған ас кері қайтып қарынра түседі. 10—20 секунд ішінде қарын еттері қатты жиырылады да кардио ефинктері босаңсиды. Мұнымен қатар құрсақ еттерімен бірге Диафрагма жиырылып асты (химусты) қарыннан өңешке, өңеш-тен ауызға итереді.

Құсу рефлексі тіл түбірі мен жұтіқыншақтағы, қарын мен ішектегі; шажырқайдағы рецепторлардың және вестибулярлық (тепе-теңдік) аппарат рецепторларының тітіркенуінен пайда бо-лады. Қейде иіс және дәм рецепторлары тітіркенсе де адам құ-сады. Рецепторлардан шыққан серпіністер сопақша мидағы кұсу орталығын қоздырады. Бұл орталық ми сыңары, қыртысы қозғаң кезде де, сондай-ақ гуморальдық заттар (апоморфин, алкадоид-тар) әсерінеі-г де қозады. Миға серпіністер кезекен, тіл-жұтқын-шақ және басқа да жүйкелердің афференттік талшықтары ар-қылы жетеді, ал мидан эфференттік әсерлер кезеген, симпатика-лық жүйкелер арқылы өңешке ішек-қарынға оралады. Құрсақ еттері мен диафрагмаға рецепторлар қозғалғыш жүйкелер арқы-лы келеді.

3 Он екі елі ішектегі ас қорытылу

Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа 3 түрлі сөл (ұйқы •безінің, он екі елі ішектің шырыны және ет) әсер етеді. Бұлар-дың ішінде ең күрделісі ұйқы безінін сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды (белок, май, көмірсу) ыды-рататын ферменттері бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жок, бірақ курделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін ет қа-жет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, етсе де ете әлсіз болады> әсіресе май ыдырамай, майдың ішектен лимфаға өтуі тодтап қалады. Сондықтан өт ас қорыту селдері қатарына жатқызылған. Он екі елі ішектің шырышты қабығында бруннер бездері бар, олар ез сөлін шығарып отырады. Он екі елі ішёк сө-лі сәл сілтілі (рН — 7,2—8,0), құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды Ыдыратуы мүмкін. Реакциясы сілтілі үйқы безі сөлі мен мол мөлшерде өт келіп қүйылысымен пепсиндердің әсері тоқтайды.



Ас қорытуда он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай Іиәні жоқ, бірақ науқастанған жағдайда, әсіресе қарын селінде тұз қышқы-лы көбейіп кетсе, пепсиндердің әсері күшейіп, ұйқы безі фермент-терін ыдыратуы, .мұның салдарынан ішекте ас қорытылуы на-шарлап кетуі мүмкін. Он екі елі ішек селінің бөлінуі кезеген жүйке әсерінен күшейе туседі. Бұл сөл шыруын қан арқылы әсер ететін заттар — секретин мен глюкоген де кушейтеді.

4 Үйқы безі

Үйқы безі 2 турлі тканьнен: а) ас қорыту сөлін бөлетін аци-нус; б) қанға гармондар бөліп шығаратын а және |3 клеткалары-нан күрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан тұрады. Ацинус тканінің.сөлі түтікше (өзек) арқылы 12 елі ішекке кұй-ылады. Бүл үйқы безінің сыртқы секрециялы қызметі. Лангер-ганс аралшықтарьшда түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек ұйқы безі ішкі секрёциялы без.

Ұйқы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қоры-ту сөлі панкреас сөл (секреті) деп аталады. Бұл аса күрделі сөл-дің ас қорытуда үлкен маңызы зор.

Ұйқы безінен (панкреастан) сөл алу. Үйкы безінің сөл шығару қызметін, оның құрамын білу үшін йттің панкреас түтігіне фис-

Тула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын ұйқы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімең бірге сыртқа шығарылады (И. П. Павлов, 1879). Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас қорыту процесі бүзыл-майды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, ас ІФрыту кезінде үйқы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің құрамына, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге бола-ды. Адамның ұйқы безінен таза сел алу өтё қиын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резеңке түтік) жұтқызып, оны қарыннан он екі елі ішекке еткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады. Әлбетте сөлдің құрамында ас қалдығы, өт болады. Сел шығаруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормондар қол-данылады.

5 Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі



Үйқы безінің селі түссіз, сілтілі (рН 7,8—8,4). Оның қүра-мында 1%-тей құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктан тұрады (0,5—1,0%). Реакциясы құ-рамындағы натрий бикарбонатыньщ мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмкін. Тәулігіне үйқы безінен 1,5—2 литрдей сөл белініп шығады, ондай сөлден 10 грамдай бе-лок жинап алуға болады., Ол негізінен түрлі ферменттерден тұра-ды. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, элас-таза (панкреата пептидаза), рибонуклеаза.

Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйіиде белініп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі кұрамындағы әлгі ферменттер ішектің шы-рышты қабығында түзілеті» энтерокяназа ферментімен әрекетте-суі шарт. 1893 ж. осы ферментті И. П. -Павлов ішек' сөлінен тау-ып, оны ферменттердің ферменті деп атады. Энтерокиназа трип-синоген фёрментін трипсинге, ал трипсин басқа ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.

Трипсиноген мен химотрипсиногенді трипсин, химотрипсинге айналдыру процесін, ішек сөліне Са2 ионын қосу арқылІІ шап-шандатуға болады. Трипсин мен химотрипсин белок атаз^лыны амин қышқылдары сатысына дейін ыдыратады. Бұл екі фермент-тің әсері жағынан бір-бірінен айырмашылығы — олар белок түзетін амин қышқылдарымен пептидтердің арасындағы әртүрлі байланыс тізбектерін бұзады және олардың ыдырату шапшаңды-ғы біркелкі емес.

Үйқы безі сөлінің құрамында полипептидтерді, пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза (А, В) және эластаза ферментте-рі, рибонуклеин қышқылын нуклеидтер сатысына дейін ыдыра-татын рибонуклеаза ферменті бар. Бүлармен қатар без сөлінде фосфолипидтерді, майларды, поли — және дисахаридтерді ыдыра-татын ферменттер де аз емес.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 252-264беттер


Дәріс №13
Тақырыбы: Зат алмасу

Дәріс мазмұны:

1 Зат алмасу түсінігі

2 Ақуыз алмасу

3 Көмірсу алмасу

4 Май алмасу

5 Су мен минералды заттардың алмасуы


1 Зат алмасу түсінігі

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция — клеткалар құрамына кіретін күрделі жә-не арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиля-ция — зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы аокылы қа-рапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі АИМИЯЛЫК заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергия-сына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмса-лады. Қлеткалар кұрылысы мен энергия қорының байырғы қал-пына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мелшер-де оларға сырттан қоректіқ минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі — тағам (та-мақ), оның сапасы, мөлшері, қүрамындағы қоректік заттар, олар-дың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қа-жет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок енімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақы-тында арылып отырады.



Зат алмасуы тағамның, оның кұрамындағы қоректік заттар-Дын, асқазанға келіп.түсуінен басталады. Онан соң олар қорыты-льщ, денеге сіңеді, клеткаларда ассимиляция және диссимиляция процестері етеді шығару ағзалары арқылы тотығу енімдері сыртқа шырарыла'ды/ Бұл — жалпы зат алмасуы. Ал клетка ішін-Де ететін зат алмасуы (аралық алмасу)—негізінен химиялық процесс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минерал-ды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың рет-телуің қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат •алмасуыньщ көрсеткіштерің зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді та-мақтану негізін зерттейді.

2 Белок алмасуы

Белок — денеге- қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгел-дей белоктардан тұрады. Қанда газдар (СЬ, С02) тасымалдай-тын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де — белок. Де-не қызметің қан арқылы реттейтін гормондардың көбі 'белок. Бе-лок — қуат коры. 1 г. белок тотьгқса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок — тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін керсете-ді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғаш-. қылары — орны .толар, соңғылары — орны толмас амин қышқыл-дары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесін-де түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышкылдары аста жеткі-ліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан туратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнар-сыздау деп аталады: Ддамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жен. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы қүрамындағы белок қүнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жо-лында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бау-ыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) және өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Әр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олар-дың езіне .ғана тән арнайы белоктар түзеді. Әрбір ағзаның қан-нан езіне қажет амин қышқылын іріктеп алатынын тәжірибе жү-зінде дәлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға келіп түскен арте-риялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса, кай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жерде еске салатын бір мәселе сол ағзада түзілген белоктар жан-жануардың әр түрінде әртүрлі, олардың арнайы қасиеттері де әр жануарда әркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана тән арнайы қасиеттер де болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тән белок басқа жаңуарда ішектен тыс (парэнтеральдық) жол-мен тікелей қанға не тері астыва, ет ішіне енгіеілсе, сол белокқа дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайта-лап енгізілсе, оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың ағзалық және жануардьщ тү-ріне тән (түрлік) қасиеттері болады. Клеткаларда белоктар тү-зілуімен қатар тотығу процесі жүріп жатады.

3 Көмірсу алмасуы

Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия кезі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 мДж) энергия бөлініп шығады. Қөмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондык-тан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энер-гия жұмсарда пайдаланылады.

Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450—500 г-дай көмір-су қажет. Ауызда, ішек-карында көмірсу (полисахаридтер) сіле-кей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйкы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ьідырап, моносахаридтерге айналады. Ішектін, бастапқы белігін-де олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпи-телиінің апикальды жағынан ішіне қарай N3+ ионының қаты-суымен клетка энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глкжоза қақпа венасы ,арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретін-де сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150—200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін/Мүндай жағдайда бау-ырдан шығып жалпы қан айналысьша іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гиперглике-мия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5—5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол кебейіп 8—10 ммольге жетсе, несепте .қант пайда болады (глюкозурия). Қанда қант деңгейі 2,8—2,2 ммоль/л-ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен-езі құрысып, тырысады.

Әдетте қандағы қант деңгейі темендей бастаса, гликолиз ар-қылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант •тұрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес дене етте-рінде де кор (1—2) болып гликоген күйінде сақталады. Клетка-лардың кебі қандағы глюкозаны жүтып құрылыс (пластикалық) •материалы және қуат кезі ретінде пайдаланады.

.Кемірсу клеткада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылы-на (анаэробтық фаза), одан әрі оттегімің қатысуымен (аэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар артық болса өкпе арқылы сыртка шығарылады.

Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуын реттеуде жүйке жүйесінің мәнін 1849 жылы К. Бернар анықтады. Ол со-пақша мидын. төртінші қарыншасыньщ түбін инемен тітіркендір-•се, гипергликемия пайда болатыньш дәлелдеді. Мұның механизмі ёимпатикальгқ жүйке жүйесінің қозуьвна байланысты екені анық-талды. Симпатикалық жүйке бүйрекүсті безінің ми қабатына әсер етіп, адреналин гормонынын, қанға етуін күшейтеді де, бауырда-ғы гликогенолиз процесін үдетеді. Адреналин бауыр мен дене ет-теріндегі гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қанда қан мөлшерін арттырады (гипергликемия). Қалқанша без гормоны — тироксин тлюкозаньщ тканьдерге өтіп, денеге сінуін тездетеді. Бүйрекүсті ^езінің қыртысындағы глюкокортикоид гормондары да белок пен ^айдан глюкоза түзілуін күшейтіп, оньщ қандағы деңгейін артты-рады. Мұнымен . бірге глюкокортикоидтар тканьдерді инсулин серіне түрақты етіп 'клеткаға қанттың сіңуін төмендетеді.

Кемірсу алмасуында инсулин әсері адреналин әсеріне қарама-' Қарсы. Инсулиң ұйқы безінің Лангерганс шоғырлары клеткала-•рыңда түзіледі 'де бауыр мен дене еттерінде гликогенез- процесін Ікүшейтеді, сейтіп қаннан еткен қанттьщ клетка мембранасы ар-ІҚьІлы өтуін жеңілдетіп сіңуін күшейтеді, қанда кант деңгейін тө-|*Іендетеді. Инсулин көбейсе, қанда қант мелшері күрт азайып, адам гипогликемиялық комаға ұшырауы мүмкін.

Ұйқы безінде түзілеггін глюкогон гормоны бауырда гликогең ыдырауын күшейтіп, қанда қант деңгейін жоғарылатады. Глюко-гонның көмірсу алмасуына тигізетін әсері инсулин әсеріне қа,ра-ма қарсы. Типофиздің соматроптық гормоны инсулин түзіілуін кү-шейтеді де кемірсу алмасуын реттейді. Бұл бездің АК.ТГ гормоны глюкокортикоидтардың қаінға шығуын үдете отьгрьш, қанда қант деңгейін азгертеді.

Көмірсу алмасуын реттейтін орталық гипоталамусты орналас-қан, сол орталықтың артқы ядроларын тітіркендірсе адреналин мен инсулин түзілуі күшейе түседі. Гипоталамустың әсері орталық жүйке жүйесінің жоғары белімдерінің бақылауында. '•

Қорыта келгенде, көмірсу алмасуына ми қыртысы, мидың басқа да бөлімдері гипоталамус арқылы әсер етеді. Ал гипотала-мустың өзі вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық жә-не симпатикалық бөлімдері мен ішкі селініс бездері арқылы кө-мірсу алмасуын реттеп отырады.



3 Май алмасу

Кептеген ауру-сырқаулар, патологиялық процестер май ал-масуының бұзылуынан болады. Май және май тәрізді қосынды-лар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май — негізгі энергия кәзі. Е.ресек адамда тәулігіне 70—100 г мал майы (тоң май, сары май мен есімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. Май клетка протоплазмасының яд-росы мен мембранасының құрамыма кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлефіне 'жиналған май бірқатар ағзалар-ды (бүйрек, өкпе т. б.) ұрылу-соғылудан, букіл денені суық тию-ден (жылу өткізбейді) қорғайды. Шелінде майы қор болып жи-налатың жануарлар (тюлень, қит т. т.) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, Ғ), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май — су қоры. Өркеш майын түйе су кезі ре-тінде пайдаланады.

Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мелшер-де бауырда көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте өттін қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсері-нен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышқылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізі-нен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналған май тамшыларының (диаметрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ақ ішек қабырғасынан өте береді. Моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен ішек эпителиіне етеді. Өт қүрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтер май қышқылдары мен моноглицеридтерді кор-шап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Жеке мицелла ең ұсақ эмульсия тамшысынан 106 есе кіші. Ми-целлалар судағы ерітінді күйінде ж^ай, диффузия жолымен энер-гия жұмсамай-ад, не пиноцитоз арқылы ішек эпителиіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт қышқылдары канға сіңеді, оның 2,8—3,5 г бауыр арқылы ішекке қайта оралып бір тәулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70—100 г) майдың сінуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдары, ондағы ретикулумдар (торлы құрылымдар) аз уакыт кідіреді де олардан адамға тән майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок молекулалары хиломикрон құрып, эпителий түбіндегі мембранадан өтеді де лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болған суда еритін глицерин мен құрамында өзара қысқа байланысқан кеміртегі бар іиай қышқылдары қанға сіңеді де қақпа венасымен бірге бауырға өтеді.

Лимфаға сіңген басы артық май екпе тканіндегі шелде қор бо-лып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге кокос м,айын көбірек жесе, оның шелінде жинал-ран май, құрамы мен қасиеті жағынан кокос жаңғағы майына ұқсайды.

Май энергия қоры ретінде клеткада да сақталады.

Май алмасуының реттелуі. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі — ішкі ядросы зақымданса, адам (жануар) семіріп кетеді, ал төмен-гі — сыртқы ядросы зақымда-нса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен.ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денеде-гі май қорының жұмсалу және тотыру қарқынын күшейтеді. Бұл үй қоянына тәжірибе жасау арқылы дәлелденді. Оның майы әдет-те жауырын астына жиналады. Жүйке сегментінің бір жағында-ғы симпатикалық жүйкелерді кесіп тастап (десимпатизация) жа-нуарды ашықтырса, денедегі барлық май жұмсалғанмен, симпа-тикалық жүйке кесілген жердегі май көпке дейін сақталады (жұмсалмайды). Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасу-ына керісінше әсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оныңқыз-метіне жоғары жүйке жүйесі және эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау