Дәріс №26
Тақырыбы: Өрбу физиологиясы
Дәріс мазмұны:
Өрбу физиологиясы
Жыныс тәрбиесінің принциптері, формалары және әдістері
Әйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
1 Өрбу физиологиясы
Жер бетіндегі тіршіліктің үздіксіздігі тірі организмдердің ұрпақ жаңғырту қасиетіне негізделген. Соның нәтижесінде. адам-заттьщ барлық өмір сүрген уақытында өмірден кеткен ұрпақтар-дың орнына жаңа ұрпақтар келеді. Мұны адамның жыныс әре-кеттік жүйесі атқарады.
Бұл жүйе жыныс клеткаларының (гамета) жетілуі, жыныстық құштарлық (либидо), галт жоралары (ритуал), жыныстық қаты-нас (копуляция), ұрықтану, жүктілік, босану, сүтпен емізу (лак-таЦия), ұрпақ тәрбиелеу іспеттес процестерінен кұралады. Осы-ның бәрі организмнід жыныстық әрекеттерінің әркелкі көріністе-рін камтитын біртұтас әрекеттік жүйе арқылы реттеледі.
Жыныстық әрекеттік жүйенің ерекшелігі ер мен әйел орга-низмінін, әртүрлі өзі реттелетін меха*низмдерінен турады. Олар биологиялық және әлеуметтік нәтижеге жету, яғни өрбу мен түр жалғастыру үшін қарама-қарсы жынысты серіктердің өзара бел-сенді әрекеттесуін түзеді.
Табиғатта өрбу маусымдық, рефлекстік, оралымды болып үш түрге белінеді. Жалпы аналық организмде жыныстық ырғак-тылық ерекше қалыптасқан. Аталық организмдердің тұқымдылы-ғы мен жыныстық құштарлығы солардың ерекшеліктеріне бейім-деледі.
Жыныстық әрекеттік жүйенің қызметі арнайы ішкі сөлініс бездерінде түзілетін жыныстық гормондардың (андр1оген, эстро-ген) қандағы мөлшеріне тәуелді келеді. Жоғарыда айтылғандай, жыныс гормондары тканьдердегі зат алмасу процестерімен қатар, жалпы жыныстық әрекеттік жүйені тікелей қоздырады. Жыныс гормондарының сөлінісі планета (Күннің, Айдьщ, су тасуы мен қайтуының) әсерлеріне сәйкес болады.
Жыныс саласының анатомиялық құрылымы мен физиологиялық әрекетін жыныс мүшелерімен бірге орталық және шеткі жүй-
ке жүйесі, ішкі сөлініс бездерінің, яғни нейроэндокриндік аппараттьщ әртүрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.
Жыныс мүшелері (гениталий); жыныс бездері (гонада), ұрық жолдары, жатыр, қосалқы, жыныс бездері және шағылысу (ко-
пуляция) мүшелерінен тұрады.
Жыныс бездері аралас әрекетті бездерге жатады. Олардың сыртқы сөлініс қызметі — жыныс клеткаларын (сперматозоидтар мен аналық клеткасын) бөліп шығару, ішкі сөлініс әрекеті — қан мен лимфаға ететін.жыныс гормондарын түзу.
2Атальқ жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызметі
Атальщ жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызмет атқарады. Олардьщ әрбір бөлімінде сперматогенез (ата-лық клетканың түзілуі, жетілуі және қор сақталуы) жүзеге асады. Ішкі селініс қызметі аталық шәует безінде жыныс гормондары — андрогендерді түзуіне байланысты. Олардьщ ішінде негізгісі және ен, белсендісі — тестостерон. Андростерон тестостероннан 6—10 есе
әлсіз келеді.
Еркектер организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенез-ді және қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелері өсіп, еркектерге тән дене тұлғасы, жүн жамылғысы, дауыс үні және т. б. қалыптасады.
Аталық жыныс гормондары белок синтезін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Сөйтіп, олардың әсері еркектердің қаңқасын, бұлшықеттерін, ішкі ағзаларын есіреді.
Андрогендер шәует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзі-леді. Ол әсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердін. организмінде эстрогендер де түзіледі. Эстрадиол, тестостерон си-яқты, аталық безінде, ал эстрон бүйрекүсті безінің ізашарлары-нан жасалып шығады.
Әйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
Аназьқ бездер жамбас аймағында орналасып, жатырдың жал-пақ дәнекері арқылы онын, түтігіне бекінеді. Аналық без үш түрлі қызмет атқарады. Гаметалық (ұрық жетілдіру) — аналық безде-рінде жұмыртқа клеткасын түзу және жетілдіру. Жаңа туған кез-де аналық бездерде бірнеше жүз мьщнан 2 млн-ға жуық әлі же-тілмеген жүмыртқа клеткаларынан қүралатын фолликулалар (кепіршіктер) болады, олар жалаң қабатты эпителиймен қоршал-ған, қабырғалары ішкі селініс қызметін атқарады. Жыныстық кемелдену шақта қалыпты физиологиялық атрофиядан кейін 40—60 мьщ фол'ликула қалады. Балиғаттық кезең аяқталған соң гипофиз гормондарының ықпалынан әрбір ай сайын 300—400 фолликула дамиды. Алайда әйелдердің 30—35 жылға созылатын бала көтеретін шағында небәрі 400 фолликула пісіп жетіледі, кал-ғандары атрезияға душар болады. Сөйтіп әйелдердің бала көте-ретін жасында барлығы 300—500 жүмыртқа клеткасы жыныстық кемеліне жетеді.
Әйелдердің бала көтеретін кезеқінде аналық бездің қыртыс кабатында фолликулалардьщ жетілуі, овуляция (жұмыртқа клеткасының шығуы), орнына сары дене түзілуі, оның жүктілікке байланысты тағдыры оралымды түрде кайталанып отырады.
Аналық бездер де ішкі сөлініс (эндокриндік) қызметін атқа-рады. Фолликулада қуыс пайда болған сәттен жыныс гормондары эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстрол) түзіледі.
Әйел организмінде фолликуланьщ даму және жетілу кезевдері жыныс оралымының ерекшеліктері мол эстрогендік кезін тудыра-ды.
Жыныс оралымының орта кезінде гипофиздің және басқа түрт-кілердің әсерінен грааф көпіршігі жарылып (овуляция), құрсақ қуысына жұмыртқа клеткасы шығады. Жарылған фолликуланын, қабырғасы кабысып, оньщ орнында бірнеше сатыдан өтетін сары дене пайда болады. Осыдан кейін жыныс оралымының лютеин кезі басталады.
Сары дене етеккірдің және жүктіліктің кезінде әртүрлі қызмет атқарады. Етіккер сары денесінің әрекеттік мерзімі 12—14 күн. Жасөспірімдік және климакс (етеккірі тоқтаған) кезеңінде сары дененің белсенділігі темендеп, тіршілік мерзімі қысқарады. Сары дене бүкіл әйел организмнің' оралымды құбылыстарьшың ырға-ғына әсер ететін прогестерон және эстроген гормондарын түзеді. Овуляциядан кейін 7—8 күні қанда прогестеронның және несепте прегнандиолдың мелшері өседі. Ал етеккір келер алдында прогес-теронның мөлшері өте азайып, жатырдың кілегейлі қабықшасын-ДЗРЫ қан тамырларының ішкі қабаты сылынып түседі. Жатырдың кілегейлі қабығы ісініп, жалаңаштанған қан тамырларынан қан құйылады да, етеккір кёледі. Бұл процесс 3—5 тәулікке созылады да, әрбір туар ай сайын қайталанып отырады.
Жүктіліктің сары денесі аналық клетка ұрықтанып, зигота тү-зілгеннен бастап қалыптасады. Мұның прогестероны жатыр тү-тікшесінің және жатырдың өзінщ жиырылу іс-әрекеті ырғағын реттейді. Ол жатырдың жиырылуын тежеп, ұрықтанған аналық клетканың кілегейлі қабықшаға еніп бекінуіне мүмкіндік жасай-ды. Жүктіліктід алғашқы 2—3 айлырында сары дене тез есіп, гормон түзу белсенділігі артады. Оның өркендеу сатысы жүкті-ліктің 6-шы айьша дейін созылып, одан кейін кері дами бастайды. Мұны аналық бездердің гестативтік (жүктілікті сақтау) қызметі деп атайды. Кейін, жүктіліктің 4-ші айлығынан бастап сары дене бұл қызметін плацентаға тапсырады. Сөйтіп ол жүктілік аяқтал-ғанша эндокриндік қызмет атқарыды.
Организмдегі мұндай оралымды өзгерістерге де жыныс гор-мондарынық түзілуі сияқты гипофиз гормондары әсер етіп, орта-лык жүйке жүйесі бақылап отырады.
Әдебиеттер:
/1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” /496-498 беттер
Дәріс №27
Тақырыбы: Өрбу физиологиясы
Дәріс мазмұны:
Жыныс әрекеттерінің реттелісі
Жыныстық құштарлық
1 Жыныс эрекеттерінің реттелісі
Организмнің жыныс әрекеттерінің реттелу механизмдері орта-лық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің гипоталамус арқылы жасайтын күрделі ықпалдарынан тұрады. Гипоталамус бұл ық-палдарды гипофиз арқылы жүзеге асырады. Жыныс мүшелерінін, қызметін шартты және шартсыз рефлекстер реттейді. Шартсыз рефлекстін, афференттік жолдары орталық жүйке жүйесіне жы-ныс аппаратының эрогендік рецепторларынан ақпарат жеткізеді, ал оның эфференттік ықпалдары гипоталамус пен гипофизді іске қосады. Эрогендік рецепторлар жыныс мүшелерінде шоғырланады.
Жыныстың шартсыз рефлекс орталықтары жүлын дедгейінде орналасады. Алайда олар мидын, жоғары бөлімдері қатысатын күрделі рефлекстердің құрамына кіреді.
Жұлынның бел және сегізкез сегменттерінде жыныс мүшелері-нің ширыру (эрекция) және шәует шығару (эякуляция) орталык-тары болады. Жыныс орталықтарының жоғары ҚОЗРЫШТЫҒЫ оргазм (құшырлану) сезімімен аяқталады. Осы орталықтардың қозу толқыны жоғары өрістеп, оргазм тудыратын гипоталамус пен лимбия жүйесін белсендіреді.
Бұл эмоциялық әсерленіс кезінде нақтылы вегетативтік өзге-рістер байқалады: жүректін, систолалық көлемі 130—170%-ке өседі, пульс (кейде минутына 150—180-ге дейін), тыныс (минуты-на 40-қа дейін) жиіленеді, қан қысымы (систолалық қысым қа-лыпты жардайдан с. т. б. 60—100 мм-ге диастолалық қысым — 20—50 мм-ге дейін) көтеріледі. Оргазмнан кейін жалпы қажу, босаңсу, байыз табу, ұйқышылдық байқалады. Оргазм ерлер мен әйелдерде әртүрлі болады, жеке ерекшеліктері байқалады және кептеген түрткілерден тәуелді келеді. Медициналық тұргыдан алып қарағанда, оргазм орга.низмге ЖЗРЫМДЫ әсер етеді. Жнныс-тық қанарат сезім болмаран жардайда жиі невроз пайда болады. Жыныстық әрекеттердің қалыптасуына шартты рефлекстік әсерленістер қатысады. Шартты рефлекстік жыныстык, (сексу-альды) тітіркендіргіштер талдағыштар арқылы әсер етеді. Шарт-ты рефлекстік әсерленіс көбінесе ер адамдарда аса жетілген. Жалпы шартты рефлекстік жыныс тітіркендіргіштерінің организмнің жыныстық ҚОЗРЫШТЫРЫН күшейтуі немесе темендетуі нейроэндокриндік жүйеніа әсеріне және нейропсихикалық сала-ның жардайына байланысты болады.
Нейроэндокриндік реттелу. Жыныс әрекеттік жүйесінің нейро-эндокриді аппараты әрбір жас кезендеріне қолайлы жыныс гор-мондарының деңгейін, организмнің өсу ,даму, жыныс құштарлы-РЫН, өрбу процестерін қамтамасыз етеді.
Жыныс гормондарының организмге жасайтын әсерінін. көлемі зор. Олар клетка геномын (текқорын), белінуін, арзалар мен тканьдердің қайта жадғыруын (регенерациясын), өсу және даму, иммундық әсерленісін, зат алмасуынық барлық түрін, мінез-құлығы мен эмоциясын реттейді, ақыры гёнотиптің (тектүрдің) фе-нотипке (белгітүрге) алмасуын жүзеге асырады.
Организмнің үрпақ жаңрырту және гормон түзу қасиеті гипо-таламус-гипофиз және шеткі сөлініс бездерінен тұратын күрделі құрамалардан тұрады.
Гормондар әсерінің алғашқу жүзеге асатын деңгейі — ағзалар мен тканьдер. Олардың клеткаларының ажыратылыс нәтижесінде көптеген гормондар жиынтығына арнайы рецепторлары болады. Тканьдерде клеткааралық реттеуді әрекетін простогландиндер ұйымдастырады. Бұлардың іс-әрекеті ЦАМФ (циклді аденозин-монофосфат) арқылы іске қосылады. Тканьдерде туатын сигнал-дық ақпараттар орталық жүйке жүйесіне беріледі.
Нейроэндокриндік реттелістің келесі деңгейі шетте орналасқан ішкі сөлініс бездері. Олар түзетін гормондар қанға сіңіп, қашық-
тықтан және ұзақ уақыт әсер ете алады. Сөйтіп гормондар әртүр- лі аймақтарда жекеленген ағзалардың биоыррарын лайықтастырып, олардың арнайы іс-әрекетін үйлестіреді.
Гормондар әсеріне ерекше сезімталдығы білінетін ағзаларды нысана-ағза деп атайды. Мәселен, сүт безі мен жатыр жыныс гормондарына өте сезімтал келеді. Олар басқа ағзалар мен тканьдер елемейтін, жыныс гормондарының (эстроген, прогестин, андроген) аз мөлшерінде де арнайы жауап береді.
Шеткі эндокриндік бездер өздігінде гипофиздің бағыттаушы гормондары арқылы реттеледі (үшінші деңгей). Төртінші деңгей гипоталамустьщ «босатушы гормондар» (ризилинг-гормондар) тү-зуші орталықтарынан тұрады. Ең ақырғы, бесінші деңгей, гипота-ламустың нейрогормондарын қадағалайтын ОЖЖ-нің басқа жо-ғары құрылымдары.
Гипофиз жыныс саласын реттейтін фолликулстимуляциялау-шы (ФСГ) және лютеиндеуші (ЛГ) гормондар түзеді. Бүларды тұқымбағыттаушы (гонадотропты) гормондар (ТБГ) деп атайды. ТБГ жыныс бездеріндегі тек белгілі процестерді қадағалайды. Мәселен, әйел организмінде ФСГ аналық'бездегі фолликуланың өсуін, дамуын және пісіп жетілуін, ал ЛГ оның жарылу (овуля-ция) кезін жүзеге асырады. Гипофиздіқ тағы бір гормоны п^олак-тин сары дене гормоны — прогестеронмен бірігіп, аналык, безде жаңа фолликуланың дамуын тежейді. Аналық клетка ұрықтанған жағдайда, бүлар оның жатырдың кілегейлі қабықшасына еніп, бекінуін және плацентаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Со-нымен бірге ұрпақ жаңғырту (репродукция) ^үшелерін дайын-даура, сүт безінің дамуына және сүт бөлу (лактация) процестерін реттеуге осы гормбндар жауапты.
Еркектердің организмінде ФСГ сперматогенезді, ал ЛГ андро-геннің биосинтезін реттейді. Сондықтан ЛГ, басқаша, дәнекер клеткаларды демеуші гормон деп те аталады.
Гипофиз гормондары, оның ішінде ТБГ, гипоталамустың «бо-сатушы гормондарынан» тәуелді келеді. Бүл нейрогормондар сө-лініс нейрондарында түзіліп, жүйке талшықтарыньщ бойымен төмен агады (аксондық тасьшал). Одан гипофиздің қақпа капилля-рының алғащқы ілмектерінде қанра өтеді. Рилизинг-гормондармен қаныққан кан гипофиздің алдыңры бөлігіне (аденогипофизге) жетеді. Сөйтіп гипофиздің сөлінісін қан арқылы гипоталамус жіті бақылап отырады.
Қазір гипоталамустың, 10 рилизинг-гормоны анықталды. Олар-дың кейбіреуі гипофиздегі ішкі сөліністі демейді (либериндер), ал басқалары тежейді (статиндер). Гипофизде ФСГ және ЛГ сөлінісі фоллиберин мен люлиберин арқылы сәйкестеліп реттеле-ді. Гипоталамустан гипофиздің екі гормонын да белсендіретін зат бөлініп алынды, кейін ол синтезделіп, клиникада тумайтын әйел-дерді емдеу үшін қолданылып жүр.
Гипофиздің тұқым бағыттаушы гормондары селінісін гипота-ламустық тонусты және оралымды (циклды) орталықтары қамта-масыз етеді. Тонусты орталық ФСГ және ЛГ синтезделіп бөлініп шыруын қадағалайды., Оралымды орталық жыныс бездерін бақы-лау жүйесіне овуляпия кезеңінде кіріседі. Бүл орталық преопти-калық аймақта орналасқан. Мұнда люлибериннін, мол мелшері байкалады, ол жыныс оралымына және гонадотропиннің тәулік-тік ыррагына сәйкес өзгеріп отырады. Гипоталамустың оралымды орталырынын, құрамына супрахиазмалық және дора тәрізді ядро-
лар кіреді.
Гипоталамустың жыныс орталықтары тәуелсіз әрекеті болға-нымен, орталық жүйке жүйесінің біраз құрылымының бақылауын-да болады.
Жыныстық әрекеттік жүйенің қызметіне лимбияның құрамына кіретін бадамша тәрізді дене (амигдала) мен гипокамп қатысады. Біріншісі демеуші, екіншісі тежеуші әсерді қамтамасыз етеді.
Гипоталамустың жыныстық (сексуальдық) орталырына эпи-физ зор тежеуші ықпал жасайды. Жыныстық орталықтарды ОЖЖ-ніқ адренергиялық және холинергиялық құрылымдары, ве-гетативтік жүйке бөлімдері реттейді. Норадреналин ФСГ мен ЛГ сөлінісін демейді, допамин пролактин түзілуін тежейді.
Жыныс әрекетін реттеуге лимбия жүйесімен қатар ми қыртысы да қатысады. Адамнын, әлеуметтік жардайы, психикасы және эмо-циялық әсерленісі жыныстық әрекеттік жүйеніқ қызметін бақылап
отырады.
2Жыныстық құштарлық.
Жыныстық құштарлық (либидо) ең әуелі қанра жыныс гормондарынын,-—андрогендер мен эстроген-дердіқ жиналуына байланысты. Сонымен бірге ОРЗН арнайы әлеу-меттік тітіркендірістер әсер етеді. Адамда әсіресе .тәрбие, жеке немесе қоғамдык, тәжірибе мацызды орын алады.
Жыныстық құштарлық биологиялық мотивациялардың бір түрі. Ол ерлер мен әйелдерде бірдей қалыптасады. Сыртқы тітіркендіргіштер ми қыртысы арқылы гипоталамустағы жыныс орта лықтарын белсендіреді. Алайда еркек пен әйелдердің гормондық механизмдері әртүрлі болрандықтан, жыныстық құштарлық езге-
ше туады. Жыныстық құштарлық андроген мен зстроген гипоталамустың алдыңғы бөлігіне әсер етіп, ми қыртысына және басқа құрылым-дарға белсендіруші ықпалдарьшан пайда болады.
Жыныстық кемеліне келген еркектерде тестостерон үнемі тү-зіледі, ал әйелдерде эстрогеннің түзілуі жыныс оралымына сәйкес келеді.
Іс жүзінде жыныстық құштарлықтың калыптасуына басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады (гипофиз, бүйрекүсті, қалқанша, үйқы бездері).
Еркектерде ішкі сөлініс безіне жатпаса да, куықасты жыныс безінің (простата) маңызы зор. Ол да жыныстық құштарлықтың қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Организмде жыныстық құштарлық үстем мотивация болған-дықтан, көптеген өзгерістер тудырады. Қеру, есту, иіс сезу т. б. талдағыштардың сезімталдығы күшейеді. Бұған әртүрлі шартты және шартсыз рефлекстер қатысады.
Адамның жыныстық (сексуальдық) мінез-кұлығы нақтылы әлеуметтік ортада қалыптасады. Сондықтан жас өспірімдерді жыныстық дұрыс тәрбиелеу — маңызды міндет. Оның мақсаты — ескелең ұрпақты еңбек пен қоғамдық әрекетке ғана емес, сонымен бірге жеке және жанұялық өмірге даярлау.
Жасқа байланысты жыныс ерекшеліктері
Ұрықтық даму кезіңінің 5-ші аптасынан аталық және аналық бездердің белгісі қалыптасады. Осы кезеңнің 2-ші айында олар аталық және аналық бездерге ажыратылады.
Аталық бездің гормондары ұрықтың, 8-ші аптасынан басталады. Андрогендер нәрестенің гендік бағдарланған жынысын жүзеге асырады. Нәрестенің 4 және 7 айлығында гипоталамус еркектерге тән тонусты немес әйелге тәв оралымды түріне қалыптасады.
Андрогендер еркек жыныс мүшелерін дамытады, аталық без-дердің ұмаға түсуін қамтамасыз етеді. Олар жеткіншектік шақта ұлдардың жыныстық дамуына, дене тұлғасы қалыптасуына, ана- • болик ретінде белок алмасуына, гемопоэзге, бұлшықеттердің өсуі-не әсер етеді.
Үлдардың жыныстық дамуы 2 кезеңнен тұрады: 10—15 жас арасында жыныс мүшелері және қосымша жыныс белгілері да-миды, ал 15 жастан кейін ұрық жаңғырту (сперматогенез) кезеңі басталады.
Аналық бездерде фолликуланың пайда болуы құрсақтағы да-мудың 4-ші айынан байқалады. Ол үшін гонадотропиндердің ық-палы қажет емес.
Аналық бездерде стероидты гормондар сөлінісі құрсақтағы дамудың аярында басталады. Аналық бездердің гормондары жы-ныс мүшелерін калыптастыруға қатыспайды. Бұл кызметті анасы-ның, бала жолдасының және бүйрекүсті безінің эстрогендері ат-карады. Жаңа туған қыз балалардың қанында алғашқы 5—7 502 күндей анасының гормондары болады. Қейін ол жойылып, аналық бездерде фолликулалар саны азаяды.
Аналық бездердіқ дамуын алғашқы 6—7 жаста бейтараптық, 8 жастан бірінші етеккірі байқалғанша — балаңдық (препубер-таттық) және бірінші етеккірінен жыныстық кемелденуге дейін — балиғаттық (пубертаттық) деп 3 кезеңге бөледі. Балаңдық кезең-де эстрогендер сөлінісі және олардың қалдықтарының несеппен шығарылуы (экскрециясы) көбейеді. Қосымша жыныстық белгі-лер пайда болады. Әдетте, 10 жастан бастап сүт бездері өседі . (телархе), ал 12 жастан (9—14 жастар арасында) жыныс жамыл-ғылары шығады (пубархе). Дене тұлғасьшын, өсуі жеделдейді, әйелге тән кескін пайда болады.
Балиғаттық (пубертаттық) кезең қыз балалардын, бірінші етеккірі келумен сипатталады (менархе). Орталық географиялық ендікте көбінесе бұл 12—13 жаста байқалады. Алғашқы 1—2 жылда етеккір оралымы ановуляциялы (жұмыртқа клеткасы шықпастан, сары дене түзілместен) болуы ықтимал.
Осы кезеңнен бастап аналық бездердід эстроген сөлінісі күн-шейеді. Сөйтіп бозымдық кезеңде (17—18 жаста) қыздардын жыныс гормондарының сөлінісі ересек әйелдерге сәйкес келеді. Жыныстық жетілудің аяқталуы — жыныстық толысу немесе кемелдену организмнің өсуі аяқталған кезеңде (әйелдерде 21—23 жас, еркектерде 23—25 жас) туады. Сондықтан жыныстық (сексу-альдық) мәселелер балалар аміріндегі төтенше маңызды мәселе. Ұлдар мен қыз балалардың, жігіттер мен қыздардын, жыныстық т.әрбиесі жас кезеңдеріне сәйкестеліп, дұрыс, жүйелі және мұқият жүргізілуі тиіс.
Әдебиеттер:
/1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” /496-502 беттер
Дәріс №28
Тақырыбы: Ағзаның экология жағдайларына бейімделуі
Дәріс мазмұны:
Хронобиология
2 Биологиялық ырғақ механизмдері
3 Хрономедицина
Организм сыртқы ортанын, төтенше жағдайларына, ауа райы-на, география жайларына, әлеуметтік талаптарына сәйкес үнемі бейімделіп отырады. Өйткені эволюциялық даму оның ортадағы әр алуан температура өзгерістерінен, оттегі, тағам және су тап-шылыгынан сақтайтын қорраныш әсерленістерін қалыптастырды.
Организм өзі мекен ететін ортаның маусымдық және тәуліктік тербелістеріне тетеп беретін бейімдеуші механизмдерді иемденді. Осы оралымды тербелістерге сәйкес организм мен оның әрекеттік жүйелерінін, мерзімді ұйымдастырылған қасиеттері пайда болды.
Хронобиология
Жанды дүниенің барлырында мерзімдік және ыррақты тербелістер байқалады. Қалыпты жардайда бұл тербелістер әрдайым анық бір мөлшерде нақтылы деңгейдіц айналасында өзгеріп, бел-гілі уақытта оган қайта оралады. Сонымен фи-зиологиялық құбы-коршаған әлемнің ырғагы — Жердің өз өзін және КҮН"Д' айналып втетін уақытьша, тәуліктің жарық пен қараңғы мезгілдерінің алмасуына, жыл маусымдарынын. кезектесуіне байланьгсты.
Оралымды процестер. Биологиялық жүйелерде тіршіліктің бар-лық деңгейінде кездеоетін оральгмды (циклды) құібылыстар бір-тұтас организмнің бірлестірілген әрекеті ретінде байқалады.
Негізгі табиғи құбылыістардың ішінде организмге оқтын-оқтын маңызды ықпал жасайтын тәулжтік ырғак. Маусымдық оралым 'климатқа бейімделу 'әсерленістерін тудырды. Күннің ора-лымдығы жеке организмнің және оларідың топтары мен популя-циясының арнамалы бейімделісіне жағдай жасайды.
Оралымды Піроцестер жанды жүйелер: құрылысының барлық дентейінде 'жүзеге асы.рылады. Мұның қатарына биохимиялық •әсерленістің тербелістері, зат пен энергия алмасуы жатады. Клетка деңгейінде оралымды әрекет оның бөліну немесе бөлініс ырғақтары түрінде болады. Ағза мен жүйелік деңгейде орындау-' шы және меңгеруші ықлалдардың үйлестірілген ырғақтары байқаладьг. Организмдік деңгей гомеостаз бен гомеокинезді мең-терумен сипатталады. Оның маңызды ~бір оралымды процесіне •әрекеттің тәуліктік ыррағы жатады. Оргааизмнен жоғары деңгей ортаньщ ырғақты маусымдық және күндік ' оралымының езге-рістерін және популяция дубылыстарының (иммунитет, індет, •әлеуметтік) тербелістерін қамтиды.
Қазіргі кезде биологиялық тербелістеріді тексер;етін ғылым са-.ласын хронобиология немесе биоритмология деп атайды. Оның мақсаты — физиологиялық әрекеттердің ырғақты өзгеріст^рін, -олардың реттелу ерекшеліктерін, организмнің бейімделу әсерле-яісіне мадызын, ауытқулы процестерге қатынасын зерттеу. Соны-.мен қатар ол тәуліктік, айлық және жьілдық биологиялық ора-лымдарға цәйкес организмнің уытты заттарға, дәрі-дәрмекке се-.зімталдығының өвгеруін анықтайды.
Хронобиологияның бірнеше салаларын жіктейді: хронофизио-.логия, хронофармакология, хрономедицина т. б. Олар биология-^лық ырғақтарға байланысты арнамалы езгерістерді тексереді.
Ырғақтың жіктелуі. Организм мен ортаның өзара қатынасына байланысты екі түрлі тербелісті қозғалысты бөледі. Біріншісі, •сыртқы ортаның оқтың-оқтын болатын өзгерістеріне организмді икемдейтін, тербеліс кезеңдері геофизикальщ оралымдарға жуық, бейімдейтін ырғақтар немесе биоырғақтар. Екіншісг, физиология-лыщ немесе жұмыскер ыррацтар, яғни олар организмнің тіршілік-тік жүйелерінің іс-әрекетін көрсететін тербелістер.
Ырғақты сипаттау үшін бірнеше қатар көрсеткіштерді: деңгей (мезор), кезең (период), шайқалым (амплитуда) және кез (фа-за) қолданады. Децгей деп бір биологиялық оралымның зерттеліп отырған мерзімі ішінде тіркелетін әрекеттің орта шамасын айта-ды. Ырғақтың кезецін тербелістің белгілі уақыттағы толық бір . оралымының үзақтығы арқылы табады. Шайқалымды әрекеттің бір биологиялық оралымы ішінде максимальды және минимальды көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде есептеп шьіғарады. Уакыттың әрбір сәтіндегі тербелуші жүйенің жағдайын кез си-паттайды. Мұнда әрекеттің ең жоғары көтерілу (жотасы) кезі —• акрофаза болып саналады.
2 Биологиялық ырғақтар
5 класқа жіктеледі: 1 — жоғары жиі-лігі бар ырғақтар, тербеліс кезеді 30 минутқа дейін созылады (молекуларлық деңгейдегі тербелістер. электроэнцефалограмма ырғақтары, жүректің жиырылуы, ЭҚГ, тыныс, ішектің қозғалы-сы); 2 — орталық жиіліктегі ырғақтар, ол 30 минут пен 28 сағат- , тың арасы, оның ішінде ультрадиандық — 20 сағатқа дейінгі (қан, несеп құрамының тербелістері, сөлініс әрекеті т. б.) және циркадалық (20—28 сағ.) ырғақтар (ұйқы-сергектік оралымы, температура, қан қысымы, клетканьщ бөліну жиілігі); 3 — мезо-ырғақтар (инфрарадиандық 28 сағат —6 күн); циркасепталдық (7 күнге жуық) ырғақтар организмнің барлық әрекетінің өзгеріс-тері; 4 — макроырғақтар кезеңдері 20 күннен 1 жылға дейін (эндокриндік және зат алмасуы әсерленістері); 5 — мегаы-рғақ-тар, әсіребаяу ырғақтар, кезеңдері ондаған немесе бірнеше онда-ған жылдарға созылады.
Сонымен қатар ырғақтар биологиялық жүйелердің ұйымдас-тырылу деңгейіне сәйкес клеткалық, ағзалық, организмдік, попу-ляциялық болып тағы бәлінеді.1
Қазіргі кезде хронобиология мен хрономедициналық зерттеу-лерде көптеген оралымды процестердін, ішінде ерекше көңіл ауда-ратыны тәуліктік және маусымдық ырғақтар. Бұлар биологиялық. құрылымдар мен жүйелердің бәріне тән. Өйткені олар организмді қоршаған ортаның оралымдық езгерістеріне икемдейді, биология-лық жүйелерді қажетті уақыттық негізде бірлестіреді. Сондық-тан организмнің біртұтас әсерленісінің ырғақты динамикасы бай-қалады (тамақтану, ұйқы-сергектік режимі, жыңыс оралымы, қоз-, калыо белсенділігі және т. б.).
Сыртқы жағдайлардың дәрежесіне байланысты ішкі (эндоген-дік) және сыртқы (экзогендік) ырғақтарды ажыратады. Егер тыныштық пен белсенділік, зат алмасуынын, жеделдеуі немесе баяулауы 'және т. б. әрекеттер сыртқы орта жағдайларының (тем-пературасы, ылғалдығы, жарығы) өзгерістеріне сәйкес болатын болса, оларды сыртқы ырғаққа жатқызады. Ал сыртқы тұрақты жағдайларда тіркелетін ырғақтар ішкі деп есептеледі (жүйке сер-пінісі, тыныс, пульс, қан қысымы, ой жұмыскерлігі, ұйқы т. б.).
Қазіргі кезде хронбиологияның экологиялық салалары кеңінен дамуда. Ол әуелі тіршіліктің төтенше жағдайларына икемделу мен акклиматизацйядан тұрады. Мұны организмнің ішкі ырғақ-тарымен сыртқы ортаның ырғақты лайықтаушы ықпалдарынық өзара әрекеттесу салдары деп есептеуге болады.
Егер ырғақтардың кезеңдері тең болса, оларды лайықталған деп санайды. Қалыпты жардайда көрнекі ыррақ кезеңінің ұзақ-ТЫРЫ 24 сараттан кеп өзгермейді, сө«дықтан тіршіліктің барлық. көрінісінде ол бірдей болады. Ал бұл тіршіліктік әрекеттерде бір-дей болмаса, онда лайықталмаран (десинхроноз) жағдай байқа-лады.
Десинхроноз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкісі орга-низмнің өз ырғақтарының ұйқастылығы бұзылғанда пайда бола-ды. Мәселен, тамақтану режимі ұйкы сергектіктің ырғақтарына сәйкес келмесе, адам тез шаршайды, ашуланшақ келеді, көңіл «үйі тәбеті, ұйқысы бұзылады. Сыртқы десинхроноз биоырғақта-ры қоршаған ортаның кездері алмасуына лайықталмаса туады. Сонымен бірге десинхронозды жіті және созылмалы, айқын және жасырын, біркекі және алажаулы деп те жіктейді.
Лайықталу құбылысы бір организмде рана емес популяция қүрамына кіретін бірнеше организмде де болуы мүмкін. Лайық-талу ішкі және сыртқы түрткілерден туады.
Еркін ағымды ырғақтар. Жануарларда лайықтағыштардың үстемдігі экологияға тығыз байланысты. Әсіресе, жетекші түрткі ,.- -болып жарық мезгілі, судың тасуы мен қайтуы әсер етеді. Ал .адамдарда басты орынды әлеуметтік жағдайлар, мәселен еңбек пен тыныру режимдері алады. Егер лайықтаушы агент ырғағы-иың көрсеткіштері кейбір себептерден өзгеретін болса, онда лайық-талушы құрылымдардың мерзімдік ырғағы қайта қалыптаса-ды. Олар, шамалы кешігіп барып, жаңа жиілікке немесе кезге ауысады. Мұны ұзақща созу мерзімі деп'атайды. Ал енді лайық-таушы әсер басқа лайықтаушыға алмаспаған күнде әрбір орга-:низмде жеке, еркін ағьшды ырғақ пайда болады. Бұл ырғақ ор-. ганизмді оқшаулағанда туатын экстремальдық жағдайларға жа-уап ретінде шығады. Мұндай байқаулар адамдар ұзақ уақыт үң-гірлерде немесе арнайы зерттейтін камераларда болғанда -да анықталды. Оны зерттеу үшін уйқы-сергектік оралымы пайдала-яылады. Жеке адамдарда еркін арьшды ырғақ әркелкі болады. ал одан кемі ете сирек кездеседі. Осы соңғы дара нұсқалары ға-рышкерлер дайындағанда ете қолайлы. Өйткені ғарышқа ұшқан-да, ондағы жұмыскерлік тәулік астрономиялық тәуліктен бірша-ма қысқа келеді. Ішкі ырғағы қысқа ғарышкерлер космоста тез бейімделеді. Сол сияқты табиғи циркадалық кезеңдері үзақ кісі-л'ер батыс барытта үшып барғанда, ұйқы-сергектік ырғағының өз-герістеріне тез бейімделеді. Ал циркадалық кезеңдері қысқарған адамдар ШЫРЫС барытта ұшқанда жылдам икемделеді.
Тәуліктік ырғақтар. Адамның дене температурасы, кан қысы-мы және гормондар мөлшері көтерілгенде, жұмыскерлік қабілеті жорарылайды. Алайда олардың әрбір адамның өзіне тән мезгілі байқалады. Осыран орай адамдарды таңертеңгілік («бозторрай-лар», күндізгілік («кептерлер») және кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі-. «Бозторрайлар» әдетте ерте оянады, белсенді 'іс-әрекетке тез қосылады. Олардьщ ауқымды жұмыскерлік қабі-леті түск_е дейін байқалаДы, тәуліктік ыррақтарының әсіресе де-не температурасының акрофазасы алрашқы сараттарра ауысады. Ал «жапалақтар», керісінше, кеш жатып, кеш оянады, іске баяу қосылады, жұмыскерлігі кешке қарай, көбінесе түнде көтеріледі. Олардың температуралық ыррарының ең жогарры шамасы кешкі сараттарға ыгысады. Бүндай «кешкілік» типті адамдар тек түнгі сменара икемді келмейді, олар екі және үш сменалық еңбекке де •тез үйренеді. «Кептерлер» аралық типке жатады, оларда «бозтор-райлар» мен «жапалақтардьщ» қасиеттері болады. Олар ерте тұрғ.анды ұнатпайды, ОРЗН қоса кеш жатқанды да жаратпайды. ' «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттігінінің екі шыңы: 10—12 және 15—18 сагаттарда байқалады. Мұндай типті адамдар 7—8 сарат ұйыктаранды, қалыпты күн режимін сақтаранды үнатады. Осы типтерге байланысты әрекеттік жүйелерінің басқа да жеке тәу-ліктік ыррақтары болады. Мәселен, жүрек-тамыр жүйесі тұрақтк тәуліктік ыррақпен жүмыс істейді. Жүректің жиырылу жиілігі ересек^рде сағат 16 мезгілінде еЕ жоғары шамасына жетеді, ал 4—бДағат кезінде төмендейді, орташа тәуліктік тербеліс айырма-шььҮыры минутына 18—19 рет. Ал 15—17 жастары жасөспірім-дерде екі түрлі тәуліктік ыррақ байқалады. Бірінші түрінде пульс күндіз және кешке біртіндеп жиіленіп, 16-дан 20 саратқа дейің жорарылайды, сарат 4—8 аралырында баяулайды. Екінші түрінде ыррақтың екі шыңы кездеседі, сарат 12-де және 20-да, оның аз жиілігі 4—8 және 16 саратта байқалады.
Қан қысымының жорары көрсеткіші 14-тен 20 сағатқа дейін, ал ең аз мөлшері 2-ден 12 саратқа дейін болады. Мүнда қан қы-сымының 12 сараттық ыррағы кездеседі. Систолалық кысым өте жоғары шамасына 10 және 22 саратта, ең төменгі шамасына 4 және 16 саратта жетеді. Ал диастолалық қысымньщ өте жоғары шамасы 9 және 21 сағатта байқалады.
Басқа физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерден тыныс жиілігі, ЭЭГ белсенділігі, нейтрофилдердің саны, адреналин мен-норадреналин, калий, кальций, магний иондарының несептегі мөлшерінің акрофазасы сарат 9-бен 12-нің арасында болады.
Альбумин мен глобулиннің мөлшері, эритроішттің түну жыл-дамдыры, дене температурасы, зерде, адамның психикалық күйі ең жорары деңгейіне сарат 12—15-те жетеді.
Қандары кальций, натрий, калийдіқ мөлшері, дене салмағы-нын акрофазасы тәуліктін, 15—18 сағат аралырында байқалады. Сағат 18—21-де несептегі азот пен хлоридтердің ең жорары мөл-ше.рі анықталады.
'Іүннііі бірінші жар-тысында (21—24 сағ.) эозинофилдер мен лимфоциттер саны, кейбір гормондар (соматотропин, тиреотро-пин) мөлшері, ал екінші жартысында (0—3 сағ.) моноциттер са-ны АКТГ, плазмадары натрий, кальций жорары деңгейге көтері-леді. Сағат 3 пен 6 арасында несептіқ көлемі, қан трансаминаза-сы, 6 І*ен 9 сарат арасында гематокрит, рСО2, кортикостероидтың ыдырау өнімдері, ЭЭГ-ньщ тета-ыррағы акрофазада болады.
Тәуліктік ыррары болатын физиологиялық әрекеттердіц ішін-де кеңіл аударатыны адамдардын. туылатын мезгілі, оның максимумы 0—11 сарат арасында, минимумы 12—23 саратта байқалады. Сонымен бірге босану іс-әрекетінің белсенділігі түнгі 23—6 сағатқа, әлсіреуі күндізгі 11—18 сағатқа сәйкес келеді. Адамның тәуліктік ырғақтары туғаннан кейін бірден қалып-таспайды. Жаңа туғандардьщ пульс жиілігі 6 аптадан кейін ере-сектердің көрсеткішіне жақындайды. Дене температурасы 3 ап-таға дейін түрақты болады, ал 4—9 аптадан кейін • сағат 6—11-де көтеріледі де, 22 сағатта төмендейді. Тек, балалар 10—14 жасқа келгенде түнгі минимумы сағат 5-те байқалады. Сол сияқты бас-қа да физиологиялык, әрекеттер әрқайсысы туғаннан кейін белгілі мерзімде бір-бірінен тәуелсіз өзіндік ырғақтарға ие болады.
Үзақ мерзімді ырғақтар. Қейінгі жылдары организмдегі кейбір-кұбылыстардың бірнеше күндік ырғағы болатындығы анықталды. Олар биологиялық ерекшеліктерден және әлеуметтік сәттерден пайда болады.
Көп күндік ырғақтардың ішінде айқын заңдылығы бар айға-жуьщ ырғақтар. Айдың Жер мен Күнді айналуы кезінде грайита^~~-циялық өзгерістер туады. Олар теңізде, құрылықта, атмосферада көптеген судың тасу-қайту кұбылыстарын шығарады. Айғажуық мерзімдікті күн сәулесінің қарқыны мен дәрежесі, жоғары сәуле-лену өзгерістері, ауадағы азонның мөлшері, метеориттер түсуі, жауын-шашын болуы көрсетеді. Жер магнитизмінің бүзылуы мен ауыр магнит толқынын айдың фазаларына сәйкес байқауға бола-ды. Айғажуық биологиялық ырғақтар кезеңі 30 немесе 15 кун. Кейбір адамдар бүл құбылыстарға ете сезімтал келеді, сондықтан олардың организмінде күрделі өзгерістер болып, денсаулығы бұ-з.ылады. .
Айдың Жер бетіндегі тірі организмдерге ықпалын ғылымның жаңа саласы селенобиология зерттейді. Соңғы жылдары адамның қимыл, сезім және парасаттық ырғактарын анықтау кеңінен та-рады. Олардың тербеліс кезеңі 23, 28 және 33 күнге тең. Барлық оралымның жағымды және жағымсыз екі кезеңі болады( әрқай-сысының үзақтығы 11,5—14 және 16,5 күн). Әрбір кезеңнің бас-талатын күні «аумалы» немесе «нольдік». нүктесі деп есептеледі. Ыррақтар сызығының «нольдік» нүктеден өтетін сәттерінде жү-мыста қате жіберу, түрақсыздық, қатерлі жағдайлар, касірет шегу жиі кездеседі. Организмнің бұл ырғактарын алғашқыда жүргізетін туған кезең деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |