Т. А. Ботагариев 200 ж


Су және минералды заттардың алмасуы



жүктеу 1,9 Mb.
бет9/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

5 Су және минералды заттардың алмасуы

Минералды заттар алмасуы су алмасуымен тікелей байланыс-тьі. Қөпшілік минералдар организмде судағы ерітінді түрінде кез-Деседі.^Қабылданған су мен электролиттер организмнен езгермей сол күйінде шығады. Олардың энергиялық маңызы жоқ.

ьі/ мен минералды заттар алмасуы деп олардың организмде қаоылданып, сіңіп, ішкі ортаға, тканьдерге, клеткаларға тарап, «.аитадан сыртқа шығуын айтады.

Су алмасу. Ересек адамның дене салмағыньщ 60—70% су. Рганизм нерұрлым жас болса, соғұрлым онда су квбірек бола-ы. Эмбрион салмағының 90%, жаңа туған нәрестенің 75%, кәрі н^ам.НЬІҢ ^^% су болады. Салмағы 75 кг ересек адамның орга-



шнде 53 литрдей су бар. Түрлі тканьдердегі судың мөлшері әртүрлі: ет, көкбауыр, өт, теріде 70—75%, бүйректе 80%, мидың сұр затында 86%, сүйек құрамында 22%, тіс эмалінде 0,2%.

Организмдегі жалпы су мелшері кеп болғанымен оның азаю-ына (гипогидратация) және көбеюіне (гипергидратация) адам денесі өте сезімтал келеді, Небәрі 1% қана судьщ мвлшері кө-бейіп, не азайса, организмде қорғанысқа дайындық езгерістер пайда болады.

Денедегі барлық сұйықтықты 2 түрге бөледі: 1. Клетка ішін-дегі сұйықтық организм салмағыньщ 70% (30—40 л шамасын-да), яғни судың көбі клетка протоплазмасынын, қүрамында бола-ды.

2. Қлеткадан тыс тамыр ішіндегі сүйықтық (қан, лимфа) клет-кааралық сұйықтық қү(рамына кіреді. Денедегі судың 20% (15—17 л) клеткадан тыс сұйықтыққа жатады. Оньщ 13—15% интерстициклық сұйықтык, пен лимфа, ал 4—5% қан плазмасы-на кіреді.

Жүлынның, көз ішіндегі, плеврааралық және қүрсақ қуысын-дағы, буын мен жүрек қабының ішіндегі сұйықтықтар- бүларі^а кірмейді.

Клеткадан тыс сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрады. Денедегі су химиялық таза күйінде кездеспейді, көбінесе қоллоид-тар мен кристалл ёрітінділеріңің құрамында болады.- Организм-дегі судың қандай жағдайда болуына, калпына байланысты оны 3 түрге бөледі:

І а) бос мобилді су — бейорганикалық және органикалық қосы-лыстарды ерітуші клетка ішіндегі және клеткадан тыс сүйық-тықтар;

ә) байланысқан су — гидратациялық коллоидтардың құра-мында болып олардың ісінуіне қатысады;

б) молекулалар ішіидегі — конституциялық су, белок, май кө-' мірсулардың құрамына кіреді де, олар тотыққанда босап шыға-ды. ШО г крахмал тотыққанда 55 мл, белокта 41 мл, майда — 107 мл оксидациялық су пайда болады.

Организмдегі судың маңызы. Адам өміріне су өте қажет. Адам толық ашығып және су ішпесе, 8—10 күң, иттер 10—14 күн өмір сүре алады. Егер жануар тамақ ішіп, су ішпесе 3—4 күнде өліп қалады. Денедегі су көптеген қызмет атқарады:

1. Су клетка протоплазмасының және клеткааралық қүрылым-дардьщ қүрамына кіреді;

2. Су әмбебап еріткіш;

3. Барлық ас қорыту ферменттері гидрозалар тобына жатады, сондықтан барлық қоректік заттар судың қатысуымен қорытыла-ды;

4. Су қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, түрлі зат-тарды, газдарды, зат алмасуының қалдықтарын тазалауға қаты-сады;

5 Денедегі жылуды рёттеуге қатысады.

Адамның тәуліктік су қажеттілігі 2—2,5 л, оның 2—2,2 л су) организмдегі қоректік заттардың тотығуынан пайда болады.

Кейбір жануарлар сырттан су іше алмаған жағдайда эндоген-ді суды пайдаланылады. Айталық, түйе сусыз 55 тәулік өмір сүре алады, с^ебебі өркеш майының тотығуыңан пайда болған эндоген-ді су организмді сумен қамтамасыз етеді.

Организмдегі судың несеп арқылы 1,2 — 1,4 л, термен 0,5 — 0,8 л, үлкен дәретпен 0,1 — 0,2 л сыртқа шығады.

Организмнен шығатын су мен ішетін судьщ мөлшері тең, яғни су балансы болады. Егер ішетін су сыртқа шығатын судан аз бол-са гипергидратация, кем болса гипогидратация байқалады.

Минерал алмасу. Академик В. И. Вернадскийдің биогеохимия-лық ғылыми мектебінің зерттеуі бойынша адам денесінде Менде-леев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Организм күра-мындағы бүл элменттерді биогендік^элементтер деп атайды, себе-бі олар дененің барлық клетка құрамьша кіреді және жануарлар мен өсімдік организмдерінің қүрылым тірлігін сақтауға қажетті заттар.

К, На, Р, Са, С1, М§ секілді химиялық элементтер денеде бір-сыпыра көбірек шамаща кездесөді де, басқал.ары' Р, Си, Мп, Со, Мо, 2п т. б. жануарлар организмінде өте аз мөлшерде- болады. Оларды микроэлементтер деп атайды. Олардың организм үшін. маңызы өте зор.

Барлық тұздардьщ организмдегі маңызы өте күшті.

1) олар қан мен тканьдегі осмостық қысымды реттейді;

2) қаннын, сілтілі-қышқылды реакциясының тепе-теқдігін жә-канның белсенді реакциясын бірқалыпты сақтауға қатысады;

3) минералды заттар катализаторлық қызмет (химиялық реак-Іияларды тездетеді) атқарады. Ферменттер мен го^рмондаппын әсеріне қолайлы орта жағдайларын қамтамасыз етеді және 'түз-дардың өзі сол ферменттер мен гормондардың қүрамына кіреді;

4) тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде қаңқаның, организмдегі барлық клетка құрылымының қүрамына кіреді, бір-

белок, май, көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың (энергиялық маңызы жок.

Организмге түздар үнемі тамақ құрамымен қабылданады, ал Інесеп, тер және ішек арқылы сыртқа шығарылады. Минералды рұздардың маңызы арнайы бақылаулар арқылы дәлелденген.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 275-286 беттер



Дәріс №14

Тақырыбы: Денедегі энергиялық өзгерістер

Дәріс мазмұны

1 Негізгі зат алмасу

2 Жұмсалған энергия мөлшерінің жұмыс түріне қарай өзгеруі

3 Тамақтану

4 Бауыр – көп функциялы ағза


1 Негізгі зат алмасу

Жұмсалған энергия мелшері айналадағы температураға, істел-ген жұмыстың, ішілген астың түріне, оның мелшері мен құрамы-на, денедегі зат алмасу қарқынына т. б. жағдайларға байланысты.

Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда елшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жүмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негіз-гі алмасу деп аталады (49-сурет).

Негізгі алмасу деңгейін анықтау үшін біріншіден, айналадағы ауаның температурасы 18—20° болуы шарт. Сыртқы ауа темпе-ратурасы төмен болса, оны жылыту үшін жылу көбірек жұмсала-ды, екіншіден, негізгі алмасу аш қарында, яғни соңғы рет ас Ішкеннен кейін 14 сағат өткен соң зерттеледі. Өйткені, ас ішкен кезде ас қорыту ағзаларының қызметін қамтамасыз ету үшін адамға қосымша энергия жұмсауға тәулігіне 500 ккал-дай керек, үшіншіден, негізгі алмасу дене еттерінің тыныштық кезінде анық-талады, адам бір сағаттай қимылдамай жатуы қажет. Қимылда-ған кезде дене еттері жиырылады да, энергия жұмсалады.

Негізгі алмасу дедгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жьшысына байланысты. Жұмсалған энергия мелшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсала-тын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы (170 см) 25—40 жаста-ғы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия1 бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Бала энергияны ересек адамнан әлдеқайда кеп жұмсайды. 20—40 жас аралығында негізгі алма-су деңгейі көп өзгермейді, .бірақ жас ұлғайған сайын біртіндеп төмендей түседі. 80 'жастағьр қартта негізгі алмасу бұдан да те-мен. Эндокриндік ауруларға, әсіресе гипертиреозға шалдыққав адамда зат алмасу қарқыны өте жоғары, осыған орай адам жү-деу келеді, энергия да кеп ысырап болады.

Ер адамға қарағанда әйелде заттар алмасу қарқыны 10% тө-мен. Негізгі алмасу адамньщ көңіл-кұйіне (эмоцияға) қарай да өзгеріп отырады. Қөңіл-күйі өзгерген адамда симпатикалық жүй-ке_ жүйесінің тонусы жоғарылайды, зат алмасу қарқыны күшей-еді. Жұмсалған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әр шаршы_ метріне шақса, барлйқ жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады. Бұл завдылық дене аумағыньщ зацы деп атала-ды: Адамныд дене аумағын (К) табу үшіін көптгел формулалар қолданылады: мәселен, 1) К = К- дене массасы %; К — констан-та = 12,3 (адамда).

Астың өзіндік динамикалық әсері. Тамақтанган сәтте алмасу қаркыны күшейіп, энергия әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсала-ды. Мұны астың өзіндік динамикалық әсері деп атайды. Ол ас құ-рамына байланысты, тамақта белок басым болса, энергия әдетте-гіден 30%, ал тамақта көмірсу басым болса тек 15% көбірек жұм-салады.

2 Жұмсалған энергия мөлшерінің жұмыс түріне қарай өзгеруі

- Дененің қимыл-әрекетіне, оның ауыр-жеңілдігіне карай энер-гия бірде көп, бірде аз жұмсалады. Ой еңбегімен айналысқан адамдарда энергия шығыны негізгі алмасу мелшерінен 2—3%-тей ғана басым.

М. А. Шатерников лекция оқыған кезде жұмсалған энергия мөлшерін калориметрлік камерада өлшеген. Лекция камерадан радио арқылы берілгендіктен, лектор оны еш-бір эмоциясыз және артық қимылсыз оқығанның өзінде 1 сағат ішінде 1,6 ккал энер-гия жұмсаған (салмағының әр^бір килограмына шаққанда). Эмо-ция- әсерінен энергия негізгі алмасудан 10—19% жоғары болуы мүмкін. Адам денесіне түсетін ауыртпалықты біртіндеп күшейтсе, энергия шығыны да ауыртпалық салмағына қарай әр дәрежеде көбейіп отырады, мәселен, зат алмасу барысында адам жоғары-да көрсетілгендей, сағатына орта есеппен 1 кг салмаққа 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсалса, жай отырғанда ол 1,5 ккал (6,3 кДж), жеңіл жұмыс істелген кезде (кеңсе қызметкерлері, тігін-шілер, мұғалімдер) '.1,8—2,5 ккал (7,5—10,5 кДж) энергия жұм-сайды. Жай жүріп қызмет атқарғандар (лаборанттар, дәрігер-лер, кітап түптеушілер) 2,8—3,2 ккал (11,8—13,4 кДж), ал жұмыста жеңіл-желлі қимыл жасайтындар (металлистер, сылаушы-лар, ағаш үсталары) 3,2—4,0 ккал (13,4—16,8 кДж) және ауыр Қара жұмыс істейтіндер 5,075 ккал (21,0—31,5 кДж) энергия ""іүмсайды.

Ересек адамда жұмсалған энергия кәсіп ерекшелігіне қарай .

Энергия шығыны екі түрлі калоиметриялық әдіспен анықтала Олардьщ біреуі — денеден шыққан жылу энергиясын тікелей ^алориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), екіншісі — газдар ялмасуы арқылы өлшеу (жанама калориметрия).

. Энергия шығынын жанама калориметрия әдісімен, яғни бел-гілі бір мерзімді денеге сіңген оттегінің мөлшерін не денедегі шыққан кемірқышқыл газ мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады. Әрбір қоректік зат тотыққан кезде оттегі әртурлі мел-шерде жұмсалады, сондай-ақ денеге сіңген оттегінің әр литріне шығатын калория жеке қоректік заттарда бірдей емес. Бір литр Іттегі жұмсалған сәтте шығатын энергия мөлшері оттегінщ кало-риялық эквиваленті деп аталады. Бұл эквивалент қоректік заттың түріне, оның тыныс коэффициентіне байланысты.

Жанама калориметрия жасауда екГ түрлі, әдіс, яғни океиспи-рография және Дуглас Холден әдістері қолданылады.

3 Тамақтану

Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.

Тамақтану жәйлі ғылымды нутрициология дейді.

Қазіргі заманда тамақтануды түсіну өте қиын. Үйткені тағам-ның түсуі, қорытылуы, сіңуі организмнің, оны өз қажетіне жара-туы өте күрделі процесс. Тағам организмнің жұмсаған энергия-сың толықтыру, өлген клетка мен тканьдерін қайта қалпына кел-тіру және барлық дене кұрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді.

Организмге қажетті энергия және қүрылыс (пластикалық) ма-териалдар тағам қүрамымен күнделікті ү.здіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану процесі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамақтану процестерімен қатар орга-292

низмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе 0ар — оны фунщиональдық тамақтану жүйесі деп атайды.

Бұл функциональдық тамақтану жүйесініқ бір қатар кезенде-рі алдыңғы тарауларда толық., әрі түсінікті түрде қаралған (ас корыту, зат және энергия алмасу, вегетатив және орталық жүйке жүйесі).

Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок май, көмірсу, ми-нерал заттары және витаминдері бар тағам қажет. Қазіргі уа-кытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған, соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәу-ліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшерше сәйкестен-діріп қабылдауға болады.

Тамақтанудың қазіргі ғылыми •Лориялық негізі ретінде МҒА академигі А. А. Покровскийдің айтып ұсынған, теңдік концепци-ясын жатқызуға болады. Ал бұл теорияны кеңейтіп, нақтылы әртүрлі жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану керек екенін МҒА академигі Т. М. Шарманов зерттеп ұсынған.

Осы қонңепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, көмірсу май, витамин, минерал заттары, су болуы кажет. Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына аударылады. Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер .жүйесі-мен жасалмайды (синтезделмейді), сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт.

Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан валин, лейцин т. б., май қышқылдарынан қанык-паған май қышқылдары және витаминдер, жатады.

Алмастыруға болмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейро-' медиаторлар синтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адрена-пин, ацетилхоли» т. б.)- Көп қаінықтыірылмаран май қышылда-ры (олеин, орехиндон т. б.) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т. б. био-|іогиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал. ,

Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі ал-гласу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығы-ны арқылы анықталады. Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғұрлым тамақта қоректік заттар мелшері көп болуы қажет.

Организмге құрамында саны жағынан энергия мөлшері тым яемесе аз тамақ заттары зиян келтіреді. Құрамында артық кало-РИЯ мөлшері бар тамақ (дене қимылы темен болса), семіздікке экеледі, соньщ нәтижесінде әртүрлі мүшелердің, жүйелердің жұ-"*ыс қабілеті темендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюға әкеліп эғады.

Тәуліктік тамақтанудьщ жоғарғы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөл-шері т, б. көрсеткіштер есепке алынған. Ересек адамдарда, са-лыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80—ІӨО г, орташа ауыр кызмет атқарғанда 1 ІОг-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда — 130—160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бо-лады. дене салмағының 1 кг есептегенде ересек адамдардан гөрі белок әлдөқайда көп пайда,ла<нылады, өйткені бала организмін-де даму, өсу процесі, белок биосиңтезі өте жоғары. Тамақ рацио-нында тәулігіне 70—80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса — 100 г дейін май, және оның құрамында 50—60% жануар майы болғаны жөн.

Тәуліктік көмірсу мелшері адам тамағында 400—450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара каты-насы 1:1:4 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пай-даланылу ушін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болға-ны дұрыс. Өсімдіктік зат көбіне шикі күйінде пайдаланып орга-низмді қажетті витамин, ферменттермен қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында витаминдердің жетіспеуінен организмнің әртүрлі жұқ-палы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз).

Әртүрлі витаминдерге берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында тольіқ жан-жақты берілген. Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілеу, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жагдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3—4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған.

Қөпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың кебін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жалпы барлық жылу ка-лориясының үштен бір белігін қабылдау керек екенін айтады.

Тамақ жақсы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы, түрі әртүрлі, әрі дәмді дайындалып, тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, адам тәбетін ашатындай үйымдастырылған болуы қажет. Әсіре-се мұндай жағдай, балалар тамақтануында ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы Академиясының региональдыц зерт-т^у институты қызметкерлері, ғылыми зерттеліп, негізге алынған балалар және емдік маңызы бар тамақ түрлерін ұсынып отыр, әсіресе сүттен ашытып жасалатын жаңа туған балалар тамақ-. тарының («Балбебек,» «Балдырған», «Жігер» т. б.) құрамы жә-не ондағы биологиялық белсенді қорғаныс факторлары, ана сүті құрамына өте жақьш.

4 Бауыр — көп функциялы ағза

Бауыр — алам (жануар) денесіндегі ең үлкен без: оның сал-мағы ересек адамда шамамен 1,4—1,5 кг, яғни адам салмағының 2%-тіне тен. Жаңа туған нәрестенің бауыры 135 г (яғни жалпы салмағының 4,5—5%-і), жынысы жетілерде 1350 г '(салмағының 3%-і).

Бауыр—• құры-лыеы күрделі, 'қызғылт-қоңьвр түсті тканьді ағ-за. Оның нобайы құрсақ қуысының оң жағында, қабырғалардың ішкі бетіне сүңги орналасқан, біраз бөлігГ юл жақта,.

Бауыр арнайы сіңірлер арқылы үлпершекке, глиссон капсула-сы арқылы көкетке (диафрагмаға) бекіген, 500 мындай бауыр бөлшектерінеі* (сі — 0,5—2 мкм), ал әрбір бөлшек жүз мыддаған аса күрделі клеткалар— гепатоциттерден (д—14—20 мкм) тұра-ды. Гепатоцит мембранасының өте ұсақ түктері болады. Олар вена және артерия қанына толы синусоидтармен жанасатын бет ауда-нын ұлғайтады. Бауырды канмен екі түрлі қан тамыры: а-) отте-гіне бай бауыр артериясы (барлық қанның 20—30%-і) және б) қоректі заттарға бай кақйа венасы (бауырға келетін вена-лық қанның 70—80%-і) арқылы қамтамасыз етіледі. Вена қаны карыннан, ішектен, ұйқы безінен, талақтан жиналады. Бауыр арқылы минутына 1500—1800 мл қан өтеді. Одан өтетін қанның жалпы көлемі жүректің минуттық көлемінің 30—50%-ін, яғни 1/3, кейде тіпті 1/2-ін алады. Бауырдан шыққан қан төменгі куыс артериясына, оған қосылатын бірнеше бауыр венасына келіп құйылады. .

Бауыр қанын тасымалдайтын тамыр жүйесі, осы ағзадағы вена қабырғаларыңдағы сақина тәрізді ет талшықтарының құ-рылысы бауырдағы қанның белгілі бір шапшавдықпен жылжуы-ның нәзіктікпен реттелетінін керсетеді. Мұнда қан ағысы басқа ағзалардағыдан баяулау.

Бауырдағы барлық клеткалардың 60%-гепатоциттерден, 30%-і жұлдыз тәрізді Купфер клеткаларынан тұрады. Соңғылары ре-тикулэндотелий жүйесіне жататын қақпа венасы - эндотелиінің маңыңда орналасқан. Бұл клеткалардьщ фагоцитоздық қасиеті бар: олар бактерияларға, эритроцит сынықтарына т. б. тосқауыл болады.

Гепатоциттер аралығындағы саңылаулар өттің алғашқы жол-дарын — өт капиллярларын (өзекшесін) түзеді. Бұл өзекшелер біртіндеп жуандап өзектерге, ет діңдеріне барып .қосылады.

Бауь/р құрыльшының ерекшеліктерін атай отырып, бұл ағза-ның қақпа жүйесі мен жалпы қан айналу жүйесі арасындағы станция екенін айтқан жөн. Ол қарында ас қорыту, оны ішекте сіңіру процестерінде алғашқы реттеуші, организмде гомеостазды қамтамасыз ететін негізгі ағзалардың бірі. Сонымен бауыр — • Кұрылысы мен' құрылымы жағынан өте күрделі, биохимиялық процестер іске асырылатын кеп функциялы без: ол ас қорыту, зат алмасу, қан айналысы әрекеттеріне, қорғаныс, жылу реттеу (терморегуляция), арылу (экскреция), уыт қайтару (дезинтокси-кация) реакцияларына қатысады және өт шығару деполық (зат Қоймасы) т. б. кызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке баян-" Дар алдында негізгі бауырды зерттеу әдістерімен таныса кетейік. Олар эксперименттік және клиникалық әдістер болып 2 топқа белінеді.

Эксперименттік эдістер: 1. Гепатоэктомия — бауырды түгел-дей не жартылай алып тастау (экстирпация). Адам уланудан, гипогликемиялық комадан өледі. Алғашқы 3—8 сағат ішінде тә-жірибеге алынған жануардың денсаулығы жақсарғандай болады, бірақ біраздан кейін гипогликемия басталады: тамырына глюко-за құйылмаса жануар тез арада өледі, ал тірі қалса, 20—40 са-ғаттан кейін кома, одан әрі 1—2 сағат өтісімен тахикардияға ұла-сады да әлсін-әлсін Чайн—Сток тынысы пайда болады, тіпті ты-ныс орталығы параличке ұшырап жануар өліп қалады. Гепато-эктомиядан соң қан мен несепте аммиак, несеп қышқылы, били-рубин көбейіп, қан құрамында альбумин, глобулин, фибриноген, протромбин т. б. белоктар азаяды.

Бауырды жартылай алып тастаса регенерация (қалпына ке-луі) басталады. 75%-ін алып тастағанда бауыр өз қызметтерін атқара береді. 7—8 аптада сау қалған тканьдер гиперплазияға ұшырап, бауыр толық қалпына келеді. Дегенмен алғашқы күнде-рі бауырда гликоген мөлшері азаяды, глюкозаны пайдалану дә-режесі төмендейді, кейбір ферметтердің күші азайып, нуклеин кышқылдары белок түзілуі үдейді.

2. Жеке алынған бауырды перфузиялау. Бұл әдіспен бауыр қан тамырларындағы сұйықтықтың құрамы зерттеледі.

3. Қақпа венасы мен төменгі қуыс артериясын анастомоз ар-қылы жалғастыру," яғни Экк Н. В. (1877) және Экк — Павлов (1892) фистуласьш орнату. Экк фистуласын орнатқан күннен са-нағанда жануар 7—9 күн өтісімен өледі. Ал Экк—Павлов фисту-ласың орнатқаннан к^йін 4—6 аптадан соң, яғни v. рогіа — және v. сауа іпіегіог аралығында анамостоз пайда болғаннан кейін бауырды алып тастайды. Бұндай жануар екі тәулік өткеннен кей-ін өліп қалады.

4. Ангиостомия (Б. С. Лондон) әдісі. Қақпа венасына бір жак шетін терінің сыртына шығарып түтікше салынады. Осы тамыр-лардан және артериядан пункция арқылы қан алып екеуін салыс-тырып талдау (анализ) жасайды.

5. Өт қабына, өт жолына фистула салу. Тәжірибе ұзақ уақыт бақылауға арналған.

6. Биохимиялық әдістер тобы.

7. ГистологияльІіҚ және гистохимиялық әдістер.

8. Радиологиялық әдістер. Денеге радиоактивті элемент енгі-зіп, оның көмегімен б.ауырдағы өзгерістерді зерттеу.

Клиникалық эдістер. Бауыр мен өт .жолының жағдайын анық-тауға мүмкіндж береді. Олар:

1. Субъективті әдістер (қарап шығу, пальпация (сипалау), перкуссия).

2. Объективті әдістер: а) контраст зат жіберу арқылы рентген сәулесімен зерттеу; б) ультрадыбыспен зерттеу (УЗИ); в) изотоп (белгіленген атомы бар) жіберу арқылы радиологиялық зерттеу; г) гепатореография; д) компьютерлік топография; ж) канды, зондпен алынған ішек сұйығын биохимиялық әдістермен зерттеу; з) клиренс—әдіспен арнайы заттар жіберіп осы заттардан тазару

коэффициентін анықтау; и) иммунологиялық әдістермен зерттеу; к) пункциялық биопсия, биоптатты гистологиялық жолмен зерт-

теу.

Бауырдың қызметі. Өткен ғасырда Л. Людвиг бауырды «орга-низмнің орталық лабораториясы» деп атады. Өйткені:



1. Бауыр ет шығарып (тәулігіне 1 л), ас қорыту процесіне қа-тысады (өт өндіру қызметі). Бауырды зерттегенде ең алдымен оның осы қызметіне көңіл аударған жөн: сары ауру бауыр қыз-меті бұзылуының негізгі белгісі. Шванн (1844) тәжірибесінде жа-нуар денесіндегі барлық өтті сыртқа шығарып жібергенде ол

өліп қалған.

Өттің адам дёнесіне тигізетін әсері (астың әсіресе майдың дұ-рыс қорытылуы, ыдырауы, ішек-қарын жиырылуы, астын. қарын-нан ішекке ауысуы т. б.) туралы осы тараудың тиісті бөлімдерін-

де айтылған.

2. Бауырда гисто-гемалық және гемато-лимфалык, тосқауылдар өткізгіштігі күшті дамыған, сондықтан да бауыр лимфа түзілуі процесіне қатысады. Негізгі лимфа коллекторы — кекірек өзегі лимфасының көбі бауырда түзіледі. Онда белок көп болады.

3. Бауьір зат алмасуына қатысады: гликоген түзіледі, инсулин әсерінен глюкоза гликогенге (гликогенез) айналады. Мүнда гли-коген басқа заттардан да (белок, май) түзіледі (глюконеогенез). Бауыр гликоген депосы, бұл энергия қажеттігіне байланысты. Гликогендік процесс нәтижесінде канда глюкоза кебейеді де оны басқа тканьдер пайдаланады.

4. Бауыр белок алмасуына (негізгі және соқғы) катысады: а) ішектен қақпа венасына өткен улы заттар бауырда бейтарап-танады (уытсызданады); ә) амин қышқылдары дезаминденіп, одан босаған аммиактан мочевина түзіледі, яғни бауыр мочевина өндіру қызметін атқарады (аммиак мочевинадан әлдеқайда уыт-ты); б) бауырда осы ағзаның өзіне ғана тән белоктар, қан белок-тары (альбумин, глобулин фибриноген) түзіледі, бұлардың біра-зы бауырда қор ретінде сақталады; в) гуанидинсірке қышқылы метилденіп ,креатин түзіледі.

5. Бауырда кан ұюына катысатын көптеген белоктар мен олардың компонеттері — протромбин, фиброноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай-ақ гепарин, антитромбин, антиплазмин т. б. қан ұюына қарсы тұратын жүйе--лердің компоненттері түзіледі.

6. Бауыр май алмасуына қатысады: оның тотығуы нәтижесін-Де кетондық заттар (ацетон, ацетосірке қышқылы р -г- о-ксимай қьшқылы) пайда болады; мұнда сондай-ақ .триглицерид (әдетте бейтарап май кышқылдарынан), фосфолипид, липопротеидтер түзіледі.

1. Бауыр холестерин (түзілуі, ыдырауы, сыртқа шығуы), сон-Дай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.

8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады: кейбір ғалымдар-ДЫң бауыр — су мен минерал заттарыньщ қоймасы деуі осыған °аиланысты.


9. Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мәні бар: мұнда А витамині түзіледі; майда еритін басқа витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы да осында өтеді. Кейбір витаминдер бауырда қор болып жиналады да мұндағы химиялық реакцияларға қатысады (мыс., В тобындағы витаминдер, С, РР т. б.). Екінші бір вита-миндер (Вь В2, В6) осында фосфорланады.

10. Бауыр — қан жүйесінің маңызды бөлігі (Г. Ф. Ланге). Ол қан түзілуіне қатысады (баланың құрсақта дамуы кезеңінде), қан айналысына, қан клеткаларының ыдырауына (Купфер клеткала- •-ры, әсіресе эритроцит пен тромбоцит гемолизі, фагоцитоз), қан-ның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады.

11. Бауыр қан коймасы ретінде қан айналсындағы барлық қанның 20—30%-ін тамырға айдап шығарып отырады. Оның бұл қызметі әсіресе қансырағанда және басқа жағымсыз жағдайда байқалады. Бауыр жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне (қан тамырының тонусы, серпінісі, жүректің жиырылу жиілігі т. б.) үлкен әсер етеді.

12. Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, инмундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі (иммунопоэз бен иммунды реак-цияларды реттейді). Бауырда қармауыш денелер ү — глобулин т. б. түзіледі. Фагоцитоз'іске асырылады. Нәрестенің құрсақта дамуы кезеңінде В — лимфоциттер, әсіресе Т — супрессорлар пайда бо-лып, жетіледі, қанға ауысады, мұнда иммундық жүйені басатын гуморальдық факторлар түзіледі.

13. Бауыр — экскреторлық ағза — кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.'

14. Бауыр— уыт қайтарғыш ағза — денеде пайд-а болған (эндогенді) және сырттан келіп түскен (экзогенді) әртүрлі улы заттар мен токсиндерді (олардың ішінде дәрілер де бар) бейта-раптайды.

15. Бауырда ыдырау, жаңа қосылыстар түзілу арқылы гор-мондар (инсулин), глюкогон, АДГ, тироксин т. б. күшін жояды.

16. Бауыр жылу реттеу процесіне катысады,

17. Бауыр пигменттер (бояулы затар) алмасуына қатысады.

18. Аталған қызметтер бауырдың шын мәнісінде гомеостаз бен гомеокинезді қамтамасыз ететін аса маңызды ағза екенін көрсетеді.


Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы /286-299 беттер


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау